Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
эконом 3.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
101.27 Кб
Скачать

3-ТАҚЫРЫП

Сұраныс пен ұсыныс теорияСы

Талқылау сұрақтары:

3.1 Сұраныс: мәні, әсер ететін факторлары, заңдары, қисықтары.

3.2 Ұсыныс: мәні, әсер ететін факторлары, заңдары, қисықтары.

3.3 Нарықтық тепе-теңдік. Артықшылық және тапшылық.

3.4 Икемділік ұғымы. Сұраныс пен ұсыныс икемділігі

Негізгі ұғымдар: нарық, «көрінбейтін қол», нарықтың түрлері, нарық элементтері, нарықтың принциптері, сұраныс, сұраныс детерминанттары, сұраныс заңы, ұсыныс, ұсыныс детерминанттары, ұсыныс заңы, нарықтық тепе-теңдік, тепе-теңдік баға, тепе-теңдік көлем, артықшылық, тапшылық, икемділік, икемділік коэффициенті, сұраныс икемділігі, ұсыныс икемділігі, сұраныстың баға бойынша икемділігі, сұраныстың табыс бойынша икемділігі, сұраныстың қиылысқан икемділігі, т.б.

3.1 Сұраныс пен ұсыныс: мәні, әсер ететін факторлары, заңдары, қисықтары

Сұраныс – төлем қабілеттілігі бар қажеттілік. Сұраныс тұтынушылардың белгілі бір уақытта берілген баға бойынша тауарлар мен қызметтердің берілген көлемін сатып алуға деген дайындығын көрсетеді.

Сұраныстың мәнін толық түсіну үшін төмендегідей ұғымдарды енгіземіз:

1. Сұраныс заңы – игіліктің бағасы мен сол игілікті сатып алу көлемі арасындағы кері байланысты сипаттайтын нарықтық ұстаным. Игіліктің бағасы өскен сайын сатып алу көлемі азайып, тұтынушылардың сатып алушылық қабілеті төмендейді. Және керісінше, игіліктің бағасы төмендеген сайын сатып алу көлемі ұлғайып, тұтынушылардың сатып алушылық қабілеті артады.

2. Сұраныс бағасы – тұтынушылардың берілген игіліктің көлемін сатып алу үшін төлеуге дайын және төлей алатын максималды бағасы. Тұтынушылар бұл жерде игілікті сатып алуда өздерінің мүмкіндіктерін толық көрсете алуы керек, яғни нарықта қолындағы қаражатын толық жұмсай алуы тиіс.

3. Сұраныс көлемі – тұтынушылардың ағымдағы бағамен берілген уақыт бірлігінде сатып алғысы келетін игіліктерінің максималды саны. Нарық жағдайында тұтынушылар игіліктердің берілген жиынын тұтынады деген болжам жасалады.

4. Сұраныс функциясы – сұранысқа әсер ететін әртүрлі факторлардың өзгеруінен сол сұраныс көлемінің өзгеру сипатын бейнелейтін тәуелділік. Әрине сұранысқа әсер ететін маңызды фактор баға болып табылады. Сонымен қатар, сұранысқа әсер ететін бағалық емес факторлар да бар: а) тұтынушылардың табысы; ә) алмастырушы және толықтырушы тауарлардың бағасы; б) тұтынушылардың талғамы; в) алдағы уақытты немесе болашақты күту; г) нарықтағы тұтынушылардың саны, т.б. Сұранысқа және сұраныс көлеміне әсер ететін барлық факторларды сұраныс детерминанттары деп те атайды. Сұраныс барлық осы факторлардың функциясы болып табылады:

QD = f (Р, I, Z, W, Psub, Pcom, N, В),

мұндағы, QD - сұраныс; Р - баға; I - табыс; Z - талғамдар мен қалаулар; W - күтулер (waiting); Psub - алмастырушы (субститут) тауарлардың бағасы; Pcom - толықтырушы (комплементарлы) тауарлардың бағасы; N - сатып алушылардың саны; В - басқа да факторлар.

5. Сұраныс қисығы – сұраныс заңының графикалық көрінісі. Ол тұтынушылардың әртүрлі бағаларда сатып ала алатын игіліктерінің көлемін көрсетеді. Сұраныс қисығы теріс көлбеулі болып табылады.

Р

D

Q