Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГМТ ШПОРЫ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
515.07 Кб
Скачать

29. Африкада халықаралық туризмнің дамуын суреттеп беріңіз.

Африкаға баратын туристердің саны және олардан түсетін табысы өте аз. Халықаралық туризм нашар дамыған, себебі, әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі төмен, туристік инфрақұрылымы негізінен жоқ, саясаты тұрақсыз. Нарық үлесі 2002 жылы 4% құрады.

Африкаға келген туристер саны және олардан түскен табыс.

Жыл Турист саны (млн адам) Түскен табыс (млрд долл)

2000 27,0 10,8

2005 36,7 21,5

2010 49,4 31,6

Африка аймақтарына келетін туристердің саны

Аймақ 2000 2010

Африка 27,0 49,4

Солтүстік Африка 10,1 18,7

Тропикалық Африка 17,0 30,7

Африка аймағында туризм индустриясы біркелкі дамымаған. Аймаққа халықаралық туризмнен түсетін валютаның 90% және келушілердің 91% Африканың 3 субаймағына келдеі – Солтүстік, Оңтүстік және Шығыс. Туристік инфрақұрылым Тунис, Марокко, Кения, Нигерия, ЮАР, Мадагаскарда ғана дамыған. Африканың кіру нарығында Франция, Германия, Ұлыбритания, Италия, Испания, АҚШ, Швейцария, Жапония жатады. 50% аса туристерді Солтүстік Африка – Марокко және Тунис қабылдайды. Содан кейін туристерді көп қабылдайтын елдерге Кения, танзания, Зимбабве, Сейшель аралдары жатады.Сейшель аралдары жағажай туризміне мамандандырылған, қонақ үй индустриясы жоғары дәрежеде дамыған, әр туристен 900$ табыс түседі. Африкада ЕҚТ өте көп.

30. Таяу Шығыс пен Оңтүстік Азияда халықаралық туризмнің дамуын суреттеп беріңіз. Таяу Шығыс туристік аймағына Бахрейн, Египет, Иран, Иордания, Кувейт, Ливия, Оман, Қатар, Сауд Арабия, Сирия, БАЭ, Йемен жатады. 2000 жылы халықаралық туристердің саны 20 млн-нан асты. Нарықтағы үлесі – 2,9%.

Таяу Шығысқа келген туристердің саны және олардан түскен табыс.

Жыл Туристер саны (млн адам) Түскен табыс (млрд долл)

2000 22,7 12,2

2005 39,1 27,6

2010 60,3 50,3

Туризмнің 50% ішкі аймақтық ағымдар құрайды. Таяу Шығысқа Еуропадан 19%, ШАТА-дан – 18% келеді.

Келушілердің 22% Сауд Арабия мен Египет қабылдайды.

Ұлыбритания, Германия, Франция және АҚШ елдері Таяу Шығыстың кіру нарығын құрайды.

Таяу Шығыстың негізгі туристік орталықтары – Египет, Сауд Арабиясы, Иордания, Сирия және Кувейт. Ірі туристік орталықтар – Египет (танымдық туризмі дамыған) және Сауд Арабиясы (діни туризм). Олар халықаралық туризмнен түсетін табыстың 70% береді. Әлемдік халықаралық туризмнің нарығында Таяу Шығыс маңызды роль атқармайды.

Оңтүстік Азия аймағы – халық саны жағынан ірі аймақтарға жатады – 1 млрд адамнан артық. Бұған кіретіндер: Афганистан, Бангладеш, Бутан, Үндістан, Иран, Мальдив Республикасы, Мьянма, непал, Пакістан, Шри- Ланка. Нарықтағы үлесі 9% құрайды.

Оңтүстік Азияға келген туристердің саны және олардан түскен табыс.

Жыл Туристердің саны (млн адам) Түскен табыс млрд долл

2000 6,1 4,7

2001 5,8 5,0

2005 8,0

2010 11,1 18,9

ШАТА-ға қарағанда бұл аймақта туризм жаймен дамуда. 1970-1996 жылдар арасында келушілердің саны 50 есе өсті. Әлемде болып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық дағдарыстар аймаққа әсерін тигізуде. Оңтүстік Азия өзінің әлеуметтік-экономикалық проблемаларын жою жолында туризмді валюта түсуінің көзі ретінде қарастырады.

Оңтүстік Азияның туристік нарығын – Еуропа (Ұлыбритания – 12%), ШАТА (34%), Америка (9%), құрайды. Туристердің 2/3 бөлігін Үндістан және Пакистан қабылдайды, онда танымдық туризм дамыған. Халықаралық туризмнен түсетін табыстың 2/3 бөлігі Үндістанға келеді.

Шри-Ланка мен Мальдив Республикасы жағажай туризміне мамандандырылған. Мальдив Республикасы эксклюзивті өнімді ұсынады – атолладағы туризм – бір аралда бір ғана жоғары класты отель орналасқан. Непалда тау шаңғы туризмі дамыған. Оңтүстік Азияда, Африкада сияқты, туристік инфрақұрылымы нашар дамыған.

31. Саяхат жасаушылардың классификациясы. «Туристер – әр түрлі мақсатта тұрақты жерінен тыс жерге саяхат жасайтын, ақша табу әрекетпен айналыспайтын, адамдар». Бұл анықтама мы наларды қамтиды:–туристер немесе келушілер деп, осы елде кемінде 24 сағат болатын адамдарды айтады және олардың саяхат жасау мақсаттарын келесі топтарға біріктіреді: а) бос уақытын көңіл көтеруге, каникулға, емделуге, оқуға немесе спортпен айналасуға жіберетін адамдар; б) жұмыс бабымен, отбасы ісімен айналысуға немесе съезд, симпозиум конференцияларға қатысатын адамдар;

– экскурсанттар, немесе уақытша келушілер, елде 24 сағаттан аз уақыт болатын адамдар (теңіз рейсіне қатысушыларды қосқанда).Бұл анықтама мыналарды қамтиды:

– туристер немесе келушілер деп, осы елде кемінде 24 сағат болатын адамдарды айтады және олардың саяхат жасау мақсаттарын келесі топтарға біріктіреді: а) бос уақытын көңіл көтеруге, каникулға, емделуге, оқуға немесе спортпен айналасуға жіберетін адамдар; б) жұмыс бабымен, отбасы ісімен айналысуға немесе съезд, симпозиум конференцияларға қатысатын адамдар;

– экскурсанттар, немесе уақытша келушілер, елде 24 сағаттан аз уақыт болатын адамдар (теңіз рейсіне қатысушыларды қосқанда). Халықаралық туризмде турист өзінің елінен шығып басқа бір шетелдік елге барады. Кеденнен өту үшін туристік құжаттарды толтырады (паспорт,виза жасау), валюта және медициналық бақылаудан өтеді. Бұл халықаралық туризмнің ерекшелігі болып саналады және ішкі туризмнен ең басты айырмашылығы.

Туристер де, экскурсанттар да ішкі және шетелдік(халықаралық) туристер(экскурсанттар) болып бөлінеді. Ішкі келушілер: өз елінен басқа жерге көшіп кету үшін келгендер; табыс табу үшін келгендер; жұмыс н/е оқу орны болып табылатын көршілес жерге өте жиі баратындар; ел аумағында уақытша жұмыс істейтіндер; көшпелілер; Халықаралық келушілерге жатпайтындар: иммигранттар немесе эмигранттар; шекаралық қызметкерлер; дипломаттар; консулдық қызметкерлер; әскери қызметшілер; қашқындар мен көшпелілер; транзиттік жолаушылар. ЮНВТО бойынша саяхат жасаушыладың классификациясы: Сапар мақсатына байланысты саяхатшылар үлкен екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа туристік мақсатпен сапар шекпейтін адамдарды жатқызады. Бұлар шет елдерге ақша табу мақсатында кəсіби əрекетпен айналысып жүретін адамдар, яғни шет елдерге барып жұмыс іздеп немесе сонда жұмыс істеп жүрген адамдар; көрші территорияда жұмыс істейтін көрші шекара ауданның тұрғындары; тұрақты мекенге қалушылар. Екінші топқа жататындар – уақытша келушілер, яғни туристік мақсатпен саяхат жасаушылар. ДТҰ–ның кепілдемесімен статистикалық есепке жеңілдік жасау үшін туристік мақсаттар үш блоққа топтастырылған: көңіл көтеру мақсатымен саяхаттау, кəсіптік ынтасын қанағаттандыру үшін саяхаттау жəне басқа да туристік мақсаттар блогі (оқу, емделу, транзит жəне т.б.) Саяхаттың ұзақтығына қарай уақытша келушілер «таза» туристер жəне экскурсанттар болып бөлінеді. Турист – бұл бір тəуліктен артық жəне бір жылдан аз уақытта, өзінің тұрғылықты жерінен тыс жерде саяхаттап жүрген адам. Экскурсант – түнеуге қалмай белгілі бір жерге, ауданға немесе елге саяхаттайтын адам.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]