- •Қазақтың ұлттық тілінің сипаттамасы, оның тармақтары.
 - •13. Сын есім: семантикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктері.
 - •А.Байтұрсыновтың қазақ тілі грамматикасына қатысты ұсынған терминдері, оның әдеби тілде алатын орны.
 - •Зат есім: мағыналық топтары, синтаксистік қызметі.
 - •6. Қазақ тілі әдістемесі: зерттеу нысаны мен міндеттері.
 - •7. Тілдің дыбыстық жүйесі және фонетикалық заңдылықтар.
 - •8. Сөздің лексикалық мағынасының негізгі типтері. Сөз мағыналарының дамуы.
 - •9. Қазақ тілі сабағында қолданылатын жаттығу жұмыстарының тиімділігі.
 - •17. Сөздік қор,сөздік құрам, арақатынасы. Сөздік құрамның даму жолдары.
 - •19. Лексикология: зерттеу нысаны, мақсаты, салалары.
 - •20. Етістіктің ерекше тұлғалық түрлері.Ерекше тұлғалық түрлері
 - •22. Сөздердің морфологиялық құрылымы мен мағыналық бөлшектері (морфемалар).
 - •23. 29. Сөз тіркесінің түрлері. Есімді тіркестер, олардың құрамы, мағынасы түрлері.
 - •24. Қазақ тілін оқытудың әдіс-тәсілдері.
 - •25. Сөз мағынасының дамуы: көпмағыналық және омоним.
 - •26. Етістіктің қалау райы, жасалу жолдары.
 - •28. Шылау сөздер туралы түсінік, түрлері. Септеулік шылаулар, түрлері, қызметі.
 - •26. Етістіктің қалау райы, жасалу жолдары.
 - •30. Модульдік техн-я, мақсаты, міндеті, ерекшелігі
 - •31. Сөз таптастыру принципі: атауыш, одағай, көмекші, модаль сөздер.
 - •32. Сөйлем мүшесі, оған тән белгілер, қызметіне, қолданысына қарай түрлері.
 - •34. Одағай: басқа сөз таптарынан айырмашылығы, лексика-семантикалық топтары, қызметі.
 - •35. Тұрақты тіркес: белгілері, оларды жіктеу туралы көзқарастар.
 - •36. Оқушылардың сауаттылығын арттыруда жағдаяттық, рөлдік ойындар кешенінің маңызы.
 - •38. Сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілі, оның басқа тәсілдерден
 - •39. Бағалау және оның ұстанымдары.
 - •41. Айқындауыш және оның түрлері, қызметіне қарай ерекшелігі.
 - •42. Сабақ жоспары: құрылымы, маңызы.
 - •44. Күрделі етістіктер мен құранды етістіктердің жасалуы, айырмашылығы.
 - •46. Етістіктің есімше және көсемше категориялары.
 - •47. Сөйлемнің айтылу мақсатына, модальділігіне қарай түрлері.
 - •48. Қазақ тілі сабағындағы грамматикалық ойындар.
 - •50. Жай сөйлемнің құрылымына қарай түрлері, жеке сипаттама.
 - •54. 57. Қатысымдық әдіс, оның ерекшелігі.
 - •58. Екпін және оның түрлері.Қазақ тіліне тән екпін.
 - •61. Зат есім сөзжасамы. Синтетикалық тәсіл.
 - •62. Синтаксистік қатынас: предикаттық, айқындауыштық, анықтауыштық, адвербиалдық.
 - •63. Оқушылардың өзіндік жұмыстарын жүргізу жолдары.
 - •64. Дыбыс үндестігі және оның түрлері. Қазақ тіліне тән үндестік заңы, оның көріністері.
 - •65. Толымды және толымсыз, жалаң және жайылма сөйлемдер.
 - •66. Қазақ тілін оқытудағы сыныптан тыс жұмыстардың түрлері, жүргізудің әдіс-тәсілдері.
 - •67. Көп компонентті құрмаластың түрлері.
 - •68. Көлемдік септіктер: грамматикалық мағынасы, формасы, функциялық ерекшеліктері
 - •70. Сөзжасамдық тарам мен сатының белгілері, ерекшеліктері.
 - •71. Үстеу: морфологиялық белгілері, түрлері, жасалу жолдары.
 - •72. Бақылау диктанты, жүргізу ерекшеліктері.
 - •73. Ұлттық әдеби тіл, сипаты, тармақтары.
 - •81. Күрделенген сөйлем: күрделену жолдары.
 - •82.89. Түркі тілдерінің қалыптасу және даму кезеңдері (н.А.Баскаков жіктемесі).
 - •83. 32. Сөйлем мүшелері. Тұрлаусыз мүше: белгілері, түрлері , жасалу жолдары.
 - •85. Сабақтас құрмалас сөйлем, белгілері, жасалу жолдары, түрлері.
 - •87. А.Байтұрсыновтың әдістемелік мұрасы.
 - •88. Етістіктің шақ категориясы. Келе шақ түрлері, жасалуы.
 
7. Тілдің дыбыстық жүйесі және фонетикалық заңдылықтар.
Тіл білімнің бір саласы болып табылатын фонетика (грек т. phone – дыбыс) тілдің дыбыстық жүйесін зерттейді. Тіл дыбыстары – күрделі құбылыс. Дыбыс сөйлеу мүшелерінің белгілі бір араласымы (комбинациясы) арқылы жасалады. Дыбыстардың тіркесуі тілде қалыптасқан белгілі бір заңдылықтарға негізделеді. Қазақ тілінің фонетикасы туралы тұңғыш пікір миссионер Н.И.Ильминский (1822-1891) еңбегінде айтылды. Н.И.Ильминский қазақ тіліндің дыбыстық құрамы 8 дауыстылардан және 19 дауыссыздар: а (ә), е, ы, і, ө, ұ, ү, д , п, б, м, у, т, д, н, ж, з, ш, с, р, л, й, қ, ғ, к, г, ң дыбыстарынан тұратынын жазады. Н.И.Ильминский а және ә дыбыстарын бір фонема деп қарастырған. Түркі тілдерін зерттеудің жаңа кезеңі В.В.Радлов (1837-1918) еңбектерінен басталады 22. Түркі тілінің бір тармағы болып келетін қазақ тілін және оның салаларын зерттеуде В.В.Радловтың 1882 жылы Лейпциг қаласында неміс тілінде жарық көрген «Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы» деп аталатын еңбегінің маңызы ерекше. Мұңда қазақ тілінің дыбыстық жүйесі біршама дұрыс жүйеленген. Түркітанушы еңбегінде қазақ тілінің дыбыстық жүйесін 9 дауыстыдан (а, ә, е, о, ө, ы, і, ұ, ү) және 20 дауыссыздан тұратынын анықтаған. Дауыстыларды ашық (а, ә, е, о, ө), қысаң (ы, і, ұ, ү), жуан (а, о, ұ, ы), жіңішке (ә, е, ө, ү, і), еріңдік (о, ө, ұ, ү), езулік (а, ә, е, ы) деп жіктейді. Ал дауыссыздарды да іштей қатаң (қ, к, т, п, с, ш), ұяң (ғ, г, д, б, з, ж), үнді (н, ң, м, р) және аралық немесе жарты дауысты (у, й) дыбыстар деп бөлген. Көп уақыт бойында қазақ тілінің дыбыстық жүйесін, грамматикалық құрылымын зерттеудің нәтижесінде 1912 жылы «Оқу құралы. Қазақша әліппе» деген атпен А.Байтұрсынұлының алғашқы зерттеу еңбегі жарық көрді. . Кітапта қазақ тіліндегі 5 дауысты, 17 дауыссыз, 2 жарты дауыстыдан тұратын 24 дыбыстың таңбасы келтірілген. Дауыстыларды іштей жіктемей, дауыссыздарды қатаң, ұяң деп бөлген. Дауыстыларды толық (а, е, о, ұ, ы,) және шала (р, ң, л, м, н, у, й) деп екіге бөледі. «Толық» дауыстылары кең шығысты болып, оларда екіге айырылады», - дейді. Бірақ қайсысына қандай дыбыс жататыны айтылмайды. Шала дауыстылар (қазіргі үнділер) ауыз шығысты (р, л, у, й), мұрын шығысты (ң, м, н) боп бөлінеді. Бұлар қазір ауыз жолды, мұрын жолды делінеді. Шала дауыстыларды одан әрі босаң жолды (р, у, й), қысаң жолды (л), босаң бөгеулі (ң), қысаң бөгеулі (н), тұйық бөгеулі (м) деп айырады. Мұнда ауаның шығу жолын ескерген. Босаң, қысаң түрі қазіргі тіліміздегі ызың, шұғыл дауыссыздар. Дауыстыларды аңғалы (а, е, ы) және қымқырулысы (о, ұ) деп бөледі. Қазақ тілінің фонетикасына байланысты зерттеулер ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап жаңа қарқынмен дамып келеді. Солардың ішінде «Қазіргі қазақ тілі» деген атпен 1954 жылы жарық көрген ғылыми еңбектің орны ерекше. Бұл еңбектің фонетика бөлімінің авторы І.Кеңесбаев. Бұл еңбекте ғалым фонетиканың негізгі мәселелерін түгел қамти отырып, І-бөлім «Фонетика және дыбыстар туралы түсінік», ІІ-бөлім «Дауысты дыбыстар», ІІІ-бөлім «Дауыссыз дыбыстар», ІV-бөлім «Буын», V-бөлім «Екпін», VІ-бөлім «Дыбыстардың үндесуі» деп жіктеп, әр мәселе бойынша қазақ тіл білімінде соған дейін айтылған көзқарастар мен нәтижелерді қамтыған.
Бүгінгі кезеңде қазақ тілі фонетикасын эксперименталды түрде зерттеулер өз нәтижелер беруде. Тіл білімінің дамуына байланысты қазақ тілі фонетикасын Ж.Аралбаев, Ә.Жүнісбеков, С.Мырзабеков, З.Базарбаева, т.б. зерттеуші-ғалымдар өзіндік пікірлер айтып, ғылыми тұжырым-дарымен байытып келеді [Біз оларды жекелеген мәселелер бойынша толығырақ қарастырамыз]. Дыбыстардың өзара тіркесуінде әр тілдің өзіне ғана тән белгілі бір қалыптасқан заңдылық, жүйе болатыны айтылды. Морфемалардың бірыңғай жуан не жіңішке буынды болып және олардың аралығында қатар келген дыбыстардың біріне-бірі акустика – артикуляциялық жақтан бейімделіп, үйлесіп тұруын дыбыстардың үндесуі немесе үндестік заңы дейміз.
