- •Қазақтың ұлттық тілінің сипаттамасы, оның тармақтары.
 - •13. Сын есім: семантикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктері.
 - •А.Байтұрсыновтың қазақ тілі грамматикасына қатысты ұсынған терминдері, оның әдеби тілде алатын орны.
 - •Зат есім: мағыналық топтары, синтаксистік қызметі.
 - •6. Қазақ тілі әдістемесі: зерттеу нысаны мен міндеттері.
 - •7. Тілдің дыбыстық жүйесі және фонетикалық заңдылықтар.
 - •8. Сөздің лексикалық мағынасының негізгі типтері. Сөз мағыналарының дамуы.
 - •9. Қазақ тілі сабағында қолданылатын жаттығу жұмыстарының тиімділігі.
 - •17. Сөздік қор,сөздік құрам, арақатынасы. Сөздік құрамның даму жолдары.
 - •19. Лексикология: зерттеу нысаны, мақсаты, салалары.
 - •20. Етістіктің ерекше тұлғалық түрлері.Ерекше тұлғалық түрлері
 - •22. Сөздердің морфологиялық құрылымы мен мағыналық бөлшектері (морфемалар).
 - •23. 29. Сөз тіркесінің түрлері. Есімді тіркестер, олардың құрамы, мағынасы түрлері.
 - •24. Қазақ тілін оқытудың әдіс-тәсілдері.
 - •25. Сөз мағынасының дамуы: көпмағыналық және омоним.
 - •26. Етістіктің қалау райы, жасалу жолдары.
 - •28. Шылау сөздер туралы түсінік, түрлері. Септеулік шылаулар, түрлері, қызметі.
 - •26. Етістіктің қалау райы, жасалу жолдары.
 - •30. Модульдік техн-я, мақсаты, міндеті, ерекшелігі
 - •31. Сөз таптастыру принципі: атауыш, одағай, көмекші, модаль сөздер.
 - •32. Сөйлем мүшесі, оған тән белгілер, қызметіне, қолданысына қарай түрлері.
 - •34. Одағай: басқа сөз таптарынан айырмашылығы, лексика-семантикалық топтары, қызметі.
 - •35. Тұрақты тіркес: белгілері, оларды жіктеу туралы көзқарастар.
 - •36. Оқушылардың сауаттылығын арттыруда жағдаяттық, рөлдік ойындар кешенінің маңызы.
 - •38. Сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілі, оның басқа тәсілдерден
 - •39. Бағалау және оның ұстанымдары.
 - •41. Айқындауыш және оның түрлері, қызметіне қарай ерекшелігі.
 - •42. Сабақ жоспары: құрылымы, маңызы.
 - •44. Күрделі етістіктер мен құранды етістіктердің жасалуы, айырмашылығы.
 - •46. Етістіктің есімше және көсемше категориялары.
 - •47. Сөйлемнің айтылу мақсатына, модальділігіне қарай түрлері.
 - •48. Қазақ тілі сабағындағы грамматикалық ойындар.
 - •50. Жай сөйлемнің құрылымына қарай түрлері, жеке сипаттама.
 - •54. 57. Қатысымдық әдіс, оның ерекшелігі.
 - •58. Екпін және оның түрлері.Қазақ тіліне тән екпін.
 - •61. Зат есім сөзжасамы. Синтетикалық тәсіл.
 - •62. Синтаксистік қатынас: предикаттық, айқындауыштық, анықтауыштық, адвербиалдық.
 - •63. Оқушылардың өзіндік жұмыстарын жүргізу жолдары.
 - •64. Дыбыс үндестігі және оның түрлері. Қазақ тіліне тән үндестік заңы, оның көріністері.
 - •65. Толымды және толымсыз, жалаң және жайылма сөйлемдер.
 - •66. Қазақ тілін оқытудағы сыныптан тыс жұмыстардың түрлері, жүргізудің әдіс-тәсілдері.
 - •67. Көп компонентті құрмаластың түрлері.
 - •68. Көлемдік септіктер: грамматикалық мағынасы, формасы, функциялық ерекшеліктері
 - •70. Сөзжасамдық тарам мен сатының белгілері, ерекшеліктері.
 - •71. Үстеу: морфологиялық белгілері, түрлері, жасалу жолдары.
 - •72. Бақылау диктанты, жүргізу ерекшеліктері.
 - •73. Ұлттық әдеби тіл, сипаты, тармақтары.
 - •81. Күрделенген сөйлем: күрделену жолдары.
 - •82.89. Түркі тілдерінің қалыптасу және даму кезеңдері (н.А.Баскаков жіктемесі).
 - •83. 32. Сөйлем мүшелері. Тұрлаусыз мүше: белгілері, түрлері , жасалу жолдары.
 - •85. Сабақтас құрмалас сөйлем, белгілері, жасалу жолдары, түрлері.
 - •87. А.Байтұрсыновтың әдістемелік мұрасы.
 - •88. Етістіктің шақ категориясы. Келе шақ түрлері, жасалуы.
 
42. Сабақ жоспары: құрылымы, маңызы.
Мектеп тәжірибесінде жоспардың үш түрі міндетті түрде сақталғаны жөн: олар жылдық немесе күнпарақтық жоспар, тақырыптық жоспар, жеке сабақ жоспары.
Жылдық жоспар – бағдарлама материалын тоқсанға және айларға дұрыс бөлудің үлгісі болады. Бағдарлама бөлімдерінің тізімі мен әр бөлімге арналған сағат мөлшері, өтілетін тоқсаны мен айлары көрсетіледі. Бағдарламаның әр бөлімін өту үшін белгілі мөлшерде оқу сағаты белгіленеді. Оқу жылының сағаты бағдарламаға сәйкес болады, материалды өтуде артта қалудан немес озып кетуден сақтайды.
Күнпарақтық жоспар жоспарлаудың жалпы түрі ретінде көптеген мектептер үшін біркелкі болып келеді. Кейде мұғалім бағдарламаның кейбір бөлімін өтуді басқаша өзгертуі мүмкін, жалпы алғанда, жылдық бағдарлама тұтас өтілуі қажет.
Тақырыптық жоспар белгілі бір тақырыпты ғана қамтып, оның жетекші арқауын көре білуге, оқу процесінде әр сабақтың орнын, мақсатын, мазмұнын және оқыту әдісін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл жаттығулар үшін қолайлы материал, әр-түрлі әдістемелік амал-тәсілдер алмастырып отыруға жәрдемдеседі.Алайда тақырыптық жоспар нақты сол сабаққа жасалмайды. Сондықтан сабақ жоспары өз алдына бөлек болады.
Сабақ жоспары белгілі дәрежеде мұғалімнің күнделігі болып есептеледі. Онда жұмыстың барлық кезеңдері мен мазмұны көрсетіледі. Сабақ жоспарын жасау алдымен оның мақсатын анықтаудан басталады. Сабақтың мақсаты білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттарды қамтуы қажет. Сонымен қатар сол сабақтың бұрын өткен және алда өтетін сабақтар арасындағы орны; жаңа материалды түсіндіру мен өткенді бекіту; әдіс-тәсілдеріне қатысты нақты материалдар сұрыптау; сабақта жасалатын қорытындыны ретке келтіру; дидактикалық материал мен көрнекі құралдардың қайсысын қолдану орынды болады дегенді анықтау; сабақта кітаппен жұмыс жүргізіу; грамматиканы оқыту мен тіл ұстарту жұмысын ұштастыру; синтаксис пен морфологияны оқып үйренуде өзара байланыстыру; үй тапсырмасын анықтау; үйге берілген тапсырманы сұрау т.б. көрсетіледі.
Сабақ жоспарының үлгісі: Сабақтың тақырыбы:
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік 2.Дамытушылық 3.Тәрбиелік
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақтың түрі:
Қолданылатын әдіс-тәсілі:
Пәнаралық байланыс:
Ұйымдастыру кезеңі; II.Үй тапсырмасын тексеру; III.Сабақтың барысы. III.Жаңа сабақ. В) Жаңа сабақты бекіту. IV.Сабақты қорыту. V.Үйге тапсырма. VII.Білімді бағалау.
44. Күрделі етістіктер мен құранды етістіктердің жасалуы, айырмашылығы.
1)Күрделі етістіктер- барлық күрделі сөздер сияқты сөйлемнің бір мүшесі болады да, біртұтас ырғақпен, бір екпінмен айтылады. Оның сыңарларының арасына басқа сөз түсе алмайды. Күрделіетістіктер бір сөз болғандықтан, сөйлемдегі сөз тұлғасын түрлендіруші қосымшалар етістіктің соңғы сыңарына ғана жалғанады. Мысалы, келіп кетті, кіріп шыққан, беріп кайтыпты т.б.
Күрделі етістіктің сыңарлары толық сөздерден ғана болады, өйткені олардан күрделі етістікгегі күрделі кимыл ұғымы жасалады. Бұл заңдылықты құранды етістіктер ғана бағынбайды. Мысалы, қызмет ет, құрмет ет, адам бол т.б. Бұлар көмекші етістіктер арқылы жасалады. Баска жағдайдың бәрінде күрделі етістіктің құрамы толық мағыналы етістіктерден құралады.
Күрделі етістікгердің бірнеше түрі бар. Олар:
1) кіріккен күрделі етістіктер;
2) тіркескен күрделі етістіктер;
3) кұранды етістіктер;
4) қосарланған етістіктер;
5) тұрақты тіркес етістіктері.
Кіріккен күрделі етістік
Кіріккен күрделі етістік деп екі сыңардан кұралып, сыңарлары дыбыстық құрамын толық сақтамаған, біртұтас лексикалық мағына беретін, күрделі қимыл ұғымын білдіретін туынды етістіктер аталады. Мысалға, оған апар (алып бар), әкел (алып кел), әпер (алып бер), әкет (алып кет) сияқты кіріккен етістіктер жатады. Кіріккен етістіктердің кұрамы алғаш толық. мағыналы етістіктер болғаны белгілі, сондыктан олардың сыңарларының дыбыстық кұрамы толық сақталмаса да, түп негізіне карап, ол күрделі етістіктерге жатады.
Тіркескен күрделі етістіктер
Тіркескен күрделі етістікгер деп екі етістік сыңардан құралып, бір лексикалық мағына білдіретін, бірақ сыңарлары емле бойынша бөлек жазылатын сөздер аталады. Мысалы, алып кет, көріп бер, алып қайт, біліп бер, кайтып кел т.б. Тіркескен күрделі етістіктердің сыңарлары мағыналы етістіктерден жасалып, сыңарларының мағынасынан күрделі қимыл ұғымының атауы жасалады
Құранды етістіктер
Құранды етістіктер деп есім сөздерге белгілі көмекші етістіктер тіркесіп, оған қимыл мағынасын қосу арқылы жасалған етістіктер аталады. Мысалы, қызмет ет, кұрмет ет, жәрдем ет, адам ет, әлек қыл, алаң бол, қор бол, ит қыл т.б.
Құранды етістік жасайтьш кемекші етістіктердің қызметін есім сөзден етістік жасайтын жұрнақпен салыстырып, олардың екеуінің де есім сөзден етістік жасайтынын көруге болады. Мысалы, жәрдем ет - жәрдемдес, сыйлық ет - сыйла, мазақ ет - мазақта, кұрмет ет -кұрметте, табыс ет – табыста
Құранды етістіктер деп есім сөздерге белгілі көмекші етістіктер тіркесіп, оған қимыл мағынасын қосу арқылы жасалған етістіктер аталады. Мысалы, қызмет ет, кұрмет ет, жәрдем ет, адам ет, әлек қыл, алаң бол, қор бол, ит қыл т.б.
Құранды етістік жасайтын көмекші етістіктердің қызметін есім сөзден етістік жасайтын жұрнақпен салыстырып, олардың екеуінің де есім сөзден етістік жасайтынын көруге болады. Мысалы, жәрдем ет - жәрдемдес, сыйлық ет - сыйла, мазақ ет - мазақта, кұрмет ет -кұрметте, арман ет - арманда, үміт ет - үміттен.
Құранды етістіктердің тілде синоним туынды түбір етістіктері бары анықталды. Ол әр есім сөзден тілде аналитикалық тәсіл арқылы да, синтетикалық тәсіл арқылы да туынды етістіктер жасалғанын білдіреді. Ал ол − құранды етістік жасайтын көмекші етістіктердің есім сөзге жұрнақ сияқты қимыл мәнін қосқанына толық дәлел.
Көмекші етістіктер арқылы жасалған құранды етістіктердің туынды етістік екенін олардың сөйлемде етістік сөздер үлгісімен түрленуі де дәлелдейді. Мысалы, Ант етеміз адым жер шегінбеуге (Д.Әбілев). Жауқазындар гүл атты (С.Мұқанов). Ой, тақсыр, айып етпе, шақырғанға деп айтты сасқаннан соң, қолын құшып (ауыз әдебиетінен). Назды мұң мен толқынды ыстық ой да, барлық пердесіз, қытықсыз шынын осы әнге табыс еткен (М.Әуезов).
Құранды етістіктердің негіз сөзі есім сөздерден болады. Мысалы, адам ет, қызмет ет, жақсы бол, тамаша ет, солай ет, екі етпе, тырс еткіз, т.б.
Тілде құранды етістік жасайтын белгілі көмекші етістіктер: ет, қыл, бол, тарт, ат, соқ, бер, ұр. Бұлардың ішіндегі ең өнімдісі — ет көмекші етістігі: еңбек ет, ел ет, құрал ет, алданыш ет, жар ет, бала ет, сүйеу ет, құрбан ет, азат ет, дұшпан ет, кастық ет, жақсылық ет, айқын ет, кыңк еткізбе, зырқ етті, сыр етті, бұрқ-бұрқ етті, былш етті т.б.
Қыл көмекші етістігі бұрын кұранды етістік жасауда белсенді қызмет атқарған, казір оның қызметі бәсендеді: дауыс қыл, жүн қыл, жоқ қыл, жыр қыл, сәлем қыл, қор қыл, міндет қыл, мазақ қыл, адам қыл, толқын қыл, үміт қыл, өсек қыл, тәубә қыл, қас қыл т.б.
Бол көмекші етістігі арқылы: адам бол, жақсы бол, үстем бол, құмар бол, жария бол, таза бол, азық бол т.б.
Кейбір көмекші етістіктер: тарт, ат, соқ, бер, ұр, бірлі-жарым құранды етістіктер ғана жасайды: сарғылт тартты, әуреге түсу, гүл атты, телефон соқ, тап берді, тарс ұру т.б.
Идиомаланған тіркестердің де құранды етістіктерге жататындары да бар: жек көру, жақсы көру, зар қағу, таяқ жеу, бас қою, көз салу т.б.
