Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
жауап ГОС тілден.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
183.3 Кб
Скачать
  1. Қазақтың ұлттық тілінің сипаттамасы, оның тармақтары.

Ұлт тілі – ауызекі және жазба түрде ұлттық қарым-қатынас құралы қызметін атқарушы тілді білдіретін әлеуметтік-тарихи категория. Ұлт тілі ұлттың тууымен бірге қалыптасады да, әрі оның пайда болуы мен өмір сүруінің алғы шарты, әрі өзі де сол процестің нәтижесі болып табылады.

Әрбір ұлт тілі өзіне тән дербес жолмен туып, қалыптасатыны белгілі. Тіл білімінде ұлттық тілдердің үш түрлі негізден туатыны көрсетілген.

1) Тілдік белгілері бірыңғай, құрылымында айырмашылық жоқ бір диалект негізінде.

2) Бірнеше диалектінің шоғырланып бірігуі негізінде.

3) Диалектілердің ауыса отырып, өзара шоғырлануы негізінде.

Қазақ тілі – түркі тілдері тобындағы біршама жас тіл екеніне қарамастан, дамудың күрделі процестерінен өткен, құрылымы әр түрлі тіл. Қазақ тілінің фактілері оның осы күнгі ұлттық дамуында үш негізгі тармақ бар екенін көрсетеді. Олар: 1) Әр түрлі стильдік салада қолданылатын жазба және ауызша түрлері бар әдеби тіл 2) жергілікті немесе әлеуметтік сипаты бар тіл ерекшеліктерінен тұратын диалектілер мен сөйленістер 3) жалпы халықтық сипаттағы ауызекі сөйлеу тілі.

Әдеби тіл дегеніміз белгілі мөлшерде сұрыпталған, тілдік нормалық бағыты анықталған, қолдану қызметі әр алуан, стиль жағынан саралануға бейім, тілдің диалектілер мен қарапайым сөйлеу тілінен жоғары тұрған түрі.

  1. 13. Сын есім: семантикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктері.

Сын есім-өзіндік мағынасы, морфологиялық белгілері, син-таксистік қызметі бар жеке сөз табы. Сын есім жеке сөз табы ретінде А.Байтұрсыновтың “Тіл-құрал” оқулығында танылған. Оқулықта сын есімге“Сөздің кейбіреулері нәрсенің сынын атайды. Осындай нәрселердің сынын көрсететін сөздер сын есімдер деп аталады. Сын есімнің сұрауы: қандай? (7, 162),-деген қысқаша анықтама берілген.

Ғалымның қазақ тілді пән ретінде үйрететін оқулығындағы жеке сөз табы ретінде танылған сын есім туралы пікір кейінгі еңбектерде де жалғасын тапты.Қ.Жұбанов “Қазақ емлесі мен грамматикасының кейбір мәселелері”атты мақаласында заттың не істің сипат белгісін көрсететін, шырай үстеулері мен үстеуіштерін ертетін, зат есімге де, етістікке де анықтауыш бола алатын…(16, 234) түбірді сын есім деп атаған.

Өмірдегі заттардың сындық белгілері өте көп, қасиеттері де сан алуан. Сонымен байланысты сын есімдер заттың әр алуан сыр-сипаттары мен белгілерін тікелей де, басқа заттардың қатыстары арқылы да білдіреді(6, 176). Сол себепті сын есімдер семантикалық жағынан үлкен екі топқа бөлінеді: 1)сапалық сын есімдер; 2)қатыстық сын есімдер.

Сын есімдерді мағыналық жағынан осылай екі топқа бөлу- ертеден келе жатқан дәстүр. Мысалы, А.Байтұрсыновтың “Тіл-құрал” оқулығының 1915 жылы шыққан 2- бөлімінде сын есімдерді тек сыны, сыр сыны деп екіге бөлген және ғалым бұлардың әрқайсысына сипаттама берген. “Тек сыны нәрсенің тегін көрсетеді,“ – дей келіп, оған ағаш аяқ, күміс қасық, алтын жүзік т.б. мысалдарды келтірген. Морфемдік құрылымына қарай жалаң деп есептелетін сын есімдер өз ішінде негізгі және туынды болып бөлінеді.

Негізгі сын есімдер бөлшектеуге келмейтін бір түбір морфе-мадан тұратын сөздер. Мысалы, үлкен, биік, тар, кең секілді сын есімдер- одан әрі морфемаларға бөлшектенбейтін түбір сөздер есебінде қабылданып, ежелден келе жатқан негізгі сын есімдер (63, 179). Алайда сын есімдерді осылайша жіктеудің шартты нәрсе екенін, олардың құрамында да тарихи—этимологиялық тұрғыдан туынды түбір болатын, негізгі түбірі қосымшаларымен арасы ажырамастай кіріп кеткендері де кездесетіндігі оқулықтарда айтылып жүр. Мысалы, тұнық, сұйық, жазық секілді сын есімдер бастапқы тұн, сұйы, жаз етістіктерінен жасалған.

Жалаң сын есімдердің көпшілігі “түбірлер мен жұрнақтарға мүшеленетін туынды сөздер есебінде қабылданып, белгілі қосымшалар арқылы жасалған туынды сын есімдер (63, 179).” Мысалы, әдепті, байыпты, сөзшең, ұғымтал, жеңілтек, жинақы, сенгіш, ширақ т.б. секілді сын есімдер түбірге жұрнақтар(-ті,-ты,-шең,-тал,-тек,-қы,-гіш,-қ) жалғану арқылы жасалған. Тіліміздегі заттың белгісін білдіретін сын есімдер үнемі не-гізгі, туынды түбір бола бермейді, кейде олар екі немесе одан да көп сөзден құралып, сындық белгіні білдіреді.Мысалы,шұнақ қызыл (аяз), бұлаң түлкі (мінез) ,қызыл ала (көйлек), кедір-бұдыр (жер) т.б. Осындай екі не одан да көп сөздерден құралып, бір сындық ұғымды, белгіні білдіретін сын есімдер күрделі сындар болатындығы ғылымда дәлелденген жағдай. “Күрделі сын есімдер”деген атау ғалымдар А.Ысқақов пен К.Ахановтың авторлығымен шыққан мектеп грамматикасынан (1952) бастап айналымға түсіп,содан бері оқулықтарда қолданылып келеді. Сын есімнің ситаксистік қызметі

Сөздерді тапқа бөлудің үшінші ұстанымына сай әр сөз табы сөйлемде белгілі бір қызмет атқарады. Сын есім мағына жағынан заттың сынын, белгісін білдіретін сөздер болғандықтан, сөйлемде көбінесе анықтауыш мүше болады(65 ,198). Мысалы,

Көгілдір көкте қалқиды,

Көк ала бұлттар тек баяу.

Көкпеңбек теңіз шалқиды,

Көп еді неткен көк бояу. (К.Ахметова) Сын есімдер заттанған кезде табыс, барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінің бірінде келіп, толықтауыш қызметін атқарады. Мысалы, Жақсыға сұқтан, жаманнан сақтан.

Сын есім сөйлемде етістіктің алдында тұрып, қимыл, іс-әрекеттің сынын білдіріп, пысықтауыш болады. Мысалы, Дәрмен мен Мәкеннің қолында тұрса, басқа мінез өзінен шықпайтынын саналы әйел жақсы аңғарды (М.Әуезов). Мына қып-қысқа хаттан ана көңілінің алаңы анық сезіледі.

Сын есім заттанғанда атау септікте тұрса, сөйлемде бастауыш болады. Мысалы, Жақсылар байқап сөйлер, білімсіздер шайқап сөйлер.

Сын есім жіктік тұлғада тұрып, сөйлемнің баяндауышы да болады. Мысалы, Толық айдың сүтіне шомылған түнгі айнала тып-тыныш (Қ.Қазиев). Үйдің іші мұнтаздай тап-таза (С. Бақбергенов).