- •Қазақтың ұлттық тілінің сипаттамасы, оның тармақтары.
- •13. Сын есім: семантикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктері.
- •А.Байтұрсыновтың қазақ тілі грамматикасына қатысты ұсынған терминдері, оның әдеби тілде алатын орны.
- •Зат есім: мағыналық топтары, синтаксистік қызметі.
- •6. Қазақ тілі әдістемесі: зерттеу нысаны мен міндеттері.
- •7. Тілдің дыбыстық жүйесі және фонетикалық заңдылықтар.
- •8. Сөздің лексикалық мағынасының негізгі типтері. Сөз мағыналарының дамуы.
- •9. Қазақ тілі сабағында қолданылатын жаттығу жұмыстарының тиімділігі.
- •17. Сөздік қор,сөздік құрам, арақатынасы. Сөздік құрамның даму жолдары.
- •19. Лексикология: зерттеу нысаны, мақсаты, салалары.
- •20. Етістіктің ерекше тұлғалық түрлері.Ерекше тұлғалық түрлері
- •22. Сөздердің морфологиялық құрылымы мен мағыналық бөлшектері (морфемалар).
- •23. 29. Сөз тіркесінің түрлері. Есімді тіркестер, олардың құрамы, мағынасы түрлері.
- •24. Қазақ тілін оқытудың әдіс-тәсілдері.
- •25. Сөз мағынасының дамуы: көпмағыналық және омоним.
- •26. Етістіктің қалау райы, жасалу жолдары.
- •28. Шылау сөздер туралы түсінік, түрлері. Септеулік шылаулар, түрлері, қызметі.
- •26. Етістіктің қалау райы, жасалу жолдары.
- •30. Модульдік техн-я, мақсаты, міндеті, ерекшелігі
- •31. Сөз таптастыру принципі: атауыш, одағай, көмекші, модаль сөздер.
- •32. Сөйлем мүшесі, оған тән белгілер, қызметіне, қолданысына қарай түрлері.
- •34. Одағай: басқа сөз таптарынан айырмашылығы, лексика-семантикалық топтары, қызметі.
- •35. Тұрақты тіркес: белгілері, оларды жіктеу туралы көзқарастар.
- •36. Оқушылардың сауаттылығын арттыруда жағдаяттық, рөлдік ойындар кешенінің маңызы.
- •38. Сөзжасамның лексика-семантикалық тәсілі, оның басқа тәсілдерден
- •39. Бағалау және оның ұстанымдары.
- •41. Айқындауыш және оның түрлері, қызметіне қарай ерекшелігі.
- •42. Сабақ жоспары: құрылымы, маңызы.
- •44. Күрделі етістіктер мен құранды етістіктердің жасалуы, айырмашылығы.
- •46. Етістіктің есімше және көсемше категориялары.
- •47. Сөйлемнің айтылу мақсатына, модальділігіне қарай түрлері.
- •48. Қазақ тілі сабағындағы грамматикалық ойындар.
- •50. Жай сөйлемнің құрылымына қарай түрлері, жеке сипаттама.
- •54. 57. Қатысымдық әдіс, оның ерекшелігі.
- •58. Екпін және оның түрлері.Қазақ тіліне тән екпін.
- •61. Зат есім сөзжасамы. Синтетикалық тәсіл.
- •62. Синтаксистік қатынас: предикаттық, айқындауыштық, анықтауыштық, адвербиалдық.
- •63. Оқушылардың өзіндік жұмыстарын жүргізу жолдары.
- •64. Дыбыс үндестігі және оның түрлері. Қазақ тіліне тән үндестік заңы, оның көріністері.
- •65. Толымды және толымсыз, жалаң және жайылма сөйлемдер.
- •66. Қазақ тілін оқытудағы сыныптан тыс жұмыстардың түрлері, жүргізудің әдіс-тәсілдері.
- •67. Көп компонентті құрмаластың түрлері.
- •68. Көлемдік септіктер: грамматикалық мағынасы, формасы, функциялық ерекшеліктері
- •70. Сөзжасамдық тарам мен сатының белгілері, ерекшеліктері.
- •71. Үстеу: морфологиялық белгілері, түрлері, жасалу жолдары.
- •72. Бақылау диктанты, жүргізу ерекшеліктері.
- •73. Ұлттық әдеби тіл, сипаты, тармақтары.
- •81. Күрделенген сөйлем: күрделену жолдары.
- •82.89. Түркі тілдерінің қалыптасу және даму кезеңдері (н.А.Баскаков жіктемесі).
- •83. 32. Сөйлем мүшелері. Тұрлаусыз мүше: белгілері, түрлері , жасалу жолдары.
- •85. Сабақтас құрмалас сөйлем, белгілері, жасалу жолдары, түрлері.
- •87. А.Байтұрсыновтың әдістемелік мұрасы.
- •88. Етістіктің шақ категориясы. Келе шақ түрлері, жасалуы.
32. Сөйлем мүшесі, оған тән белгілер, қызметіне, қолданысына қарай түрлері.
Сөйлем мүшелері – құрылымдық семантикалық жағынан сөйлемнің дербес бөлшектерін құрайтын толық мағыналы сөздер мен сөз тіркестері.
Сөйлем мүшелері бірталай уақыттан бері арнайы зерттеу нысанына айналып келе жатыр. Олар жөнінде мектептерге және жоғарғы оқу орындарына арналған оқулықтардан, сондай-ақ арнайы зерттелген әдістемелік ғылыми еңбектерден бірталай толық мәліметтер алуға болады.
Синтаксистің ең негізгі обьектісінің бірі- сөйлем екендігі белгілі. Сөйлем, әдетте, синтаксистік бірлік болып есептеледі. Ол - күнделікті тұрмыста пікір алысу, байланыс, қатынастың ең негізгі көзі болуымен қатар коммуникативті міндет атқарады. Жай сөйлем синтаксисінде, ондағы ең басты элемент – сөйлем мүшелерін еске алмау, оған соқпай өту мүмкін емес нәрсе. Демек, сөйлем аясында сөйлем мүшелерінің қызметі ерекше екені осыдан-ақ көрініп тұр. Егер сөйлем деген ұғымнан сөйлемнің өн бойындағы ой туралы түсінік туатын болса, ал сөйлем мүшелері – сол ойдың мәнді бөлігі ретінде танылатын синтаксистік топ. Белгілі ғалым Р.Әмірдің сөзімен айтқанда: “Сонымен, пікірдің құрамына сай сөйлемнің құрылысында да тиісті единицалар болады. Олар – сөйлем мүшелері. Сөйлем мүшелері – сөздің сөйлем құрамындағы негізгі қызметін функциялық қатынасы тұрғысынан зерттеудің нәтижесі” ( 10 ,110).
Сөйлем мүшелері деп аталған синтаксистік категория өзінің грамматикалық мағынасымен және морфологиялық табиғатымен анықталады. Сөйлемге негізгі материал болатын сөз және сөз тіркесі сөйлем құрамына енгенде жаңа сипатқа ие болады. Ондағы әрбір сөз морфологиялық тұлғаға еніп, грамматиканың қарамағына түскенде, оның тілдегі атқаратын қызметі айқындала түседі, яғни сөйлем құрамында сөйлем мүшелерінің өзіне тиесілі атқаратын жүгі, синтаксистік қызметі бар. Синтаксистік белгілі бір міндетті атқарумен қатар сөз синтаксистік қатынастарды да қалыптастырады. Сөздің синтаксистік қызметі көп жағдайда өзі тіркесетін сөздің лексика-грамматикалық ерекшелігіне байланысты болады да, көбіне сөз тіркесі құрамында айқындалады. Бұған Т.Сайрамбаевтың:”Сөйлем мүшелері сөйлемде қаралады дедік. Бірақ сөз тіркесі сияқты сөйлем мүшелерін сөйлемнен жеке алып, өз алдына қарай алмаймыз.Олардың өмірі тек сөйлемде тұрғанда ғана айқындалса керек. Сөйлем мүшелері сөйлемнің ішінде бастауыштың не баяндауыштың немесе соларға қатыстылығымен ерекшеленеді. Сөйлем мүшелері бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш деп жеке-жеке алынып, талданғанымен, бәрібір екінші бір сөзге қатыстылығы айқын байқалып отырады”,- деген пікірі нақты дәлел ( 48,66). Сөйлем мүшесі міндетін лексикалық толық мағынасы бар жеке сөздер де, еркін сөз тіркестері де, тұрақты тіркестер де атқаруы мүмкін. Бұлар сөйлем мүшелерінің міндетін атқарғанда айналасындағы басқа сөздермен грамматикалық байланыста және ішкі қатынастарда тұруы, сондай-ақ белгілі бір грамматикалық формаға ие болса ғана сөйлем мүшесі міндетін атқарады. Сөйлем мүшелері жайында орыс ғалымы В.В.Виноградов былай анықтама береді: “Члены предложения – это синтаксические категории, возникающие в предложении и на основе форм слов и форм словосочетания и отражающие отношения между струтурными элементами предложения” ( 19,412).
Ал А.А.Потебняның пікірі бойынша, әрбір сөйлем мүшесі белгілі бір сөз табына қатысты дейді. Сөйтіп, сөйлем мүшелері мен сөз таптарын параллельдік тұрғыда алып қарастырады. Осы көзқарасты Д.Н.Овсянико-Куликовский, А.М.Пешковскийлер де қолдайды.
Қазақ тіл білімінде сөйлем мүшелері жайлы нақты, оң әрі дәл тұжырым жасаған – А.Байтұрсынов. Барлық сөйлем мүшелерін өте ыңғайлы терминдермен атап, қысқаша сипаттап беріп кеткен ( 14,282).
С.Аманжолов та сөйлем мүшелерін анықтауда мынандай пікір айтады: “Сөйлем мүшелерін біз тек мағынасына байланыстырып қана айырамыз. Әр сөзге сұрау қойып, сол арқылы сөздің мағынасын және тұлғасын ашып аламыз” ( 2 ,94). Сондай-ақ Қ.Жұбанов, Н.Сауранбаев т.б. ғалымдар да сөйлем мүшелері жайлы көзқарастарды дамытуға өзіндік үлес қосты.
Сөйлем мүшелері туралы елеулі еңбек жазған бірден-бір ғалым – М.Балақаев. Автор сөйлем мүшелерінің теориялық мәселелерін айқындауда ең алдымен бірнеше мақала жазды. Сонымен бірге сөйлем мүшелері туралы практикалық көзқарасын 1949 жылғы мектеп грамматикасында нақты көрсете келіп, солардың негізінде сөйлем мүшелерінің теориялық мәселесі туралы бірінші рет жан-жақты түрде 1954 жылы шыққан академиялық грамматикада сөз етті.
Сөйлем мүшелері жөнінде көзқарасын батыл білдіріп, синтаксис саласында салмақты еңбек еткен ғалым – Р.Әмір. Ғалым: “Синтаксистік единицаларды дұрыс тану үшін біз оларды білдіретін мағыналарымен ұштастыра отырып тануымыз керек. Осы ретте синтаксистік форма мен единицалар білдіретін мағыналар синтаксистік мағына деп бөлек аталатынын ескертіп кетпекпіз. Синтаксистік мағына – грамматикалық абстракция саласындағы мағына. Ол сөз бен сөздің, синтаксистік единицалардың арасындағы абстрактылы, жалпылық сипаттағы қатынасты білдіреді” (10,8), - дей отырып, сөйлем мүшелерінің семантикалық жағына баса назар аударды. Осы мәселе төңірегінде соны пікір бере білді.
Сөйлем мүшелері жасалу құрылысына қарай дара және күрделі болып келіп, белгілі бір сұраққа жауап береді. Сөйлем мүшелері мүшесінің қатысуымен жасалған жай сөйлемдер жалаң және жайылма болып жіктеледі. Осыған орай да сөйлем мүшелерінің түрлері келіп сараланады. Жалаң сөйлем мүшелері бастауыш пен баяндауыштың қатынасы арқылы жасалып, тұрлаулы мүшелерден тұрады.. Ал сөйлем мүшелерінің құрамында тұрлаулы мүшелерден басқа мүшелерді тұрлаусыз мүшелер деп атайды. Сонда жалпы екі үлкен топқа жіктелетін болады: тұрлаулы мүшелер және тұрлаусыз мүшелер. Тұрлаулы мүшелер бәрімізге белгілі бастауыш және баяндауыш деп аталған. Тұрлаусыз мүшелерді анықтауыш мүше, толықтауыш мүше, пысықтауыш мүше деп жіктеген. Қазірде қазақ тілі білімінде сөйлем мүшелерінің жіктелуі осы негізде қалыптасты.
Сөйлемнің негізін тұрлаулы мүшелер (бас мүшелер) құрайды. Ал тұрлаусыз мүшелер бастауыш пен баяндауыштың төңірегіне топтасып, соларды айқындап, толықтырып тұрады. Сөйлемнің бас мүшелері предикаттық қатынастың негізінде құралады.
Тіл білімінде сөз топтары бұрын қалыптасты ма, әлде сөйлем мүшелері бұрын пайда болды ма, бұл әлі шешілмеген мәселе. Алайда, көпшілік ғалымдардың мойындауынша, сөйлем мүшесі тарихи тұрғыдан сөз таптарының негізінде қалыптасқандығы айтылады. Бұл тұжырымның дұрыс болуы да мүмкін. Өйткені қай тілдегі сөздер болмасын, олар әуел бастан-ақ белгілі бір ұғымның әр дәрежедегі қасиетіне (атауын сандық, сапалық, қимыл т.б.) байланысты туындап жатады. Сөйлем мүшелерінде бір сөз тұрған орнына, басқа бір сөздермен тіркесу қабілетіне байланысты әр түрлі сөйлем мүшесі бола береді. Сөз таптары мен сөйлем мүшелерінің арасындағы басты бір айырмашылықтың негізі де осында жатыр. Мысалы, «Жақсы бала жақсы оқиды» дегенде жақсы сөзі қандай қолданыста болса да сөз табы болып қала береді. Ал сөйлем мүшесінің бойында осы турасында басқаша заңдылық байқалады. Атау қалпындағы сөздер көбінесе бастауыш, ілік жалғаулы сөз анықтауыш болса, өзге септікте тұрған сөздер толықтауыш (кейде пысықтауыш, баяндауыш) қызметінде жұмсалады. Демек, белгілі бір сөз топтарының әр түрлі септік жалғауында тұруы олардың сөйлем ішіндегі синтаксистік қызметіне де әсер етеді. Мұндай заңдылық жалғамалы тілдердің табиғатымен үйлесіп жатады.
Сонымен, жалпы алғанда, белгілі бір таптары әуел бастан-ақ белгілі бір сөйлем мүшесі болуға икем тұрады. Мысалы: зат есім негізінен бастауыш, толықтауыш қызметтерінен басқа қызметте де жұмсала береді. Етістіктің сөйлемдегі негізгі қызметі баяндауыш болса, өзге функцияда жұмсалуы оның екінші қызметімен байланысты болады.
33- 75. Күнтізбелік жоспар, жасалу ерекшелігі.
Жоспардың бұл түрі бағдарлама материалын тоқсанға және айларға дұрыс бөлудің үлгісі. Мұнда, әдетте, бағдарлама бөлімдерінің тізімі мен әр бөлімге арналған сағат мөлшері, өтілетін тоқсаны мен айлары көрсетіледі. Бағдарламаның әр бөлімін өту үшін белгілі мөлшерде оқу сағаты белгіленеді. Оқу жылының сағаты бағдарлама материалына сәйкес етіп, алдын ала бөлу, материалды өтуде артта қалудан немесе озып кетуден сақтайды. Егер артта қалса, бағдарлама материалының біразы өтілмей қалады, озып кетсе ол материалды оқушылар толық меңгере алмай қалады. 10 сынып. Қазақ тілі. Сөз мәдениеті пәні бойынша күнтізбелік жоспардың үлгісі:
Реті Сабақтың тақырыбы Сағат саны Уақыты Тақырып мазмұны Шығармашы
лық жұмыс
1 2 3 4 5 6
І –тоқсан
1 Қыркүйектің бірі – Білім күні, қазақ тілінің шығу, қалыптасу тарихына қысқаша шолу 1 Білім күнінің мәні. Оның негізі – ана тілі
Тақырыптық жоспарлау оқу бағдарламасының белгілі бір тақырыбы немесе тарауы бойынша өтілетін сабақтар мен сабақтан тыс оқу жүйесіндегі оқыту-тәрбиелік үрдісі білім беру, дамыту және тәрбие беру қызметтерін іске асыруының қолайлы жолдарын анықтау үшін қажет. Тақырыптық жоспарлаудың ойдағыдай іске асырылуы, негізінен, алдымен оның мақсатын анықтаудан басталады. Мұғалімнің оқушылар нені білуі керек, нені жете түсінбеді немесе қандай материалды жете түсінді, ары қарай оны қалай сабақтау керек, т.б. мәселелерді терең ойластырып, жоспарлауына байланысты болып келеді. Сонымен қатар сол сабақтың бұрын өткен және алда өтетін сабақтар арасындағы орны; жаңа материалды түсіндіру мен өткенді бекіту; әдіс-тәсілдеріне қатысты нақты материалдар сұрыптау; сабақта жасалатын қорытындыны ретке келтіру; дидактикалық материалдар мен көрнекі құралдардың қайсысын қолдану орынды болады дегенді анықтау; сабақта оқулықпен жұмыс жүргізу; тілдік талдаулар жасату; т.б. Сабақ жоспары белгілі дәрежеде мұғалімнің күнделігі болып есептеледі. Онда жұмыстың барлық кезеңдері мен мазмұны көрсетіледі. Сабақ жоспарын жасауда әр мұғалімнің өз шеберлігі байқалады.
