Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жауап ГОС тілден.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
183.3 Кб
Скачать

8. Сөздің лексикалық мағынасының негізгі типтері. Сөз мағыналарының дамуы.

Сөз мағынасы - ұғымның мазмұны, оның адам санасындағы жалпыланған, дерексізденген бейнесі, басқаша айтсақ, мағына дегеніміз – ұғымның сөзде бейнеленуі, яғни сөз мағынасы мен ұғым тығыз бірлікте.

Сөз мағынасы таным қағидасымен (теориясымен) тікелей байланысты. Адам затты, құбылысты қаншалықты жақсы таныса, сол затты, құбылысты белгілейтін сөздердің мағыналарын соншалықты анық, айқын біледі [36.135] Семасиологиялық зерттеулердің ең бірінші қарастыратын мәселесі – сөз мағынасы. Тіл білімінде лексикалық және грамматикалық мағыналардың бар екендігі, олар тығыз байланыста болып, өзіндік белгілерге де ие болатындығы әбден дәлелденген. Түбірлер – заттық мағынаны білдіріп, негізгі лексикалық мағынаға ие болса, аффикстер – грамматикалық мағынаны құрайды. Сөздің жеке тұрғандағы немесе сөйлем құрамында келгендегі білдіретін ұғымдық бейнесін – лексикалық мағына дейміз.

Академик В.В.Виноградов сөздің лексикалық мағынасының үш түрін көрсетеді: атауыштық (номинативті) мағына, фразеологиялық байлаулы мағына және синтаксистік шартты мағына.

Атауыштық мағына сөздің жеке тұрғандағы немесе еркін тіркес құрамындағы мағынасы, фразеологиялық байлаулы мағына тек тіркес құрамында, ал синтаксистік шартты мағына тек сөйлем ішінде айқындалады.

Грамматикалық мағына деп - сөздің әртүрлі грамматикалық тұлғалары арқылы түрлену нәтижесінде пайда болған мағыналары. Мысалы, кітап сөзіне –ым жалғауын қоссақ- тәуелдік мағына, -лар жалғауын қоссақ – көптік мағына, -тың, -пен деген сияқты септік жалғауларын қоссақ септік мағына туады.

Сонымен сөз мағынасы өте күрделі, бірнеше қабаттардан тұратын тілдік категория. Лексикалық мағына дегеніміз белгілі бір дыбыс не дыбыстар тізбегі мен шартты, тарихи және әлеуметтік байланысқа түскен объектив дүниедегі заттардың, амал-әрекеттердің, түрлі құбылыстардыңадам санасындағы жалпыланған, дерексізденген бейнесі (М.Оразов, 45). [60.45] Сөз мағынасы дамып, жетіліп отыратын тілдік құбылыс. Сөздің бастапқы атауыш немесе тура мағынасы сөздің басқа мағыналарына негіз болады. Сөздің затты, құбылысты тікелей атаудан туындайтын мағынасы атауыш (номинативті) мағына деп аталады. Ол мағына затты, құбылысты тікелей атап көрсететіндіктен кейде сөздің тура мағынасы деп те аталады. Тура мағынада қолданылатын сөздердің басқа сөздермен байланысы, ара - қатынасы сол өздері белгілейтін ақиқат болмыстағы заттар мен құбылыстар арасындағы байланысқа сәйкес келеді және олардың қолданыс аясы өте ауқымды, әрі еркін болады. Мысалы, келу етістігі Мен ауылдан кеше көлік жалдап келдім деген сөйлемдегі әр сөзбен тіркесіп жұмсала береді. Сол сияқты табу деген сөз жоғалған нәрсені (малды, затты, бұйымды) табу, жұмбақтың шешімін табу сияқты еркін тіркес жасауға актив қатысады.

Академик В.Виноградов сөздің лексикалық мағынасының 3 түрін көрсетеді:

атауыштық( номинативт)мағына–  сөздің жеке тұрғандағы немесе еркін тіркес құрамындағы мағынасы фразеологиялық байлаулы мағына– тек тіркес құрамында айқындалады

синтаксистік шартты мағына– тек сөйлем ішінде айқындалады   Денатот деп– белгілі бір сөзді айтқанда, ойымызға оралатын зат (құбылыс) немесе оның ерекше белгілері.Сигнификаттық мағына деп абстракті, дерексіз ойлау негізінде пайда болатын мағынаны айтамыз.Сигнификативтік мағына сөзді ұғыммене, оймен байланыстырады.Сөздердің логикалықұғымық, семантикалық, синтаксистік, тіркесімдлік қабілетін анықтаушы тілдік мағынаСинтагмалық мағына деп аталады.