Дипломдық жұмысты атқарушы______________________________ _________________________________дайындаған диплом жұмысына
Рецензия
Диплом жұмысының тақырыбы: «».
Ізденуші диплом жұмысының тақырыбына байланысты әдебиеттерге аналитикалық және синтетикалық талдау жасаған. Кітапханатану және библиографиятану салалары бойынша деректемелермен құжаттардың мол қорын пайдалана отырып орындағаны көрініп-ақ тұр.
1 тарауда
2 тарауда
Студент өз ойын шеберлікпен сауатты, қисынды жеткізу тұрғысынан дайындығын байқатты.
Диплом жұмысының материалы жүйелі түрде құрылған. Диплом жұмысында қазіргі уақыттағы ерекшеліктері мен ұйымдастырудың формалары қызықты әрі тартымды етіп баяндалған.
Айтарлықтай ескертулер жоқ. Сондықтан бұл дипломдық жұмысты «» деген бағаға бағалап, қорғауға жіберуге болады деп сенім білдіремін.
Рецензент
Дипломдық жұмысты атқарушы ________________________ _________________________дайындаған диплом жұмысына
ПІКІР
Диплом тақырыбы: «».
Зерттеудің тақырып көкейтестілігі жалпы ғылыми мемлекеттік бағдарламалармен байланысты.
Зерттеуші өз тақырыбын қазіргі нарықтық экономиканың шарықтап тұрған кезеңінде орны мен ролін атап көрсеткен.
Диплом жұмысының құрылымы қалыптастырылған. Ол кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
1 Тарауда
2 тарауда
Студент диплом жұмысын жазу процесі кезінде материалды зерттеу талдау және жүйелеу әдістерін, безендіру тәсілдерін дұрыс пайдаланған, диплом жазушы «Тапсырма» бойынша барлық қойылған талаптарды толық орындаған.
Жұмыс материалдары ғылыми жүйелі түрде баяндалған, мазмұны түсінікті әрі тілге жатық. Диплом жұмысының құрылымы мен бөлім аттарын дұрыс жүйелей білген.
Дипломдық жұмыстың танымдық маңызы бар, мамандық бойынша арнайы пәндер мен қосымша материалдарға және мерзімді басылымдарға зерттеулер жүргізіліп талданған.
Қорытынды нәтижесі жасалынып, негізгі тұжырымдар келтірілген, осы заманғы моделді кітапхананың жұмысын ұйымдастыру мен басқаруда оның болашағы туралы ұсыныс пікірлер айтылған.
Жетекші
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНА КАФЕДРА ҚОРЫТЫНДЫСЫ
С
тудент
__________________«»
тақырыбы
бойынша диплом жұмысы қаралды. Бұл
жұмысты мемлекеттік емтихан комиссиясына
қорғауға жіберуге болады.
Глоссарий
ASCII код (American Standart Code for InformationInterchange) - ақпаратты алмастыруға арналған, символдар кодтарының негізі болып саналатын, америкалық кодтар стандарты.
Адаптер - әр түрлі құрылғылардың жұмысын басқаратын құрылғы.
Айналмалы белдеу - құжатты қарап шығуды басқаратын терезе облысының шекарасы.
Аймақтық таралған желі - географиялық тұрғыда алғанда бір-бірімен қашықта орналасқан, бірақ бір компанияға немесе фирмаға, мекемеге қатысты бірнеше жергілікті желілерді байланыстыратын желі.
Алмасу буфері - құжаттар мен қолданбалы программалар арасындағы мәтіндік немесе графикалық информация алмасуға арналған компьютер жадының арнаулы бөлігі.
Архив - көлемдерін кішірейту мақсатында сығылған күйде сақталатын деректер немесе программалар жиыны.
Архивтеу (archiving) – файлдар тобын тығыздап, сығу процессі, диск кеңістігінде файлдың алатын орнын азайту үшін немесе мәліметтерді ұзақ мерзімде сақтау үшін қолданылады.
Архивтелген файл - сығылған күйде бір файл құрамына енгізілген бір немесе бірнеше файлдар.
Анимация (Animation) – мультимедиа жүйесінде – қозғалыстың әртүрлі кезеңіне сәйкес кескіндер тізбегін жылдамдата көрсету арқылы қозғалыстағы объектіні экранда бейнелеу тәсілі.
Антивирус (antivirus) – компьютер программаларына зақым келтіретін вирустарды табатын және оларды залалсыздандыратын программа.
Ақпарат - әр түрлі объектілерден, процесстерден шығатын мәліметтер жиыны.
Ақпараттық жүйе – басқару функцияларын іске асыратын нысан жөнінде ақпаратты алуды, беруді және өңдеуді ұйымдастыратын жүйе.
Ақпараттық технология - ЭЕМ-нің техникалық мүмкіндіктерін пайдаланып, ақпаратты жинақтау, өңдеу және оны пайдаланушыларға жеткізіп беру тәсілдері.
Базалық программалық жабдықтама (base software) – дербес компьютермен бірге келетін, операциялық жүйе мен стандартты программаларды қамтитын программалық құралдардың негізгі жинағы.
Басқару тақтасы (control panel) – Windows жүйесінің графикалық интерфейсінде – жұмыс ортасы ыңғайластырылатын, мысалы: экран түсі, қаріптер мөлшері, меңзердің жыпылықтау мерзімі, т.с.с. анықталатын арнайы терезе.
Баспа құрылғысы (printer) – ақпаратты қағазға шығарып беретін құрылғы.
Баптау – компьютердегі құрылғыларды және программаларды тағайындауға қолданылады.
Байт - сегіз биттен тұратын компьютер жадының немесе ондағы деректердің адрестелетін ең кіші көлем бірлігі.
Баннер – Web-парақтағы жарнама ретіндегі графикалық бейне.
Берілген мәлімет - компьютерде автоматты құрылғының немесе адамның өңдеуіне бейімделіп қолайлы дайындалған мәтіндік, сандық, символдық ақпарат.
Бит - ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі, екілік санау жүйесінің саны, 0 немесе 1 мәнін қабылдайды.
Блокнот- шағын мәтіндік файлдармен жылдам жұмыс істеуге арналған Windows ортасының стандартты редакторлық программасы.
Бейімделу (adaptation) – техникалық жүйенің сыртқы орта жағдайларының өзгеруіне байланысты ақпарат жинау және оны пайдалану арқылы өз қалып-күйін, жұмыс істеу алгоритмін, параметрін, құрылымын өзгерту қабілеттілігі.
Бетті алдын ала қарап шығу ( Page preview) – мәтін процессорында қағазға басылуға тиіс беттерді экранда алдын-ала қарап шығу тәсілі, ол мәтіннің, кестелердің, суреттердің, қағаздың шеткі бос өрістерінің қалай орналасқанын алдын ала бақылау үшін керек. Кейде мәтінді толықтыру, өзгерту барысында суреттер, сұлбалар, кестелер, бет шекераларында екіге бөлініп қалып жатады, осындай келеңсіз жағдайды болдырмай, қағазды үнемдеп пайдалану мақсатында қолданылатын мәтін редакторының командасы.
Бетбелгі (bookmark):
1). Мәтіндік файлдарда - белгілі бір бетті, ондағы орынды немесе бөлімді, негізгі программадағы жолды, мәліметтер базасындағы жазбаны кейіннен оған қайта оралу үшін бір мағыналы түрде анықтайтын белгілеме. HTML тілінде бетбелгі қызметін якорь (anchor) атқарады.
2). Netscape Web-браузерінде тұтынушыға қажет арнайы белгіленген бет, ал Internet Explorer Web-браузерінде - бетбелгі қызметін алдын ала таңдалған беттер (favorite) атқарады.
Бума – файлдарды топтастыру, құжаттарды реттеу үшін қажет объект.
Бұғаттау-(блокировка) - ағымдағы операция орындалып біткенше, келесі операцияның орындалуына тосқауыл қою, оларды болдырмау.
Винчестер - қатты магниттік дискідегі жинақтағыш.
Вирус (резиденттік) - компьютер жедел жадына орналасып, өзгелерге екпінді әсер ететін вирус, ол өздігінен өрбитін, өзін-өзі түрлендіретін вирустарға жатады.
Вирус (резиденттік емес) - компьютер жедел жадына жазылмайтын вирус. Вирус (көрінбейтін) – дискілік операциялық жүйенің зақымдалған файлдарға арналған командаларын өзіне қарататын вирус.
Boot-сектор (жүктеу секторы) - логикалық дискінің бірінші секторы, операциялық жүйені іске қосуға жауап беретін жүктеу программасы.
BIOS - Енгізу- шығарудың базалық жүйесі. MS DOS операциялық жүйесінің қызмет ету функцияларын атқаратын модульдердің бірі, тұрақты есте сақтау құрылғысында орналасқан программа, ЭЕМ іске қосылған сәтте процессордың, жедел жадының және басқа құрылғылардың жұмыс істеу қабілеттілігін тест арқылы тексереді, сондай-ақ сыртқы құрылғылар адаптерін басқаруды қамтамасыз етеді.
Глобальді желі - географиялық орналасқан нүктесіне қарамастан, дербес компьютерді байланыстыратын желілер жиыны.
Гиперсілтеме – Web–беттер ішіндегі қозғалысты қамтамасыздандыруға арналған әмбебап нұсқаушысы бар тәг.
Графиксызғыш немесе плоттер- сызбаларды қағазға шығаруға арналған құрылғы.
Жады - деректерді алу, сақтау, шығаруға арналған компьютердің функционалдық бөлігі.
Жаңа ақпараттық технологиялар - дербес компьютерлердің көмегімен, әсіресе олардың желілері арқылы ақпаратты дайындау, жинау, жеткізу және өңдеу технологиялары.
Желі - бір-бірімен және орталық сервермен байланысқан, ресурстарды бірге пайдаланатын компьютерлер тобы.
Жедел жад - ауқымды информациямен жұмыс істеу үшін қолданылады, онда орындалып жатқан программалар мен командалар жазылады, компьютер электр желісінен ажыратылса, жедел жадыда информация өшіп қалады.
Желілік техникалық құралдар - компьютерлерді бір желіге ұйымдастыруды қамтамасыз ететін әртүрлі құрылғылар жиыны.
Желілік операциялық жүйе (NOS, Network Operating System) - желіге қосылған әрбір дербес компьютерде пайдаланылатын программалық кұрал, желілік ресурстарды басқарып, олармен қатынас жасауды қадағалап отырады.
Желілік программалық кұралдар - компьютерлік желі жұмысын басқарып, әрбір тұтынушыны қажетгі интерфейспен қамтамасыз етеді.
Жергілікті желі - бір ғимарат ішіндегі немесе қатар орналасқан ғимараттардағы дербес компьютер мен принтерлерді бір-бірімен байланыстырады. Жергілікті желілер - дербес компьютерлерді бір-бірімен немесе оларды желі сервері рөлін атқаратын қуатты компьютермен байланыстырып тұратын желінің ең қарапайым түрі.
Желі топологиясы - компьютерлерді біріктірудің геометриялық схемасы, желінің негізгі функционалдық элементтерінің бір-бірімен байланысу құрылымын анықтайды.
Желілік топология: шиналық, сақиналық және жұлдыз тәрізді топология, шиналық топология - жұмыс станциялары желі адаптерлері арқылы жалпы шинаға немесе магистральға қосылады, сақиналық топология - байланысу арналары тұйықталған сақина бойында орналасады, жөнелтілген мәлімет біртіндеп барлық жұмыс станцияларында әрбір тұтынушыны қажетті интерфейспен қамтамасыз етеді, жұлдыз тәрізді топология - ортақтандырылған коммутациялық түйін желілік сервер болу тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізуді жүзеге асырады.
Желілік сервер - желіні жалпы басқару функциясын және есептеу жұмыстарының негізгі бөлігін атқаратын арнайы компьютер, бұл серверде желіні толық басқаратын операциялық жүйенің негізгі ядросы сақталады.
Жұмыс станциясы - желідегі әрбір жеке компьютер.
Драйверлер - сыртқы құрылғымен байланыс жасауға арналған жүйелік программа, операциялық жүйенің аспаптарды және жедел жадты басқаруының мүмкіндігін кеңейтеді.
Диаграмма - сандық шамалар мен олардың ара-қатынастарын геометриялық тәсілдермен шартты түрде бейнелеп көрсету.
Дөңгелек диаграмма - бүтіннің бөліктері мен проценттерін көрнекі түрде көрсететін диаграмма.
Диск- файл түрінде берілген мәліметтерді магниттік тәсілмен жазып алатын құрылғы.
Дискет - иілгіш магнитті дискінің балама атауы.
DOS (Disk Operating System) – дискілік операциялық жүйе, дискіден іске қосылады және тұтынушының интерфейсімен дискінің логикалық элементтерін программамен қамтамасыз етуге жауап береді.
DNS-адрес (Domain Name System) – аттардың домендік жүйесі, домендік аттарды санмен жазылатын IP-адреске түрлендіреді, DNS-адресі жеке информациялық блоктарда нүктемен көрсетіледі.
Есептер тақтасы - экранның төменгі жағында орналасқан жатық жол, ол арқылы қажетті ақпаратты көріп, тез табуға болады.
Екпінді терезе - тұтынушы жұмыс істеп тұрған мезеттегі, басқа терезелердің үстінде орналасып, тышқан тетігі мен пернелер әсер ететін терезе.
Кластер - логикалық диск бөліктері, бірнеше қатар орналасқан логикалық секторлардан тұрады, иілгіш дискетте кластер ұзындығы 1 немесе 2 сектордан, ал қатты диск - винчестерде 64 секторға дейін болады.
Клиент-сервер технологиясы - жергілікті желідегі компьютерлерді бір-бірімен байланыстырудың ерекше тәсілі, мұнда бір компьютер (сервер) өз құрылғыларын басқаларға - клиенттерге пайдалануға бере алады.
Компьютерлік сауаттылық - Интернеттен қажетті ақпаратты іздеу және дербес компьютерді түрлі қажетті жұмыстарға пайдалана білу.
Логикалық диск – қатты диск бөліктері, қатар орналасқан секторлардан тұрады, Boot-сектор, FAT-сектор, түпкі каталог және мәліметтер аймағына бөлінеді, мәліметтер аймағына кіретін секторлар кластерлерде топталады. Логикалық диск аттары - С; D және т.б.
Операциялық жүйе - компьютерді басқаруға арналған, тұтынушымен сұхбатты ұйымдастыратын және қолданбалы программалар дестесінің сұранысы бойынша компьютермен өзара іс-әрекет жасайтын орталық программа.
Объект (нысан)- компьютерде өнделінетін информация.
Операциялық жүйе жүктеушісі - операциялық жүйенің модульдерін жедел жадыға оқитын программа.
OSI - Транспорттық-желілік деңгейдің интерфейсі, деректерді желі бойынша өткізу моделінің жеті деңгейі бар, олар: транспорттық-желілік, арналық, қолданбалық, сеанстық, өкілдік, транспорттық, физикалық.
Палитра - әртүрлі кескіндерді салу үшін пайдаланатын түстер гаммасы.
Параметрлер - командада қолданылатын құрылымдарды сипаттайтын шама.
Пернетақта - компьютердің енгізу құрылғысы.
Порт - тізбектелген және паралельдік порт, құрылғыдағы көп разрядты кіріс немесе шығыс қондырғысы.
Провайдер – ISP (Internet Service Provider) - желімен байланысқысы келетін компьютерлерді, олардың талабы бойынша Internet-ке тікелей қосуды және олардың серверлермен қатынас құруын жүзеге асыратын заңды тұлға.
Процессор - компьютердің ең негізгі құрылғысы, программаларды орындайды және басқа құрылғыларды басқарады.
Протокол (хаттама)- желінің функционалдық элементтерінің бір-бірімен қатынас жасау ережесі. Функционалдық элементтер рөлін әртүрлі құрылғылар және де программалық модульдер атқара алады.
Протокол — түрлі компьютерлік программалар арасындағы ақпарат алмасу принциптерін анықтайтын ережелер жиыны.
Пуск батырмасы программа шақыру үшін және компьютерді өшіру үшін қолданылады. Бас меню - Пуск батырмасын шертсеңіз, бас меню тізімі ашылады, ол арқылы копьютердегі барлық программаларды шақыруға ашылады. Программалар - бұл бөлім арқылы компьютерде орналасқан барлық қолданбалы программаларды шақыруға болады.
Сайт – Бір адамның меншігіндегі өзіндік URL адресі бар World Wide Web парақтарының жиыны, ол белгілі бір жүйелік серверде болатын, HTML (HyperText Markup Language) тілінде жазылған, бір-бірімен байланысқан мәтіндік құжаттардың файл түрінде бейнеленуін көрсетеді.
Сектор - дискінің адресі бар ең кіші бөлігі, дискіні секторларға бөлу - форматтау кезінде жүзеге асады, сектор ұзындығы 512 байтқа тең.
Cервер - клиент/сервер желісіндегі осы желіге қосылған басқа компьютерлер пайдалана алатын файлдар мен қолданбалы программаларды сақтауға арналған жоғары көлемді қатты дискісі бар дербес компьютер.
Сканер – қағазға жазылған мәліметті, оптикалық негізге сүйене отырып, компьютерге енгізетін құрылғы.
Стример - мәліметтерді магниттік таспада сақтауға арналған компьютерлік магнитафон.
Тышқан - экранда информация бойынша қозғалуға арналған манипулятор, енгізу құрылғысы.
Телеконференция - Интернетте атау беріліп, түрлі компьютерлерден таратылатын жаңалықтар тобы.
Терезелер – информациямен жұмыс істеуге арналған экран ауданы, ол тік төрт бұрышты жиекпен қоршалады және арнайы элементтерден құралады.
Тезаурус - мағыналы синонимдер сөздігі.
Трафик – желі арқылы жөнелтілетін ақпарат көлемі.
Түпкі каталог - ең жоғарғы деңгейдегі негізгі католог.
Тұрақты жад – ЭЕМ-нің жұмысы барысында мазмұны өзгертілмейтін жад, бұл жадқа мәліметтер оны дайындап жатқан кезде жазылады.
Интерфейс (interface) – желінің функциональдық элементтерін бір-бірімен үйлестіру құралдары, ал программалаушылардың кәсіптік тілінде – компьютерді пайдаланушы мен ЭЕМ-нің өзара әрекеттесу “жазықтығы”.
Идентификатор (Identifier)– операциялық жүйе немесе программалау тілі элементтеріне атау ретінде қойылатын лексикалық бірлік. Ол берілген бір мәліметке не олардың тобына қойылады, ал өзі латын әріптері мен цифрлардан тұратын, бірақ міндетті түрде әріптен басталатын символдар тізбегінен құралды. Кейбір тілдерде #, &, - , _ тәрізді өзге символдар да және ұлтық әріптер де пайдаланыла береді.
Инверсия (терістеу -отрицание) – берілген мәнді қарама қарсы шамаға алмастыру. Математикалық логикада бір орынды бульдік операция (ЕМЕС операциясы), оның нәтижесі бастапқы берілген шамасына қарама-қарсы мән болып келеді.
Интерактивті режім (Interactive mode) – адамның өзінің мәлімет өндеу жылдамдығына сәйкес компьютермен әрекеттесу режімі, мұнда қойылған сауалға машинаның тез жауап беруі қарастырылып, жұмыс істеу адам мен компьютер сұхбатына негізделген.
Информация (ақпарат) – синтаксистік, семантикалық және прагматикалық сипаттамалардың біртұтас сигналдары, компьютердегі таңба немесе сигнал информация болып есептеледі.
Каталог - файл аты, файл өлшемі, соңғы өзгертуінің уақыты мен мерзімі, файл атрибуттары т.б файл туралы мәліметтер жазылатын дискідегі арнайы орын.
Көпміндеттілік (multitasking)– операциялық жүйенің бір мезгілде бірнеше тапсырманы өңдеуге мүмкіндік беретін дербес компьютердің жұмыс режімі. Мұнда процессор олардың бірінен біріне жылдам ауыса отырып, барлығын да қатар орындап жатқандай болып көрінеді.
Компьютерлік желі - бір-бірімен мәлімет алмаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым- қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі.
Команда - компьютерде атқарылатын нақты әрекет.
Компакт диск - CD-ROM дискілеріне қарағанда мәліметтердің жазылу тығыздығын бірнеше есе ұлғайта алатын дискі түрі. Мұндай дискінің көлемі 2-4,5 Гбайт.
Контроллер – мәліметтерді тасымалдау құрылғыларын компьютерге жалғау қондырғысы.
Кэш-жад - процессордың өте жылдам жұмыс істейтін шағын көлемді жады, немесе бүркеме жад деп те атайды, ол жедел жад пен процессордың жұмысын жылдамдату үшін аралық дәнекер жад ретінде пайдалынады.
Локальді (жергілікті) желі - байланыс түрлері бір-бірімен онша қашық орналаспаған, жалпы мақсаттағы байланыс құралдарын пайдаланбайтын компьютер желісі.
Мәліметтер қоры - өзара байланысқан мәліметтердің интеграцияланған (шоғырланған) жиынтығы.
Мәліметтер қорын басқару жүйесі – жаңа мәліметтер базасын құруға, мәліметтермен толтыруға, өзгеріс енгізуге және реттеуге арналған программалық құралдар кешенінен тұратын автоматтандырылған жүйе.
Меню - программада атқарылатын қызмет түрлерінің жиыны.
Менің компьютерім бумасы - компьютердің барлық жарақтарын көруге болады, бумаға орналаспай жеке тұрады.
Микропроцессор - орталық процессордың қызметін атқаратын, бір кристаллда дайындалған интегралдық схема.
Модем - компьютерлік желілер жүйесінде цифрлік сигналдарды жалпы телефон арналары арқылы тасымалданатын аналогты түрге және оны керісінше түрлендіретін модулятор және демодулятор құрылғылары.
Модификациялау - объектінің мағынасын өзгертпейтін кез-келген өзгерістер.
Мультимедия - компьютерде ақпаратты, дыбысты және қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған технология.
Интерфейстер - желінің функционалдық элементтерін бір-бірімен үйлестіру құралдары.
Қоржын - өшірілген объектілерді сақтауға арналған арнайы бума.
Host (хост) - басты компьютер: желідегі басқа комльютерлер (клиенттер) пайдалана алатын программалар мен файлдарды сақтайтын орталық компьютер.
Файл - дискідегі информация жазылған атауы бар орынды файл дейді.
Файл жолы (префикс)- дискі мен файл орналасқан каталогтар тізімі.
Файлдың атрибуты - файлдың әртүрлі қасиеттерін көрсететін оның сипаттамалары.
Файлдық жүйе - белгілі бір атпен аталған мәліметтер жиыны.
Файлдық жүйенің құрылымы - иерархиялық файлдық жүйеде бума құру- файлдар тобына ат беру.
FAT (File Allocation Table) - файлдарды орналастыру кестесі, логикалық дискінің қатар орналасқан секторларынан тұрады және осы дискідегі орналасқан файлдардың кестесін құрайды, Boot-сектордан кейінгі секторларда орналасады, логикалық дискідегі бос орындар мен жарамсыз секторлар туралы қосымша хабардар етеді.
Формулалар редакторы - құжат мәтініне математикалық формулалар мен символдарды кірістіретін енгізетін сервистік программа.
Файлдық сервер - файлдар архиві мен оның иесі арасында қатынас құрудаы жүзуге асыратын программалар.
Зерттеудің көкейкестілігі. Өткен ХХ ғасырдағы ақпараттық төңкеріс тек жаңа ақпараттық технологияларды ғана дүниеге әкеліп қойған жоқ, сонымен бірге, ақпараттың әрі сандық жағынан, әрі сапалық жағынын артуы ерекше назар аударуды талап етті. Көтерілген мәселе еліміздегі ғылым мен білім саласын дамытудағы басымдылықтар ретінде жоғары оқу орындарында болашақ мамандарды кәсіби даярлауда, олардың жеке тұлғалылығын қалыптастыруда жаңа талаптар мен міндеттер қою қажеттілігін көрсетеді.
Қазіргі қазақстандық білім беру кеңістігі ақпараттық болып есептелгендіктен, сондықтан уақыттың өтуімен бірге маманның ақпараттық технологияларды пайдалана білу іскерлігі мен кәсіби құзырлығына қойылатын талап та арта түсуде. Пайда болған мәселені шешу республикалық кәсіби білім беру жүйесіне келіп тіреледі. Жоғары мектептердің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі - жеткілікті деңгейде кәсіби білімі, құзырлықтары мен танымдық іс-әрекеті қалыптасқан, шығармашылық қабілеттері дамыған, жоғары кәсіби білікті мамандар даярлау болып табылады.
2030 ж. дейін Қазақстан Республикасын дамыту тұжырымдамасында: «аймақтық деңгейде білім беру сапасын арттыру мақсатында қашықтықтан виртуалды оқытуды және жаңа білім беру технологияларын жасап, енгізу қажет» делінген. Мұндай тәсіл қашықтықтан оқыту технологияларына негізделетін жаңа білім беру парадигмаларына көшуді ұсынады.
Болашақ мамандарды кәсіби даярлауды жетілдіру мәселелері Қазақстан Республикасының негізгі нормативті құқықтық құжаттарында: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында (2007), 2005-2010 ж.ж. арналған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында, ҚР-ның 2002-2004 жылдарға арналған білім беру жүйесін ақпараттандыру тұжырымдамасында, сондай-ақ, жыл сайынғы ҚР Президентінің жыл сайынғы халыққа Жолдауларында көрініс тапқан.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру саласын жетілдірудің маңызды тәсілдерінің бірі – білім беруді ақпараттандыру және халықаралық ауқымды коммуникациялық желіге шығу екендігі айтылған. Сонымен қатар, бұл бағыт Қазақстан Республикасында 2010 ж. дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында қарастырылған негізгі аспектілерінің бірі болып табылады. Тұжырымдамада «қазіргі жағдайда жоғары білім беру жүйесіне жаңа сапа, қоғамдық статус беріп, алдыңғы кезектегі міндеті жоғары білікті мамандар даярлау болып есептелетін қоғамның ерекше сферасы ретінде түсіну қажет» деп көрсетілген.
1. Қазіргі кезде оқытуда компьютерлік технологияларды қолданудың маңызын ашу
2. Оқытудағы компьютердің алатын орны
3. Компьютерлік технологияларды пайдалану ерекшеліктері
Білім беру жүйесінің басты міндеті «ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шындауға бағытталган білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау»- дейді ҚР «Білім туралы» Заңында (8-бап).
XXI ғасыр қарыштап дамыған білім ғасыры. Қазіргі таңда оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер мен жаңа технологиялық қондырғыларды кең көлемде қолдану мүмкіндігі бар. Күнделікті сабаққа бейне, аудио қондырғыларын, теледидар мен компьютерді пайдаланудын маңызы зор. Олар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тындаумен қатар, өздерінің түсінбеген жерін қайталап көруге, тыңдауға, алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндін береді. Мұндай ақпарат алудың тиімділігі төмендегідей:
1.Кажетті ақпаратты жедел түрде алады.
2.Экономикалық тиімділік.
3.Білім сапасының артуы.
4.Оқушынын ой-өрісін, дүниетанымын кеңентеді.
Білім беру жүйесінде электрондық байланыс жүйелерінде ақпараталмасу интернет, электрондық почта, телеконференция, бейнеконференция, телекоммуникациялық жүйелер арқылы жүзеге асады.
Адамзат баласы өзінің даму жолында 3 мәдени дәуірдің 3 типін басынан кешірді: архаикалық, индустриалды және постиндустриалды (акпараттык). Оған үш агарту моделі сэйкес келеді: дәстүрлі, инструктивті, және креативті. Креативті молельдің мақсаты өмір бойы өзіндік білім алуға және өзін-өзі дамытуға бейімділік. Осыдан келіп, бұл білім беру моделі ақпараттық деп аталады. Ақпараттық дәуір интегративті мәдениетпен. икемділікпен, ойлаудың конвергенттілігімен, коммуникативтілікпен ерекшеленеді. Білім берудін келесі міндеттерін көрсетуге болады:
1. Өзіндік шығармашылық пен жоғары сапалы жұмысқа қабілетті тұлға қалыптастыру.
2. Көп салалы өмір үрдісінде өзін еркін және жауапты сезіне алатын тұлға тәрбиелеу.
3. Өмірдің әрдайымғы өзгерістеріне ғана дайын тұлға емес, сол жерде белсенді әрекет ете алатын тұлға тәрбиелеу.
4. Оқушыларда тек өзіндік білім алу дағдысын қалыптастыру ғана емес, сонымен қатар өз білімін, білігін, дағдысын үнемі жетілдіріп отыратын және үздіксіз білім алуды к қажет деп танитын тұлға қалыптастыру.
5. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін дамыту.
Әлеуметтік ақпараттың көлемінің өсуі, ақпараттық мәселені әлдеқайда актуалды орынға шығарды. Мұны күн сайын өсіп отырған деректермен, әдебиеттермен жұмыс жасап отырған тарихшылар тез сезінді. Бұл сұрактар оқытушылар үшін де актуалды. Оқу құралының төңірегінен шығу үшін деректерді іздеп, қажетін таңдауда мұғалімнің әрекетіне көп қиындық кездеседі. Деректерді кең түрде пайдалану оқытушылар мен оқушылардың дамыған ақпараттық оқыту технологиясы мен жоғары деңгейдегі ақпараттық мәдениетті игергенде ғана мүмкін. Әрбір тарихи дәуірге ақпараттық технологияның накты деңгейі тән. Бұл ізденудің құралдары мен әдістерінің ақпаратты сақтау мен жеткізудің даму деңгейіне байланысты. Ақпараттық технологпяны игеру дәрежесі, қазіргі заманғы жана технология негізінде ақпаратпен жұмыс жасай білу деңгейі адамның ақпараттық мәдениетін білдіреді.
Жиырмасыншы ғасырдың соңы компьютерлік техниканың дамуымен ерекшепенетіні сөзсіз. Компьютердің есептеу ақпараттарды қабылдау, оны өңдеу және сақтау секілді мүмкіндіктері олардың қоғамымыздағы араласпаған саласының жоқ екенін көрсетеді. Осыдан бір ғасырдай уақыт бұрын негізін француздың белгілі математигі әрі философы Б. Паскаль мен ағылшын ғалымы И. Беббидж қалаған компьютерлердің енді оқыту ісіне де көмегі тиюде. Анығырақ айтсақ, компьютер ана тілімізді оқытудың дәстүрлі әдістемесінде қолданылатын техникалық құрал ретінде пайдаланылып жүр. Жалпы, компьютерді қазақ тілін оқыту әдістемесі ретінде енгізудегі мақсат-сабақтың неғұрлым сапалы өтуіне қол жеткізіп, оқушылардың сабақты оқуға деген ынтасын арттыру екені даусыз.
Компьютер тек көмектесіп қана қоймай, сабақ процесінің құрылымын мен жүйесін өзгертуге ықпал етеді Сондықтан, сабақ барысында техникалық құралды қолдану мен олардың орнын айқындап алу қажет.
Бір назар аударатын жайт, компьютерді қолдану — мұғалімнің де арнайы дайындығын қажет етеді. Осыған байланысты, жоғары оқу орындарында студенттерге компьютерлік дәріс беру мен әдістемелерді оқыту онымен жұмыс істеудің шеберлігін қалыптастырумен ұштастырылуы тиіс.
Мұғалім компьютерлік сауаттылықтың төмендегдей ғылыми негіздерін білуі шарт:
― біріншіден, компьютерді қолданудың кибернетикалық негіздері, яғни, компьютерлік құралдарды пайдаланудың механизмдері мен заңдылықтарын меңгеру;
― екіншіден, компьютерді қазақ тілі сабағында тиімді қолданудың лингвистикалық негіздерін жақсы білуі керек, яғни тіл мен жасанды интеллектуальдық аппараттың (компьютердің) ара байланысын тануы қажет;
― үшіншіден, психологиялық негіздерін айқын тануы керек, яғни оқушының компьютермен жұмыс істеудегі ішкі психологияпық процестердің өзіндік ерекшеліктерін тануы қажет;
― төртіншіден, танымдық-гносеологикалық негіздерімен жақсы таныс болуы керек, яғни, компьютерді қолдану барысында оқушының танымдық мүмкіндіктері ашыла түседі, сол жолдың ерекшелігі сақталуы керек;
― бесіншіден, логикамен байланысы айқын танылуы қажет, яғни, оқушының ойлау жүйесіндегі ұғым, топтастыру, пайымдау, ой қорытудағы компьютерлік құралдардың қызметін анықтау керек;
― алтыншыдан, компьютерде қолданудың дидактикалық-әдістемелік негіздерінің танылуы маңызды роль атқарады.
Танымдық негіздер қай салада да маңызды болады, өйткені адамзаттың әрбір даму жолындағы жаңалық — танымдық жолындағы жаңалық ретінде бағаланады.
Әр замандағы танымдық қатынас, ойдың ақиқатқа жетуінің жолдары мен әдістері, оның әдісі адамның дүниеге қатынасының белгілі бір типін бейнелейді, соны идеалдық-формада дамытады. Адам іс жүзінде дүниеге қандай қатынаста тұрса, ойлауда да сондай қатынаста тұрады.
Заттың, объектінің адамға тәуелсіз өзіндік болмысын айқындау, сөз жоқ, айрықша маңызды. Бірақ, ол мұқтаждық затты өзгерту қажеттігінен туындайды. Затты меңгеру үшін оның өзіндік ерекшелігін, заттың табиғатының заңдылығын, оның пайда болу тәсілдерін анықтау керек. Басқаша айтар болсақ, ғалымдар табиғаттың, ондағы заттардың өзіндік болмысы оның адамға тәуелсіз объективтік мазмұны адамның дүниеге өзгерту қатынасының шеңберінде ғана ашылады деп санайды. Процестің объективтік және субъективтік жақтарының өзі еңбек процесінің ішкі жіктелуінің бір түрі болып табылады.
Осындай көзқараспен қарағанда, адамның дүниені меңгеруі, өзгеруі, іс-әрекеті — өмірмен жанаспайтын жеке адамның ерекшелігі емес, тарихтағы көптеген ұрпақтың ортақ жемісі. Адамдардың жасаған дүниесі тарих ілгері басқан сайын ұлғайып, дамыған елдерде бүкіл жер бетінің пішінін өзгертіп жіберді. Ол өзгерістер кейде экологиялық қауіпті жағдайларға да ұшыратуда. Сондықтан адам танымының дамуы барысы адамзатқа игілікті болуын ғана көздеу үлкен міндет. Адамның қабілеттері —
шығармашылық жасампаздық қабілеттері. Ол қабілеттер адамға даму барысында біте ме, немесе туа бітті бар ма — әлі шешілмеген мәселе деуге болады. Сондықтан да заман дамуы барысында адам танымының дәрежесі түрлі техникалық, логикалық тәсілдердің пайда болуына ықпал етер болса, оны адам баласының өзін, қоршаған ортаны өзіндік турғыдан жасауы, шыңдауы деп түсінеміз.
Қазіргі Қазақстан Республикасында жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық қайта құру барысы адамды мылқау объектіге айналдырған қатынастардың өзі жасаған өмірдің оған деген өгейлік танытуынан құтылу, қоғамда өтіп жатқан процестердің адамға қарсылығын жою болып табылады. Адамның шын мәніндегі орнын анықтау, сол қызметіне сәйкес қатынастарды жасау.
Қоғамдық өзгерістердің барлығы адамдардың өзгеруінен басталатыны белгілі. Өйткені өмірдің негізгі күші адамдар болып отыр. Адам баласы өзіне берілген күштердің арқасында табиғатты игеруге, тани түсуге бар күшін салады, оларды өзінің күшіне, қабілеттеріне айналдырып, сол арқылы адамның өзі жаңа сапаға ие болады, олардың дүниені тануу тереңдеп, оған әсер етуі өзгереді, сөйтіп адамның өз қабілеттері артады.
Осындай танымдық күштің нәтижесінде пайда болған қазіргі компьютерлік құралдар — адамның жасанды нәтижесі бола отырып, адамды көптеген қиындықтаи «құтқаратын» көмекшісі де болады, танымнын терең сырларына жетелейтін жетекшісі де бола әлады. Сондықтан да компьютерлік сауаттылықты Қазақстан Республикасы бірінші орынға қойып отыр.
Адам баласы компьютерді өзіне сай етіп жасады деген пікір бар. Әрине, адам баласының өн бойында журіп жататыи биохимиялық, психологиялық процестерді «машинаға аудару» мүмкін емес. Себебі, оның құпиясы адам санасына танылмай келеді. Дегенмен де, электрондық көмекшілер адамның барлығы болмағанмен, көптеген іс-әрекеттерін үйреніп, соңында адамның өзін уйретуге жарап келеді. Сондықтан да компьютерді жасаушы ғалымдардың қызығатын мәселесі — адам мен компьютердің ұқсастығы емес, керісінше, олардың бірінен-бірінің айырмашылығын білу.
Кибернетиканың атасы ғалым Н. Виннер «машинаның логикасы адамның логикасына ұқсайды» десе, Д. Нейман адамның миы мен машина «миының» есептеуі түрлі дей келіп, сол түрліліктің өзі адам миының аса терең құпиясы мол екенін көрсетеді.
К. Шеннон болса, адам мен компьютердің мынадай айырмашылықтарын көрсетеді:
― бірінші айырмашылық — көлемдерінде. Адам миынын клеткаларының саны ең күрделі деген компьютерден миллион есе артық;
― екінші, құрылымы жөнінен айырмашылығы бар. Адам нерв жүйесінің құрылымы компьютердің ең дәл деген монтажынан мүлдем басқа болады. Компьютердегі кішкене ғана қате байланыс тұтас машинаны бұзады. Ал адам миының кереметтігі оның тұтастығы сәл ақауларға қарамайды;
― үшінші айырмашылық — сенімділік жөнінен байқалады. Адам баласының миының сенімділігі күндер емес жылдармен саналса, машинаның сенімділігі бұдан әлдеқайда қысқа екені онсыз да белгілі;
― төртінші айырмашылық — логикалық құрылымы жөнінен келеді екен. Адамның миы өзін өзі басқаратын ұйымдастырылған жүйе болып табылады. Ал компьютерлер адамның басқаруымен жұмыс істейді. Оның құрылымы адам миының жұмыс істеу жүйесінен әлдеқайда таяз болып келеді;
― бесіншіден, жұмысқа кірісу мен шығу жолдарының айырмашылығы. Адамның миы сезім мүшелерінің — құлақ, көз, басқа сезім мүшелері арқылы хабар алып отырса, компьютердің ең тамаша деген құрылысының өзі мұндай сезу органдарының қасында «қораш» көрінуі заңды болмақ.
Бұл мысалдарды келтіру себебіміз — компьютер қалай болғанда да адам баласының ойлап шығарған құралы. Сондықтан, оның тым асыра бағалануы теріс әсер тигізуі мүмкін екендігін әр уақытта есте тұтқан абзал. Адам баласының санасы, миы, қызметі — барлығы компьютермен салыстыруға келмейтін теңдесі жоқ, бағалы нәрселер екенін де оқушыларға осындай салыстырулар жүргізіп үйрету керек деп санаймыз. Мұның өзі оқушының өзін-өзі тануға ұмтылысын ғана емес, жалпы адам баласын сыйлауға, түсінуге деген ұмтылысын да қалыптастыра алады. Бірақ компьютердің бұл жердегі артықшылығы — оның тез операциялар жасай алуы мен еске сақтау қабілетінің күшті екендігі.
Оқушының нәтижелі іс-әрекет, дағдыларын қалыптастыру мақсатында болашақ мұғалімді компьютерлік технологияларды пайдалануға кәсіби даярлау мәселелері жөнінде зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл зерттеуге жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары да, жалпыға бірдей білім беретін орта мектептердің мұғалімдері де қатысатынын ескерте кеткен жөн. Біз қазақ тілі мен әдебиеті, тарих және т.б., яғни, гуманитарлық пәндер циклы бойынша болашак, мұғалімдерге айрықша назар аударамыз. Сондай-ақ, тәжірибелік-педагогикалык, жұмыстарын да аталмыш пәндер мұғалімдерімен, ал жоғары оқу орындарында – тілдер мен әдебиет, тарих, педагогика, психология, жеке әдістемелерден дәріс беруші оқытушыларымен бірлесе атқарамыз.
Біз болашақ ұстазды кәсіби даярлауда студенттің педагогикалық үрдістің мәнін, оның заңдылықтарын, қозғаушы күштерін, тәрбиелі механизмдерін ұғынуын жататынын басшылыққа аламыз. Тек сонда ғана оқу үрдісінде компьютерлік технологияларды пайдалану оқушылардың нәтижелі іс-әрекет ету дағдыларының қалыптасуына септеседі. Мұндай қорытындыға зерттеудің I және II кезеңдерінің нәтижелеріне сүйеніп келдік.
Теориялық әдебиеттерді зерттеп-білу мен талдау, бақылау, сұрастыру жұмыстары шынайы өмірдін өзекті мәселелерін анықтауға түрткі болды.
"Қажетті тәжірибе жинақтауға жетелейтін іс-әрекет - онбойына "еңбек құралын" сіңірген ұстаз тұлғасыиың қалыптасуынын алғы шарты. Бірақ еңбек объектісі толық, айқын болмаса, егер еңбек субъектісінің назары жалған түсінілетін объектіге ауса, оның табысқа жетуі мүмкін емес. Мұндай жағдайда еңбек субъектісінің әрекеттері объективті пайда болған объектімен сәйкес келмейді". - деп жазады Н,Д.Хмель.
Бұған дәлел ретінде сынақ нәтижелері мысал бола алады. Әңгімелесу. сұрақ-жауап барысында болашақ мұғалімдер кәсіби қызмет объектісі ретінде 5 компьютерлік технологиялар тәсілдерін, саналуан бағдарламаларын пайдалануға басты назар аударды. Өкінішке орай, оқытушы компьютерлік. технологиялардың мазмұнына елтіп кетіп, ол мәнсіз жаттығуларға ұласып, нәтижесіз аяқталған жайттарға да кездесіп жатады. Неге? Өйткені, бұл жағдайда субьектілердің – оқытушылар мен студенттердің - іс-әрекеті нақты объект біртұтас педагогикалық үрдіске емес, жалған түсінілетін объект – компьютерлік технологияларға бағытталған.
Студенттердің кәсіби қызмет объектісін түсінуі – білімдер жүйесін меңгеруді білдіреді, '"Синтездік сипаттағы біртұтас сана объектілерінсіз субъектінің табысты әрекет етуі мүмкін емес" .
Шәкірттердің нәтижелі іс-әрекет етуіне ұстаздың пәнді жақсы білуі түрткі болатынына дау жоқ. Егер әдебиет пәнінің мұғалімі өзінің біліміне қоса компьютерлік технологияларды меңгерсе, онда тіпті тамаша. Дегенмен, оқушының нәтижелі іс-әрекет ету дағдыларын қалыптастыру үшін болашақ мұғалімдерді педагогикалық үрдістің мәнін, оның заңдылықтарын, дамуын зерттеп-білу негізінде даярлаған жөн.
Ф.Д.Ізбасарованың ұжымдық-танымдық істі ұйымдастыру үрдісінде оқушыларды оқу-танымдық дағдыларға баулуға студенттерді даярлау ерекшеліктері туралы диссертациялық зерттеуінде мұғалім қызметі білім берудің ішкі механизмдерімен таныс шәкірттердің санасы қалай қалыптасатынын, оқу үрдісі барысында алынған білімдері қалай дарып, ұғынылатынынан хабардар болған жағдайда ғана тиімді болатыны атап көрсетілген.
Көтерілген мәселелерді шешуде біртұтас педагогикалық үрдістің жүйелі-құрылымдық сипаттауын меңгерген жөн. Бұл – болашақ мұғалім оқыту барысында компьютерлік технологияларды пайдаланған кезде өзінің біртұтас педагогикалық үрдісінің әр түрлі қырлары, қасиеттері, ерекшеліктері туралы білімдерін, нақты оқу пәніне қатысты мәселелерді шешуде қолдана алатынын білдіреді. Болашақ мұғалім компьютерлік технологияларды пайдалану үрдісін тұтас қарастыруға үйреніп, сан-алуан байланыстарды, бәлкім, "сәтсіздіктің" және т.б. себептерін ашуға ұмтылады.
Шәкірттердің нәтажелі іс-әрекет ету дағдыларын қалыптастыру мақсатында компьютерлік технологияларды пайдалану ерекшеліктерін анықтау үшін біртұтас педагогикалық үрдістің құрамдас бөліктеріне айрықша тоқталып өту қажет. Мысал үшін, мақсатты алайық. Мұғалім болашақ ісін жобаламас бұрын, мақсатын болжап алады. Бүгінде біздің компьютерлік технологияларды пайдалану үрдісін тұтас қарастыруға үйреніп, сан-алуан байланыстарды, бәлкім, "сәтсіздіктің" және т.б, себептерін ашуға ұмтылады.
Оқушының нәтижелі іс-әрекет ету дағдыларын қалыптастыру мақсатында компьютерлік технологияларды пайдалану ерекшеліктерін анықтау үшін біртұтас педагогикалық үрдістің құрамдас бөліктеріне айрықша тоқталып өту қажет. Мысал үшін, мақсатты алайық. Мұғалім болашақ ісін жобаламас бұрын, мақсатын болжап алады. Бүгінде біздің компьютерлік технологияларды пайдалану мақсатымыз қандай? Бірақ, бұл – ең кіші мақсат. Ең жоғары мақсат мынадай: "Сабақтарда компьютерлік технологияларды қолдана отырып, шәкірттердің нәтижелі іс-әрекетін қалыптастыру мақсатына қалай жетуге болады?" Яғни, студенттердің білім, білік, дағдыларын қалыптастыру, әр даму кезеңіндегі іс-әрекеттер мәнін бейнелейтін біліктерге жіктеп, іс-әрекеттер құрылымын құру (ұйымдастыру),
дағдыларын қалыптастыру. Бұл оқу үрдісінде компьютерлік технологиялардың өзін дұрыс пайдаланудан маңызы төмен мәселе емес.
Тәжірибелік-педагогикәлық жұмыс барысында біз мектепте тәжірибесі мол ұстаз, өз саласында тамаша маманмен әңгімелестік. Ол өзінің әңгімесінде оқушылардың барлығы бірдей оның сабақтарына құлшына қатыспайтындығын қынжыла айтты. Біз осы жағдайды зерттей келе ол мұғалімнін пәнаралық байланыстарды мүлдем естен шығарғанын мұғалімдер компьютерлік технологияларды пайдалануға құлықсыздық білдіргенін; компьютерлік сыныптардың жеткіліксіздігін; сабакқ кестесімен сәйкес келмейтіндігін, ақыр соңында, мұғалімдердің, өздерінің компьютерлік технологиялардан бейхабар болған жайттарына тап болдық. Біздің ойымызша, жоғарыда аталған себептердің көзделген табысқа жету жолындағы нағыз қиындықтарға еш қатысы жоқ.
Мұғалімді кәсіби даярлауда табысты іс - әрекет етуге ықпал ететін факторларды зерттеп білуге елеулі орын беріледі. Педагогикалық мәселелерді шешу тұрғысынан алғанда, іс-әрекет ықпал ету құралы.
Шынында да, іс-әрекет түрленген сайын, қызығушылық та жоғары болады, демек, іс-әрекеттің мазмұны да байып, нәтижесі де жоғары болады. Соңғы кездері зерттеушілер іс-әрекеттің жаттығу ойыны сияқты түрін тиянақты қарастырып келді. Олар мектеп оқушыларының танымдык. іс-әрекетіндегі оқу ойынының ынталандырушылық рөлін атап көрсетеді. Мәселен, О С.Анисимовтың пікірінше, "ойында өзіндік даму қабілетгілігімен қоса, жаңа қабілеттердің жетілу қағидасы жүзеге асады. Оның мәнісі: педагог шәкірттің жағдайын күштеп өзгертпейді, тек оның өз «ақауын» өзі аңдап, өзін езгерту қажеттілігін өзі өрбітіп, өзі қалап, жаңа күйге келу жолдарын өзі қарастырып, өзі іздеп, өзі құруына жағдай жасайды".
Дидактикалық ойын элементтері бар компьютерлік технологияларды пайдалану, педагогикалық үрдістің субъектісі боларлықтай оқушыны компьютермен белсене жұмыс істеуге тарту бұл табысты іс-әрекетке сеп болатын ұстаз жұмысының ерекшелігі.
Тәрбиелік мәні зор компьютерлік ойындардың атқаратын қызметтері туралы А.П.Журавлева, Р.Калуа, Е.Д.Маргулис, С.Фадеева және т.б. арнайы зерттеулер жүргізді. Зерттеушілер оқу үрдісіне компьютерлік ойындарды енгізу – психологиялық жайлы жағдай тудырады, соның арқасында баланы үйрету, оның ой-өрісін, зейінін (зердесін), есте сақтау қабілетін дамытып, ерік-жігерін шыңдап, тұлғалық ерекшеліктерін айқындауы жеңілдейтінін атап көрсетеді.
Компьютерлік технологияларды пайдалану барысынаа ойын әрекетінің жетістіктерін атай келе, оқыту мақсатыиа жету үшін іс-әрекетін, бір түрі жеткіліксіз екенін ескерген жөн. Сонымен бірге, егер ойын әрекеі тым көп болса, оның кері әсео етуі әбден мүмкін. Бұдан келіп шығатыны, шәкірттердің жас ерекшеліктерін ескере отырып, табысты іс-әрекет ету дағдыларын қалыптастыру мақсатында ықпал ету құралы ретінде іс-әрекеттің алуан түрін қолданған жөн. Мәселен, іс-әрекеттің әмбебап түрі ретінде -қарым-қатынастың мектеп жасына дейінгі бала үшін де, студент үшін де маңызы зор.
Жоғары оқу орындарының педагикалық үрдісінде болашақ мұғалімді жоғары қарым-қатынас мәдениетін анықтайтын кәсіби қасиеттерін дамытуға бағыттаған жөн. Оқу үрдісінде компьюгерлік технологиялардьі пайдалану адамның машинамен бірге-бір қарым-қатынасын білдірмейді. Егер мұғалім шәкірттардің табысты іс-әрекет ету дағдыларын қалыптастыруды мақсат тұтса, онда педогогикалық үрдіс зандылықтарына сүйене отырып, ол педагогикалық үрдіске қатысушылардың өзара әрекетін, педагогтің шәкірттермен белсенді қарым-қатынасын ұйымдастырады. Өзара әрекеттестікте де, жеке баулуда да ұстаз кәсіби педагогикалық қарым-қатынас мәдениеті мен іс-әрекеі табыстылығы ұғымдары арасында өзара байланыс орнатуы тиіс.
Педагогикалық үрдістің құрамдас бөліктерін зерттеп білу, олардың өзара байланысына талдау жасау оңай міндет емес. Әйтсе де, болашақ ұстаздарды кәсіби даярлауда бұған аса назар аударған жөн. Мұғалім педагогикалық үрдістің мақсатын, міндеттерін, мазмұнын (мәні) және басқа да құрамдас бөліктерін теориялық тұрғыдан анықтағанымен, іс жүзінде олардың арасындағы байланысты орнатуда қиынға соғатын жағдайлар болуы мүмкін. Мұндайда ұйымдастырылып жатқан істің біртұтас сабақтастығы бұзылып, қисыннан айырылуы мүмкін. Бұдан педагогикалық үрдістің негізгі заңдылықтарын білмеушілік, қарама-қайшылықтарды айқындау дәрменсіздігі туралы қорытынды келіп шығады. Ұстаздың кәсіби қызмет объектісін білу шәкірттердің табысты іс-әрекет ету дағдыларын қалыптастыру мақсатында компьютерлік технологияларды пайдалану ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді.
«Мультимедиа» деп - операциялық жүйе ортасындағы дыбыс, графиктерді және бейне әрекеттерін түсінеді. Бұл әрекеттер тек сіздердің компьютеріңізде лайықты жабдықтардың орнатылған кезінде ғана мүмкін, (монитор, видеоадаптер, компакті - тегеріштерге арналған дисковод, дауыс зорайтқыштар, аудиоадаптер, джойстик, MIDI порты) және осы жабдықтарды қамтамасыз ететін бағдарлама.
Жақында ғана - компьютер музыкалық мақсаттардың орындауына арналмаған машина деп есептелді. Бірақ ол жоққа ушырады. Жаңа музыкалық бағдарламалық қамтамасыз ету көп көрінді, мысалы , музыкантқа жұмыс істеуге мүмкін болады. Мультимедиалық компьютерде өте маңызды рольді дыбысты карта ойнайды, өйткені ол «әдемілеуге арналған» құрал ғана емес, ол кәсіпшілік жұмысқа арналған аспап. Дыбысты карта аудиожазбаға және елестетудің арналған құралдарды өзіне біріктіреді, сэмплер немесе синтезатор (кейде екеуінде), MIDI - интерфейс, күшті әсер - процессоры және - басқа құрылғы. Бұның барлығы платада орналасады, ол ISA слотына қойылады.
Басқа құралдар мен машиналарды қолданғандағы сияқты, компьютерді пайдаланудың ең алғашқы себебі - жұмыс өнімділігін арттыру болып саналады. Егер компьютерді есеп-қисап жасау, мәліметтерді өндеу немесе құжаттарды қағазға басып алу істеріне пайдапансаңыз,сіз бір сағатта көптеген істерді тындырасыз. Мысалы, машинкада мәтін басатын шебер адам бір минутта 60-тан 80 сөзге дейін жмесе 6-8 жолға дейін мәтін басатын болса, орташа мүмкіндікті компьютер минутына 1200 жол баса алады. Демек, бір компьютер 150-200 адамды алмастыра алады деген сөз.
Компьютерлік графика табиғи объектілердің шындыққа негізделген бейнелеріне дейін қарапайым чертеждің әр түрлі бейнелеулерге арналған аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз ету туралы ғылым сияқты осы шақ құрылды . Компьютерлік ақырғы өніммен графиктар бейнелеуді келеді .
Компьютерлік графикта келесі міндеттер тексерілу: компьютерлік графикта бейнелеу ұсынуы; визуализацияға бейнелеу дайындауы; бейнелеу жасауы; әрекеттердің жүзеге асыруы бейнелеумен .
Компьютерлік графика бұл дайындау процестерінің автоматтандыруын әдеттегі түсінеді, өзгертулер, сақтаудың және графикалық ақпарат елестетуінің ЭЕМ мен.
Графикалық ақпарат бұл объектілердің үлгілері және олардың бейнелеудің.
Интерактивтік компьютерлік графика - мынау дәл осылай ғой дайындауға арналған ЭЕМ қолдануы және бейнелеулердің елестетуінің, бірақ мына пайдаланушы мүмкіншілік өзгертулер шапшаң енгізеді оның бейнелеу - барысында елестетудің, е . т . жұмыс мүмкіншілігі уақыттардың нақты масштабында диалог тәртіп графикамен ойлану .
Ақпараттық жүйелердің графикалық құралдарының көмегімен архитектуралық- құрылысты жобалау, технологиялық, электротехника және сантехникалық схемалар салаларында жазықтық 2-өлшемді графиканы орындау құралы. Берілген құралда суреттеген программалардың көп таралуы машинақұрылыс сызбалары, техникалық схемаларды жасауда, фирмалық белгілер және сауда маркілерін салаларында көп қолданылады. Ақпараттық жүйелердің графикалық құралдарының базасында жасалған арнайы пакеттер тек қана жұмысты жеңілдетіп қана қоймай, түбінде тарарнайы мәселелер орындауды жеңілдетеді. Мәдениет саласында да ақпараттық жүйелердің графикалық құралдары өз қолдануын тапты. Оның көмегімен толық өлшемді декорациялар жасалады.
Қазіргі кездегі компьютерлер сурет салу, жазу мүмкіндіктерінен басқа компакт-дискілерден музыка, клип, кино сияқты анимациялық көріністерді көріп бейнелеуге болады. Оны біз мультимедия арқылы көруге болады.
Мульти – көп, Медия – мәтін, дыбыс, бейне қолданатын бұқаралық ақпарат құралдарының жалпы аты.
Мультимедияны компьютерде қолдану үшін қосымша құрылғылармен жабдықталу керек.
Мысалы: 1. Колонкалар, динамиктер, және құлаққалқалар(наушник).
2. Микрофон.
3. CD-ROM
Қосымша құрылғылардың көмегімен:
1. Құжатқа дыбыс қосуға
2. Компьтерюе музыкалық компакт-дискілерді ойнатуға
3. Әртүрлі оқиғаларға дыбыс тағайындауға
4. Нақтылы дыбысы, бейнекөрінісі және анимациясы бар мультипликациялық ойындар ойнатуға болады.
Бұл құрылғыларды пайдалануға аранлған Windows-тың арнайы бағдарламалары бар. Мысалы, Лазерлік ойнатқыш, әмбебап ойнатқыш, Проигрыватель Windows Media, Фонограф бағдарламасы немесе дыбыс жазу (звукозапись) бағдарламасы.
Мультимедиа дегеніміз – ақпаратты көрсетудің түрлі үлгілерін бір мезгілде пайдалану. Әдетте, мультимедиалық материалдар мынадай негізгі элементтерді қамтиды: мәтін, дыбыс, кескін, анимация және бейне.
Мәтіндік ақпарат графикалық және дыбыстық элементтермен үйлескен жағдайда, адамның оны жақсы қабылдайтындығы дәлелденген.
Ұсынылатын қызметтер:
- Бейнені локализациялау кез келген ақпараттың шифрын ашу (мәтінді естіртіп теру) және транскрипт дайындау презентацияларды, жарнама, көркем, деректі, мультипликациялық фильмдерді, музыкалық шығармаларды, лекцияларды, конференцияларды, сұхбаттарды, веб-трансляцияларды, вебкастыларды, оқыту материалдарын аудару аударманы дыбыстауға дайындау: әдеби редакциялау, уақыт бойынша синхрондау, айтылу ерекшеліктерін мақұлдау кадр сыртынан аудару және қажетті дауыс сипаттамаларын алдын ала таңдай отырып, кәсіби дикторлар және актерлер арқылы толық дубляж жасау;
- Аудионы локализациялау кез келген ақпараттың шифрын ашу (мәтінді естіртіп теру) және транскрипт дайындау диктофон жазбаларын, лекцияларды, конференцияларды, семинарларды, презентацияларды, сұхбаттарды, жарнама хабарларын, ұрандарды, музыкалық шығармаларды, оқыту материалдарын, қосымша кастыларды аудару аударманы дыбыстауға дайындау: әдеби редакциялау, уақыт бойынша синхрондау, айтылу ерекшеліктерін мақұлдау қажетті дауыс сипаттамаларын алдын ала таңдай отырып, кәсіби дикторлар және актерлер арқылы аудионы дыбыстау;
- Adobe Flash локализациясы аударылатын аудио, бейне және графикалық ақпаратты шығарып алу аудио/бейне ақпараттың шифрын ашу (мәтінді естіртіп теру) және транскрипт дайындау аудио, бейне, мәтіндік, графикалық, анимациялық элементтерді аудару аударманы дыбыстауға дайындау: әдеби редакциялау, уақыты және көлемі бойынша үйлестіру, айтылуының ерекшеліктерін мақұлдау қажетті дауыс сипаттамаларын алдын ала таңдай отырып, кәсіби дикторлар және актерлер арқылы дыбыстау толығымен локализацияланған материалдарды жасау үшін қажетті инженерлік және жөндеу жұмыстарын жүргізу;
- Электрондық оқыту жүйелерін локализаиялау аударылатын аудио, бейне және графикалық ақпаратты шығарып алу аудио/бейне ақпараттың шифрын ашу (мәтінді естіртіп теру) және транскрипт дайындау аудио, бейне, мәтіндік, графикалық, анимациялық элементтерді аудару аударманы дыбыстауға дайындау: әдеби редакциялау, уақыт және көлем бойынша синхрондау, айтылу ерекшеліктерін мақұлдау қажетті дауыс сипаттамаларын алдын ала таңдай отырып, кәсіби дикторлар және актерлер арқылы дыбыстау толығымен локализацияланған материалдарды жасау үшін қажетті инженерлік және жөндеу жұмыстарын жүргізу;
- Компьютер ойындарын локализациялау аударылатын аудио, бейне және графикалық ақпаратты шығарып алу аудио/бейне ақпараттың шифрын ашу (мәтінді естіртіп теру) және транскрипт дайындау аудио, бейне, мәтіндік, графикалық, анимациялық элементтерді аудару аударманы дыбыстауға дайындау: әдеби редакциялау, уақыт және көлем бойынша синхрондау, айтылу ерекшеліктерін мақұлдау қажетті дауыс сипаттамаларын алдын ала таңдай отырып, кәсіби дикторлар және актерлер арқылы дыбыстау толығымен локализацияланған материалдарды жасау үшін қажетті инженерлік және жөндеу жұмыстарын жүргізу;
- Субтитрлерді локализациялау кез келген ақпараттың шифрын ашу (мәтінді естіртіп теру) және транскрипт дайындау транскриптерді аудару аударманы дыбыстауға дайындау: әдеби редакциялау, уақыт пен көлем бойынша синхрондау, айтылу ерекшеліктерін мақұлдау субтитрлерді пішімі қажетті файл түрінде жасау өшірілетін және өшірілмейтін субтитрлерді қою;
- Аудио кітаптарды аудару және дыбыстау материалды дыбыстауға дайындау: әдеби редакциялау, уақыт бойынша синхрондау, айтылу ерекшеліктерін мақұлдау қажетті дауыс сипаттамаларын алдын ала таңдай отырып, кәсіби дикторлар және актерлер арқылы дыбыстау;
- Бейне қатарды таңдау бойынша локализациялау бейне қатардың графикалық элементтерін құру және локализациялау өшірілмейтін субтитрлерді локализациялау;
- DVD локализациялау шифрды ашу (мәтінді естіртіп теру) және транскрипт дайындау аудио, бейне, мәтіндік, графикалық, анимациялық элементтерді аудару субтитрлерді локализациялау;
- DVD авторингі: мәзірлер, тасымалдар, өту қадамдарын жасау, аудио және бейне мәліметтері, сілтемелерді тағайындау, құрылым құру;
- Музыкалық және дыбыстық әсерлермен жұмыс істеу бірегей музыкалық сүйемелдеме жасау музыкалық сүйемелдемені ауыстыру;
- Бейнені цифрлау Betacam, DV, S-VHS, VHS, Video 8 материалдарын DVD, AVI, MPEG және басқа пішімдерде цифрлау.
Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Сол себепті педагогикалық үрдісті технологияландыру мәселесі маңызды болып саналады.
Қазіргі ақпараттық қоғамда өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болуда.
Жаңа ақпараттық технологиямен орындалатын қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.
Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютер де оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса, барлық сабақтарды компьютерлердің қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.
Соңғы жылдары білім беру аясы жүйесінде компьютерлік техниканы пайдалану белсенді түрде жүзеге асырылуда. Білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз – оқу және оқу-әдістемелік материалдар жинағы, оқу қызметіндегі есептеуіш техниканың техникалық құралдары, олардың ролі мен орны туралы ғылыми білімнің жүйесін және оқытушылар еңбектерін жүзеге асыру үшін оларды қолдану формалары мен әдістері деген анықтама беруге болады. Яғни, ақпараттық технология – білім беру мекемесі мамандарының жұмысын жүзеге асырушы әдістер мен формалар және балаларға білім беруші құрал.
Ақпараттық технология қызметінің құралы ретінде жаңа ақпараттық технологияның компьютерлік құралдары қолданылып жүр, алайда заман талабына сай компьютерлік техниканың дамып жетілуіне байланысты ғылыми сипаттағы компьютерлік бағдарламаларды жасау керек және ол оқушының іс әрекетінің интеллектуалды құрылысымен сәйкес келуі тиіс.
Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде оқытуда ақпараттық технологияларды пайдаланудың бірнеше бағыттары көрсетілген, солардың ішінде мектептегі оқу практикасында қажеттілерінің негізгілері мыналар: компьютер - оқушы білімін бағалау құралы; компьютерлік модельдеуді қолданатын зертханалық практикум; мультимедиа-технология, жаңа материалды түсіндірудегі иллюстрациялық құрал; дербес компьютер, білім жетілдіру құралы.
Мұғалім жұмысы практикада оқушы білімін бағалау үшін алатын тақырыптық тестерден көрінеді. Тест көзі мультимедиа компакт-дискілер немесе интернет желісі болуы мүмкін.
Біз гимназиямыздағы Rinel Lingo бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдаланып, көптеген сабақтардан тест құрастырдық. Бұл бағдарлама көмегімен балалар тест жауаптарын бірден немесе барлық тест сұрақтарына түгелдей жауап бергеннен кейін көруіне болады. Бұл балаларды қызықтыруға мүмкіндік жасайды.
Бұдан басқа да, тест генераторлары деп аталатын тестілеуші бағдарламалар құруға болатын арнайы компьютер бағдарламалары (қосымшалар) бар. Бұл жағдайда мұғалім тестің сұрақтарын және барысын өздігінен таңдап алады.
Қазіргі кездегі ақпараттық технологиялар оқу материалдарын иллюстрация жасау кезінде (мысалы анимациялы слайд-фильмдер) қолданылады. Бұл оқу үрдісін қозғалыста бейнелеуге мүмкіндік береді. Компьютердің көмегімен дыбыстық және бейнефрагменттерді де демонстрация жасауға болады.
Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану өз білімін көтеру тиімділігін де арттырады. Бұл бірінші кезекте сандық түрде жазылған ақпараттарды пайдалану кезінде қажетті мәліметтерді оңай табуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде көптеген әлемге танымал энциклопедиялар, сөздіктер электронды түрге айналдырылған.
Бірақ, практика көрсеткендей, компьютер толыққанды оқу құралына әлі айнала қойған жоқ. Бұл көптеген дербес жағдайларға байланысты:
– Уақытша. Мектеп бағдарламасындағы әрбір пәннің өз ұйымдастырушылық-әдістемелік және мазмұндық ерекшеліктері болады, соған орай оған ақпараттық технологияны «енгізу» кезін таңдай алу керек.
– Техникалық. Дербес компьютерлердің техникалық сипаттамасы әрқилы. Сондықтан өзімізге қажет қосымша құрылғыларды (сканер, принтер, модем, наушниктер, микрофон және т.б.) таңдай білуіміз керек.
– Ұйымдастырушылық. Пәнді оқыту үрдісіне ақпараттық технологияларды енгізу барысында бағдарламалық жабдықтарды баптау және құрылғыларды жөндеу сұрағы тұрады. Сондықтан мұғалімдерге білікті көмекші қажет.
Осы шарттарды орындаған жағдайда қазіргі ақпараттық технологиялар әсер етуші дидактикалық құралдар болмақ. Оқу үрдісінде компьютерлік техниканы қолданудағы қиыншылықтар көбіне мұғалімнің дербес компьютерді дидактикалық құрал ретінде қабылдауына дайын екендігіне байланысты.
Қазіргі кезде компьютердің көмегімен тек белгілі бір аудиторияларда ғана емес, сонымен бірге қашықтан оқыту үрдісі де дамып келе жатыр. Ол үшін Интернет желісіне қосылған компьютер керек. Қашықтан оқыту кезінде тапсырманы және онымен бірге ұсынылған оқулықтарды қарап отырып білім алғысы келетін адам өзі ізденіп, жауаптарын салып жібереді. Немесе бірлескен телеконференцияларға қатысады. Оқытудың бұл түрі анағұрлым арзан, әрі қалаған уақытыңда оқуыңа, тапсырмаларды орындауыңа мүмкіндік береді.
Бұның бір мысалы ретінде 2007-2008 оқу жылының басында ҚР Президенті Н.Назарбаевпен бірге өткізілген интерактивті сабақты айтуға болады. Егер біз барлық мүмкіндіктерімізді толық пайдалана алатын болсақ, онда біздің келешек ұрпағымыз компьютерлік технологиямен толыққанды білім ала алады.
1. Компьютерде ақпаратты бейнелеу
Компьютер (ағылшынша: computer – «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) – есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналғанмашина. Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі — есептеу деп саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі — басқару болып табылады.
Компьютер сөзінің анықтамасы алғаш рет 1897 жылы ағылшындық Оксфорд сөздігінде пайда болған болатын. Бұл сөздікте компьютер механикалық есептеуіш құрылғы ретінде көрсетілген. 1946 жылы бұл сөздікте цифрлық компьютер, аналогтық есептеуіш машинасы және электронды компьютер түсініктерінің мағынасы ажыратылып көрсетіледі.
Қазіргі заманғы компьютерлердің басым бөлігінде алға қойылған мәселе әуелі математикалық терминдерде сипатталады, бұл кезде барлық қажетті ақпарат екілік жүйеде (бір және ноль ретінде) көрсетіледі, содан кейін оны өңдеу үшін қарапайым логика алгебрасы қолданылады. Іс жүзінде барлық математикалық есептерді бульдік операциялар жиынына айналдыруға болатындықтан, жылдам жұмыс жасайтын электронды компьютерді математикалық есептердің, сонымен қатар, ақпаратты басқару есептерінің көпшілігін шешу үшін қолдануға болады.
Есептеуіш техниканың дамуындағы маңызды қадам ретінде сандардың ішкі көрсетілімінің екілік жүйеге ауысуын айтуға болады. Бұл қадам есептеуіш техникалардың және перифериялық құрылғылардың құрылыстарын біршама қарапайым етті. Екілік жүйесін қолдану арифметикалық функцияларды және логикалық амалдарды орындауды жеңілдетті. Соған қарамастан, екілік логикаға өту процессі бір мезетте бола қойған жоқ. Көптеген ғалымдар компьютерді адамға ыңғайлы ондық санау жүйесінде жасап шығаруға тырысты. Басқа да тәсілдер қолданылды. Мысалы, кеңестік машиналардың бірі үштік жүйе негізінде жұмыс жасады, кей жағдайларда үштік жүйенің екілік жүйеден артықшылықтары бар еді (үштік Сетунь компьютерінің жобасын кеңес ғалымы Н.П.Брусенцов жасап шығарды) Ондық санақ жүйесі негізіндегі компьютер ретінде алғашқы американдық есептеуіш машина — Марк I машинасын атауға болады.
Толықтай алғанда, мәліметтерді ішкі көрсету жүйесін таңдау компьютер жұмысының негізгі принциптерін өзгертпейді — кез-келген компьютер басқа жүйедегі компьютер жүйесін эмуляциялай алады.
Сан, санға қатысты амалдар математиканың ғана емес, информатика пәнінің де негізі болып табылады.
Сандарды арнайы символдар көмегімен бейнелейміз. Сандарды атау және жазу тәсілі санау жүйелері деп аталады.
Санау жүйелері позициялық және позициялық емес деген екі топтан тұрады. Позициялық емессанау жүйесінде сан цифрының тұрған орнының ешқандай мағынасы жоқ. Мысалы, Римдік санау жүйесіне қатысты ХХХ санында Х цифры кез-келген позицияда 10 (он) деген мағынаны береді.
Позициялық емес санау жүйесінде арифметикалық амалдарды орындау күрделі болғандықтан барлық есептеулер позициялық санау жүйесінде іске асады.
PR-дағы компьютерлік технология
«Компьютерлік технология» жиырмасыншы ғасырдың соңында, ғылым мен техниканың ерекше дамып, ғылыми-техникалық революцияның негізі қаланған кезеңде кең өріс ала бастады. В.М.Глушковтың пайымдауынша, компьютерлік технология кешенді ғылым мен инженерлік, немесе арнайы пәндерден тұрады, шығармашылықты, жобалауды, ойлап табуды, баға берудің, жасап шығаруды, компьютерленген жүйені функционалдау (іске қосу), олардың әлеуметтік тәжірибедегі әсері мен қолдану аясының негізі болып табылады. ЮНЕСКО-ның құжаттарында «компьютерлік технология» терминіне үлкен мағына берілген: ақпарат жинау, талдау мен өңдеу, оған қоса ақпаратты өңдеу құралдары, микропроцессорларды басқа да электрондық жүйелермен үйлестіре білу.
Компьютерлік технологияның тарихи даму жолына жасаған талдау, оның мынадай бағыттарда дамығанын көрсетеді (1-сурет). Компьютерлік технологияның дамып, жетілуін оның қай жерде, қалай қолданылуы мен бағытталуына қарай айқындауға болады (2-сурет). Ол ақпараттық технологиялардың күннен-күнге өркендеуіне байланысты жаңарып отырады. Мысалы, графикалық редакторлауға жаңа түс, материал немесе жаңаша бояулардың әдістері енгізілсе, бұның өзі үлкен жаңалық болып есептеледі.
Компьютерлік технологияны былайша топтастыруға болады: көркем компьютерлік технология; инженерлік-компьютерлік технология; иллюстративті-компьютерлік технология, іс-құжаттық компьютерлік технология, когнитивті-компьютерлік технология және т.б.
Солардың ішінде «Компьютерлік технологияны көркем өнерде қолдану» дегенді – бағдарламалық әрі дербес компьютердің аппарат құралдарын кең көлемде көркем сурет өнерінің дәстүрлі түрлерінде пайдалану деп түсіну қажет. Компьютерлік технология түрлерінің атқаратын міндеттері әртүрлі.
Көркем-компьютерлік технология негізінен кескіндеме, сурет, сәндік-қолданбалы өнер, көркем және кітап графикасы, мүсін және т.б. графикалық пәндерге бағытталады. Әйтсе де, ол компьютерлік пәндерді толығымен ауыстыра алмайды. Өзіне тән «Adobe Photo Shop», «Adobe illustrator», «Corel Draw». «Fractal Design Painter», «3D Studio Max» және т.б. мүмкіндіктеріне қарай бағытталап жасалған арнайы бағдарламалармен шектеледі.
Иллюстративті-компьютерлік технология белгілі бір ақпаратты (текст, аудио жазбалар және т.б.) көруге бағытталады немесе оқуға көмекші құрал ретінде пайдаланылады. Компьютерлік технологияның бұл түрі арқылы білім алушы бағдарламаны үйренеді және мультимедиа технологиясының көмегімен кез-келген пәндегі ақпараттарды алып қарауға мүмкіндік алады. Иллюстративті компьютерлік технология, сондай-ақ ғылыми ізденістердің нәтижелері мен графикалық мазмұнда жиі қолданылады.
Іс-құжаттық компьютерлік технология офистік тапсырмаларды шешуде: графиктер мен диаграммалар құрастыру, кесте таблицаларды көркемдеу және т.б. құжаттарды өңдеуге графикалық көркемдеу, факстарды, фирмалық стиль жасау және т.б. қолданылады.
Когнитивті-компьютерлік технология болса, бағдарламалық қамсыздандыру мен бағдарламаның интерфейстерін жасауға, әсіресе, тестік шешімдерді қабылдайтын бағдарламаларға бағытталады.
Сонымен, жоғарыда айтылғанның бәрі жаңа компьютерлік технологияны күнделікті өмірде (киноиндустрия, компьютерлік моделдеу және дизайн, білім беру саласы, полиграфия, үш көлемдегі графика және анимация, сәулет, видео өндіріс, мультимедиа және т.б.) кең көлемде пайдалануға болатынын дәлелдейді.
Ғалымдардың пайымдауынша, соңғы жылдары «мәтіндік өркениеттен»«бейнелеу өркениетіне» ауысу байқалады. Мәселен, егер ғалым В.Паранджанов, И.Г.Песталоццийдің іліміне сүйене отырып, білім беру саласында бейнелеу жолымен білім беру кеңінен қанат жая бастады деп ескертсе, суретші П.Вайбел өнер мен жаңа компьютерлік технологиялардың арасындағы байланыс сонау Леонардо-да-Винчи заманында-ақ тамырын тереңге жайғанын, ХХ ғасырдың 90-шы жылдарында суретшілер мен компьютер мамандарының бірлесуі арқасында күш жиғанын айтады. Компьютер виртуалды шынайылықты көрсетумен шектелмей, оны трансформациялайтынын атап көрсетті. П.Вайбелдің сөзімен айтқанда: «Жаңа компьютерлік технологиялар суретшілер қабылдауына әсер еткені сонша, өнер саласы толығымен өзгерді. Адам баласының қабылдауы – технологиялық процестердің, компьютерді қолдану көп нәрсеге шындық тұрғыда қарау, ойлау және қиялдау – барлығы бірнеше мыңдаған жылдардағы эволюцияның өнімі». Бұл келтірілген деректемелерді компьютерлік технологиялардың өнер саласына қатысты бір қыры ғана деп қабылдауға болады. Ал жалпы адамның компьютерлік технологиямен жұмыс жасау техникасы жылдар бойы, қызықты өркендеу дәуірлері арқылы дамыды. Ақпаратты тіркеу және сақтау әдісі де сонау тасқа белгі, ою, өсімдіктер мен папирустардың қабығына сурет салу кезеңінен бастама алады. Қазіргі заманда ақпарат тасушылардың міндетін қағаз, фотопленка, магниттік таспалар, магниттік дискілер, оптикалық дискілер, желілер атқарады, оларға ақпарат лазерлік сәулелердің көмегі арқылы жазылады және қолданыс табады.
Компьютерлік технологияның даму деңгейі, алдымен, түбегейлі жаңару мен жетілдіру тенденциясына апаратын ақпараттық және бағдарламалық құралдардың жағдайымен айқындалады. Ақпараттық-бағдарламалық сипаттама арқылы білім жүйесіндегі дидактикалық процесті дамыту бағытына септігін тигізіп отырады.
Компьютерлік технология құрамы үш бағытты қарастырады: жеке техниканы пайдалану арқылы ақпараттық жүйенің техникалық жағдайын қамтамасыз ету, ақпаратты бағдарламалық өңдеуден өткізу техникасы және негізгі ақпаратты белгіленген бағдарлама бойынша техникадан өңдеп шығару.
Барлық өндірістік міндеттер, алдымен, функционалдық жүйе бөліктерімен біріктіріледі. Ал, функционалдық жүйе бөліктері басқарудағы міндеттермен және іс-әрекеттің түрлерімен белгіленеді. Жүйе бөліктері немесе міндеттері өндірістік, маркетингтік, қаржылық, есептік, кадрлық, шұғыл болып келеді. Функционалдық міндеттерді атқаруда үш жүйе бөліктері қызмет атқарады: бағдарламамен қамтамасыз ету, ақпаратпен және техникамен қамтамасыз ету.
Дәріс-1
Компьютерлік графика
Компьютерлік графика – әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы.
Дербес компьютерді пайдаланушылардың қатарында компьютерлік графикамен айналысатындардың саны күн санап артып келеді. Қазіргі кез-келген мекемеде кей уақытта газеттер мен журналдарға жарнамаларға тапсырыс беру немесе жарнамалық парақшалар мен буклеттер басып шығару қажеттілігі туындайды. Олардың кейбіреулері осындай жұмыстарды арнайы дизайнерлік бюролар мен жарнамалық агенттіктерге тапсырса, кейбіреулері қолда бар программалық құралдарын пайдаланып, өз күштерімен жасауға тырысады.
Қазіргі танымал программалардың ешқайсысы компьютерлік графикасыз жұмыс істемейді. Статистикаға сүйенсек, жаппай қолданыста жүрген программаларды жасап шығарушы программистік ұжымның қызметкерлері өз жұмыстарының 90 % уақытын осы графикамен шұғылдануға жұмсайды екен.
Графикалық программаларды кең көлемде қолдану қажеттілігі Интернеттің және бірінші кезекте миллиондаған интернет парақтарын бір «өрмекпен» байланыстырған World Wide Web қызметінің пайда болуынан туындады. Өйткені компьютерлік графикасыз безендірілген web-парақтың бүкіләлемдік желіде басқалардың көзіне түсіп, танымал болуы екіталай.
Қазіргі компьютерлік графика тек көркемдеу мен безендірумен үшін ғана емес, ғылым мен медицинаның барлық саласында, коммерциялық және әкімшілік қызмет орындарында алуан түрлі ақпаратты көрнекі түрде көрсету үшін сызбалар, графиктер, диаграммалар жасау үшін қолданылады.
Конструкторлар автомобильдің немесе ұшақтың жаңа үлгілерін құрастырған кезде олардың соңғы көрінісін алу үшін үшөлшемді графикалық объектілерді қолданады. Архитекторлар монитор экранында болашақ ғимараттың кең көлемді кескінін жасап, оның жер бедерімен қалай жанасатынын алдын-ала болжай алады.
Қазіргі компьютерлік графика қолданылу әдісі бойынша мынадай негізгі салаларға бөлінеді:
|
Қазіргі заманғы ғылыми компьютерлік графика әр түрлі есептеу тәжірибелерін жүргізіп, олардың нәтижесін көрнекі түрде көрсетуге мүмкіндік береді.
|
|
Контрукторлық графика - инженер-конструкторлардың, архитекторлардың, жаңа техниканы ойлап шығарушы өнертапқыштардың жұмысында қолданылады. Компьютерлік графиканың бұл түрі САПР-дың(систем автоматизации проектирования- жобалауды автоматтандыру жүйесі) міндетті элементі болып табылады. Конструкторлық графика құралдарын пайдалана отырып жазықтықтағы кескіндерді (проекциялар, сызбалар) ғана емес, кеңістіктегі үшөлшемді кескіндерді де жасауға болады.
|
|
|
Мультимедиа деп - компьютер экранындағы жоғары сапалы кескінді дыбыстық сүйемелдеумен біріктіруді айтады. Мультимедиа құралдары оқу-ағарту саласында, электронды ақпарат құралдарында және т.б. мақсатта қолданылады. Мультимедиа мүмкіндіктерін толық пайдалану үшін компьютерге арнайы программаларды орнатып қана қоймай, арнайы құрылғыларды қосу қажет.
Компьютерлік графиканың түрлері
Компьютерлік графика үш түрге: растрлық, векторлық және фракталдық болып бөлінеді. Олар бір-бірінен монитор экранында бейнелену және қағаз бетіне басып шығарылған кезде кескіндердің қалыптасу принциптері бойынша ажыратылады.
|
Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады.
Мұндай типті кескіндер Adobe Photoshop, Corel Photo, Photofinish секілді қуатты графикалық редакторларда өңделеді. Растрлық кескіндер векторлық кескіндерге қарағанда сапасы жоғары, әсерлі болады. Қарапайым фотосуреттердің өзі компьютерде растрлық кескін түрінде сақталады. Растрлық кескіндерді Paint, Adobe Image Ready секілді программаларды қолданып қолдан жасауға да болады.
Растрлық кескіндердің артықшылықтары да, кемшіліктері де бар.
Артықшылығы: растрлық кескінді түзетуге, әдемілей түсуге, яғни оның кез-келген бөлігін өзгертуге болады; нүктелерді қажет болмаса ішінара алып тастауға немесе қоюлатуға, сондай-ақ кескіннің әр нүктесін ақ-қара немесе басқа кез келген түске өзгертуге болады.
|
Растрлық кескіндердің тағы бір кемшілігі – файлдар өлшемдерінің өте үлкендігінде (түстері неғұрлым көп және сапасы жоғары болған сайын, олар соғұрлым үлкен болады).
Бірақ бұл кемшіліктеріне қарамастан, қазіргі техникада растр өте жоғары сапалы кескін алуға мүмкіндік береді. Сондықтан растрлық кескіндер көркем графикада кеңінен қолданылады.
Растрлық графика электронды (мультимедиалық) және полиграфиялық басылымдарды жасап шығару үшін де жиі қолдылады. Растрлық графикалық редакторлар көбінесе жаңа суреттерді салу үшін емес, дайын суреттерді өңдеу үшін қолданылады. Осы мақсатта көбінесе суретшілердің қолымен салынған дайын суреттер сканерленіп алады немесе фотосуреттер алынады. Соңғы кездері растрлық кескіндерді компьютерге енгізу үшін сандық фотокамералар мен видеокамералар кеңінен қолданылуда.
|
Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Келесі артықшылығы - векторлық кескіндердің ақпараттық көлемі растрлық кескіндермен салыстырғанда әлдеқайда аз болады. Векторлық кескіндер СorelDRAW, Adobe illustrator, Micrografx Draw секілді векторлық графикалық редакторларда жасалады.
Векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған программалық құралдар бірінші кезекте кескіндерді өңдеу үшін емес, оларды жаңадан салу үшін қолданылады. Бұндай құралдар жарнама агенттіктерінде, дизайнерлік бюроларда, редакциялар мен баспаханаларда кеңінен қолданылады. Қарапайым геометриялық объектілер мен қаріптерді пайдалануға негізделген безендіру жұмыстары векторлық графика құралдарының көмегімен әлдеқайда оңай іске асады.
Растрлық графиканы векторлық графикамен салыстыру
|
||
Салыстыру критерийлері |
Растрлық графика |
Векторлық графика |
Кескіндерді ұсыну әдісі |
Растрлық кескін пиксельдердің жиынтығынан тұрады. |
Векторлық кескіндер командалардың тізбегі түрінде бейнеленеді. |
Шынайы суреттерді бейнелеу мүмкіндігі |
Растрлық кескіндер шынайы суреттерді айқын бейнелей алады. |
Векторлық графика фотосуреттегідей сапалы кескіндерді алуға мүмкіндік бермейді. |
Кескіндерді өңдеу мүмкіндігі |
Растрлық кескіндерді үлкейтіп-кішірейткенде немесе бұрғанда кескін өзінің бастапқы сапасын жоғалтады. |
Векторлық кескіндерге сапасын жоғалтпай-ақ өзгеріс енгізуге, яғни қажет болса оларды кішірейтуге немесе үлкейтуге болады. |
Кескіндердің басып шығарылу ерекшеліктері |
Растрлық суреттерді принтерде оңай басып шығаруға болады. |
Векторлық суреттер кейде принтерде басылмайды немесе нашар басылып шығады. |
|
1.1.8 Растырлық бейнені құрудағы бағдарламалық құрылым
Компьютерлік екі өлшемді бейнелерді құруға арналған бағдарламалар арасындағы ең танымалы Fractal Pesign компаниясының Painter, Macromedia компаниясындағы FreeHand және Faueve Matisse. Painter пакеті сурет салудағы ең спектрлі құрылымдарды және түспен жұмысты жақсы иеленді. өзінің кезегінде FreeHand бағдарламасының соңғы нұсқасы бейнені және мәтінді редактрлеуді иеленді, сонымен қатар түспен жұмыс жасауға арналған құралдардан тұрады.
Macintosh платформасында бейнені құруға арналған бағдарламалар ортасынан растрлық бейнені редактрлеуге арналған PixelPaint пакетін ерекше атауға болады.
Silicon Graphics (SGI) графикалық станциясы үшін компьютерлік бейнелі бағдарламалыр арасынан үш өлшемді модельдегі шынайы уақыт режимында әртүрлі құралдармен жұмыс жасау мүмкіндігі бар Alser Wavefront компаниясының Studio Paint3D пакеті ерекше орын алады. Пакет бейненің шексіз қабаттарымен жұмыс жасайды және алдағы әрекеттерді ауыстырудың 30 деңгейінен тұрады.
Adobe Photoshop. Кеңейтілген түрде растрлық графиканы өңдеуде Adobe компаниясының Photoshop пакеті ерекше орын алады. Қазіргі уақытта компьютерлік графикада стандартты болып табылады.
Adobe Photoshop бағдарламасының барлық басты басқару элементтері меню жолында және саймандар понелінде орналасқан. Негізгі топты диалогтық терезе құрайды – құрал палитрасы:
қылқалам палитрасы құралдарды реттеу параметрін күйге келтіруін басқарады. Қылқаламды редактрлеу режимі палитрадағы бейнені екі рет шерткеннен кейін шығады. Ctrl батрмасын басқаннан кезде қылқалам жойылады. Палитраның бос жерін екі рет шерткен уақытта палитраға автоматты түрде қосылатын жаңа қылқаламды форматтайтын диалогтық терезе ашылады.
Параметрлер палитрасы ағымдағы құралдар қасиетін редактрлеу үшін арналған. Оны меню жолынан ғана емес, құралдар панеліндегі құрал жұлдызшасын екі рет шертіп ашуға болады. Палитраны басқару элементінің құрамы таңдалған құралға байланысты.
Инфо палитрасы ақпараттық қолдау құралын басқарады. Бұнда: ағымдағы тышан сілтеуішінің координаттары, ағымдағы белгіленген аумақтың көлемі, ьейненің түс параметрлері және басқа мәліметтер анықталады.
Навигатор палитрасы бейненің әртүрлі бөліктері қарауға және көру масштабын өзгертуге мүмкіндік береді.
Синтез палитрасы ағымдағы түстің алдыңғы фонның түстік мәнәі анықтайды.
Каталог палитрасы қолданылатын түстердің жиынтығынан тұрады. Мұндай жиынтықты жүктеуге және редактрлеуге болады. Алдыңғы фонның түсн жиынтық құрамыннан алуға болады.
Қабат (слои) палитрасы басынан бастап бейненің барлық қабатын басқаруға арналған.
Каналдар палитрасы белгілеу, құру, көшіру және каналдарды жою, олардың параметрлерін анықтау, орындарын ауыстыруға арналған.
Контурлар палитрасы құрылған барлық контурлар тізімінен тұрады.
Операций палитрасы макрокомандаларды құруға арналған. Макрокомандаларды жазуға, орындауға, редакрлеуге, жоюға, файл түрінде сақтауға болады.
Бағдарламаоық ортада бейнені өңдеуде негізгі топты Филтрлеу алады.
Векторлақ графикалық бағдарламалар
Қазіргі уақытта көптеген иллюстративтік графикалық пакеттер бар.
Графикалық объектіні құру үшін иллюстративтік векторлы графикалық бағдарламалар қажет болады. Векторлық графиканың сапасы және құрылғыладың қажеттілігі масштабтау мүмкіндігіне байланысты болады.
Векторлық және иллюстративтік графикалық пакеттер әрқашан объекттердің контурын салып, ал содан кейін оларды бояп және өрнектерге толтыруға мүмкіндік беретін объекті – басқару қадамын өтеді. Сіз бұл контурларды қисық және нүктелердің математикалық модельдердің көлемімен пайда болғандықтан кез келген өлшем беріп құра аласыз.
Жаңа мүмкіндіктердің қатарына көптүсті градиентті бояуды жатқызуға болады. Байланысқан түстерді қызыл саршыл түске өзгерте алады. Барлық байланысқан түстер автоматты түрде өзгереді. Көпқабатты түстік интерактивтік түсті «диапозитивтер» ерекше тереңдікті қамтамасыз етеді және сіз вкеторлық бейнені векторлық графикалық файл көлеміндегі растрлық бейнеге ауыстыра аласыз.
Соңғы пакет негізіндегі ұстаным толығымен векторлық графика жйында ойын өзгертеді. Corel Xara 1.5 визуализацияға сапалы жаңа қадам жасайды. Fractal Design фирмасындағы Expression 1.0 пакеті контурды басқа да қиын векторлық графикалық бейнелерді жасауға мүмкіндіе берді. Көп жағдайда қарапайым иллюстрацияларды құру үшін Corel және Lotus бағдарламаларын қолдануға болады.
Corel Draw 8-9
Corel Draw пакеті әрқашан өте жақсы әсер қалдырады. Corel фирмасының топтпмаларында көптеген бағдарламалар бар, оның ішінде Corel Photo – Paint. Барлық бағдарламалардың ішіндегі жаңа пакетте ең жақсы құралдармен жұмыс жасауға болады. Бірақ Web үшін публикация дайындауға Corel Draw Corel Xara-ға орын береді. Corel Draw-да мәтінді бейнелердің көркемдік мүмкіндіктері өте жақсы. «Лупа» құралына теңесетін ешқандай құрал жоқ – ол көптеген арнайы эффекттерді ала алады, сонымен қатар бейненің тек бір бөлігін ғана үлкейтеді және фон түсіне байланысты мәтіннің түсін автоматты түрде өзгерте алады. Егер сізге пиксельді өңдеу керек болса, Corel Draw сізді бірден Corel Photo – Paint-қа қасады.
Бірақ барлығы ойлағандай оңай емес. CMYK түс моделін қолданған кезде Corel Draw-да келеңсіз жағдайлар пайда болады, бірақ бағдарлама Kodak CMS түс басқару жүйесімен жұмыс жасай алады.
Ең жақсы құралдарға қарамастан Corel Draw-да жетіспеушіліктер де жоқ емес. Құралдардың кең тараған жиынтығы бұл пакетте сурет салу үшін қолайлы, бірақ баспа беттері және Web беттер бұл пактті қолдану мүмкіндігін шектейді.
Micrografx Designer 7
Бұл өте қарапайым, көптеген мәтіндермен оңай жұмыс жасайтын бағдарлама. Designer пакетінің сурет салу құрал – саймандар ортасы қолдануда ең қарапайым болып табылады. Corel Xara сияқты Designer-де мәтінді редактрлеу терезесі қарастырылмаған. Қабаттардың арасын ауыстыру өте қолайсыз, бірақ әртүрлі форматтағы бірнеше бетерді қолдануға болады. Designer пакетінің құрамына растрлық филтрлар, эффекттер кіреді. Олар пиксельдерді OLE технологиясымен Picture Publisher құрылғысында редактрлеуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар бұл пакет Micrografx QuickSilver 3 браузерінің сыртқы модулімен бірге қолдану үшін URL-ді объектреге қосты. Егер сіз жақсы сызбалар сызғыңыз келсе немесе интерактивті режимде жұмыс жасағыңыз келсе, ақпараттарыңызды өз Web бетіңізге орналастырғыңыз келсе, онда сізге осы пакетке тоқталуыңызға болады.
Macromedia FreeHand 7
Macromedia FreeHand 7 пакеті төрт түсті CMYK баспамен және Web ке арналған бінеше форматпен ерекшеленеді. FreeHand сіз нұсқаған түс тізімін ғана қолданады. Бағдарлама бірнеше кітапханалардан түстерді таңдауға мүмкіндік береді, яғни оның ішінде Pantone және Hexachrome. FreeHand сурет салу құралдары және мәтінмен жұмыс қажетті сұраныстарға жауап береді, бірақ шектелу бар. Бұл пакет интерфейсі объектіні толығымен емес, түйіндерді ғана редактрлеуге берілген. Әрбір Corel Draw-да орындалатын масштабтау операциялары, қайталаулар, жән деформациялар FreeHand құралдар жиынтығынан жеке құралды қажет етеді.
Графикалық мәліметтердің форматтары
Компьютерлік графикада бейнені сақтау үшін үш ондық форматты файлдар қолданылады. Бірақ олардың жартысы ғана стандартты «де – факто» болады. Сонымен қатар сәйкес келмейтін форматтар растрлық, векторлық файлдардан, үш өлшемді бейнелерден тұрады, бірақ басқа кластағы мәліметтерді сақтай алатын басқа форматтар бар.
TIFF (Tagged Image File Format). Формат жоғарғы сападағы растрлық бейнені сақтауға арналған (файл кеңейтілуінің аты . TIF). Кеңінен таралғандардың қатарына кіреді және көптеген графикалық, дизайнерлік бағдарламалардың қолданысында. Монохромды ақ – қара түстен 32 разрядты CMYK түс бөліну моделіне дейінгі кең диапазонды қарастырады. 6.0 нұсқадан бастап TIFF форматында бейненің маскасы туралы мәлімет сақтауға болады. Формат көлемін кішірейту үшін LZW сығу алгоритмі қолданылады.
PSD (Photoshop Document). Adobe Photoshop бағдарламасының өзіндік форматы (файл кеңейтілуінің аты . PSD). Бірден – бір растрлық графиканың ақпаратын сақтауға арналған жақсы формат. Көптеген маскалар, қабаттар, канал параметрлерін есте сақтауға мүмкіндік береді. 48 – разрядты кодталған түстерді және әртүрлі түсті модельдерді қолдайды. Ең негізгі кемшілігі ақпаратты тиімді сығу алгоритімінің болмауы.
PCX. Формат Z – Soft фирмасының PC PaintBrush бағдарламасындағы растрлық мәліметтерді сақтау үшін пайда болған және бірден – бір кең таралған болып табылады (файл кеңейтілуінің аты . PCX). Көптүсті бейнелерді сақтау мүмкіндігінің болмауы, түс модельдерінің жетіспеуі және басқа да кемшіліктері форматтың кеңінен таралуына кедергі болды. Қазіргі уақытта ескірген болып табылады.
JPEG (Joint Photographic Experts Group). Формат растрлық бейнеледі сақтауға арналған (файл кеңейтілуінің аты . JPG). Файлдарды сығу дәрежелерінің арасындағы байланысын және бейненің сапасын реттеуге мүмкіндік береді. Қолданылатын сығу әдісі қажетсіз ақпараттарды жоюға негізделген, сондықтан форматты электронды жариялауларды қолдану үшін ұсынылған.
GIF (Graphics Interchange Format). 1987 жылы бекітілген (256) түсті сығылған бейнені сақтау құрылғысы ретінде стандартталған (файл кеңейтілуінің аты . GIF ). өзінің сығу дәрежесінің жоғаллығының нәтижесінде Интернеттен жақсы орын алады. Соңғы GIF 89а форматты версиясы мөлдір фонды сурет құруға мүмкіндік береді. Түстің шектелуінің нәтижесінде бұл формат электронды жариялауларда қолданыла алмайды.
PNG (Portable Network Graphics). Салыстырмалы түрде жаңа (1995 ж.) формат. Бейнелерді сақтауға, Интернетке жариялауға арналған (файл кеңейтілуінің аты . PNG). Үш типті бейнені қолдайды. Ақпаратты сығу жоғалтусыз өтеді. 254 альфа – канал дәрежесі қарастырылған.
WMP (Windows MetaFile). Windows опреациялық жүйесіндегі векторлы бейнені сақтауға арналған формат (файл кеңейтілуінің аты . WMP). Анықтауларға қарағанда осы жүйенің барлық қосымшаларын қлдайды. Бірақ стандартты түстер палитрасымен жұмыс істеу құрылғысының жоқтығы және басқа да кемшіліктері файлдың қолданысын шектейді.
EPS (Encapsulated PostSeript). Формат Adobe фирмасының PostSeript тіліндегі векторлық сияқты расторлық бейнелермен де жұмыс жасауға арналған (файл кеңейтілуінің аты . EPS). PostSeript тілі әмбебап болғандықтан, файлда векторлвқ және расторлық графика, әріптер, маскалар, түстік палитралар бір уақытта сақталады. Экран бетіне векторлық графикадағы мәліметтерді шығару үшін WMP форматы, ал расторлықта TIFF форматы қолданылады. Бірақ экрандық көшірме тек жалпы жағдайда шынайы бейнені бейнелейді. Бұл EPS – тың кемшілігі болып табылады. Шындығында бейнені арнайы бағдарламалар көмегімен шығару құрылғысы арқылы ғана көруге болады.
PDF (Portable Document Format) Adobe фирмасымен жасалған құжаттарды өңдеу форматы (файл кеңейтілуінің аты . PDF). Бұл формат құжатты толығымен сақтауға арналған. Формат ақпараттық - тәуелсіз болып табылады, сондықтан экран мониторынан фотоэкспонирлік құрылғыға дейін бейнені кез келген құрылғыда шығара алады.
DELPHI – объектіге бағдарланған программалау тілі
Қазіргі кезде Delphi - көпшілікке танымал және пайдаланушылар үшін ең тиімді программалардың бірі. Бұл программаны Borland Internation (АҚШ) компаниясы шығарған.
Программалауды жеңілдеу үшін 1980-жылдары объект, оқиға, объект қасиеті, класс және әдіс ұғымдары енгізілген объектіге бағдарланған програмалау тәсілі негізге алынды, мұндағы:
объект – түрлі мәндердің қасиеттері мен әдістерінің жиынтығы;
оқиға – программаның жұмыс істеу кезінде объект жағдайының өзгеруі;
қасиет – объект сипаттамалары (параметрлері);
класс – өрістер, қасиеттер және әдістердің бірлігінен тұратын өңдеу әдістері мен қасиеттері ортақ түрде сипатталатын объектілер жиынтығы;
әдіс – класстың өрістері мен қасиеттерін өңдейтін процедуралар мен функциялар.
Delphi осы негізде дайындалған программа, объектілі-программалауда барлық класстар иерархиялық түрде негізгі TОbject класынан тарайды, сол себепті Delphi программалау тілінде класс атауын Т әрпінен бастау келісілген. TForm1 = class (TForm) жазуы TForm класының үлгісімен құрылатын жаңа ( туынды ) TForm1 класын анықтайды. Form1: TForm1 жолындағы Form1 айнымалысы - класс данасы блып табылады. Объектіге бағдарланған програмалауда класс үшін мұрагерлік, инкапсуляция және полиморфизм принциптері енгізілген.
Мұрагерлік – программада негізгі класс типінің туынды иерархиялық класстарда сақталуы, Delphi-дің барлық класстары TObject классына еншілес.
Инкапсуляция (ішінде, біртұтас) - класс өрістерінің, қасиеттері мен әдістерінің бірлігінен тұрады, оларды біртұтас құрастыру инкапсуляция деп аталады.
Полиморфизм (көптүрлілік) – мұрагер класстардың түпкі классқа енгізілген әдіс атауы бойынша әр түрлі класстарда түрлі әрекеттерді орындайтын әдістерге бірдей атау беру мүмкіндігі.
Delphi программасы кәсіби программалаушыларға арналған көп терезелі жүйе. Ол алты терезеден тұрады:
Негізгі терезе (Delphi 7 - Project1);
Объект бұтағын барлаушы терезе (Object Tree View);
Объект инспекторы терезесі (Object Inspector);
Формалар конструкторы терезесі (Form1);
Код редакторы терезесі (Unit1.pas);
Код сілтеуіші терезесі (Exploring Unit1.pas);
Негізгі терезе - бас (негізгі) менюден, аспаптар панелінен және компоненттер политрасынан тұрады (15.1-сурет), мұндағы:
негізгі меню - функцияның көлемді командалар жиыны;
аспаптар панелі - негізгі менюдің сол жақ төменгі жағында орналасқан компоненттер жиыны;
компоненттер палитрасы - негізгі менюдің төменгі оң жағында орналасқан компоненттер жиыны.
15.1-сурет. Негізгі терезе кескіні
Delphi-дің негізгі терезесінің құрамына енетін аспаптар панеліне қажетті командаларды орындайтын стандартты батырмалар орналастырылған, олар:
-
- Жаңа (New);
-
Ашу (Open);
-
Сақтау (Save);
-
Жобаны ашу (Open Progect);
-
Форманы көрсету (View Form);
-
Іске қосу (Run);
-
Үзіліс (Pause);
-
Жобаға файл қосу (Add file Project), т.б.
Компоненттер палитрасы - программа кітапханасындағы программалау ортасымен бірігіп бір іс-әрекетті орындайтын дайын программалар үзінділерінен тұратын компоненттерден жинақталған. Компоненттер Форма терезесіне орнатылады.
Компоненттер кітапханасын визуальды компоненттер кітапханасы (Visual Component Library) деп атайды, онда түрлі класстық көптеген стандартты компоненттер жинақталып, түрлі атаулармен он тоғыз бетке орнатылып қойылған. Мысалы: Standard және Additional беттеріне енгізілген компоненттер сұхбаттық терезелердің көрінісін түрлендіру үшін пайдаланады, System бетіне OLE (байланыстыру және орнату) технологиясы бойынша берілгендерді түрлі программалар арасында алмастыратын және т.б. іс-әрекеттерді орындайтын компоненттер енгізілген, олар: Timer – нақты уақыт аралықтарын есептеу, Paint Box – графикалық кескіндер енгізілетін төртбұрышты облыс құру, OLE Container – байланыстыратын және орнатылатын объектілерді қабылдау контейнері, Media Player – мультимедиалық құрылғылармен жұмысты басқару компоненті. Win32 бетіне енгізілген компоненттердің бірі – Animate (жандандыру, қозғалыс әсерін ұйымдастыру) – қозғалыс әсерін ұйымдастырады. Компонент Формаға орнатылған кезде соңына индекс қосылып, класс атауын алады.
Delphi-де дайындалатын программа жоба (проект) деп аталады. Delphi ортасында құрылатын программалар жобаға біріккен бірнеше элементтерден тұрады, жақша ішінде кеңейтілген файл аты (файл типі) көрсетілген. Олар:
Жоба коды (dpr);
Форманы сипаттау (dfm);
Форма модулі (pas);
Модульдер (pas);
Жоба параметрі (dof);
Ресурстарды сипаттау (res);
Жоба файлдарының арасындағы байланыс 15.2-суреттегі түрдегідей:
15.2-сурет. Жоба файлдарының өзара байланысы
Delphi тілінде программа құру процесі екі қадамнан тұрады - алдымен Форма терезесінде программалауға қажетті компоненттерді орнатып, программаның формасын құру және Формаға оқиғаны өңдеуші процедураларды жазу.
Форма – программаны дайындау алдында ашылатын, программаның сұхбаттық терезесі, кейбір жағдайда экранда Форма терезесінің көрінбеуі мүмкін. Оны экранға шығару үшін View Forms командасын беру жеткілікті. Форманың және Формаға енгізілетін компонеттердің түрлі қасиеттері бар.
Форма қасиеттері. Формада программа мен пайдаланушы арасындағы интерфейсті (өзара іс-әрекетті) қамтамасыз ететін компоненттер болады. Мұндай компоненттерді негізгі компоненттер деп атаймыз, олардың құрамында:
Label – мәтінді шығару өрісі;
Edit – енгізу/редактор өрісі;
Button – командалық батырма;
CheckBox – таңдаудың тәуелсіз батырмасы;
RadioButton – таңдаудың тәуелді батырмасы;
ListBox – таңдау тізімі;
ComboBox – таңдаудың қосарланған (тәуелді, тәуелсіз) тізімі.
Қасиет (сипаттама, параметр) – айнымалылардың ерекше түрі. Олар обьектінің түрлі мүмкіндіктерін сипаттап, ағымдық күйін анықтайды. Мысалы, форма қасиеттерінің мәндері – форма тақырыбының мәтіні, өлшемі, экранда орналасуы, түсі т.б. Delphi іске қосылған кезде форма қасиеттеріне алғашқы сәйкес мәндер меншіктеліп қойылады.
Қасиеттер тізімі обьект инспекторы (Object Inspector) терезесіне енгізілген. Обьект инспектор терезесінің жоғарғы қатарына таңдалған объект атауы жазылып қойылады. Терезенің екі қосымша беті бар: Қасиеттер (Properties) және Оқиғалар (Events). Терезе ашылғанда екі бағанға енгізілген жазулардан тұратын оның Properties бөлімі ашылулы тұрады. Бірінші бағанда көрінетіндер – қасиет атаулары, екінші бағанға сәйкес жазылғандар – олардың мәндері.
Оқиға – программаның жұмыс істеу кезінде объект жағдайының өзгеруі. Олар қасиеттер терезесінің Events қосымша бетіне енгізілген. Терезеде оқиға атауларының алдында On префиксі (қосымшасы) тіркестіріліп жазылған, бұл – атаудың Оқиға екендігін білдіретін белгі. Мысалы, Формада орнатылған Button1 компонентін шерту Click (Шерту) оқиғасын шақырады. Формаға байланысты оқиғалар саны – 35. Delphi-де программа (жоба) екі бөлімнен тұрады: автоматты түрде project1 атау берілетін жоба файлы (негізгі модуль) және unit1.pas атауы берілетін модуль, олар жеке терезелерде орналастырылған. Модульге оқиғаларға сәйкес іс- әрекеттерді орындайтын программа мәтіні (процедуралар) енгізіледі. Программа мәтінін программалық код деп, ал терезені - программалық код терезесі немесе редактор терезесі деп те атайды. Жалпы, Формадан код терезесіне өту және код терезесінен Формаға өту үшін F12 пернесін басу жеткілікті.
Delphi ортасында программа құру үрдісі келесі кезеңдерден тұрады:
Форма құру;
Кодтау үрдісі;
Компилляция;
Тестілеу.
Алдымен Форма терезесінде программаның формасын құру керек, ол үшін Формаға программалауға қажетті компоненттерді орнатып, оқиғасының өңдеуші процедурасын жазу қажет, содан кейін Формаға орнатылған әрбір компоненттің қасиеттерінің мәндерін беру керек. Программалауда негізгі жұмысты оқиғаны өңдеуші процедуралар орындайды.
Программа негізгі информацияны - енгізу өрісінен (Edit компоненті), таңдау тізімінен (ListBox компоненті) немесе қосарланған тізімнен (ComboBox компоненті) алады. Логикалық типтің мәндерін енгізу үшін CheckBox пен RadioButton компоненттерін қолдануға болады.
Программа нәтижесін Мәтінді шығару өрісіне (Label) – немесе Хабарлау терезесіне (MessageDlg функциясы) шығаруға болады.
Берілген мәндерді экранға шығару. Show Message процедурасы Delphi-де берілген шамаларды Мәліметті көрсету (Show Message) процедурасының терезесіне шығарады. Процедураның (оператордың) жазылу түрі: Show Message(s); (2)
мұндағы s - жолдық типті өрнек, егер ол сандық типті болса, оны жолдық типке түрлендіру үшін s аргументінің орнына типті түрлендірудің сәйкес функциясын (11-кесте) енгізу керек. Мысалы, s нақты типті сан болса, оны шығару терезесінде көрсету операторының мынадай түрде жазылуы мүмкін: Show Message(FloatToStr(s)); (3)
Show Message(FloatToStrF(s,ffgeneral,7,3)); (4)
11 – кесте. Стандартты типті түрлендіру функциялары
Функция |
Орындайтын іс - әрекеті |
StrToFloat(x)
|
Кескіні жолдық типті болатын х нақты санын қалпына келтіру |
FloatToStr(x) |
х нақты санын жолдық типті ету |
FloatToStrF(x,f,s,o)
|
х нақты санын форматты жолдық типке түрлендіру. Мұндағы f - кескіндеу форматы, көбінесе ffGeneral не ffFixed түрінде жазылады; s-барлық цифрлар саны (дәлдік); о- ондық нүктеден соң жазылатын цифрлар саны (ондық дәлдік), мысалы, FloattostrF(x,ffFixed,7,3) |
StrToInt(x)
|
Кескіні жолдық типті х бүтін санын қалпына келтіру |
IntToStr(x) |
Х бүтін санын жолдық типті ету (IntToStr - Integer to String, т.с.с.) |
Жүйе соңғы операторды оқып шығып, жеті цифрдан тұратын нақты санды символдық типте шығару терезесінде көрсетеді.
Мысал:
Компоненттер тақтасының SYSTEM бетінде орналасқан TTimer компонентін пайдаланып, формада жүріп тұрған электрондық сағатты көрсету үшін:
Жаңа жоба ашып (15.3-сурет), Timer1, Label1 компоненттерін формада орнату;
15.3-сурет. Бастапқы Форма кескіні
Компоненттер қасиетіне мәндер меншіктеу (12-кесте);
12-кесте. Timer1, Label1- компоненттер қасиетінің мәндері
-
Компонент
Қасиет
Мән
Timer1
Enabled
Interval
True
1000
Label1
Caption
Width (ені)
Heigth (биіктігі)
Left (сол жақтан)
Top (жоғарыдан)
Font (қаріп)
Бос ету
130
140
90
70
24, қаріп түсін таңдау
3. Оқиға кодын (программасын) құру – ол үшін TTimer компоненті өңдейтін Оқиға - Object Inspector терезесіндегі Events бөлігінде орналасқан, OnTimer оқиғасын таңдап, оң бөлігін екі рет шерту керек немесе Timer1 компонентін екі рет шертсе – процедура, яғни unit1.pas терезесі ашылады.
4. Программа құру:
unit Unit1;
interface
uses
Windows, Messages, SysUtils, Variants, Classes, Graphics, Controls, Forms,
Dialogs, ExtCtrls, StdCtrls;
type
TForm1 = class(TForm)
Label1: TLabel;
Timer1: TTimer;
procedure Timer1Timer(Sender: TObject);
private
{ Private declarations }
public
{ Public declarations }
end;
var
Form1: TForm1;
implementation
{$R *.dfm}
procedure TForm1.Timer1Timer(Sender: TObject);
var DateTime:TDateTime;
begin
DateTime:=Time; {ағымды уақытты қайтарып беретін стандартты функция}
Label1.Caption:=TimeToStr(DateTime); { уақытты символдық типке түрлендіру}
end;
end.
Іске қосу командасын беру (F9 пернесін басу) арқылы, мәтін шығару өрісінде жүріп тұрған электрондық сағатты (15.4-сурет) көрсету.
15.4-сурет. Экрандағы электронды сағат кескіні
