Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ГМТ ШПОРЫ.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
515.07 Кб
Скачать

1. Халықаралық туризмнің негізгі анықтамаларын атап шығыңыз.

2.Халықаралық туризмнің даму тарихын ашып көрсетіңіз.

3. Халықаралық туризмнің қазіргі жағдайын сипаттап беріңіз.

4. Халықаралық туризмнің ерекшеліктерін және ішкі туризмнен айырмашылығын көрсетіңіз.

5. Туристік формальдықтар, оларға сипаттама беріңіз.

6. Халықаралық туризмдегі экспорт, импорт, реэкспорт түсініктерін ашып көрсетіңіз, мысалдар келтіріңіз.

7. Халықаралық туристік нарық түсінігін ашып көрсетіңіз.

8. Халықаралық туристік нарық – тауар-ақша қатынастар сферасы ретінде түсіндіріп беріңіз.

9. Туристік сұраныстың негізгі ерекшеліктері: динамизмі және көптүрлілігі мен кешенділігі.

10. Туристік сұраныстың икемділігін ашып көрсетіңіз.

11.Туристік сұраныстың кеністікте және уақытта шоғырлануын ашып көрсетіңіз.

12.Туристік ұсыныс туралы түсінік.

13.Рекреациялық туризмнің географиясын сипаттап беріңіз.

14.Іскерлік туризмнің географиясын сипаттап беріңіз.

15.Діни туризмнің географиясын сипаттап беріңіз.

16.Иерусалим - әлемнің ірі діни орталығы.

17.Діни тақырыбы бар экскурсиялық туризмнің географиясы. Діни мақсаты бар ғылыми туризмнің географиясы.

18.Емдік туризмнің географиясын сипаттап беріңіз.

19.Халықаралық туризм статистиканың дамуын көрсетіңіз.

20.Туристік ағымдар статистикасын сипаттап беріңіз.

21.Дүниежүзілік ірі туристік аймақтар (ЮНВТО бойынша).

22.Туристік табыстар статистикасын сипаттап беріңіз.

23.Туристік шығындар статистикасын сипаттап беріңіз.

24.Халықаралық туризмде статистикалық мәліметтерді жинаудың әдістерін анықтау

25.Халықаралық туризм дамуының заманауи тенденцияларын ашып көрсетіңіз.

26.Еуропадағы халықаралық туризм дамуын суреттеп беріңіз.

27.Америкадағы халықаралық туризм дамуын суреттеп беріңіз.

28.Шығыс Азия және Тынық мұхит аймағында халықаралық туризм дамуын суреттеп беріңіз.

29.Африкада халықаралық туризм дамуын суреттеп беріңіз.

30.Таяу Шығыс пен Оңтүстік Азияда халықаралық туризм дамуын суреттеп беріңіз.

31.Саяхат жасаушылардың классификациясын құрастыру

32.Халықаралық туризмнің классификациясын құрастыру

33.Халықаралық туризм дамуының табиғи-географиялық факторларын құрастыру

34.Халықаралық туризм дамуының демографиялық факторларын құрастыру

35.Халықаралық туризм дамуының әлеуметтік-экономикалық факторларын құрастыру

36.Халықаралық туризм дамуының материалдық-техникалық факторларын құрастыру

37.Халықаралық туризм дамуының субъективті факторлары. Маслоудың мотивация теориясын жасау.

38.Халықаралық рекреациялық туризмнің меридионалды бағыттарын құрастыру

39.Еуропадағы рекреациялық туризмнің бағыттарын құрастыру

40.Америкадағы рекреациялық туризмнің бағыттарын құрастыру

41.ШАТА-дағы рекреациялық туризмнің бағыттарын құрастыру

42.Мұсылман, христиан, будда қажылықтардың орталықтарын анықтау

43.Емдік туризмнің ерекшеліктерін анықтау

44.Еуропадағы емдік туризмнің бағыттарын құрастыру

45.Г. Гуибилато мен В. Б. Сапрунова үлгілерінің негізінде өз үлгі факторларын құрастыру

46.Туризмдегі нарық құрылымдардың формаларын анықтау

47.Қалалық туризм географиясын сипаттау

48.Квалификациялық туризм географиясын сипаттау

49.Экологиялық туризм географиясын сипаттау

50.Ауылдық туризм географиясын сипаттау

51.Әлем елдерінің туристік типологиясын жасау

52.Еуропаның төрт туристік аймаққа бөлінуі: Жерортатеңіз, Альпі, Орталық және Солтүстік.

53.Солтүстік Американың туристік аудандары мен орталықтарына сипаттама беру

54.Латын Американың туристік аудандары мен орталықтарын сипаттау

55.Үш S-тің үш L-ге ауысуы - қазіргі туристік сұраныстың басты тенденциясы

56.Ұлттық туризм және ел ішіндегі туризм: сипаттамасы мен айырмашылығы

57.Белсенді туризм және пассивті туризм, «көрінбейтін экспорт» және «көрінбейтін импорт» түсініктерді ашып көрсету

58.Халықаралық туризмнің дамуында Томас Куктің ролін ашып көрсету

59.Тарихи даму үрдісінде "туризм" мен "турист" түсініктеріне берілген анықтамаларды суреттеу

60.Туристік сұраныстың қалыптасуына әсер ететін факторларды құрастыру

1. Халықаралық туризмнің негізгі анықтамаларын атап шығыңыз.

«Туризм» мен «турист» түсініктері әдебиет бетінде XVІІІ ғасырдың соңында пайда болып, XІX ғасырда, әсіресе XX ғасырда кең қолданыла бастады. «Туризм» және «турист» түсініктері француз тілінен келген (tour – саяхат деген мағынаны білдіреді). Олай болса да, алғашқы рет бұл түсініктер XVІІІ ғасырда Британ аралығында континентке баратын ағылшын жастарының саяхатын анықтау үшін қолданылды. Ағылшын оқушылары өз білімін толықтыру үшін француз, итальян, неміс мектептеріне жіберіліп тұрды. Бұндай саяхаттарды «grand tour» деп, саяхатшыларды туристер деп атай бастады. 1811 жылы «Sporting Magazine» журналында туризм түсінігіне көрікті орындарға танымдық, көңіл көтеру немесе ғылыми мақсатымен жасалынатын саяхаттарды жатқызды. Соңғы басылымдарда әр адамды көңіл көтеру мақсатымен саяхаттайтын немесе жай, уақытты кетіріп жүретінді турист деп атады. Ресми түрде ғылыми әдебиетте «туризм» түсінігі XX ғасырдың 30-шы жылдары туризмнің зерттеу жұмыстарымен айналысатын Берлин институтының журналында «Archіv fur Fremdenverkehr» (1930-1931) мақаласының алғы сөзінде шыққан. Туризм өте кең түсінік, әдебиет бетінде туризмнің әр түрлі анықтамаларын кездестіруге болады. В. Унцикер туризм деп табыс табуға арналмаған тұрақты жерден тыс жердегі барлық саяхат пен қысқа мерзімді сапардағы құбылыс пен қатынастың жиынтығын атады. Кейбір авторлар «әр түрлі мақсаттағы спорттық жарыстарды» туризмге жатқызды. КСРО-да 1952- ші жылы тұңғыш рет В.В. Добкович туризмге қазіргі уақытқа лайық анықтама берді: «Туристік саяхат деп каникул және ұзақ уақытты демалыс кезінде біздің еліміздің әр түрлі аудандарында болып, сол елдің халықтарының өмірімен және мәдениетімен танысу, социалистік құрылысымен, табиғи байлықтарымен, тарихи, әскери және революциялық ескерткіштерімен танысуды айтамыз» – деді. Туризмге қысқа да, сәтті анықтаманы ҮКЭ (Үлкен Кеңес Энциклопедиясы) берді: «туризм – бос уақыттағы адамның белсенді саяхаты, сапары, жорық жасап демалуы». ХХ ғасырдың 30-шы жылдары поляк географы С. Лещицкий туризм туралы түсінікті толықтап, «туристік-сауықтыру қозғалысына байланысты теориялық, шаруашылық, географиялық, статистикалық, құқықтық, мәдени және әлеуметтік сұрақтардың жиындысы» – деп анықтама берді. Туризм географиясы облысына еңбегі сіңіп, атағы шыққан В.С. Преображенскийдің айтуынша, «туризм» ұғымы арқылы мынадай негізгі түсініктер беріледі:

а) демография мен халық географиясы және заң ғылымы оқитын халық қозғалысының ерекше түрі; б) экономика саласы, экономика мен экономикалық географиямен айналысатын халықтың әлеуметтік-мәдени қажеттін өтейтін салалардың біреуі; в) социология мен рекреациялық география айналысатын тұрақты жерінен тыс жерде бос уақытты өткізу түрі. Қазір туризм анықтамасы екі топқа біріктірілуі мүмкін – жұмыстық және концептуалдық. Біріншісінің экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және басқа да туризмнің аспектілеріне ғана қатысы бар. Екіншісі, концептуалды немесе мәнін көрсететін анықтама, пәнді бүтіндей қамтиды, туризмнің ішкі сырын ашады. Тарихи даму үрдісінде «туризм» мен «турист» деген түсініктерге біраз өзгерістер енгізілді. Тәжірибеде туризмнен гөрі турист деген түсінік анықтамасы жағынан анығырақ болғанын қажет етеді. Ең алғашқы «турист» деген анықтаманы Ұлттар Лигасының статистика жөніндегі сараптау Комитеті берді (1937).

Турист – бұл бір тәуліктен артық және бір жылдан аз уақытта, өзінің тұрғылықты жерінен тыс жерде саяхаттап жүрген адам. Экскурсант – түнеуге қалмай белгілі бір жерге, ауданға немесе елге саяхаттайтын адам. Туристік ағым мен оның бағытына қарай, сондай-ақ құқық статусына байланысты туризм екі үлкен классқа бөлінеді: ішкі (ұлттық) және халықаралық (шетелдік). Ішкі туризм – бұл азаматтардың өз елінің ішіндегі саяхаты. Халықаралық туризм – бұл азаматтардың өз елінен тыс жердегі саяхаты, туристердің бір елден екінші елге немесе бірнеше елдерге сапары. Шетелдік туризм – бұл шетелдік азаматтардың туристік мақсаттарымен басқа елге келуі. Бұлай бөліну халықаралық туризмнің екі басқа түрімен тығыз байланысты – кіру және шығу, бұлар туристік ағымның бағыты арқылы айырмашылықта болады. Туристің саяхат жасау мақсатына қарай оның шыққан елін және баратын елін анықтайды. Туристің шыққан елі шығу туризмі делінсе, ал баратын елі кіру туризмі деп аталынады. Ұлттық туризм ішкі және сыртқа шығу туристік ағымдардан құрылады. Ел ішіндегі туризм – ішкі және келетін туристік ағымдарды қамтиды. Ішкі туризм дегеніміз демалу, спортпен шұғылдану және басқа да мақсаттар үшін адамдардың өз елінің ішіндегі қозғалысы. Бұндай саяхаттарда елдің шекарасынан өтпейді, туристік құжаттарды толтырмайды. Халықаралық туризмде турист өзінің елінен шығып басқа бір шетелдік елге барады. Кеденнен өту үшін туристік құжаттарды толтырады (паспорт, виза жасау), валюта және медициналық бақылаудан өтеді. Бұл халықаралық туризмнің ерекшелігі болып саналады және ішкі туризмнен ең басты айырмашылығы.

2. ХТ даму тарихын ашып көрсетіңіз. Халықаралық туризм – бұл азаматтардың өз елінен тыс жердегі саяхаты, туристердің бір елден екінші елге немесе бірнеше елдерге сапары. Халықаралық туризм қашан пайда болды? Кейбіреулері халықаралық туристік байланыстарды сонау алғашқы қаумның құрылған кезіне жатқызса, басқалары – орта ғасырдағы крест жорығына жатқызады, ал үшіншілері алғашқы бірінші турист ретінде Марко Полоны атайды. Қазіргі туризмнің басталуы деп 1841 жылды атайды, яғни кəсіпкер Томас Куктің 600 адамды (туристерді) поезбен Лейстерден Лафбороға апарған жылы. Арзан билетпен көп адамды тасымалдау қымбат билетпен аз адамды тасымалдауға қарағанда əлде қайда тиімді деп Томас Кук Англияның темір жол компаниясын сендірді. 1845 жылы Томас Кук экскурсия жүргізу мақсатымен Ливерпульге саяхат ұйымдастырды. 1847 жылы тек қана Англия да емес, басқа да шет елдерге жолдамаларды сататын туристік қоғам ұйымдастырылды. 1863 жылы Кук тұңғыш туристік фирманы ұйымдастырып, Швейцарияға саяхаттайтын алғашқы туристік топты құрды. Англия – бұл ең бірінші капиталистік жолмен дамуға енген ел. Бұнда алғашқы зауыттар мен фабрикалар, сонымен қатар алғашқы туристік ұйымдар мен фирмалар құрылған.

ХІХ-ғасырдың 50-70 жылдарында Еуропадағы шетелдік саяхатшылардың көбісін ағылшындар құрады. Контененттегі "Англетчер", "Британик", "Лондон" атты қонақ үйлері дəл сол уақытта пайда болды. 1865 жылы Кук АҚШ-қа туристік саяхаттарды ұйымдастыру мақсатымен барады. Оның мақсаты – ағылшындарды АҚШ-қа, ал американдықтарды Еуропаға туристік сапар шегуге көңдіру. 1866 жылы ағылшын туристерінің алғашқы екі тобы АҚШ-қа сапар шекті. 1867 жылы «Квейкер-сити» кеме бес айлық саяхатқа шығып, теңіз туристік сапарлардың басталуына себеп болды. Осы саяхатқа қатысқан 60 туристердің ішінде əйгілі Марк Твен жазушысы ды болған. Бірінші дүниежүзілік соғыс халықаралық туризмнің дамуын уақытша тоқтатты. Соғыс бітісімен-ақ халықаралық туризмнің көлемі соғысқа дейінгі деңгейге жылдам жетіп, ал 3-4 жылдан кейін оның деңгейі көптеген елдерде одан да асып кетті. ХХ-ғасырдың 20-шы жылдары шетелдік туризмнің географиялық шеңбері кеңейді. Егер соғысқа дейін шетелдік туристердің көбісі Италия мен Швейцарияға саяхаттаса, ал соғыстан кейін халықаралық туризм барлық Еуропа елдерін қамтыды. 1925 жылы Гаага қаласында туризмді насихаттау үшін халықаралық одақтың ұйымдарының 1-конгрессі өтті. Оның жұмысына 14 Еуропа елдерінің делегаттары қатысты. Екінші дүниежүзілік соғыс халықаралық туризмнің дамуын тағы да уақытша тоқтатып, туризмнің материалдық-техникалық базасына елеулі зиянын келтірді. Соғыстан кейінгі жылдар соғыстан бұзылған туристік байланыстарды қалпына келтіруге ғана кетті. 1950 жылдары əлемдегі тіркелген туристердің саны соғысқа дейінгі деңгейден біразға асып кетті, 25 млн адамға жетіп, түскен табысы 2,1 млрд долларды құрады. 1950 жылдан бастап халықаралық туризмнің дамуында жаңа кезең басталды. Халықаралық туризм жаппай құбылыс ретінде ІІ-ші дүниежүзілік соғыстан кейін ғана пайда бола бастады, себебі бұл уақытта адам құқығын қорғайтын заңдар қабылданды. Осы кезде «халықаралық туристік құқық» түсінігі қалыптасты.

Туристік саяхаттар,сауда саттық сапарлар өзінің мәнін жоғалтқанда басталды деп санайды.Біздің заманға дейінгі IV мың жылдықта ескі Египетте аталынып жүрген,осында алғашқы көшіп конушылыққа жататыны-діни негізінде саяхаттар.Б.з.д. 6 ғ египет фараоны Нехао Африка төңірегінде атақты үш жылдық саяхат құрған.Ертеректе туристік саяхаттар қалаларды көріп,жасанды көлдер,шипалы бұлақтарға барумен байланысты болса,кейініректе жиілеп салына бастаған пирамидалар саяхаттаушылардың назарын аудара бастады.Алайда, жақсы дамыған жол торлары мен сапалы түнеу үйлері және арзан асханалардың тек қана ежелгі Греция мен Римде пайда болуы бұл саяхаттарды белгілі мөлшерде тежеді.Туризм ол кездері ешқандай табыс көзін акелмеді.Туризм тарихын зерттеушілердің көпшілігі белгілі бір саяхаттар бойынша айййқындддаоған фактілерді ғана баяндады.Олар адамзат тарихының әр түрлі дәуіріндегі туризмнің жеткен жетістіктерін ұйымдасқан саяхаттың нақты әлеуметтік экономикалық себептерімен байланыстырады.В.Б.Сапрунованың басқалардан басты ерекшелігі-туризм тарихын кезеңге бөлді: 1кезең-көне заманнан 19 ғ басына дейін немесе оны «туризм тарихының алды» деп те атайды.2кезең-19-20ғ.ғ-элитарлық туризм кезеңі,яғни туристік қызметтер көрсететін арнайы кәсіптің туындауы.3 кезең-20ғ басы-2 д.ж. соғыс басталуына дейін,бұл әлеуметтік туризмнің қалыптаса бастауы.4кезең-1945 жылдан қазіргі уақытқа дейін-бұл жаппай туризмнің қазіргі кезеңі,туристік индустрияның туризм үшін тауар өндіру мен қызмет көрсету кешенінің қалыптасуы.Туризмнің дамуының әр түрлі кезеңде дамуының дәуір-дәуірге бөлуге тех-қ-эко-қ,әлеуметтік алғышарттар және туризмнің мақсатты қызметтерін негізгі критерийлері ретінде алып отыр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]