Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жауап ГОС тілден.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
183.3 Кб
Скачать

81. Күрделенген сөйлем: күрделену жолдары.

Жай сөйлемдердің бір предикаттық қатынастың төңірегінде ұйымдасып, сонымен қатар бұлардың құрамында түрліше айқындауыштық конструкциялар, оралымдар (обороты) орын алатын түрін жай сөйлемнің күрделенген жай сөйлем ретінде қарастырамыз. Күрделенген жай сөйлемдерді ұсынушы ғалымдардың айтуынша, олардың жай сөйлемдерден айырмасы екі предикаттық единицадан тұратындығында, ал құрмаластан айырмасы сол екі предикативтілік қатынастың да бір бастауышқа телінуінде. Профессор Қ.Есенов қазақ тілінде бір бастауышқа телінген сөйлемдерді жай сөйлемнің күрделенген түрі деп таниды және осындағы баяндауыштарды пысықтауыш деңгейімен бірдей қарайды. Профессор Т.Қордабаев ондай құрылымдарды сабақтас деп танып, олардағы тиянақсыз формаларды баяндауыш деп таниды. Бір суъектіге телінген, бірін-бірі толықтыратын немесе бір әрекетті бірігіп атайтын баяндауыштарды бірыңғай баяндауыштар деп есептеп, ондай құрылымдағы сөйлемдерді жай сөйлем деп таныған дұрыс. Бірақ ортақ бастауышқа телініп, баяндауыштары әр шақта келетін және әр сөз табынан жасалатын сөйлемдерді сабақтас бағыныңқылы сөйлемдер деп таныған дұрыс. Өйткені олардың сыңарларының арасы әр түрлі мағыналық қатынаста келеді. Мысалы: Қарағанды көмірін тапқалы, жүзге жуық жылдар өтті. (Ғ.М.) Бүгін бірер кітабын алып шықпақ болып, өзі жалғыз кіріп еді. (М.Ә.) Қазақ тіліндегі күрделенген сөйлемдер екі үлкен топқа бөлінеді:

І. Айқындауыштық қосалқы сөйлемдер.

ІІ. Синтаксистік оралымды сөйлемдер [23,170].

Айқындауыштық қосалқы оралымдарға оңашаланған айқындауышты, қыстырма, қыстырынды және бірыңғай мүшелі сөйлемдер жатады. Бұлардың қайсысы болса да сөйлем аумағын кеңейтіп, мазмұнын толықтырып, қосалқы бөлшек қызметін атқарады. Қосалқы бөлшек сөйлемге жай ғана қосақтала айтылмай, оның мазмұнын айқындай түсу мақсатында арнайы қолданылады.

Күрделенген сөйлемнің екінші тармағы – синаксистік оралымдар. Мұның өзі қабыспалы оралым және жанаспалы оралымдар болып екі салаға бөлінеді. Қабыспалы оралым негізгі сөйлемнен қабыса, жымдаса айтылады. Сондықтан да қабыспалы оралымдар негізгі сөйлеммен үтір арқылы ажыратылмай, тұтасқан түнде оған кіріге жұмсалады.

82.89. Түркі тілдерінің қалыптасу және даму кезеңдері (н.А.Баскаков жіктемесі).

Түркі тілдерін тілдік (фонетикалық, морфологиялық) тұрғыдан топтастыру – классификациялау, сөйтіп, әрбір тілдің түркі тілдері құрамындағы орнын айқындау М.Қашқаридан басталады. Әйтседе, классикалық тіл білімі түркі тілдерін ғылыми негізге сүйеніп топтастырудың тарихын ХІХ ғасырдан бастайды. Түркі тілдері — Шығыс Еуропадан, Сібір мен Батыс Қытайға дейінгі кең аумақта тұратын 180 млн. адамның ана тілі, 210 млн. адамның екінші тілі боп табылатын, көбі бір біріне өте жақын болған 40 тілден тұратын тілдер тобы. Түркі тілдер жанұясы Алтай тілдері әулетіне жатады. Қазақ тілі соның бірі болып табылады.

Көрнекті түркітанушы Н.А. Баскаков Түркі тілдері-нің фонет., граммат. ерекшеліктерін сол тілде сөйлейтін халықтардың тарихи даму, геогр. орналасу жағдайымен ұштастыра отырып, бұл тілдердің тарихын төмендегідей кезеңдерге бөледі:

) алтай дәуірі;

) ғұн дәуірі;

) көне түркі дәуірі (5 – 6 ғ-лар);

) орта түркі дәуірі немесе негізгі түркі тайпаларының қалыптасу кезеңі;

) жаңа түркі дәуірі немесе түркі халықтарының қалыптасуы мен даму дәуірі (16 – 19 ғ-лар);

) ең жаңа дәуір (20 ғ.) немесе түркі тілдерінің Қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі даму дәуірі.

Алайда оның екі дәуірі болғанын тұспалдап айтуға болады:

) Орал-алтай тілдерінің ортақ дәуірі, бұл – көптеген ру мен тайпа тілдерінің бөлінбеген кезеңі;

) Орал және алтай тілдерінің бір-бірінен бөліну кезеңі, бұдан соң түркі, моңғол, тұңғыс-маньчжур және корей-жапон тілдерінің тармақтарға бөліну дәуірі.

Түркі тілдері, оның ішінде қазақ тілі буын үндестігіне негізделеді, яғни қазақтың төл сөздері не бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке болып келеді. Сөзге жұрнақ пен жалғаулар бірінің артынан бірі қосылу арқылы сөз формасы өзгертіледі. Сөйлем бастауыш-толықтауыш-баяндауыш ретінде құрылады.

Жүз жылдар бойы түркі халықтары көшпелі өмір салтын өткізгендіктерінен, өзара және де басқа тілдес халықтармен араласып, өз тілдеріне және көршілес халықтардың тілдеріне зор әсер еткен. Әсіресе моңғол, славян және парсы тілдерімен ықпалдасу өте терең болған. Бұл ықпалдасу әр бір тіл тобы мен топ ішіндегі тілдердің тарихи дамуын біраз өзгерткен салдарынан, түркі тілдерінің классификациясының бірнеше жүйесі бар. Бүгінгі күндері ең кең қабылданған классификация жүйесі А.Н. Самойловичтің классификациясы боп танылғанмен кейбір жағдайлар әлі де пікірталас тудыруда.

Түркі тілдерінің ( ) дүниедегі басқа тіл топтарының арасындағы орналасуы.

Барлығы 40-тан аса тілден тұратын, 180 млн. адамның ана тілі боп табылатын түркі тілдері Алтай тілдері әулетіндегі ең үлкен тіл тобы болып табылады.

Түркі тілдерінің көбінің фонологиясы, морфологиясы және синтаксисі бірдей. Тек Шуаш, Якут, Солтүстік Сібір тілдері бұ жағынан өзгеше сипатқа ие. Түркі тілдері 6 топқа бөліне отырып, әр топқа кірген тілдер сол тілді білетін адамдар бірібірін түсіне алатындай жақын болады. Бұған қоса көршілес өлкелердің шекараларында өте тығыз қатынас салдарынан туған түркі диалектілері табылады.