- •Қазақтың ұлттық тілінің сипаттамасы, оның тармақтары.
- •13. Сын есім: семантикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктері.
- •А.Байтұрсыновтың қазақ тілі грамматикасына қатысты ұсынған терминдері, оның әдеби тілде алатын орны.
- •Зат есім: мағыналық топтары, синтаксистік қызметі.
- •6. Қазақ тілі әдістемесі: зерттеу нысаны мен міндеттері.
- •7. Тілдің дыбыстық жүйесі және фонетикалық заңдылықтар.
- •8. Сөздің лексикалық мағынасының негізгі типтері. Сөз мағыналарының дамуы.
- •9. Қазақ тілі сабағында қолданылатын жаттығу жұмыстарының тиімділігі.
- •17. Сөздік қор,сөздік құрам, арақатынасы. Сөздік құрамның даму жолдары.
- •19. Лексикология: зерттеу нысаны, мақсаты, салалары.
- •20. Етістіктің ерекше тұлғалық түрлері.Ерекше тұлғалық түрлері
- •22. Сөздердің морфологиялық құрылымы мен мағыналық бөлшектері (морфемалар).
- •23. 29. Сөз тіркесінің түрлері. Есімді тіркестер, олардың құрамы, мағынасы түрлері.
- •24. Қазақ тілін оқытудың әдіс-тәсілдері.
- •25. Сөз мағынасының дамуы: көпмағыналық және омоним.
- •26. Етістіктің қалау райы, жасалу жолдары.
- •28. Шылау сөздер туралы түсінік, түрлері. Септеулік шылаулар, түрлері, қызметі.
- •26. Етістіктің қалау райы, жасалу жолдары.
- •30. Модульдік техн-я, мақсаты, міндеті, ерекшелігі
- •31. Сөз таптастыру принципі: атауыш, одағай, көмекші, модаль сөздер.
- •32. Сөйлем мүшесі, оған тән белгілер, қызметіне, қолданысына қарай түрлері.
- •34. Одағай: басқа сөз таптарынан айырмашылығы, лексика-семантикалық топтары, қызметі.
- •35. Тұрақты тіркес: белгілері, оларды жіктеу туралы көзқарастар.
- •36. Оқушылардың сауаттылығын арттыруда жағдаяттық, рөлдік ойындар кешенінің маңызы.
- •38. Сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілі, оның басқа тәсілдерден
- •39. Бағалау және оның ұстанымдары.
- •41. Айқындауыш және оның түрлері, қызметіне қарай ерекшелігі.
- •42. Сабақ жоспары: құрылымы, маңызы.
- •44. Күрделі етістіктер мен құранды етістіктердің жасалуы, айырмашылығы.
- •46. Етістіктің есімше және көсемше категориялары.
- •47. Сөйлемнің айтылу мақсатына, модальділігіне қарай түрлері.
- •48. Қазақ тілі сабағындағы грамматикалық ойындар.
- •50. Жай сөйлемнің құрылымына қарай түрлері, жеке сипаттама.
- •54. 57. Қатысымдық әдіс, оның ерекшелігі.
- •58. Екпін және оның түрлері.Қазақ тіліне тән екпін.
- •61. Зат есім сөзжасамы. Синтетикалық тәсіл.
- •62. Синтаксистік қатынас: предикаттық, айқындауыштық, анықтауыштық, адвербиалдық.
- •63. Оқушылардың өзіндік жұмыстарын жүргізу жолдары.
- •64. Дыбыс үндестігі және оның түрлері. Қазақ тіліне тән үндестік заңы, оның көріністері.
- •65. Толымды және толымсыз, жалаң және жайылма сөйлемдер.
- •66. Қазақ тілін оқытудағы сыныптан тыс жұмыстардың түрлері, жүргізудің әдіс-тәсілдері.
- •67. Көп компонентті құрмаластың түрлері.
- •68. Көлемдік септіктер: грамматикалық мағынасы, формасы, функциялық ерекшеліктері
- •70. Сөзжасамдық тарам мен сатының белгілері, ерекшеліктері.
- •71. Үстеу: морфологиялық белгілері, түрлері, жасалу жолдары.
- •72. Бақылау диктанты, жүргізу ерекшеліктері.
- •73. Ұлттық әдеби тіл, сипаты, тармақтары.
- •81. Күрделенген сөйлем: күрделену жолдары.
- •82.89. Түркі тілдерінің қалыптасу және даму кезеңдері (н.А.Баскаков жіктемесі).
- •83. 32. Сөйлем мүшелері. Тұрлаусыз мүше: белгілері, түрлері , жасалу жолдары.
- •85. Сабақтас құрмалас сөйлем, белгілері, жасалу жолдары, түрлері.
- •87. А.Байтұрсыновтың әдістемелік мұрасы.
- •88. Етістіктің шақ категориясы. Келе шақ түрлері, жасалуы.
46. Етістіктің есімше және көсемше категориялары.
Етістіктің функциялық формаларының бірі – есімше. Есімше мағынасы жағынан етістіктерше болымды және болымсыз, салт-сабақты болып бөлініп, жақтық, шақтық мағынаны аңғартады. Бірақ түрленгенде есімдерше көптеледі, септеледі, тәуелденеді. Осы ерекшелігіне байланысты сөйлемде атрибуттық және предикаттық мағынаға ие болады да, әр етістік, әрі сын есім орнына жүре береді.
Есімше –ған, -ген, -қан, -кен, -ар, -ер, -р, -с, -атын, -етін, -йтын, -йтін, -ушы, -уші, -мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек жұрнақтарының негізгі және туынды түбір етістікке, етістіктің болымды және болымсыз формаларына, етіс категориясының барлық түрлеріне жалғану арқылы жасалады. Ал қалау рай, бұйрық рай, шартты рай формаларына есімше жұрнақтары жалғанбайды.
Есімше жұрнақтарының қызметі - өзі жалғанған етістіктің аңғартатын мағынасын өзгертпей, заттың қимыл-әрекет арқылы білдіретін белгісін жасау.
Есімше жіктеледі, бірақ етістіктерше емес, есімдерше жіктеліп, сөйлемде баяндауыш қызметін атқарады. Есімшенің есімдерге жақындығы мен өзгешеліктері:
а) есімше формалары сын есім сияқты заттың белгісін аңғартып, сөйлемде қандай? деген сұраққа жауап береді, анықтауыш қызметін атқарады. Бұл жағынан есімшенің сын есімнен айырмашылығы байқалмайды. Бірақ сын есім мен есімшенің заттың белгісін білдіруі анықтап аңғарған кісіге бірдей емес.
ә) Есімшелер сын есім сияқты көптеліп, тәуелденіп, септеліп заттанады. Сөйлемде бастауыш, толықтауыш қызметін атқарады. Жіктеліп баяндауыш қызметін атқарады.
б) Етістіктің болымсыз формасына есімше жұрнағы жалғанғанда да есімшенің болымсыз мағынасы аңғарылады. Бірақ есім сөздер сияқты есімшелерде жоқ, емес сөздері арқылы болымсыз форма жасайды. Есімшелер болымсыздық форманы етістіктерше синтетикалық жолмен де, есімдер ше аналитикалық формамен де жасайды.
Есімшелердің етістікке жақын белгілері:
а) Есімшенің етістіктің бір түрі болып есептелуіне оның септік жалғауларындағы сөзді салт және сабақты етістік ретінде меңгеруі себеп болады.
ә) Есімшелердің шақтық мағынаны беруде қызметі ерекше. –ған қосымшалы есімше жіктеліп, өткен шақ мағынасын берумен қатар атрибуттық қызметте тұрып та сол өткен шақтық мағынаны сақтайды.
б) Есімшенің етістікке тән басты белгісі – қимыл-қозғалысқа байланысты мағынадан алыстамайды. Сондықтан да есімше етістіктер ше болымды және болымсыз, салт және сабақты болып бөлінеді.
Аталған үш белгісі есімшені етістіктің бір түрі, оның ішінде функционалды етістік формасы деп есептеуге мүмкіндік береді.
Көсемше атауын қазақ тіл білімінде А.Байтұрсынұлы енгізген. Бұл сөздің мағынасы көсем сияқты үнемі алдыда тұрады дегенді білдіреді.
Көсемшелер тұлғалық жағынан да, мағыналық жағынан да тиянақсыз болғандықтан, қысқа қайырылып, өзінен кейін тиянақтаушы етістікті қажет етіп тұрады да, кем дегенде екі сыңардан құралып, жаңа мағына түзетін күрделі етістіктердің көптеген түрін жасауға негіз болады.
Қазіргі қазақ тілінде көсемшелердің бұдан өзге де сан алуан қызметтері бар. Көсемшелер сөйлемде етістік арқылы айтылған іс-әрекеттің сынын-тәсілін, мекенін, мезгілін білдіріп, пысықтауыштық та қызмет атқарады. Есімдердің түрлену жүйесіне түспейтін (көптелу, тәуелдену, септелу) көсемшелердің етістіктің басқа да туынды тұлғаларынан негізгі айырмасы да оыс қызметтен көрінеді. Олар сөйлемде көбінесе пысықтауыштық қызмет атқаратын үстеулерге грамматикалық сипаты жағынан өте жақын. Көсемшелер мен үстеулердің қызметі жағынан да, мағыналық жағынан да бір-біріне өте ұқсас келуі, олардың екеуінің де пысықтауыштық қызметте қолдануында деуге болады. Бірақ көсемшелердің тілдегі қызметі мен мағыналары үстеулерге қарағанда әлдеқайда кең. Мәселен, олар жоғарыда айтылған күрделі етістік жасау мен пысықтауыш болудан өзге тілімізде айтушының ойды ықшамды айту мақсатын жүзеге асырып бірыңғай баяндауыш болады, сабақтас құрмалас сөйлемдердің бағыныңқы сыңарының баяндауышы бола тұра екі жай сөйлемді еш дәнекерсіз байланыстырып тұрады және баяндауыш қызметінде жіктеле келіп, шақты білдіріп тұр.
Көсемшелер етістіктің негізгі және туынды түбірлеріне, күрделі негіздерге тікелей де, қажетінше етіс жұрнақтарынан соң да немесе амалдың өту сипатын білдіріп, рең жамайтын жұрнақтардан кейін жалғану арқылы жасалады.
Қазақ тілінде жіктелудің төрт түрі бар. Бірдей үлгіде жіктелетін сөздердің лексика-грамматикалық сипаты бірдей емес, яғни қазақ тіліндегі жіктелу үлгілері тек тұлғалық өзгешеліктеріне қарай бөлінеді. Көсемшелер бірдей үлгіде жіктеледі:
І. Мен бара-мын біз бара-мыз
барып-пын барып-пыз
ІІ. Сен бара-сың сендер бара-сыңдар
барып-сың барып-сыңдар
Сіз бара-сыз сіздер бара-сыздар
барып-сыз барып-сыздар
ІІІ. Ол бара-ды олар бара-ды
барып-ты барып-ты
Көсемшелер бірдей үлгіде жіктелмегенімен олардың беретін шақтық мағынасы әркелкі болып келеді. Мәселен, -ып, -іп, -п жұрнақтары арқылы жасалған көсемшелер жіктелгенде бұрынғы өткен шақты білдірсе, -а, -е, -й жұрнақтары арқылы жасалған көсемшелер жіктеліп ауыспалы осы шақты білдіреді.
Көсемшелердің бұлардан өзге жұрнақтары жіктелмейді. Осы қызметіне қарап оларды қазақ тіл білімінде жіктелетін және жіктелмейтін көсемшелер деп бөлу қалыптасқан.
Көсемшенің жіктелетін –а, -е, -й және -ып, -іп, -п тұлғаларының жіктелмейтін тұлғаларға қарағанда елеулі айырмашылықтары бар. Біріншіден, олардың тілдегі жұмсалу жиілігі соңғыларына қарағанда әлдеқайда басым. Мәселен, жіктелетін көсемшелер арқылы күрделі етістіктің, пысықтауыштардың және сабақтас сөйлемдердің бірнешеуі жасалады. Екіншіден, жіктелетін көсемшелердің қолданылу өрісі кең. Мәселен, олар сабақтас сөйлемнің бағыныңқы сыңарларының да, басыңқы сыңарларының да баяндауыштары бола алады. Ал жіктелмейтін көсемшелер тек бағыныңқы сыңардың баяндауышы бола алады.
Жіктелетін көсемшелердің қолданылу аясы мен жиілігі де біркелкі емес. Айталық, пысықтауыш бағыныңқы сөйлемнің баяндауышын жасауда көсемшенің -ып, -іп, -п тұлғалары өте жиі жұмсалса, жіктеліп келіп шақты білдіруде ауыспалы осы шақ көсемше (-а, -е, -й) тұлғалары жиі қолданылады. Оны бұрынғы өткен шақ көсемшелердің белгілі бір шектеулі стильдік қолданыстарда ғана жұмсалуымен түсіндіруге болады.
Көсемшелер жеке-дара сөз есебінде қолданылмайды, есімдердің морфологиялық түрлену жүйесіне түспейді, демек оларға көптік, тәуелдік, септік жалғаулары қосылмайды. Көсемшелердің жалпы грамматикалық қызметі етістік айналасына байлаулы, ал мағынасы етістікке қатысты белгімен байланысты болады да өзі тек етістік негіздерімен және олардан өрбіген тұлғалардан туындайды. Осы себептен де көсемшелер етістіктің ерекше бір түрі болып саналады.
Көсемшелердің тіліміздегі қолдану аясын төмендегідей жинақтап көрсетуге болады.
