- •1. Халықаралық туризмнің негізгі анықтамаларын атап шығыңыз.
- •3. Хт қазіргі жағдайын сипаттап беріңіз.
- •4. Хт ерекшеліктері, ішкі туризмнен айырмашылығы мен байланысы.
- •5.Туристік формальдықтар, оларға сипаттама.
- •6. Хт экспорт, импорт, реэкспорт түсініктерін ашып көрсетіңіз.
- •7.Халықаралық туристік нарық түсінігін ашып көрсетіңіз
- •8.Халықаралық туристік нарық тауар-ақша қатынастар сферасы ретінде.
- •9.Туристік сұраныстың негізгі ерекшеліктері: динамизмі және көптүрлілік пен кешенділігі.
- •10.Туристік сұраныстың икемділігі.
- •11. Туристік сұраныстың кеністікте және уақытта шоғырлануын ашып көрсетіңіз.
- •12.Туристік ұсыныс туралы түсінік.
- •13.Рекреациялық туризмнің географиясын сипаттап беріңіз.
- •14. Іскерлік туризмнің географиясын сипаттап беріңіз.
- •15. Діни туризмнің географиясын сипаттап беріңіз.
- •16.Иерусалим - әлемнің ірі діни орталығы.
- •17.Діни тақырыбы бар экскурсиялық туризмнің географиясы.
- •18. Емдік туризмнің географиясын сипаттап беріңіз.
- •19. Хт статистикасының дамуын көрсетіңіз.
- •20. Туристік ағымдардың статистикасын сипаттап беріңіз.
- •21. Дүниежүзіндегі ірі туристік аймақтар (юнвто бойынша).
- •22.Туристік табыстардың статистикасын сипаттап беріңіз.
- •23. Туристік шығындардың статистикасын сипаттап беріңіз.
- •24.Хт статистикалық мәліметтерді жинаудың әдістерін анықтау.
- •25. Хт дамуының заманауи тенденцияларын ашып көрсетіңіз.
- •26. Еуропадағы халықаралық туризмнің дамуын суреттеп беріңіз.
- •27.Америкадағы халықаралық туризм дамуын суреттеп беріңіз.
- •28.Шығыс Азия және Тынық мұхит аймағында халықаралық туризмнің дамуы.
- •29. Африкада халықаралық туризмнің дамуын суреттеп беріңіз.
- •32.Халықаралық туризмнің классификациясын құрастыру
- •33.Хт дамуының табиғи-географиялық факторлары.
- •34. Хт дамуының демографиялық факторлар.
- •35.Хт дамуының әлеуметтік-экономикалық факторлар.
- •36.Хт дамуының материалды-техникалық факторлары.
- •37. Хт дамуының субъективті факторлары. Маслоудың
- •38.Халықаралық рекреациялық туризмнің меридионалды бағыты.
- •39. Еуропадағы рекреациялық туризм.
- •40. Америкадағы рекреациялық туризм.
- •41. Шата-дағы рекреациялық туризм.
- •42. Мұсылман, Христиан, Будда қажылықтың орталықтарын анықтау.
- •43. Емдік туризмнің ерекшеліктерін анықтау.
- •44. Еуропадағы емдік туризм.
- •46. Туризмдегі нарық құрылымдардың формаларын анықтау
- •47.Қалалық туризм географиясын сипаттау
- •48.Квалификациялық туризм географиясын сипаттау
- •49. Экотуризм географиясын сипаттау
- •51.Әлем елдерінің туристік типологиясын жасау
- •52.Еуропаның төрт туристік аймаққа бөлінуі: Жерортатеңіз, Альпі, Орталық және Солтүстік.
- •53.Солтүстік Американың туристік аудандары мен орталықтарына сипаттама беру.
- •54.Латын Америкасының туристік аудандары мен орталықтарының негізгі сипаттау.
- •56. Ұлттық туризм және ел ішіндегі туризм: сипаттамасы мен айырмашылығы.
- •57. Белсенді туризм және пассивті туризм, «көрінбейтін экспорт» және «көрінбейтін импорт».
- •58. Халықаралық туризмнің дамуында Томас Куктің ролі.
- •60.Туристік сұраныстың қалыптасуына әсер ететін факторларды құрастыру
21. Дүниежүзіндегі ірі туристік аймақтар (юнвто бойынша).
Дүниежүзілік Туристік Ұйым əлемнің ірі туристік аймақтарын алтыға бөледі:
1. Еуропа аймағы Еуропаның Батыс, Солтүстік, Оңтүстік, Орталық жəне Шығыс елдері, бұрынғы КСРО-ның барлық республикалары, сонымен қатар Жерортатеңізінің шығысындағы мемлекеттер (Израиль, Кипр, Түркия);
2. Америка аймағы Солтүстік, Оңтүстік, Орталық Америка елдері, Кариб бассейні аумағының аралындағы мемлекеттері;
3. Азия-Тынық мұхит аймағы Азияның Шығыс жəне Оңтүстік-Шығыс елдері, Австралия жəне Мұхит аралдары;
4. Африка аймағы Африка елдері, Египет пен Ливияны қоспағанда;
5. Оңтүстік-Азия аймағы Оңтүстік-Азияның барлық елдері;
6. Таяу Шығыс аймағы Азияның Батыс жəне Оңтүстік-Батыс елдері, Египет жəне Ливия.
Халықаралық туристік ағымның аймақтық бөлінуі ертеден-ақ қалыптасқан. Бұқаралық туристік алмасудан бастап қазіргі шаққа дейін әлемнің туристік нарығында көзге түсіп жүргені – Еуропа (402,8 млн келуші – 2000 ж., 476,6 млн – 2010 ж.). Бұл аймақты еуропалықтардың өздері де, сондай-ақ АҚШ пен Канаданың тұрғындары да қалайды. Екінші орынды көп жылдардан бері Америка алып тұрды (128,3 млн келуші – 2000 ж., 149,8 млн – 2010 ж.). Еуропа мен Америка, оның Солтүстігі нағыз әсерлі туристік аймақ болып саналады. Әлемдегі барлық туристік келушілердің 4/5 осында келеді. Әлемнің аймақтары бойынша халықаралық туризм динамикасында соңғы 50 жылда елеулі айырмашылықтар байқалады. Жер шарындағы туристік ағымдардың 20 есе өсуіне қарамастан, Еуропа мен Америкадағы оның өсу қарқыны әлемнің орташа деңгейіне жақын ғана болды (6,6 және 5,9% жылына). Жаңадан ашылған туристік аймақтар – Азия-Тынық мұхит, Таяу- Шығыс және Африка елдері жылдам даму үстінде. Соңғы жиырма жылдың ішінде қарқынды дамып келе жатқан – Азия- Тынық мұхит аймағы болып табылды, ондағы келушілердің жылдық орташа өсу саны, әлемдік орташа көрсеткіштен 9 есе асып түсті. 2002 ж. статистика бойынша, Азия-Тынық мұхит аймағы келушілердің санынан Америкадан озып кетті (130,6 млн келуші –2002 ж., ал Америкада 120,2 млн келуші – 2002 ж.; 176,2 млн – 2007 ж., ал Америкада 142,1 млн – 2007 ж.; 192,7 млн – 2010 ж., ал Америкада 149,8 млн – 2010 ж.). Әлемде Еуропа бірінші орынды сақтап отыр (402,8 млн келуші – 2000 ж.; 480,1 млн – 2007ж.; 476,6 млн келуші – 2010 ж.).
22.Туристік табыстардың статистикасын сипаттап беріңіз.
Халықаралық туризм табысы. Құнды көрсеткіштердің талдауына қарасақ, туризм әлемнің шаруашылық саласының лидеріне айналғанын байқаймыз. Халықаралық туризмнен түсетін табысқа шетел туристерінің уақытша болған елде жасаған шығындары, оның ішінде ел ішіндегі көлік пен сауда шығындары кіреді. Халықаралық көлік тасымалына жұмсалған ақша статистикада бөлек есептеледі. Халықаралық туризмнен түсетін табыстың мөлшері өсуде. 1950 жылдан 2010 жылдың арасында ол 437 есе өсті, яғни 2,1 млрд американдық доллардан 919 млрд долларға дейін. Туризмнен түсетін табыстан Еуропа бірінші орынды алады (230,4 млрд американ долл. 2001 ж., 406,2 млрд американ долл. 2010 ж.), ал ШАТА екінші орында (82,2 млрд американ долл. 2001 ж., 248,7 млрд американ долл. 2010 ж.) Америка үшінші орында (122,5 млрд американ долл. 2001 ж., 182,2 млрд американ долл. 2010 ж.). Халықаралық туризмнен түсетін табыстың аймақтық бөлінуі туристік келушілердің географиясымен сәйкес келеді. Соғыстан кейінгі кезеңде, 1950 жылды алмағанда, Еуропа ең табысты туристік аймақ болып тұрды. Американың туристік табысы АҚШ-тың белсенді туристік саясатына және АҚШ, Канада мен Мексика арасындағы ішкі туристік алмасуға байланысады. Халықаралық туризмнен түсетін табыс Солтүстік Американың дамыған елдер тобында (АҚШ, Канада) және Батыс Еуропаның (Франция, Германия, Ұлыбритания), Жерорта теңізінің (Италия, Испания) және Альпі елдерінде (Австрия, Швейцария) шоғырланған. Осылардың үлесіне барлық табыстың жартысы тиеді. АҚШ - ең табысты елдердің бірі. Халықаралық туризмнің статистикасы мәліметтерді жинаудың түрлі формаларын пайдаланады. Халықаралық туризмнен түсетін табыстың мөлшері өсуде. 1950 жылдан 2006 жылдың арасында ол 300 есе-ден артық өсті, яғни 2,1 млрд американдық доллардан 700 млрд долларға дейін. Туризмнен түсетін табыстан Еуропа бірінші орынды алады (230,4 млрд американ долл. 2001 ж., 348,2 млрд американ долл. 2005 ж.), ал Америка екінші орында (122,5 млрд американ долл. 2001 ж., 144,6 млрд американ долл. 2005 ж.) тұр. Халықаралық туризмнен түсетін табыс – ол елге уақытша келген шетел туристердің ішкі тасымалдауға жəне сатып алуға кеткен шығындары. Халықаралық көлік тасымалдауына кететін қаражат турдың шығын жəне табыс статистикасында жеке ескеріледі. Халықаралық туризмнен түсетін табыстың аймақтық бөлінуі туристік келушілердің географиясымен сəйкес келеді. Соғыстан кейінгі кезеңде, 1950 жылды алмағанда, Еуропа ең табысты туристік аймақ болып тұрды. ХХ ғасырдың 60-шы жылдарының ортасынан бастап Азия-Тынық мұхит аймағының салмағы көтеріле бастады, онда туристік табыстың ең жоғарғы орташа жылдық өсу қарқыны байқалды (18,5% 1985-1995 жылдары). 2001 ж. – 82,2 млрд долл, 2005 ж. – 138,6 млрд долл. Американың туристік табысы АҚШ-тың белсенді туристік саясатына жəне АҚШ, Канада мен Мексика арасындағы ішкі туристік алмасуға байланысады. Халықаралық туризмнен түсетін табыс Солтүстік Американың дамыған елдер тобында (АҚШ, Канада) жəне Батыс Еуропаның (Франция, Германия, Ұлыбритания), Жерорта теңізінің (Италия, Испания) жəне Альпі елдерінде (Австрия, Швейцария) шоғырланған. 2001 жылы солардың үлесіне барлық табыстың жартысы тиді. АҚШ - ең табысты елдердің бірі. Туризмнен түсетін табыс 80-жылдардан кейін көтерілді. 2007-477 млрд, 2008-944 млрд, 2009-852 млрд, 2010-925 млрд.
