Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жауап ГОС тілден.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
183.3 Кб
Скачать

35. Тұрақты тіркес: белгілері, оларды жіктеу туралы көзқарастар.

Фразеологизмдердің бас белгілерін (релеванттық қасиетін) анықтау - қазақ фразеологиясының ғылыми негізін қалаған академик І.Кеңесбаев арнайы тоқталған және фразеологиядағы ең басты мәселе ретінде алға тартқан проблемалардың бірі болды.

І.Кеңесбаев фразеологизмдерді тілдегі басқа да бірліктерден (сөзден, күрделі сөздерден, еркін тіркестен) ажыратып тануда басшылыққа алынатын ең басты ұстаным, ең негізгі критерийлер ретінде мынадай белгілерді атап көрсетеді:

1) мағына түтастығы, яғни фразеологизм құрамындағы сөздер өздерінің бастапқы мағынасынан түгел немесе жартылай айырылып қалып, шоғыр тіркес түрінде біртұтас мағына беруі;

2) тіркес тиянақтылығы, яки фразеологизм құрамындағы сөздердің орын тәртібі нық болып, өзара жымдасқан тіркес қалпын барлық жағдайда сақтауы;

3) қолдану тиянақтылығы, яғни фразеологизмнің әрдайым айна-қатесіз, бұлжымай, даяр қалпында жұмсалуы.

Осы үш белгінің үшеуі де өн бойынан табылған жағдайда ғана лексикалық-грамматикалық тұлға фразеологиялық бірлік деңгейіне көтеріліп, фразеологиялық категорияға айналады, тілдегі өзге де тілдік категориялардан оқшауланып, өзіндік дара бітіммен тіл ішінде өмір сүреді [31,590]. І.Кеңесбаевтың бұл пікірі қазақ фразеологиясының теориялық мәселелеріне арналған зерттеулерде үнемі басшылыққа алынып келе жатыр.

Фразеологизмдердің мағына тұтастығына байланысты қасиеті оның құрамындағы сыңарлардың жеке-дара тұрып беретін мағыналарынан мүлдем басқаша болып келетін фразеологиялық жиынтық мағынадан айқын байқалады. Мәселен, аузына құм құйылды фразеологизмі “сөзден тосылды, ештеңе дей алмай қалды” дегенді білдіреді. Мұнда ауыз, құм, құйылды сөздері тура мағыналарында емес, тұтасып келіп, бір шоғыр құрап, бейнелі ауыспалы мағынада жұмсалып тұр. Жарғақ құлағы жастыққа тимеді (тыным таппады), төбе шашы тік тұрды (тіксінді), жаны мұрнының ұшына келді (қорықты), қара сөзді қамшы қылды (тауып сөйлеуді көздеді), нанын тауып жеді (күнін көрді) т.б. фразеологизмдер бүтін бір сөздің орнына жұмсалатын, мағыналық жағынан біртұтас бірліктер. Бұл фразеологизмдер құрамындағы сөздердің орын тәртібін ауыстыруға, немесе қайсыбір сыңарлардың орнына басқа сөздерді қоюға келмейді. Онда мағыналық біртұтастық, тіркестік тиянақтылық, фразеологиялық даяр қалып бұзылады, тіптен тіркес өзінің бейнелілігін жояды, экспрессивтік-эмоциялық күшін жоғалтады, мән-мағынасынан айырылады.

36. Оқушылардың сауаттылығын арттыруда жағдаяттық, рөлдік ойындар кешенінің маңызы.

Жалпы рөлдік ойындарды қалай өткізуге болады дегенге келетін болсақ?

мұғалім оқушылармен бірге бір жағдайларды таңдайды, белгілі бір көріністі жоспарлайды. Оны өткізуді оқушылармен бірге іс-әрекетке көшеді;

рөлдік ойынға қатысатын оқушылар санын бірден шешіп алады, осы жерде мұғалім ұялшақ, үндемейтін оқушылардың белсенділігін көтеру үшін оларды да рөлдік ойынға қатыстырады;

рөлдік ойынды қандай қалыпта өткізуді де шешіп алуға болады. Мүмкін алдымен мәтіннің мазмұнын бір оқушы оқып шығады. Содан кейін сынып алдында шағын топқа бөліп, жағдайларды әр топқа үлестіріп, оны барлық топ мүшелерінің ойнап көрсетуін талап етуге де болады;

мұғалім рөлдік ойынның дайындығы мен оны көрсетудің уақытын алдын ала айтуы керек. Қажет болса, сынып ішіндегі парталар мен орындықтардың да орнын ауыстыруға да болады;

рөлдік ойын өткізіп жатқан уақытта ойын тым шиеленісіп кетсе, мұғалім дереу тоқтатып, жалпы оқушылармен талдау жүргізуге болады;

рөлдік ойын көрсетілгенннен кейін міндетті түрде мұғалім оқушыларға ең алдымен олардың өздері алып отырған кейіпкерлерінің іс-әрекетін орындап шығуларын айтып, жалпы талдау жасау керек. Мұнда мұғалім әр оқушының белсенділігі мен қабілетін, туындаған жағдайдан шыға білетін жолды дұрыс таңдай алғанына назар аудару керек. Әр рөлдік ойында үйренетін, сабақ алатын тұстары болады, соны оқушыларға Рөлдік ойындар оқушылардың белсенділік ойлауларын қалыптастырып, өз пікірін екінші адамға немесе сынып алдында дәлелді, толық айта білуге жетелейді.