Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жауап ГОС тілден.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
183.3 Кб
Скачать
  1. А.Байтұрсыновтың қазақ тілі грамматикасына қатысты ұсынған терминдері, оның әдеби тілде алатын орны.

  2. Зат есім: мағыналық топтары, синтаксистік қызметі.

Зат есімнің жеке сөз табы ретінде танылуы А.Байтұрсынов еңбектерінен басталады. Оның қазақ тілінің дыбыс, сөз, сөйлем жүйелерін үйретуге арналған “Тіл-құрал„ атты үш бөлімнен (үш кітаптан) тұратын оқулығында сөз таптарына қатысты алғашқы мағлұматтар берілген. 1914 жылы шыққан “Тіл-құралда ол (бірінші жылдық) сөздерді мағынасына қарай зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, демеу, жалғаулық, одағай деп тоғыз сөз табына жіктеп, әрқайсысын тілдік нақты мысалдармен сипаттаған.

Ғалым зат есімге «Сөздердің кейбіреуі нәрсенің өзін атайды. Осындай нәрсенің өзін атайтын сөздерді зат есім дейміз,«- деген анықтама беріп, зат есімнің кім? не? сұрақтарына жауап беретіндігін және бұл сұрақтардың қойылу жүйесін де көрсеткен: “Кім? деп сұраймыз адам туралы. Не? деп сұраймыз басқа заттар туралы». Бертінде, 1930 жылдары морфология мәселелері зерттеу нысанына айналып, ғылыми түрде талдана бастады. Бұл жерде қазақ тілі грамматикасының тұңғыш авторы, профессор Қ.Жұбановтың еңбектерінен де сөздерді таптастыру мәселесі, соның ішінде зат есім жеке сөз табы ретінде танылғанын байқауға болады. 1954 жылы шыққан “Қазіргі қазақ тілі„ атты оқулықта да зат есім жеке сөз табы ретінде қарастырылды. Зат есімге байланысты жүйелі пікір көрнекті ғалым А.Ысқақовтың “Қазіргі қазақ тілі„ (1964, 1974, 1991) оқулығында кеңінен қамтылды. Осы оқулықта зат есімнің семантикалық, морфологиялық және синтаксистік белгілері толық сипатталған. Тіл білімінде сөз таптарын бір-бірінен ажыратуда грамматикалық белгілер, яғни морфологиялық және синтаксистік белгілер есепке алынады. Осы тұрғыдан келгенде, алдымен оның құрылымы, екіншіден зат есімге жататын сөздердің өздеріне тән сөз тудыратын және форма тудыратын арнаулы жұрнақтары, сонымен бірге зат есімді басқа сөздермен байланыстыратын көптік, тәуелдік, септік жалғауларына сай категориялары бар екендігі ескерілуі тиіс. Сонымен, зат есімдерді морфологиялық жағынан сипаттағанда оның құрылымы, жасалу тәсілдері, түрлену жүйесі, яғни көптік, тәуелдік, септік категориялары талдануы тиіс. Демек, мұның барлығы зат есімді жеке сөз табы ретінде танытатын екінші белгілері болып табылады.

Зат есімдер сөйлемде белгілі бір қызмет атқарып, белгілі топтағы сөздермен тіркеске түседі. Зат есімдер етістіктермен тіркеседі де, сөйлемде тәуелсіз мүше-бастауыш болуы олардың (зат есімдердің) жалпы категориялық мағынасы-заттылық мағынасымен байланысты екендігін аңғартады (1, 170). Зат есім басқа да сөйлем мүшелерінің қызметін атқарады, мысалы, атау мен іліктен басқа септіктердің бірінде объект мәнін білдіріп толықтауыш, ілік септікте тұрып анықтауыш, көлемдік септіктерде пысықтауыш, жіктеліп келіп, баяндауыш қызметін атқарады.

Сөйтіп, зат есімнің осындай синтаксистік қызмет атқаруы-оны жеке сөз табы ретінде дәлелдейтін үшінші белгісі болып есептеледі.

6. Қазақ тілі әдістемесі: зерттеу нысаны мен міндеттері.

Қазақ тілін оқыту методикасы - мектепте оқытылатын қазақ тілі материалдарын практикалық тұрғыдан оқушыларға саналы түсіндіретін ғылым саласы.

Қазақ тілін, әсіресе грамматиканы оқыту жөнінде пікір айтқан Қажым Басымов болды. 1938 жылы «Грамматиканы оқыту жөнінде» деген мақаласында оқыту әдістеріне тоқталды.

1940 жылы Ғали Бегалиевтің «Бастауыш мектепте қазақ тілінің методикасы» деген, 1950 жылы «Бастауыш мектепте қазақ тілі методикасының мәселелері» деген кітабы жарық көрді.

1944 жылы «Жаттығу, емле мен тіл дамыту», 1946 жылы «Қазақ тілі методикасы» (екінші басылым) деген еңбектері жарық көрді.

1956 жылы Шамғали Сарыбаевтың «Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері» (1- бөлім, фонетика мен морфология) деген кітабы шықты.

Қазақ тілі оқулықтары мен программаларын жақсарту жөнінде, методикалық еңбектер жазу, эксперимент жұмыстарын жүргізу, озат мұғалімдердің тәжірибелерін зерттеу мәселелерін дұрыс жолға қойып, қазақ тілін оқытуды жақсарту жөнінде көп еңбек сіңірген ғалым- профессор Ахмеди Ысқақов болды.

Мектепте ана тілі мен әдебиетті оқыту туралы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дұрыс жолға қою міндеттелді. Озат мұғалімдерді, методистерді, ғалымдарды қазақ тілін оқыту мәселесімен айналысуға жұмылдырды, оларға ғылыми басшылық жасап, жөн сілтеді. Сондай жұмыстардың нәтижесінде осы жылдың өзінде-ақ қазақ тілін оқытудың кейбір мәселелері зерттеліп, бірсыпыра еңбектер жарық көрді.

Бұл салада зерттеуші-мұғалімдер Иманбек Ұйықбаев Сейіл Жиенбаевтан, Шамғали Сарыбаевтан кейінгі қазақ тілі методикасын дамытушы, алғашқы зерттеушілердің бірі болып танылды. И.Ұйықбаевтың 1957 жылы «Орта мектепте қазақ тілін оқыту мәселелері», «Қазақ тілінде сөз таптарын оқытуға көмекші құрал», ал 1962 жылы «Қазақ тілі методикасының очерктері» деген еңбектері жарық көрді.

Бұл аталған еңбектерде морфологияны оқытуға жан-жақты талдаулар жасалынды. Оны қазір ұстаздар өздерінің іс-тәжірибесінде кеңінен қолданып жүр.