Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мектеп педагогикасы, УМК.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
288.12 Кб
Скачать

Кредиттік оқыту технологиясы.

Дәріс жоспары

  1. Кредиттік оқыту технологиясына жалпы сипаттама.

  2. Кредиттік оқыту технологиясының тиімділігі.

Жоғары оқу орындарының біріңғай құрылымын енгізуде 1999 жылы Болонья (Италия) қаласында болып өткен Болон декларациясына қол қойылғаннан кейін еліміздегі бірқатар жоғары оқу орындары көп деңгейлік жүйеге ауыса бастауы. Халықаралық білім кеңістігінде жоғарғы білім бойынша кредиттік оқытудың 4 жүйесі: Еуропалық жүйе-ESTS, Американдық жүйе-USCS, Британдық жүйе-CATS, Азия мемлекеттерінде және Тынық мұхиты жағалауындағы жүйе-USTS. Қазақстанның білім жүйесіне кредиттік техногология енуі.Кредиттік жүйемен оқытудың ең басты артықшылығы. Кредиттік оқыту технологиясы бойынша аудиториялық жұмыстар көлемінің қысқаруы, өзіндік жұмыстар көлемінің арта түсуі.

Жоғары оқу орындарының біріңғай құрылымын енгізуде 1999 жылы Болонья (Италия) қаласында болып өткен Болон декларациясына қол қойылғаннан кейін еліміздегі бірқатар жоғары оқу орындары көп деңгейлік жүйеге ауыса бастады. ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 2 желтоқсандағы № 1845 «Қазақстан Республикасы көпсатылы жоғары кәсіптік білім берудің құрылымының ережесін» бекіту туралы қаулысына сәйкес «Жоғары кәсіби білім беру ережесі (бакалавриат)» және «Жоғары ғылыми-педагогикалық білім беру ережесі (магистратура)» дайындалып, кәсіптік білім беру жүйесіне көшті.

Болон декларациясының негізгі ережелеріне және білім беру классификациясының халықаралық стандартына сәйкес ҚР магистратурасы мен бакалавриат мамандықтарының классификаторы енгізілді. Классификаторда іргелі мамандықтар: 126 бакалавриат мамандықтары, 126 магистатура және 9 жоғары кәсіби білім мамандықтары қамтылған.

Жаңа классификатордың енгізілуіне байланыста бакалавриат мамандықтарының мемлекеттік жалпыға білім беру стандарттары жасақталынды (2004ж., 2006ж.). Қазақстан Республикасы «Білім берудің жалпыға міндетті стандарты» бекітіліп, білім беру саласында қолданысқа енгізілді. Бұл стандарттың мақсаты кредиттік технология бойынша оқыту жүйесі болашақ мамандардың еңбек нарығындағы өзгерістерді дер кезінде игеруіне арналған. Стандартты қолдану төмендегі мақсаттарды жүзеге асыруды көздейді:

- білім беру процесін басқаруда демократиялық принциптерді іс жүзінде жүзеге асыру, жоғары оқу орындарының академиялық бостандығы мен мүмкіндіктерін кеңейту;

- ғылымның дамуына және қоғам талаптарының өзгерістеріне ғылыми зерттеулер мен мамандықтар бойынша жоғары білім берудің бейімделуін қамтамасыз ету;

- еңбек нарығының өзгермелі жағдайларында оқу бітірушілердің көтеріңкі бейімделушілігін қамтамасыз ету.

Қазіргі білім беру жүйесіндегі негізгі екі бағытқа – интернацияландыру және диверсификациялау процесіне тоқталамыз.

Диверсификация – жаңа білім беру мекемелерін ұйымдастырумен тығыз байланысты ұғым. Ол білімнің жаңа бағытын айқындауға, жаңа курс пен пәндерді енгізуге, пәнаралық бағдарламалар даярлауға, оқытудың тәсілдері мен әдістерін түбегейлі өзгертуге негізделеді. Диверсификация процесі білім беруді басқару жүйелерін жетілдіру, оқу орындарының құрылымы және оларды қаржыландыру мәселелерін қайта ұйымдастыру істерімен тікелей байланысты жүзеге асырылады.

Білімді интернацияландыру, керісінше, ұлттық мәдениеттің әртүрлі негізін құрайтын, олардың сапаларын өзара арттыруға себеп болатын процесс. Ол ұлттық жүйелердің баршаға ортақ, әмбебап құрамдастарын анықтап табу, оларды жетілдіру және үйлестіруге бағытталған.

Студенттермен, оқытушылармен және зерттеушілермен пікір алмасуы, диплом мен ғылыми дәреже, білім берудің ортақ стандарттары және т.б. әрекеттер – интернационализация құралы болып саналады. Алайда мұны бір-бірінен аумай қалған ұлттық білім беру жүйесін құру деп түсінуге болмайды, бұл процес ұлттық білім беру жүйесінің дамуына себеп болып, оны жоғары нәтижедегі білім беру стандартына жетуге жетелейді. Бұл стандартқа жету жолдары мен тәсілдеріне келетін болсақ, оны әр ел өз қажеттіліктеріне, білім мен мәдени ерекшеліктеріне, салт-дәстүрлеріне байланысты өз қалауынша анықтайды.

Демек, қоғамның қазіргі жағдайындағы кез келген ғаламдық келелі мәселелер адам мен қоғамның байланысын одан сайын нығайта түседі. Сол себепті білім беру саласына түбегейлі өзгерістер енгізбей, бұл мәселені шешу мүмкін еместігі анық. Бұндай мүмкіндік, әрине, ұлттың негізгі құндылықтары мен ерекшеліктерін сақтай отырып, әртүрлі білім беру жүйесінің ықпалдасуы барысында орын алуы мүмкін.

Қазіргі оқыту жүйесінің алға қойған негізгі мақсаты – білім беруде өз беттерімен жұмыс істей отырып, шығармашылық әдіс-амалдарды таба білуге үйрету. Бұл үшін ізденіс әдістерімен қаруландыру, қабылдау (түйсік) қабілетін жетілдіру, қажетті ақпаратты талдап, одан қорытынды шығаруды әдетке айландыру, сондай-ақ практика жүзінде жинақталған тәжірибені қолдана білу қабілетін жетілдіру. Дегенмен, ол оқу процесі келесі дидактикалық ұстанымға сәйкес негізделуі тиіс деп шештік:

- негізгі салмақты студенттің өзіне арта отырып, уақытты ұтымды пайдалану, ғылыммен және өмір ағымымен байланыстыра оқыту; дидактикалық мүмкіндіктерді меңгере алатын компьютерлік технологияны қолдануға жол ашу.

-студент-оқытушы байланыс жүйесінің бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі түрін одан әрі дамыта отырып, оның электрондық моделіне көшуді жетілдіру.

- орындалған өзіндік жұмыстарды бақылауда жүйелілік пен реттілікті орнықтырып, тестік жүйе арқылы бақылауды күшейту.

- білім берудің жоғары ғылыми деңгейіне қол жеткізу тұрғысында әдістемелік көмек көрсету. Ол үшін барлық пәннен кешенді оқу құралдары мен оқу-әдістемелік және анықтама материалдарының электрондық нұсқасына қолжетімді жағдай туғызу.

- студенттердің шығармашылық белсенділігін, жеке қабілеттерін ескере отырып, олардың мүмкіндіктеріне сенім арту, оның тиянақты білім алуға деген ынтасын ояту.

- қазіргі заман ағымына сай ғылымның, техниканың және ақпараттық технологияның дамуына сай ақпаратты оқу процесіне енгізуге бейімділік таныту.

Халықаралық оқыту ісінің моделіне сәйкес жоғары білім жүйесінде жүргізілген реформалар дәстүрлі бір бағыттағы оқыту жүйесінен, көп бағыттық оқу жүйесіне өтуді көздейді. Бір бағытта оқыту жүйесі – студенттің кәсіби білімін белгілі бір бағдарлама шеңберінен ғана емес, белгілі бір уақыт көлемінен шықпай оқыту болса, көп бағыттық жүйе дегеніміз – білім беру технологиясының білім көлемін кредиттік есепке ала отырып, межеленген уақыт көлемінен шықпай нарықтық қатынастар жағдайында оқыту жүйесі болып табылады. Яғни, білім берудің бұл жүйесінде студенттің өз бетінше білім алып, өзіндік жұмыстарға иек артуына мол мүмкіндік беріледі.

Жоғарыда көрсетілген талаптарға сай келетін әлемдік білім беру тәжірибесінде кеңінен таралған тиімді оқыту жүйесі – кредиттік оқыту жүйесі негізінде білімді демократияландыру, модернизациялау, білім сапасын арттыру, ақпараттандыру сияқты қоғамдық жетілудің маңызды жақтары шешімін табады

Қазіргі кезеңде еліміздің жоғары мектептері «Жоғары оқу орнының Еуропалық аймағы туралы» Болон декларациясы мен «Еуропа аймағындағы жоғары оқу орнына жататын квалификацияларды мойындау туралы» Лиссабон конвенциясы (11.04.1997 ж.) негізінде кредиттік оқыту жүйесіне көшті. Ал Еуропа елдері 1988 жылдан бастап кредиттік жүйеге ене бастады. Жалпы оқытудың жаңа жүйесі негізінен білім берудің негізгі ұстанымдарын демократиялық сипатта шешуге, сондай-ақ білім алудың аясын және жоғары оқу орындарының өкілеттілігін кеңейту мақсатын көздейді. Жоғарғы оқу орындарында студенттерді оқыту үшін кредиттік технологияны пайдалану, кәсіби мамандар даярлауда үлкен қажеттілік танытуда. Сондықтан осы технологияны енгізу және оны әрі қарай дамыту мемлекеттің білім берудегі саясатының негізгі бағыттарының бірі болып танылуда.

Кредиттік оқыту жүйесін Америка Құрама Штаты ХХ ғасырдың ортасында-ақ енгізе бастады. 1969 жылы Гарвард университетінің Чарлз Элиот осы жүйені алғаш енгізген болатын. Бұл жүйені Америкада білім сапасын жетілдіру мақсатында мектептен бастап жоғары оқу орындарына дейін қолдана бастады. Америка халқына дербестік, еріктілік және білімге қатаң талап қою тән екендігі мәлім. Осы принциптердің барлығы кредиттік оқыту жүйесі бойынша білім алушы студенттің оқыту процесінің ретін өзінің қалауынша жоспарлауға, еңбек жолындағы мүддесін қамтамасыздандыратын білім беру бағдарламасын таңдауға мүмкіндік беретін оқыту жүйесі. Сонымен қатар студенттердің білім деңгейін өзіндік жұмыстармен көтеруге, білім алу траекториясын өзі таңдауға, жүйелеуге және кезеңдерге бөлуге жағдай жасайды.

Халықаралық білім кеңістігінде жоғарғы білім бойынша кредиттік оқытудың 4 жүйесі бар. Олар: Еуропалық жүйе-ESTS, Американдық жүйе-USCS, Британдық жүйе-CATS, Азия мемлекеттерінде және Тынық мұхиты жағалауындағы жүйе-USTS. Қазақстанның білім жүйесі негізінен Еуропалық кредиттік жүйеге енуде. Бұл жүйе бойынша Еуропаның ірі мемлекеттері Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия т.б. мемлекеттерде білім беріледі.

Кредиттік жүйемен оқытудың ең басты артықшылығы - әлемдегі білім берудің ең үздік технологиялық тәжірибелерін қолдана отырып, кәсіби мамандарды сапалы дайындап шығару. Бұл жүйені ендіруде бұрыннан белгілі әдіс-тәсілдерді қолданумен қатар студенттердің өзбетінше ізденуіне, сапалы білім алуына жағдай туғызу көзделеді.

Кредит сөзінің мағынасы - сенім, яғни студентке сенім білдіру арқылы оның білімін көтеруіне, өзіндік ізденісіне, әрбір өтілген тақырыпты шығаршылықпен меңгеруіне жол ашу. Студентке тақырып жан-жақты талданып түсіндірілумен қатар тақырып бойынша тереңірек мағлұмат алу үшін бағыт-бағдар беріледі. Студент берілген тақырып негізінде қажетті білуге тиісті материалдарды өзі ізденіп, білімді толық меңгеру қажет.

Оқу орындарында кредиттік жүйеге көшуге байланысты соңғы уақыттарда оқу-материалдық базасы мен әлеуметтік ішкі құрылымдарының дамуына әсер етті. Жоғары оқу орындары оқу үрдісінде пайдаланылатын ғылыми-техникалық парктер мен компьютерлік тораптарды құру мақсатында ақпараттық техникаларды қолдану қарқынды жүзеге аса бастады.

Оқытудың кредиттік жүйесі оқу-әдістемелік жұмысты жаңа түрде құруды міндеттейді. Оқытушылардың әдістемелік кешеніне біріктірілген әдістемелік құжаттардың бірыңғай жүйесін қамтамасыз ету, құру және күнделікті жүзеге асыру болып табылады.

Оқытудың кредиттік жүйесін енгізудің тәжірибесі таңдаудың академиялық еркіндігі оқытудың кредиттік жүйесінің негізгі артықшылығының бірі болып табылатынын көрсетеді: оқып жатқандардың оқытушыларды таңдау арқылы өздерінің білім траекториясын қалыптастыруға мүмкіншіліктері болады. Осыған байланысты оқытудың таңдап алынған траекторияларының нәтижесі жеке оқу жоспарларында көрсетіледі. Сонымен бірге типтік және оқу жұмысы жоспарларымен қатар білімнің мазмұнын анықтайтын және оларды оқытудың ұйымдастыратын оқып жатқандардың жеке оқу жоспарлары (ЖОЖ – Curricuium) енгізіледі.

Кредиттік оқыту технологиясы бойынша аудиториялық жұмыстар көлемінің қысқаруы өзіндік жұмыстар көлемінің арта түсуіне себепкер болды, студенттердің өзіндік жұмыстары оқу курсының барлық еңбек қорының екіден үш бөлігін құрайды. ЖАТ-ды қолдану мен студенттердің өзіндік жұмыстарына айырықша көңіл бөлу кредиттік оқыту технологиясына тән құбылыс.

Кредиттік жүйе дегеніміз білім көлемін оқу процесінің ауқымынан аспай кредит түрінде есепке ала отырып таңдап алуына болады. Еліміздің оқу орындарында жаңа жүйені енгізу студенттің өзіндік жұмысының (СӨЖ) рөлін күшейтіп, тұлғаның дербестік қабілетін жетілдіруге басымдық беру қажеттігін көрсетті. Өйткені, өзіндік жұмыс арқылы студент, алған білімін жан-жақты дамыта отырып, өз бетінше ізденіске ұмтылуына, алға қойған мақсатына жету үшін қолжетімді ақпараттың бәрін пайдалануға тырысады. Өзіндік жұмыстардың тағы бір маңызды жағы болашақ мамандар, білімнің әр түрлі салаларынан ақпаратты қолдана отырып, өз бетінше шешім қабылдауға бейімделеді.

СОӨЖ (студенттің оқытушымен өзіндік жұмысы) немесе МОӨЖ (магистрдің оқытушымен өзіндік жұмысы) меңгерілетін оқу пәнінің қиындық деңгейіне, аудиториялық сағаттар көлеміне, студенттердің дайындық деңгейіне байланысты анықталады. Студенттер үшін СОӨЖ берілген тапсырманы орындау барысында пайда болған қиындықтарды шешу, ағымдағы рейтинг бағасын жоғарылату мақсатында өткізу өте маңызды.

Кредиттік оқыту жүйесінің өзінің әдістемелік іс-амалдары бар. Әр оқу пәнінің жұмыс көлеміне және мамандықтың болашақ кәсібилігі тұрғысынан қарағандағы меңгеру мәнділігіне байланысты кредиттік «балл» (баға) анықталады. Осыған орай барлық пәнді жақсы меңгерген студент өзінің «білім жиынтығына» алдын-ала қалыптастырылған кредит санын жинақтайды.

Білім жиынтығының жалпы санына сәйкес бакалавр немесе магистр дәрежесін алады. Сол сияқты, кредиттік оқыту технологиясы бойынша аудиториялық жұмыстар көлемінің қысқаруы студенттердің жаңа сападағы кәсіптік білім алуына, өзіндік жұмыстарының белсенді түрде жетілуіне, оқу материалдарының кредиттік оқытуға сай жаңалануына септігін тигізді.

Осыған байланысты, білім беру жүйесінің кредиттік оқыту технологиясы жағдайында СӨЖ маңызды рөл атқарады. Ол студенттердің шығармашылық дербестігін арттырып, танымдық әрекетке деген қызығушылықтарын қалыптастыруға және белгілі бір ғылыми салаға сәйкес білімін толықтыруға негізделген дидактикалық міндеттерді өз бетімен шешуге бағытталған оқу әрекеттерінің ерекше түрі.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Питюков В.Ю. Основы педагогической технологии. – М., 2001

2.Буланова-Топоркова М.В., Духавнева А.В., Кукушкин В.С., Сучков Г.В. Педагогические технологии. – Ростов н/Д, 2003.

3.Колеченко А.К. Энциклопедия педагогических технологии. – СПб, 2002.

4.Новые педагогические и информационные технологии в системе образования / под.ред. Е.С.Полат – М., 2002. Гачев Г. Д. Книга удивлений, или Естествознание глазами гуманитария, или Образы в науке. М.: Педагогика, 1991.- 270 с.

5.Селевко Г.К. Педагогические технологии на основе активизации, интесификации и эффективного управления УВП. М., 2005.

6.Селевко Г.К. Педагогические технологии на основе информационно-коммуникационных средст. – М., 2005

7.Шамова Т.И., Давыденко Т.М. Управление образовательным процессом в адаптивной школе. – М.: «Педагогической поиск», 2001.

Дәріс № 15