Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГМТ ШПОРЫ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
515.07 Кб
Скачать

9.Туристік сұраныстың негізгі ерекшеліктері: динамизмі және көптүрлілік пен кешенділігі.

. Туристік сұраныс – ақшамен қамтамасыз етілген жəне нарықта ұсынылған саяхатқа деген қажеттіліктің туындауы. Туристік сұраныс бірнеше факторларға байланысты:

- демографиялық – халықтың саны, құрылымы, отбасының мөлшері және құрамы, урбандалуы, тұтынушылардың мəдени деңгейі; - əлеуметтік-экономикалық – халықтың жұмыспен қамтылуы, еңбек ақысының төлеу деңгейі, зейнетақының деңгейі, табыс бойынша халықтың таралуы; - елдің географиялық жəне климаттық ерекшеліктері; - тұтынушылардың ұлттық құрамы; - мемлекеттің саяси жəне экономикалық тұрақтылығы; - туристің барған жеріндегі қауіпсіздік; Туристік сұраныс – динамикалық категория. Туристік қажеттіліктер, яғни, сұраныс қоғамның дамуымен бірге өзгеріп тұрады. Кейбіреулері мүлдем жойылып кетеді, ескілері – түрін өзгертеді, жаңалары пайда болады. Олардың шеңбері үнемі кеңейіп отырады, ал қажеттілік ұлғая түседі. ғылым мен техниканың алға басуымен, саяси, əлеуметтік жəне экономикалық сферадағы өзгерістердің əсері тиді. Туристік сұраныс көптүрлі жəне кешенді түрде болады. Саяхат кезінде, турист өзіне көрсетілетін түрлі қызметтерді пайдаланады – жалпы, қосымша жəне қосалқы. Ең алдымен оған тіршілігі үшін қажетті қызметтер керек – үй,тамақ, сонымен қатар көлік. Туристің бұл сұранысының жергілікті турғындардың сұранысынан айырмашылығы жоқ. Сұраныстың басқа бір бөлігі, яғни таза туристік сұраныс арнайы сипатқа ие болады. Көңіл көтеріп демалу үшін адамдар рекреациялық турға қатысады; кəсіптік ынтасын қанағаттандыру үшін іскерлік сапарға барады жəне т. б. Көңіл көтеру, кəсіптік ынтасын қанағаттандыру, емделу, оқуға бар т. с. с. туристік сапардың мотивтері қосымша туристік қызметтерге сұраныс туғызады.

10.Туристік сұраныстың икемділігі.

. Туристік сұраныс – ақшамен қамтамасыз етілген жəне нарықта ұсынылған саяхатқа деген қажеттіліктің туындауы. Туристік сұраныс бірнеше факторларға байланысты:

- демографиялық – халықтың саны, құрылымы, отбасының мөлшері

жне құрамы, урбандалуы, тұтынушылардың мəдени деңгейі;

- əлеуметтік-экономикалық – халықтың жұмыспен қамтылуы, еңбек ақысының төлеу деңгейі, зейнетақының деңгейі, табыс бойынша халықтың таралуы;

- елдің географиялық жəне климаттық ерекшеліктері;

- тұтынушылардың ұлттық құрамы;

- мемлекеттің саяси жəне экономикалық тұрақтылығы;

- туристің барған жеріндегі қауіпсіздік;

- форс-мажорлы жағдайлар.

Біз білетініміздей туристік сұраныс тұтынушының табысына, бос уақыттың ұзақтығына, көрсетілетін қызметтердің жəне тауардың бағасына жəне басқа да факторларға байланысты. Сондықтан туристік сұраныс фактор мөлшерінің өзгеруіне қарай өзгеріп (өсіп немесе төмендеп) тұрады. Сонымен, төленетін демалыстың енгізілуі жəне жұмыс ақысының көтерілуі туристік қызмет пен тауарларды пайдалануды өсіреді. Сұраныстың икемділігі баға жағынан жəне табыс жағынан болады. Сұраныс бағаның өзгеруіне сезімтал (икемді) болады немесе қатты өзгермейтін (икемсіз) немесе өте сирек икемділікті болуы мүмкін. Басқа да тең жағдайларда бір пайызға бағаның өсуі немесе төмендеуі сұраныстың көлемінің қандай пайызға өзгеретіндігін баға бойынша сұраныстың икемділігі (БСИ) көрсетеді.БСИ бірнеше факторларға тəуелді: Біріншіден, неғұрлым бəсеке күшті болса, солғұрлым БСИ жоғары болады. Этникалық жəне іскерлік сапардан гөрі, демалып көңіл көтеру мақсатымен саяхат жасауға сұраныс бағаның өзгеруіне өте сезімтал келеді. Əсіресе туристік "теңіз-күн-жағажай" өнімдер бағасының өзгеруіне сұраныс өзгергіш келеді, яғни айтсақ бір курортта көрсетілетін қызмет қымбаттаса, адамдар басқа сонымен бəсекеде болатын арзан курортқа ауысып соған сұранысты күшейтеді. БСИ-ні өзгертетін екінші факторы – уақытша шеңбер, оның ішінде сауда шешімдері қабылданады. Туристік сұранысқа тұтынушылар табысының өзгеруі əсерін тигізеді. Бір көрсеткіштің басқаға əсері табыс бойынша сұраныстың икемділігімен (ТСИ) анықталады. Туристік тауарға сұраныс көлемінің пайыздық өзгеруі тұтынушының жиындық табысының пайыздық жағынан өзгеру қатынасын ТСИ көрсетеді.Адамдардың материалдық жағдайының жақсаруы саяхат жасауға сұранысты көтереді жəне оның шығынын өсіреді. Адам жоғары табыс əкелетін жұмыс істеуге тырысады, оның бос уақыты азайады, бірақ оған қарамай саяхат жасап тұрады. Бұндай адамдар жоғарғы деңгейдегі комфортқа талап қойып қысқа түрларды таңдап алады. Туристік сұраныстың азаюына материалдық қийындықтар көп əсерін тигізе бермейді Демалысын саяхатпен өткізушілер, егер де қаражат қыйындығы болса, ол саяхат жасауын тоқтатпайды. Бұндайда олар арзан турды сатып алады. Икемділіктің дəрежесі турдың сипатына байланысты болады. Баға мен табыс икемділігі экономикада жалпы қабылданған, бірақ ол туристік сұраныстың динамикасында негізгі бір ғана көрсеткіш бола алмайды, оған басқа да факторлар əсер етеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]