- •Қазақтың ұлттық тілінің сипаттамасы, оның тармақтары.
- •13. Сын есім: семантикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктері.
- •А.Байтұрсыновтың қазақ тілі грамматикасына қатысты ұсынған терминдері, оның әдеби тілде алатын орны.
- •Зат есім: мағыналық топтары, синтаксистік қызметі.
- •6. Қазақ тілі әдістемесі: зерттеу нысаны мен міндеттері.
- •7. Тілдің дыбыстық жүйесі және фонетикалық заңдылықтар.
- •8. Сөздің лексикалық мағынасының негізгі типтері. Сөз мағыналарының дамуы.
- •9. Қазақ тілі сабағында қолданылатын жаттығу жұмыстарының тиімділігі.
- •17. Сөздік қор,сөздік құрам, арақатынасы. Сөздік құрамның даму жолдары.
- •19. Лексикология: зерттеу нысаны, мақсаты, салалары.
- •20. Етістіктің ерекше тұлғалық түрлері.Ерекше тұлғалық түрлері
- •22. Сөздердің морфологиялық құрылымы мен мағыналық бөлшектері (морфемалар).
- •23. 29. Сөз тіркесінің түрлері. Есімді тіркестер, олардың құрамы, мағынасы түрлері.
- •24. Қазақ тілін оқытудың әдіс-тәсілдері.
- •25. Сөз мағынасының дамуы: көпмағыналық және омоним.
- •26. Етістіктің қалау райы, жасалу жолдары.
- •28. Шылау сөздер туралы түсінік, түрлері. Септеулік шылаулар, түрлері, қызметі.
- •26. Етістіктің қалау райы, жасалу жолдары.
- •30. Модульдік техн-я, мақсаты, міндеті, ерекшелігі
- •31. Сөз таптастыру принципі: атауыш, одағай, көмекші, модаль сөздер.
- •32. Сөйлем мүшесі, оған тән белгілер, қызметіне, қолданысына қарай түрлері.
- •34. Одағай: басқа сөз таптарынан айырмашылығы, лексика-семантикалық топтары, қызметі.
- •35. Тұрақты тіркес: белгілері, оларды жіктеу туралы көзқарастар.
- •36. Оқушылардың сауаттылығын арттыруда жағдаяттық, рөлдік ойындар кешенінің маңызы.
- •38. Сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілі, оның басқа тәсілдерден
- •39. Бағалау және оның ұстанымдары.
- •41. Айқындауыш және оның түрлері, қызметіне қарай ерекшелігі.
- •42. Сабақ жоспары: құрылымы, маңызы.
- •44. Күрделі етістіктер мен құранды етістіктердің жасалуы, айырмашылығы.
- •46. Етістіктің есімше және көсемше категориялары.
- •47. Сөйлемнің айтылу мақсатына, модальділігіне қарай түрлері.
- •48. Қазақ тілі сабағындағы грамматикалық ойындар.
- •50. Жай сөйлемнің құрылымына қарай түрлері, жеке сипаттама.
- •54. 57. Қатысымдық әдіс, оның ерекшелігі.
- •58. Екпін және оның түрлері.Қазақ тіліне тән екпін.
- •61. Зат есім сөзжасамы. Синтетикалық тәсіл.
- •62. Синтаксистік қатынас: предикаттық, айқындауыштық, анықтауыштық, адвербиалдық.
- •63. Оқушылардың өзіндік жұмыстарын жүргізу жолдары.
- •64. Дыбыс үндестігі және оның түрлері. Қазақ тіліне тән үндестік заңы, оның көріністері.
- •65. Толымды және толымсыз, жалаң және жайылма сөйлемдер.
- •66. Қазақ тілін оқытудағы сыныптан тыс жұмыстардың түрлері, жүргізудің әдіс-тәсілдері.
- •67. Көп компонентті құрмаластың түрлері.
- •68. Көлемдік септіктер: грамматикалық мағынасы, формасы, функциялық ерекшеліктері
- •70. Сөзжасамдық тарам мен сатының белгілері, ерекшеліктері.
- •71. Үстеу: морфологиялық белгілері, түрлері, жасалу жолдары.
- •72. Бақылау диктанты, жүргізу ерекшеліктері.
- •73. Ұлттық әдеби тіл, сипаты, тармақтары.
- •81. Күрделенген сөйлем: күрделену жолдары.
- •82.89. Түркі тілдерінің қалыптасу және даму кезеңдері (н.А.Баскаков жіктемесі).
- •83. 32. Сөйлем мүшелері. Тұрлаусыз мүше: белгілері, түрлері , жасалу жолдары.
- •85. Сабақтас құрмалас сөйлем, белгілері, жасалу жолдары, түрлері.
- •87. А.Байтұрсыновтың әдістемелік мұрасы.
- •88. Етістіктің шақ категориясы. Келе шақ түрлері, жасалуы.
47. Сөйлемнің айтылу мақсатына, модальділігіне қарай түрлері.
Сөйлемдер коммуникативтік мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты болып бөлінеді. Кез келген сөйлем қандай да бір дауыс сазымен айтылады. Онсыз сөйлем сөйлеушінің ойын, оның сол ойға, тыңдаушыға деген қатысын білдіре алмайды. Бұл – интонацияның жалпы тіл-тілдегі маңызы.
Хабарлы сөйлем. Белгілі бір ойды хабарлау мақсатында қолданылатын сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз.
Хабарлы сөйлемнің негізгі грамматикалық белгілері:
1. Баяндауыштары, негізінен, ашық рай формалы етістіктен жасалды.
2. Өзіне тән интонациясы болады. Хабарлы сөйлем жай сөйлем және құрмалас сөйлем түрінде де кездесе береді. Мысалы, Көлқора табанына бір топ атты сау ете қалды. Түс кезінде үй алдында аттар пысқырып, қоңырау сылдырады (Ә.Н). Сондай-ақ, екі негізді, бір негізді құрамда көрінеді: Кәлен көз қиығын қарт балықшыға қайта тастады (Ә.Н.).
Сұраулы сөйлем. Белгілі бір ой сұрау мақсатымен айтылса, сұраулы сөйлем деп аталады. Сұраулы сөйлемнен кейін сұрау белгісі қойылады. Сұраулы сөйлемдер мына амалдар арқылы жасалады:
1. ма, ме, па, пе сұраулық шылаулары арқылы. Мысалы:
- Сонымен, Мөңке қалай? Жағдайы жақсы ма? (Ә.Н.).
- Теңізге шықпаймыз ба? (Ә.Н.).
2. Сұрау мағыналы ғой, ау, ше шылаулары арқылы:
- Балалы болды деп есіттім ғой?
- Ие, құр қол емес, күл шашары бар (Ә.Н.).
- Қаратаз ше?
- Ол да сонда… (Ә.Н.).
1. Сұрау интонациясы арқылы:
- Сен артыңа ерген жастарды адастыратын алапаттың тұрманысың.
- Алапат? (Ә.Әбішев).
Мәди ақырып қалды:
- Мұнан жеті жыл бұрын? (Ә.Әбішев).
2. Сұрау есімдіктері арқылы: «Бұл не? Қалың жаудан қаймықпайтын бетімнің мына қыздан қайтқаны қалай? Мен кеше қандай едім? Қайрап алып қалың жауға сермеген көк семсер емес пе едім? Бүгін қандай? Қанатым қайырылғандай, семсерім майрылғандай күйдемін, бұл қалай?» (Ә.Әбішев).
3. Болар, шығар көмекші етістіктерінің қатысуымен жасалады:
- Көп керек шығар? – Екі жүз елу пұт жетеді (Ғ.Мұст.).
Сұраулы сөйлемдерде қойылатын сұрақтардың түрі мынадай болады: ашық сұрақ, күмәнді сұрақ, таңырқаулы сұрақ, риторикалық сұрақ.
3. Бұйрықты сөйлемдер. Белгілі бір ой бұйрық мақсатымен айтылса, бұйрықты сөйлем болады. Бұйрықты сөйлемнің мақсаты – тыңдаушыны немесе айтушыны әлдебір қимыл әрекетке, іске итермелеу. Мысалы: Тапсырманы орындамай көрші! Бұйрық мағына сөйлеу үстінде түрліше реңкте беріледі. Бұл сөйлем тек бұйрық рай етістік формасынан ғана, басқа формаларды да қатыстырып жасалады.
1. Бұйрық мағыналы баяндауыштардың ішіндегі негізгі тірек форма – етістіктің жалаң ІІ жақ бұйрық рай тұлғасы арқылы жасалады. Бұл баяндауышты тірек форма деуіміз – ол бұйрық мағынаны ешбір қоспасыз жалаң түрде білдіреді.
Дәл осылайша ел ішінен тері-терсек жинап жүрген Ебейсінді бір күні Тәңірбергеннің атқосшысы – ақикөз жігіт іздеп кеп:
- Мырза шақырып жатыр. Қәне, дереу атқа мін,- деді (Ә.Нұрпейісов, «Қан мен тер», 265-б.).
2. І жаққа қатысты бұйрықты, іс-әрекетке жұмсауды –айып, -ейір, -айың, -ейін формалы етістіктер жасалған баяндауыштар білдіріледі. Етістік тудыратын бұл жұрнақтардың тарихи жолын қуғанда былай саралауға болады: -айып, -ай, -ын, -ейін, -ей, -ін, -ай, -ей бұйрық мағына беретін жұрнақ, -ын, -ін, -ық, -ік, - жақтық көрсеткіштер. –ын, -н жақтық көрсеткіш ретінде бұрын жиі жұмсалған.
ІІІ жаққа қатысты бұйрықты білдіру үшін келсін, айтсын тұлғалы бұйрық рай етістіктер баяндауыш ретінде жұмсалады.
4. Лепті сөйлемдер. Сөйлемдер белгілі бір ойды хабарлап қана қоймайды, сөйлеушінің айтылған ойға көңіл күйін, сезімін қоса білдіру мақсатымен айтылса, лепті сөйлем деп аталады.
Лепті сөйлемдер адамның алуан түрлі көңіл күйін (қуаныш, сүйініш, өкініш, реніш, ыза, қарсылық, жалыныш, мысқыл-әзіл т.б.) білдіреді. Бұл иннотациядан, баяндауыш формаларынан көрінеді.
1. Эмоциялық мағына таңдану арқылы: Еламан бір сәт көзін жұмып тұрып, құшырлана жұтты.
– Қайран дала! Жарықтық, осы жусан дәрі-ау!… (Ә.Нұрп.).
2. Компоненттері да, де жалғаулықтары арқылы біріккен күрделі баяндауыштар да, де (алды да кетті) эмоциялық күйді білдіру үшін қызмет етеді.
