Дәріс сабақтарының мазмұны
Дәріс №1
Тақырыбы: Қазіргі педагогиканың әдіснамалық негіздері
Дәріс мақсаты: Педагогика ғылымы туралы, мұғалімнің теориялық және практикалық іс-әрекетін ұйымдастыруда әдіснаманың ролі туралы ұғымды қалыптастыру
Педагогика өзінің атауын гректің «paidagogos»-баланы жетектеуші сөзінен алынған. Ең алғашқысында бұл сөз құл қожасының баласын мектепке жетектеп апарушы дегенді білдірсе, кейін келе ол тәрбие туралы ғылымының аты ретінде қалды. Тәрбие қоғамның кейінгі ұрпақтарда өзін қайта көрсетумен байланысты атқаратын негізгі қызметтерінің бірі. Әрбір келешек ұрпақтың қоғамдағы орнын табуы ең алдымен өткен ұрпақтардың жинаған әлеуметтік тәжірибесін меңгеру деген сөз. Адамзат есейген сайын, мазмұны жағынан әлеуметтік тәжірибеде күрделене түседі.
Педагогика ғылымы әуел бастан тәрбие жайлы ғылым болып қалыптасты. Ал адамзат баласы тәрбие мәселесімен алғашқы қауымнан бастап айналысты. Бірақ ол кездегі тәрбиеге байланысты әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері болды. Қазіргі кезде тәрбие мәселесімен мектепке дейінгі мекемелер, мектептер, ортпа білім орындары, жоғары білім орындары, арнайы институттар айналысады. Педагогика қоғамдық өмірде тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Ал тәрбие жастарды әлеуметтік өмріге еңбекке, даярлау қоғамдық тәрбиені үйрету процесімен айналысады. Кез келген ғылым сияқты Педагогиканың да енгізгі категорияларымен ұғымдары бар. Оның ұғымдарына: тәрбие, білім беру және оқыту жатады.
Тәрбие. Тәрбиені біз ересек адамның балаға ықпал етуі. Ал кең маңынада тәрбие деп әлеуметтік ортаның тұлғаның дамып қалыптасуына ықпал ететін ұғым деп қарастырамыз.
Білім беру. Білім беру ұғымын ең алғаш педагогикаға енгізген Иоганн Генрих Песталоции. Білім беру деп табиғат пен қоғам жайында адамзат баласының жинақтаған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі оны өмірде қолдана алуы.
Оқыту. Оқыту деп – оқытушы мен оқушының біріккен іс-әрекеті. Оқыту барысында білім беру мақсаты іске асады.
Педагогика ғылымының дамуына зор үлес қосқан Крупская өзінің 10 томдық педагогикалық шығармаларында педагогика ғылымының барлық салаларына тоқталады. Крупскаядан басқа үлес қосқан: Луначарский, Маренько, Ушинский, Покрупский т.б. сол сияқтылар. Ал қазақ жерінде ағартушылық саласына үлес қосқандар.
Педагогика мақсаты: білім беру, тәрбиелеу, дамыту. Педагогика ғылымының құрылымына оның салалары мен бөлімдері енеді. Салаларына төмендегілер жатады.
Педагогика тарихы, мұнда педагогика ғылымының дамуы, бағыттары баяндалады;
Мектепке дейінгі педагогика отбасындағы, балабақшадағы білім мен тәрбиенің дамуын қарастырады;
Мектеп жасындағы педагогика бұл сала мектептегі жүргізілетін оқу тәрбие процесінің заңдылықтарын зерттейді;
Орта оқу орындарының педагогикасы. Мұнда колледждегі, политехникумдағы білім беру мен тәрбие беруді қарастырады;
Жоғары оқу орныдарының педагогикасы. Мұнда университет, институт, академиядағы оқыту мен білім беруді қарастырады;
Деффектология - дегеніміз көру, есту, сөйлеу мүшелерінде және ақыл-ойында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселелерін зерттеп, жетілдіруді қарастырады.
а) Сурдопедагогика – саңырау, мылқау, керең балаларға білім мен тәрбие береді, зерттейді;
ә) Тифлопедагогика – соқыр балаларды зерттейді;
б) Олигофренопедагогикасы – ақыл-ойы кеміс балаларды зерттейді;
в) Логопедия – тілінің кемістігі бапр балаларды зерттейді.
Педагогика төрт бөлімнен тұрады.
Педагогиканың жалпы негіздері, бұл бөлімінде педагогика ғылымының дамуы, әдіс-тәсілдері, ұлы педагогтардың ой-пікірлері баяндалады;
Дидактика және оқыту теориясы, бұл бөлімде оқытудың заңдылықтары, оқыту процесінің құрылымы, сабақтың түрлері, типтері білім бағалаудың негізгі жолдары туралы мағлұматтар беріледі;
Тәрбие теориясы, бұл бөлімде тәрбие процесінің заңдылықтары, тәрбие түрлері, негізгі бағыттары туралы мағлұматтар беріледі;
Мектептану, бұл бөлім жоғарғы курста оқытылады. Бұл бөлімде мектеп директоры атқаратын қызметі мектепті басқаратын ғылыми негіздері жайлы баяндалады.
Педагогиканың өз дамуында көптеген ғылымдардың мәліметтеріне сүйенеді. Соның бірі философия. Философия табиғат пен қоғам заңдылықтарын нақты түсіндіріп беретін күрделі ғылым. Педагогика өзінің әдіснамалық негізін философиядан алады.
Педагогика білім беру, педагогикалық шындық туралы ғылым ретінде педагогикалық процестің дамуы мен қызмет етуінің заңдылықтарын зерттейді, теориялық білімдерді жинақтайды және жүйеге келтіріледі, педагогикалық шындық тәжірибесін зертейді, яғни практика үшін педагогикалық шындықты қайта құру үшін негіз жасайды. Сондықтан осы саладағы ғылыми зерттеулер практикалық бағытталған сипатта болады. Міне осыдан педагогиканың гуманитарлық білімдер (адамтану) жүйесімен байланысты басталады. Педагогика адам туралы ғылымдар жүйесіне кіргеніне қарамастан, пән педагогикалық мақсаттылық және тұлғаның қалыптасуына педагогикалық басшылықты зерттейтін бірден бір ғылыми пән.
Педагогикалық ой алғашында жалпы философиялық білімдер жүйесінде, дін ілімдерінде, саясаттануда, заңда, әдебиетте дамиды. Педагогиканың дербес ғылым ретінде бөлініп шығуы(дифференциялануы) белгілі бір уақыт кезеңінде ішкі ғылыми дифференциялануға, педагогика ғылымдары жүйесінің түзелуіне алып келді. Бірақ XIX-XX ғасырлардағы зерттеулер педагогиканың ғылым аралық байланыстарының жоғарыда мәні болғанын көрсетеді. Қазіргі замандағы педагогика психологиямен тығыз байланысты. Психология адам психикасының дамуының заңдарын, ал педагогика – тұлғаның дамуын басқаруды зерттейді. Ойлаудың іс-әрекеті мақсаттылықпен өзгерту, психологиялық білімдерсіз мүмкін емес. Мұндай білімдерсіз тұлғаның оқығанын және тәрбиелілігін бағалауға мүмкін болмайды. Сондықтан педагогикада психологиялық білімдер ғана емес сонымен бірге педагогикалық міндеттерді шешу үшін тұлғаны зерттеу әдістері (рейтинг, психометрия, жұптық салыстыру және т.б.) пайдаланылады.
Педагогика ол организмнің материалды – энергиялық түрлілігін ашып көрсететін физиологияға, соның ішінде жоғары нерв қызметінің заңдылықтарына (И.П.Павлов, П.К.Анохин) сүйенеді. Мұндай білімдерді меңгеру танымдық іс-әрекет және тұлғаның әлеуметтену процестері табиғатын терең түсінуге мүмкіндік береді.
Педагогиканың социологиямен жан-жақты байланысының өте маңыздылығы ол қоғам туралы біртұтас жүйе ретіндегі және оның бөліктерінен тұратын ғылым болып табылады. Міне, осыдан, педагогиканың социологияның білім социологиясы, студенттер социологиясы және т.б. тарауларына деген қызығушылығы туған, себебі тек қана социологиялық зерттеулер арқасында педагогтар, ұстаздар қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, демографиялық және мәдени ортаның жағдайы туралы біле алады.
Педагогика ғылымдарының даму мүмкіндіктерінің маңыздылығы олардың медицинамен байланыстылығында, себебі педагогикалық шындықтың бірқатар құбылыстарын балалардың денсаулығын зерттеу барысында ған түсіндіруге мүмкін болады.Сонымен бірге созылмалы ауру балалар үшін арнаулы оқыту және тәрбиелеу жүйесі қажет. Педагогика жеке пән ретінде философия және оның салалары – білім беру салалары философиясы, ғылымдар философиясның, жетістіктеріне сай терең ұыну нәтижесінде дамиды.
Педагогиканың ғылыми аралық байланыстары белгілі бір мәселелерді зерттеу барысында басқа ғылымдарға – тарихқа, этнологияға, экономикаға, экологияға және т.б. таралады.
Адамзат бағытындағы және ғылыми аралық пәндердің (синергетика, кибернетика, информатика) жетістіктері педагогика бойынша зерттеулердің байи түсуіне әсерін тигізеді. Р.Г.Гурова педагогиканың басқа ғылымдармен өзара байланысы қандай бағытта іске асатындығын көрсетіп берді: басқа ғылымдардың негізігі идеяларын, теориялық анықтамалары мен жалпы қорытындыларын, педагогиканың қолдануы, гуманитарлық ғылымдарда қолданып жүрген зерттеу әдістерінің шығармашылық қосымшасы; көрсетілген ғылымдарда алынған нақтылы зерттеу нәтижелерін қолдану; педагогтардың адам проблемалары бойынша комплекстік зерттеулерге қатысуы.
Педагогиканың келесі дүниетанымдық қызметі-әлеуметтік-аксиология. Философиялық теориялар көптеген педагогикалық тұжырымдар мен тәрбиелік жүйелердің негізін құрайды. Б.Г.Ананьетің пікірінше, қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның өзіне деген қатынасының қалыптасып жеке тұлғаның басқа қасиеттерімен салыстырғанда ең соңғысы болып келеді. Рефлектілі қасиеттер «мінез-құлықтың біртұтастығын анықтайды. Бұл орайда олар өзін өзі реттеу мен дамуды бақылау қызметтерін атқара отырып, өмір мен іс-әрекетінің мақсатымен, құндылық бағыттарымен, нұсқаулармен тығыз байланысты».
Құндылық бағыттары – жеке тұлғаға қатысты ішкі және сыртқы ара қатынасының түрлі деңгейі мен формаларынан тұратын; жеке тұлғаның қоршаған дүниені, өзінің өткен өмірін, бүгінгісі мен болашағын, сондай-ақ өзіндік «мен» деген сезімінің мәнісін ұғынудың ерекше формалары; жеке тұлғаның дамуының когнитивті, эмоциялық-себеп-салдарлы және тәрбиелік саласының бірлігі мен ара қатынасын білдіретін интегралды жеке тұлғалық қасиет. Құндылық бағыттары – адамгершілік сананың өте тиянақты және терең көрінісі, ол тек жекелеген іс-қылықтары мен себеп-салдарында ғана емес, мінез-құлық пен іс-әрекеттің бүкіл барысында көрініп, сананың жалпы бағыттылығында жеке тұлғаның бастапқы өнегелілік ұстанымын іске асырады.
Мақсат пен міндеттерге сәйкес барлық тәрбиелік ықпалдардан тұратын болғандықтан құндылық бағыттарды жеке тұлғаның тәрбиелілілігінің интегралды көрсеткіші. Педагогтар «құндылық» ұғыммен қоғамға қатысты әлеуметтік-тарихи мағынасы мен іс-әрекеттің белгілі бір құбылыстарының жеке тұлғалық мәнісін сипаттайды. Олар құндылық деп, біріншіден, өнегелілік, жеке тұлғаның (адамдар тобының, ұжымның) және оның іс-әрекетініңғ нәтижесін; ал екіншіден, құндылық санаға қатысты адамгершілік мен арман-мұраттары, жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен бақыт ұғымдары сияқты түсініктерді айтады.
Кейбір зерттеушілер құндылық деп адамның мінез-құлқында көрінетін жалпы әлеуметтік бағыттылық деп түсінеді. Ал тағы бір зерттеушілер оны жеке тұлғаның қандай да бір әлеуметтік құндылықтарға субьективті қатынасы ретінде қарастырады. Ал енді біреулері «құндылық бағыттары» ұғымын психологиялық тұрғыдан ұғынады.
Д.Н.Узнадзе құндылық бағыттарды бір жағынан, құбылыстардың белгілі бір семантикалық сипаттамасының, обьектінің субьект үшін маңыздылығының санада көрініс тауып, санада бекемделу формалары ретінде қарастырса, екінщі жағынан, іс-әрекет ке әзірлік формасы ретінде, тиісті жағдайларда жүзеге асатын сана мен іс-әрекет процестерінің бірлігі ретінде қарастырады.
Құндылық бағыттар адамның мінез-құлқының ең маңызды қорғаушысы болып тпбылады, оның іс-әрекеттерінің себеп-салдарын анықтайды. Адамның құндылық бағыттары мен мотиві арасындағы байланысын адамның қажеттілігін қанағаттандыруға , оны «заттандыруға» , яғни қажетті обьектіні табуға ұмтылысы арқылы түсіндіруге болады. А.Н.Леонтьевтің пайымдауынша, қажеттілік қанағаттандырылмайынша өзінің обьектісін танымайды, ал обьекті табылуы тиіс. Тек осындайда ғана қажеттілік заттық мағынаға ие болады, ал қабылданған зат қозғаушы және бағыттау іс-әрекетіне ие болып, мотивке айналады. Сонымен, адам үшін «жеке тұлғалық мәні» бар, яғни өз алдына құндылық болып келген зат қана оның іс-әрекетінің мотиві бола алады.
Құндылық бағыттары субьектініңіс-әрекетінің мотивін анықтайтын болғандықтан, олар сол іс-әрекетті таңдау мен оның жүзеге асу барысында да әсер етеді. Осылайша құндылық бағыттары адам, оның қажеттіліктері мен қоршаған ортасы арасындағы байланыстырушы буын болып табылады.
Сонымен жеке тұлғаның бағыттарының әлеуметтік-этикалық мазмұнын қамтамасыз ететін іс-әрекеттің алуан түрлерінің интеграциясы, факторы болып табылады.
Теориялық-таным ретінде құндылқ дегеніміз, біріншіден, обьектіге деген когнитивті қатынасқа, яғни көңіл-күйі басымырақ, субьектінің бойында құндылық санада және әлеуметтік мәдени факторлар әсерінен қалыптасқан, мақсат-мүддеден, ұнатудан, нұсқаулардан, тұратын қатынас. Екіншіден, ол – сананың ішіндегі құндылық бағыттары, яғни логикалық-әдіснамалық параметрлер. Олардың негізінді өзқарас, дәлелдің, білімді ұйымдастырудың формалары мен тәсілдері таңдалып алынады. Үшіншіден санадаға құндылық - объективті шынайы білім, ол дәл осы шынайылылық, дұрыстық, ақпараттың арқасында қоғам алдында маңыздылық пен құндылыққа ие болады.
Барлық педагогикалық мақсаттард шартты түрде өзара байланысты екі топқа бөлуге болады.: үлгілі(идеал) және өзекті(актуальді) . Соңғысы тұлғаның дамуымен дралығын қлптстыру және оны үздіксіз дамыту міндеттерімен нақтыланады.Тәрбиенің нысанасы тұлға болса, бірақ өз бойларында қажетті сапаның дамуы оқушылардың өздерінің белсендііс-әрекеті мен оларға тәрбие субьектісі ретінде қарап педагогикалық басшылық жасау. Тәрбие - әлеуметтік институт ретінде қалыптасуын әлеуметтендір, мәдениет және әлеуметтік ереже, әлеуметтік тәрбие мақсатында жүргізу, соларқылы қоғам мүшелерінің әлеуметтік қажеттілігін өтеуге жағдай жасау.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі:
Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2000
Әбиев Ж., Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика. Дарын-2004
Педагогика.Дәріс курсы. Алматы: Нұрлы әлем, 2003
Бегалиев Т. Педагогика. Тараз,2001.
Ильина Т.А. Педагогика 1977
Сиестемин В.А Общая педагогика М 2003
Дәріс №2
Тақырыбы: Жеке тұлғаны дамытудың, тәрбиелеудің қалыптастырудың өзара байланысы және сипаты.
Дәрістің мақсаты: Жеке тұлға, оның даму факторлары туралы білім жүйесін қалыптастыру
Тәрбиенің негізгі мақсаты - қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Адам-өзіне тән биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі, сондықтан табиғат заңдары оның дамуына да әсер етеді.
Психологияда «жеке тұлға » деген ұғымның әртүрлі түсіндірмелері бар, бірақ олардың көбісі мына түсініккке келіп тіреледі: жеке тұлға дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субьектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгісі-оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды атқаруы. Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері-оның саналылығы,жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы.Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттері мен іс-әрекетерінде қоғамдық прогрестің тенденцияларының , әлеуметтік белгілер мен қасиеттердің айқын және спецификалық көрініс табуы арқылы, оның іс-әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы анықталады. Бұл орайда «адам», «жеке тұлға» деген ұғымдардың қатары «даралық» деген ұғыммен толықтырылуы қажет. «Даралық» ұғымы бір адамды басқа бір адамнан, бір тұлғаны басқа бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән сұлулық пен қайталанбас қасиет беретін жалпы мен жекеден тұрады.
Адам қасиетін түсіндіретін тағы да бір ұғым – «индивид». Бұл сөз латын тілінен алынған және оның қазақша баламасы – «жекелік». Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасып болғандықтан, жеке тұлғаның «дамуы» мен «қалыптасуы» ұғымдарының мәнін ашу педагогика үшін маңызды мәселе болып табылады.
Даму табиғатқа, қоғамға және әрбір жек тұлғаға тән жалпы қасиет болып табылады. Даму дегеніміз - төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіліге қарай қозғалыс; сатылай эвололюциялық ауысуы немесе революциялық секіріс түрінде жүзеге асатын жоғары сапалы күйге қарай спиральды өрлеу процесі. Даму кезінде барлық философиялық заңдар жүзеге асады: өзгеру, санның сапаға ауысуы, бір сапаның басқа бір сапаға ауысуы.
Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Адам дүниеге келгеннен соң дене жағынан үлкейеді, яғни оның кейбір дене мүшелері мен нерв жүйесі өседі. Бала көптеген әлеуметтік – тұрмыстық және моральдық біліктерге, еңбекке дағдылары мен әдеттерге ие болады.Алайда, адамның жеке тұлға ретінде дамуындағы ең бастысы- оның бойында болып жатқан сапалық өзгерістер. Сондықтан, даму дегенімізді адамның анатомиялық-физиологиялық жетілуіндегі, оның жүйке жүйесі мен психикасының дамуындағы, сондай-ақ танымдық және шығармашылық іс-әрекетіндегі, оның дүниетанымы, өнегелілігі, қоғамдық-саяси көзқарастарымен сенімдерінің кеңеюіндегі орын алатын сандық және сапалық өзгерістердің өзара тығыз байланысты процесі деп түсіну дұрыс. Адамның дамуына ішкі және сыртқы, меңгерілетін және меңгерілмейтін факторлар әсер етеді, олардың арасында мақсатты тәрбие мен білім берудің алар орны ерекше.
Педагогика мен психологияда жеке тұлғаның «қалыптасуы» термині жиі қолданылады. Бұл жеке тұлғаның дамуының нәтижесі дегенді және оның пайда болып, тұтастыққа, бірқалыпты қасиеттерге және сапаларға ие болғанын білдіреді. Қалыптастыру (қалыптасу) дегеніміз бір нәрсеге пішін(форма) мен тұрақтылық беру; толықтық пен нақты бір түр беру. Бұл арада тұқым қулаушылықтың мәні өте зор-баланың ата-анасынан немесе ата-бабаларынан қалған биологиялық ерекшеліктердің жиынтығы. Тұқым қуалаушылық жер бетіндегі тіршіліктің тарихы және белгілі бір түрдің өмірінің тарихы анықтайды. Адамның тұқымқуалаушылығын екі түрге бөлуге болады: жалпы адамзаттық (тік жүру бейімділігі, сана, ақыл, сезім мүшелері дамуының бейімділігі, шартсыз рефлекстер, нәсілдік және ұлттық белгілер) және даралық (жүйке жүйесінің түрі, анатомиялық-физиологиялық бейімділіктер).
Жеке тұлғаның қалыптасуына, сонымен бірге, қоршаған орта да әсер етеді-адам және қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық , тарихи қалыптасқан жағдайлар. Қоршаған орта макро және микро болып болып бөлінеді. Макро орта дегеніміз-адамға әлеуметтік-экономикалық ықпалдардың мол жиынтығы(өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар деңгейі, өмірдің қаржы жағдайлары, мәдениеттің даму деңгейі, өмірдің қаржы жағдайлары, мәдениеттің даму деңгейі, бұқаралық ақпараттар құралдары). Микроорталық дегеніміз-баланың жақын қарым-қатынас ортасы, ол-адамды әрдайым қоршайтын және оның дамуына әсер ететін өзара байланысты заттар,құбылыстар мен адамдар әлемі. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына, белгілі бір мөлшерде, табиғи немесе географиялық орта, табиғат жағдайлары да әсер етеді. Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлардың арасында тәрбие ең маңызды орын алады.
Тәрбие жеке тұлғаны мақсатты қалыптастыру процесі, бұл процесте тұқымқуалаушылық бейімділік пен микроортаның өзгерістері жөнге келтіріледі. Барлық балалар тәрбиелік – білім беру мекемелерінен өтеді, ол мекемелер педагоьгикалық процесті сауатты құрастырып, оқушылардың жан-жақты қызмет-әрекетін жемісті ұйымдастырады, өйткені ол жеке тұлғаның дамуының шешеуші шарты болып табылады. Тәрбие жеке тұлғаның тәрбиелілігі нәтижесінің белгілі бір эталаонының болуын талап етеді. Тәрбие мен білім беру адамның қоғамдық қажетті білім, білік дағдыларының белгілі бір жиынтығымен қарулануын, оның қоғам өмірі мен еңбегіне дайындығын, осы қоғамдағы нормалар пмен мінез-құлық ережелерін сақтауын, адамдармен қарым-қаиынасын, оның әлеуметтік институьтармен ара қатынасын қарастырады. Қазіргі жағдайларда адамның ұзақ та арнайы ұйымдастырылған білім-тәрбиесіз өмірге араласуы өте қиын. Тек тәрбие ғана жеке тұлғаның дамуының әлеуметтік бағдарламасынн жүзеге асыратын. Оның бейімділігі мен қабілеттілігін жетілдіретін шешуші күш.
Тәрбиенің оның мақсаттылығынан басқа ерекше өзгешеліктерінің бірі оның осы бір әлеуметтік қызметті орындау үшін қоғамның арнайы дайындалған адамдары арқылы жүзеге асырылуы. Осылайша жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының жемісті болуының шарты тарихи анықталған және әрдайым өзгеріп отыратын үш фактор: тума қасиеттері, қоршаған орта және тәрбие болып табылады.
Сонымен, тұқымқкалаушылық, орта және тәрбие жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының негізгі объективті факторлары болып табылады. Бұл орайда тұқымқуалаушылыққа жалпы азаматтықпен қатар жеке адамға тән қасиеттер жатады. Іс-әрекеттің кез-келген түріне деген анатомиялық – яизиологиялық бейімділіктер жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуында ерекше орын алады. Олар баланың қабілттілігі, дарындылығы және дарыны дамуының алғышарттары болып табылады.Кейбір жағдайда бұл бейімділіктер өте ерте, кейбір жағдайларда кешірек, ал енді бірде, ер жеткен кезде ғана көрініс бере бастайды.
Тәрбие мен білім беруде адамның табиғи қасиеттерің ескеру қажет, оның бейімділігі мен қабілеттілігін анықтай отырып, оларды ары қарай дамуының амал-тәсілдерін, формалары мен әдістерін айқындау керек. Қызметттің қандай да бір түріне деген анатомиялық-физиологиялық бейімділігінің одан әрі жемісті дамуы үшін баланың оған деген ықыласын артырып, оны сол іс-әрекетке араластыра отырып, сол салада тәжірибе жинастыруға жағдай жасау қажет.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі:
Әбиев Ж., Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика. Дарын-2004
Педагогика.Дәріс курсы. Алматы: Нұрлы әлем, 2003
Бегалиев Т. Педагогика. Тараз,2001.
Ильина Т.А. Педагогика 1977
Сиестемин В.А Общая педагогика М 2003
Абай атындағы ҚҰПУ. Педагогика.- Алматы 2003ж.
Дәріс №3
Тақырыбы: Балалардың жас және дара ерекшеліктері, оларды оқу-тәрбие процесінде есепке алу.
Дәріс мақсаты:мектеп оқушыларының жас мөлшеріне қарай және жеке басына қарй тән ерекшеліктер туралы түсінік қалыптасрыу және осы ерекшеліктерді оқу-тәрбие процесінде ескеру
Адамның белгілі сипаты мен сапасын қалыптастырудағы тәрбиешілердің мақсат тәрбие белгілі бір жас мөлшеріндегі топқа бағытталған, осы арқылы сол топтың мүмкіндіктері мен міндеттері тәрбиенің әдістемелері қолданылады. Адам өмірінің мектепке дейінгі кезеңінде, жасөспірім шақта және әлеуметтік ортада қалыптасқан есейген шақ кезеңдеріндегі мінез-құлқы ерекшеленеді. Жастарды өмірге және ұжымдық еңбекке тәрбиелеудің, әрбір жас адамның жеке тұлғасынынң өмірлік бағыт-бағдарын анықтайтын дүниетанымын қалыптастырудың қоғам алдындағы зор міндеттері мектепке жүктелген. Тәрбие, шын мәнінде, жеке тұлғаның дамуы мен жалпы қоғамның негізгі мақсаты болып табылады және ол қоғамның әрбір мүшесінің жан-жақты дамуына жағдай жасауға бағытталған.Белгілі бір жастағы балалардың жас мөлшері дегенде олардың көпшілігіне тән ерекшеліктер мен сипаттарды айтамыз. Бұл ерекшеліктерді педагогикалық процесте ескеру қажет және соған сәйкес оқыту, тәрбие берудің тиісті түрін, әдістемесін және тәсілін пайдалану керек.
Бастауыш мектеп шағында баланың дене, психикалық дамуында кейбір ерекшеліктер байқалады. Олардың бұлшық еттерінің күші артады, сүйек жүйесі қалыптасу сатысында болады, мидың үлкен жарты шарынынң функциялары дамиды. Баланың бойы 115 сантиметрден 134 сантимеррге дейін өседі, салмағы 32-35 кг шамасында болады. Бұл жастағы балалардың іс-әрекеті - оқу. Осу оқу арқылы олардың таным процесі (қабылдау, зейін, ес, қил, ойлау) дамиды. Н.К.Крупская және А.С.Макаренко 7-12 жастағы балалар үшін әсіресе ұжымдық ойындардың маңызын атап көрсетті. Олардың айтуы бойынша ойын балаларды еріктілікке, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеп қана қоймайды, ол жолдастық сезімге, ұжым мүддесі үшін әрекет жасауға тәрбиелейді.
Бұл жастағы балалар үшін еңбекетің тәрбиелік мәні өте зор.Балаларды бірте-бірте еңбекке баулу, жанұя, ұжым және қоғам үшін пайдалы еңбектің түрлерін істей білуге үйрету керек. 7-12 жстағы балалар ұзақ уақыттық дене еңбегіне, күш түсетін жұмыстарға әлі қабілетсіз болады. Сондықтан бұл жағдайдың ойын, дене еңбектерінінң барысында еске алынғаны жөн.
Бұл жастағы балалармен тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін, олардың мынандай ерекшеліктерін есепке алған жөн: сөз бен істің сәйкестігі болуы талап еьтеді; жөнсіз кінәлаудан жеркену сезісі пайда болады; үлкен адамдардың жіберген қателерін тез байқайды, арманшыл; қиялшыл болады; ұйымшыл келеді, сенімді серік іздейді, өз мүмкіншіліктерін, күшін асыра бағалайды; түрлі спорт ойындарына өте ықыласты болады.т.б. Бұл ерекшеліктерді оқу, тәрбие жұмысының барысында сынып жетекшілері, мұғалімдер айрықша бақылайды, зерттейді ттиімді етіп іске асырудың әдістері мен тәсілдерін қарастырып, ата-аналарға дер кезінде көмек көрсетеді.
Жеткіншек жаста балалрдың бойының ұзындығы 134-155 сантиметр, денесі тез өседі, бұлшық еттері жетіліп дене қаңқасына сүйектену процесі жүреді.Бұл жастағы балаларды кейде өткінші кезеңдегі немес қиын жастағы балалар деп атаудың өзі де кездейсоқтық емес, Өйткені Н.К.Крупская бұл ең тынышсыз, ең қиын, ең қызба жас деп атап көрсетті. Бұл жастағы балалардың ішкі дүниесінде, айналамен қарым-қатынас жасауында, үлкендер арасында өзінің алатын орнын түсінуіне елеулі өзгерістер байқалады. Организмнің тез дамуы – қаңқаның сүйектену процесінің нығаюы, жыныс мүшесінің жетіле бастауы(ер баланың жыныс мүшесі 15-4-16 жаста, қыз баланыкі 13-4 жаста жетіледі), санаың дамуы баланың тәуелсіз , өз бетімен талаптануынан тудырады. Олар отбасында,мектепте түрлі еңбек процесінде қатысады, күнделік өмірді бақылайды, ой-өрісі кеңиді.
Жеткіншек жастағы балалар намысқор болады. Үлкендердің бақылауын сүймейді, әкімшілік шаралармен жекіріп сөйлеуді ұнатпайды. Сондықтан одар бұл жағдайды үлкендердің озбырлық жасауы деп түсінеді де, өздерінше абыржып, наразылық білдіреді. Үлкендерге байланып, олардың мінезіндегі шындық пен жалғандықты байқауға тырысады. Сөйтіп, үлкендер мен балалардың қатынасында түсініспеушілік, салқындық туады.Бұл жастағы балаларға болымды ықпал жасайтын мектептегі балалалр ұйымдары. Осы ұйымдардың көмегімен балалардың қоғамдық белсенділігі дамиды, саяси ой-өрісі кеңиді, өздерінің жауапкершілігін түсініп, терең білім алуға талаптанады.Жеткіншек кезеңінде балалардың кейбір еркшеліктерін есепке алып, тәрбие жұмысын тиімді етіп ұйымдастырған жөн.Олар: организм мүшелерінің тез жетіле бастауы; үлкендермен қарым-қатынас; мүмкіншіліктерін ескермей, ойланбай асығыс шешім қабылдау;қоғамға пайдалы істерге твқвласты; ұжымшыл, жолдастық, достық сезімі нығаюда; кітап оқуға, кинофильмдеоді көруге ынталы, спортты ұнатады.
Жасөспірімдік шақта жастардың организмі-қаңқасы мен бұлшық еттері, ішкі органдары тегіс дамиды. Бұлшық еттердің күші мен жұмыс қабілеті үлкендердің нормасына жақындайды.Бұл кезеңде жастар Отан, қоғам алдында тұрған әлеуметтік-саяси және мемлекеттік міндеттерді шешудегі күреске белсене қатыысады. Кәмелеттік жасқа жеткен балалар өмір жолына көз жібереді, өздерінің келешек мамндығын саналы түрде таңдап алуға тырысады. Олардың мамандыққа ықыласының бірте-бірте қалыптасуы түрлі іс-әрекеттеріне жауапкершілігін арттырады.Жасөспірім кезеңде жолдастық сензім,достық қарым-қкаиынас жақсы дамиды. Мысалы, ашықтық, өзара сенім, қайырымдылық, бірін-бірі сыйлау т.б. Мұндай жолдастық қатынастар балаларжды ұжымшылджыққа тәрбиелейді. Ал мектеп қабырғасында болған жолдастық қарым-қатынас кейбір жастардың санасында өмір бойы сақталады.Бұл кезеңдегі балалардың мінез-құлқында түрлі өзгерістер пайда болады. Мысалы, қыздар өздерінің сыртқы киімдеріне, шашын сәндеп ұстауға, дене қимылына айрықша көңіл бөледі, өзіне басқа адамдардың назарын аударуға тырысады. Ал ер балалар әдемі киініп жүруді ұнатады, қыздарға құрмет көрсетеді, оларды ұнату я оларға ұнау сезімі оянады. Жастар арасында қарым-қатынас дамиды, бір-бірімен кезедсудіөқажет етеді. Осының нәтижесінеде өзара пікір алмасады.Бұл кезеңдегі басты мәселелердің бірі – балалардың психикалық дамуының қозғаушы күші. Қозғаушы күш деп мектеп және отбас ыұжымының қоятын талаптарыы мен балалардың психикалық даму дәрежесінің арасындағы қайшылықты айтады. Бұл қайшылық өскелең жастарды адамгершілік қасиеттерін, ақыл-ой және шығармашылық күштерін үйлесімді дамыту жолымен шешіледі. Әрбір оқушының зіндік санасын дамыту арқылы моральдық-психикалық қасиеттерін бағалаптолық түсінуіне бірыңғай талаптар игі әсер етеді.
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басынан дүние жүзіндегі көптеген елдердің ғалымдары балалардың дене және психикалық дамуының тездеуін – акселерация құбылысын атап көрсетті.Соңғы жылдарда 13 жастағы ересек балалрды өткен уақыттағы құрдастарымен салыстырғанда, олардың бойы 6-7 см-дей биік, салмағы 6-7 кг-дай артық, 16 жастағы ер бала мен қыз баланың бойының ұхындығы 15-20см-дей биік, салмағы 15-16 кг-дай артық болатындығы, жыныс мүшесінің екі, үш жыл бұрын жетіле бастайтындығы байқалады. Зерттеулерге қарағанда дененің дамуы мен жыныс мүшесінің жетілуі тездейді, ал баланың психикалық жетілу деңгейі артта қалады. Осыған орай, ер немесе қыз бала қоғам, отбасы алдындағыь өзінің борышын, ар-намысын, міндеттерін, толық жауапкершілікпен түсіне бермейді.Акселерация жайлыт әр түрлі жорамалдар бар. Акселерация күн радияциясымен байланысты, сондықтанорганизм витаминдері тез синтездейді деген пікір айтылуда.
Әрбір дербес еркшелігі тәрбие процесінде, даму кезеңінде байқалады. Дербес ерекшеліктерге түйсік, қабылдау, ойлау өзгешеліктері, жеке адам бойындағы мінез-құлық, темперамент, қабілет сияқты қасиеттер жатады. Нерв жүйесінің типтік қасиеттері адамның мінез-құлқының, темпераментінің, қабілетінің табиғи негізін құрайды. Дербес қабілеттерінің дамуы жеке адамның табиғи мүмкіншіліктеріне байланысты. Ал дара қабілеттер адамның айналаны қоршаған дүниемен өзара әрекеттесу процесінде қалыптасады. Әрбір адамның өзіне тән қасиеттерін қалыптастыру мен дербес ерекшеліктерін дамытуды жан-жақты және үйлесімді тәрбиелеу дейді.
Баланың дұрыс психикалық ерекшелігі – танып-білуге деген белсенділігі. Баланың құштарлығы өзін қоршаған ортаны тануға және осы әлемнің құрылысын өзінше бейнелеуге бағытталған. Бала ойнай жүріп тәжірибеден өтеді, себеп-салдарлық байланыстар мен тәуелділіктің себебін ашуға тырысады. Бала қоршаған ортаны зертеуде бағытталған танымдық белсенділігімен өзі зерттей бастаған объектісінен ұзақ уақыт бойы назарын алмайды, бұл әрекеті ол оған қызықсыз болып қалғанға дейін жалғаса береді. Егер 6-7 жастағы бала өзі үшін аса маңызды ойын ойнап жатса, ол екі немесе үш сағат бойы бас алмауы мүмкін. Сондай-ақ ол өнімді жұмыс жасауда да, мысалы, сурет салуға, ойыншықтарды ынтасымен кірісе алады. Балалар назарының бір нәрсеге ұзақ қадалуы, оның сол өзі жасап отырған іс-әрекетіне деген ерекшеынтасымен көрсетеді. Егер бала өзіне ұнамайтын нәрсемен айналысып, соған ұзақ уақыт назарын салып отыруға мәжбүр болса, ол шаршайды, көңілі басқа жаққа алаңдай береді, тіпті ол өзін соншалықты бақытсыз сезінеді.
Педагогикалық тәжірибеде баланың жан-жақты дамуы мен мінез-құлқы жағынан қалыптасуының жасөспірімдік шағы (10-15 жас)ең қиын кез болып есептеледі. Балалардың тәртібі нашарлап, сабаққа үлгерімі төмеендейді, қыздар мен ұлдар арасындағы қарым-қатынас та қалыпты болмайды. Кейбір балаларда тіпті қоғамды жатсыну әдеті пайда болады. Бастауыш сынып жасындағы бала әлемге ерекше қызығушылықпен, балалық аңғалдықпен қарайды, жасөспірім өзін қоршаған әлемге баға береді және оған деген өзінің қарым-қатынасын орнықтырады. Ол өмірдің тұрмыстық қарым-қатынастарына еніп, енді тек өзінің қажеттіліктерін қанағатандыру бойынша ғана емес, сонымен бірге өзі теориялық жағынан игерген қағидалар бойынша қарым-қатынасқа түседі және адамдардың мінез-құлқын, қоғамдық құбылыстарды бағалауда ешкіммен ымыраға келмейтін, өз дегенім болсын дейтін әдет табады.
Әбір оқушының танымдық іс-әрекетінің, әсерленушілігінің, ерік-жігерінің, мінезнің, жүріс-тұрысының тек өзіне ғана тән сапалық ерекшеліктері болады. Демек, жеке ерекшелік – бұл, адамның өз басында,ықасиеттердің бір-біріме сәйкестікпен түйісуі, оның басқа адамдардан өзгешелігі осы қасиеттері арқыл көрініс табады. Әркім өзінің жеке давму жолын бастан кешіреді, ал ол оның бойына табиғат берген қасиеттерге және тіршілігінің жағдайына байланысты болады.
Мектеп оқушыларын олардың қабілеттеріне қарай топтарға біріктіруге болады, яни типология жүргізуге болады. Балалар типологиясы екі ерекше бағытты атауға болады:
қыз балалар мен ер балалардың даму ерекшеліктері;
дарынды балалр мен педагогикалық жағынан қараусыз қалған балалар.
Дарындылық – адамның интеллектуалдық мүмкіншілігімен байланысты болатын қабілеттердің бірлігі, оның іс-қимылының деңгейі мен өзіндік ерекшелігі. Қабілеттелік – бұл бірдей күш пен бірдей уақыт аралығында, бір адамның басқа адамдарға қарағанда жоғарыкөрсеткіштерге ие болуын қамтамасыз ететін мүмкіншілік. Мектеп оқушыларының жеке ерекшелігі дгеніміз – оның жас мөлеріне, жыныстық және рухани дамуына, жан-жақты тұтас жетілген жеке тұлғалық қасиеттінің қалыптасуына органикалық жағынан байланысты өзіне тән ерекшелігі. Осыған орай олармен жеке жұмыс жүргізу педагогикалық процестің маңызды бөлігі болып табылады. Жеке жұмыс бұл педагогикалық жұмыстағы бос сөзілікті жеңу және оның алдын ала іс-әрекет ұйымдастыру.
Жеке ерекшелікті есепке алу – бұл әрбір жеке тұлғаның қызығушылығын, бейімділігін, сапасын, қасиетін, талабын және мүмкіншілігін ескере отырып, өскелең ұрпақтың әлеуметтік қалыптасу процесінде сәтсіздіктер мен қателіктерді барынша кеміте отырып тәрбиелеуде педагогикалық құралдардың, әдістемелердің және түрлерінің барлығын пайдалану. Мектеп оқушыларының жеке ерекшеліктерін есепке алуда нерв жүйесінің қызметі, адамның темпераменті көп жағдайда ескеріле бермейді. Темперамент – бұл адамның психикалық қызметі мен мінез-құлқының қуатын анықтайтын жекуе ерекшелігі.
Жеке ерекшеліктерді есепке алу маңызды жадай. Мұғалім бұл мәселеде шектен шығып кетпеуі керек, яғни, баланың мүмкіншілігінен артық бағалу да, ескермеуі де баланың жеке дамуына зиянын тигізеді. Міне, осылайша тәрбие беруде де, оқыту да әр балаға жеке қарым-қатынас жасау маңызды, себебі әр балада оның рухани қажеттілігінің, өзіндік қызығушылығының көрінісі ретіндегі жеке ерекшелігі ақын көрініс береді, ал ол әр адамның жан-жақты дамуы үшін қоғамның талабы негізінде туындайды. Жеке қарым-қатына әр баланың бейімділіктері мен қабілеттерінің ашыла түсуіне жақсы жағдай жасау үшін аса маңызды, сондай-ақ ол оқу бағдарламасының талаптарын орындаудағы қиыншылықтарды жеңуде де зор рөл атқарады.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі:
Абай атындағы ҚҰПУ. Педагогика.- Алматы 2003ж.
Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2000
Әбиев Ж., Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика. Дарын-2004
Педагогика.Дәріс курсы. Алматы: Нұрлы әлем, 2003
Бегалиев Т. Педагогика. Тараз,2001.
Сиестемин В.А Общая педагогика М 2003
Дәріс № 4
Тақырыбы: Тәрбие процесінің теориялық негіздері. Тұтас педагогикалық процесс – педагогика пәні мен мұғалім қызметінің объектісі
Дәріс мақсаты: Біртұтас педагогикалық процестің ерекшеліктерін анықтау.
Педагогикалық проесс мұғалім іс-әрекетінің объектісі. Адамның қандай да болмасын ісәрекетінің заттық саласы қалайда білімдер жүйесінде көрінеді.соныдықтан синтетикалық сипатының біртұтастық объектілері жасалмайынша субъектінің іс-әрекетінің сәтті болуы мүмкін емес. Сананың біртұтастық объектілері белгілі бір шындық саласындағы білімдерді мегерудің нәтижесінде пайда болған объектілері, субъектінің іс-әрекетінің сыртқы талаптарды орындау тәсілдері мен адамның субъекті тұлғалық құныдылықтарына бағыт табу болып табылады.
Педагогикалық іс- әрекет дегеніміз адамзаттың жинақтаған мәдениеті мен тәжірибесін аға ұрпақтан келешек ұрпаққа беруге, олардың тұлғалық дамуына жағдай жасауға және қоғамда белгілі бір рольдерді орындауға, даярлауға бағытталған әлеуметтік іс- әрекеттің ерекше түрін айтады.
Шәкірттерді ұйымдастыра отырып, оқу- тәрбие үрдісінде мұғалім әр уақытта да олармен өзара қарым- қатынаста болады. Мұғалімнің шәкірттермен қарым- қатынасында ол- тен әлеуметтік қызметті атқарумен ғана емес, сонымен қатар және нақты және тұлға ретінде педагогикалық іс- әрекеттің құрамды бөлігі.
Оның оқушылармен қарым- қатынасы тәрбие үрдісін басқарудың өзіндік каналы ретінде іске асады. Екі негізгі қызметті атқарады: ақпараттық және интерактивтік- компенсаторлық.
Бұл жерде ақпарат екі бағытта жүреді, басқару субъектісінен (мұғалім) басқару объектісіне (оқушыларға) және керісінше, объектіден субъектіге.
Қарым- қатынас арқылы мұғалім оқушылар туралы ерекше қажетті ақпаратты алып отырады. Қарым- қатынас каналдарында «ақпараттық тасқын» өте көп. Оның шәкірттерге жағымды да, жағымсыз да жақтары бар.
Мұғалімнің оқушылармен қарым- қатынасы тәрбиелі басқару каналы деп қарастырылып, ол интегративті – компенсаторлық (кіретін қызметін атқарады). Тәрбиенің үзіліссіз орның толтыру үрдісі үнемі белгілі. Әр бір оқушыға әр- түрлі әсер етеді.
Қарым-қатынастың бұл қызметін басқару каналы ретінде асыру нақтылы іс- әрекет, қарым- қатынас ұжымдағы қатынас жүйесінің шеңберінде жүріп отырады.
Мұғалім мен оқушының өзара қарым- қатынасы – үлкендердің тәрбиелік ықпалылық негізгі жолдарының бірі.
Мұғалім оқушыны негізгі іс- әрекет саласында – мектепте көреді, жолдастық, достықты жақсы біледі.
Бұл бір жағынан, қарым- қатынас үшін көп көмек береді, екінші жағынан, педагог тарапынан тәрбие мақсаттарына жету үшін көмектеседі, яғни балалармен қарым- қатынас жасай отырып, мұғалім оның өміріндегі көптеген факторларды ескере отырып, соған сәйкес мектеп оқушыларына әсер етеді, күнделікті өмірде пайда болған проблемаларды шешуге көмектеседі.
Психология ағылшын зерттеу жұмыстары көрсеткендей, мұғалімдердің оқушыларды басқарудың жиі кездесетін 5 түрлі стилін атап өтуге болады: автократиялық (өзіндік әміршілдік), авторитарлық, демократиялық, бұрмалаушылық, бірізділік емес.
Өзіндік әміршілдік автократиялық басқару стилінде мұғалім активке сүйенбей, 7 жылды бір өзі басқаруды іске асырады.Оқушыларға өз көз- қарасын білдіруге, сын- ескертпелер айтуға, ынталық білдіруге, сонымен қатар мәселелерді шешуге қатысуға рұқсат етілмейді, тйым салынады. Мұғалім оқушыларға әр уақытта да талаптар қойып, оның орындалуын қатаң бақылап отырады.
Авторитарлық басқару стилінде автократиялық басқару стилінің негізгі белгілері тән.
Бірақ бұл стиль бойынша ұжым өмірінің мәселелері бойынша талқылауға қатысуға рұқсат етіледі. Әр уақытта шешімді өз ұстанымдарына сәйкес мұғалімнің өзі қабылдайды.
Басқарудың демократиялық стилінде мұғалім ұжымға арқа сүйейді, оқушылардың өз бетімен белсеңділігін ынталандырып отырады. Оқушылар ұжым өмірінің проблемаларын талқылайды, ақыр аяғында белгілі талдау жасайды.
Бірақ қорытынды шешімді мұғалім қабылдайды немесе оны ол мақұлдайды.
Оқушылардың сын- ескертпелеріне белгілі дәрежеде мұғалім төзімділік көрсетеді, оларды түсінуге, ішкі және бас мәселелеріне үнілуге тырысады.
Басқарудың бұрмалаушылық (игнарирующий) стилінде мұғалім оқушылардың өмірі мен іс- әрекетіне мүмкіндігінше тез араласуға ұмтылады, практикалық тұрғыдан оқушыларды басқару ісінен шеттетіледі, өз міндеттері мен әкімшіліктің айтқандарын формальды түрде орындаумен шектеледі.
Бірізділік емес (непоследовательный) басқарудың стиліне тән ерекшелік мұғалім сыртқы жағдайлар мен өзінің эмоционалдық қалпына байланысты жоғарыдағы айтылған басқару стильдерінің кез келгенің іске асырады, ол көп жағдайда мұғалім мен оқушылардың өзара қарым- қатынас жүйесін түсініктестікке және әр- түрлі ситуациялық жағдайға алып келеді.
Осындай басқару стилі мұғалім мен оқушылардың өзара қарым- қатынасының барлық жүйесіне із қалдырады (Мұғалім өз оқушылары мен қалай қатынас жасайды).
Психологтардың зерттеуінің негізінде оқушылар мен қарым- қатынас жасау белсенділігіне байланысты шартты түрде мұғалімдерді 4 топқа бөліп қарастыруға болады.
1 топқа балалар мен әр уақытта да белсенді қарым- қатынас жасайтын мұғалімдерді жатқызуға болады. Бұл педагогтар оқушылармен жиі кездеседі. Оларға басқарудың демократиялық стилі тән.
2 топқа жататын педагогтар оқушыларға құрметпен қарайды.
Қаншама адам айқын нышанды аңғартып, мұғалімдік мамандыққа үміткер болғанмен, шын мәнінде педагог болып шыға алмайды.
Педагогтың қажетті кәсіби сапаларына еңбек сүйгіштікті, тәртіптілікті, жауапкершілікті, мақсат қоя білу іскерлігін, жетістікке жету жолын таңдай білу, ұйымдастырушылықты, табандылықты, өзінің кәсіби деңгейін арттыруды және т.б. жатқызуға болады.
Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында оқу- тәрбие үрдісінде қолайлы қатынастарды жасауда кәсіби алғы шарттар болып табылатын педагогтің адами қасиеттерінің мәні ерекше. Осындай сапалардың қатарына адамгершілік, қайырымдылық, төзімділік, ұқыптылық, тазалық, жауапкершілік, әділдік, сыншылдық, адамды сыйлау білу, оптимизм, қарым- қатынасқа қажеттілік, өзіне- өзі сыншыл болу, ұстамдылық, принциптілік жатады.
Мұғалімдік мамандықтың тұлғалылық сапаларын кәсіби сапалардан бөліп алып қарауға болмайды. Кәсіби даярлық үрдісінде меңгерілетін арнайы білім, ептілік, ойлау тәсілі, іс- әрекет әдістерін алуға байланысты кәсіби сапаларға мыналар жатады: оқыту пәнін, оқыту пәнінің әдістемесін меңгеру, психологиялық- педагогикалық даярлық, жалпы эрудиция, жан- жақты мәдени ой- өріс, педагогикалық шеберлік, педагогикалық еңбектің психологиясын меңгеру, ұйымдастырушылық ептілігі мен дағдысы, педагогикалық такт, педагогикалық техника, қарым- қатынас технологиясын меңгеру, шешендік өнері және т.б. сапалар.
Мұғалімге қойылатын кәсіби талаптардың жиынтығы педагогикалық қызметке кәсіби даярлығы деп анықталады.
Психологиялық, психофизиологиялық және дене жағынан даярлығы – кәсіби шеберліктің негізі. Кәсіби даярлықтың мазмұңы педагогиканың білім берудің мақсатын бейнелеу професиограмма арқылы сипатталады. Професиограмма дегеніміз белгілі бір мамандыққа қойылатын талаптар мен сапалардың түйіні. Мұғалімнің мамандығы жүзеге асырылады.
Педагог – ғалым Василий Александрович Сухомлинский баланы «табиғат перзенті» деп қарап, өз мектебін «қуаныш мектебі» деп атағаны белгілі. Ол ойлау, табиғат пен тілдесу сабақтарын өткізіп, оқушыларды сұлулықпен жан- жақты ойды түсінуге баулыды. Белгілі ғалым- педагог Ш. Аманошвилидің «Өмір мектебін» еске түсіріп көрейікші. Бұл ғылыми ынтымақтастық педагогикасының негізін қалады.
4. Педагогикалық тәжірибе көпшілік және озат болуы мүмкін. Озат педагогикалық тәжірибе тарихи шектеулі, себебі әр- бір кезеңде материалдық, әдістемелік, маман кадрларға деген және тағы да басқа да мүмкіншіліктерінің кеңеюіне байланысты педагогикалық қызметке жаңа талаптар, озат тәжірибе педагогика ғылымы мен тәжірибенің алтын қорын байытатын жанашылдық элементтерін еңгізеді. Озат педагогикалық тәжірибе көпшілік тәжірибенің негізінде қалыптаса отырып, объективті педагогикалық заңдылықтарды меңгеру денгейін білдіреді.
Озат педагогикалық тәжірибенің түрлеріне жанашылдық және зерттеушілік педагогикалық тәжірибе жатады.
Мұғалімдердің қызметінің екінші инновациялық бағыты психологиялық- педагогикалық зерттеулердің нәтижелерін практикалық педагогикалық қызметке еңгізу.
Зерттеу тәжірибесін еске ала отырып педагогикалық жаңалықтың өлшемдерінің жиынтығын анықтауға болады: жаңалығы, ең тиімділігі, жоғары нәтижелілігі, көпшілік тәжірибеде инновацияны шығармашылықпен қолданудың мүмкіндіктері.
Инновацияның негізгі өлшемі- жаңалығы. Бұл өлшем ғылыми – педагогикалық зерттеулерді сонымен қатар озат педагогикалық тәжірибені бағалауға бірдей қатысы бар.
Педагогикалық іс-әрекет дегеніміз адамзаттың жинақтаған мәдениеті мен тәжірибесін аға ұрпақтан келешек ұрапққа беруге, олардың тұлғалық дамуныа жағдай жасауға және қоғамда белгілі бір рөлдерді орындауға, даярлауға бағытталған әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрін айтады.
Шәкірттерді ұйымдастыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінде мұғалім әр уақытта да олармен өзара қарым-қатынаста болады. Мұғалімнің шәкірттермен қарым-қатынасында ол тек - әлеуметтік қызметті атқарушы ғана емес, сонымен қатар және нақты жеке тұлға ретінде педагогикалық іс-әрекеттің құрамды бөлігі.
Оның оқушылармен қарым-қатынасы тәрбие үрдісін басқарудың өзіндік каналы ретінде іске асады. Екі негізгі қызметті атқарады: ақпарттық және интегративтік-компенсаторлық. Бұл жерде ақпарат екі бағытта жүреді.
Басқару субьектісінен (мұғалім) басқару обьектісіне (оқушыларға) және керісінше, обьектіден субьектіге қарым-қатынас арқылы мұғалім оқушылар туралы ерекше қажетті ақпаратты алып отырады. Қарым-қатынас каналдарында «ақпарттық тасқын» өте көп. Оның шәкіртерге жағымды да, жағымсыз да жақтары бар.
Мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы тәрбиені басқару каналы деп қарастырылып, ол интегративті-компенсаторлық қызметін атқарады. Тәрбиенің үздіксіз үрдіс екені белгілі. Әрбір оқушыға әртүрлі ықпал етеді. Қарым – қатынастың бұл қызметін басқару каналы ретінде іске асыру нақтылы іс-әрекеті, ұжымдағы қарым-қатынас жүйесінің шеңберінде жүріп отырады.
Мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынасы үлкендердің тәрбиелік ықпалының негізгі жолдарының бірі.
Мұғалім оқушыларды негзгі іс-әрекет саласында – мектепте көреді, жолдастары, достары жақсы біледі. Бұл бір жағынан, қарым-қатынас үшін көп көмек береді, екінші жағынан, педагог тарапынан тәрбие мақсаттарына жету үшін көмектеседі, яғни балалармен қарым-қатынас жасай отырып, мұғалім оның өміріндегі көптеген факторларды ескере отырып, соған сәйкес мектеп оқушыларына әсер етеді, күнділкті өмірде пайда болған проблемаларды шешуге көмектеседі.
Психология ғылымының зерттеу жұмыстары көрсеткендей, мұғалімдердің оқушыларды басқарудың жиі кездесетін 5 түрлі силін атап өтуге болады.: автократилық, (өзіндік әміршілдік), авторитарлық, демократиялық, бұрмалаушылық, бірізділік емес.
Өзіндік әміршілдік автократиялық басқару стилінде мұғалім активке сүйенбей, ұжымды бір өзі басқаруды іске асырады. Оқушыларға өз көзқарасын білдіруге, сын-ескертпелер айтуға, ынталық білдіруге, сонымен қатар мәселелерді шешуге қатысуға рұқсат етілмейді,, тыйым салынады. Мұғалім оқушыларға әруақытта да талаптар қойып, оның орындалуын қатаң бақылап отырады.
Авторитарлық басқару стилінде автократиялық басқару стилінің негізгі белгілері тән. Бірақ бұл стиль бойынша ұжым өмірінің мәселелері бойынша талқылауға қатысуға рұқсат етіледі. Әр уақытта шешімді өз ұстанымдарына сәйкес мұғалімнің өзі қабылдайды.
Басқарудың демократиялық стилінде мұғалім ұжымға арқа сүйейді, оқушылардың өз бетімен белсенділігін ынталандырып отырады. Оқушылар ұжым өмірінің проблемаларын талқылайды, ақыр аяғында белгілі талдау жасайды. Бірақ қорытынды шешімді мұғалім қабылдайды. Немесе оны ол мақұлдайды.
Оқушылардың сын-еаскертпелеріне белгілі дәрежеде мұғалімді төзімділік көрсетеді, оларды түсінуге, ішкі жеке бас мәселелеріне үңілуге тырысады.
Басқарудың бұрмалаушылық (игнориющий) стилінде мұғалім оқушылардың өмірі мен іс-әрекетіне мүмкіндігінше тез араласуға ұмтылады, практикалық тұрғыдан оқушыларды басқару ісінен шеттетіледі, өз міндеттері мен әкімшіліктің айтқандарын формальды түрде орындаумен шектеледі.
Бірізділік емес (непоследовательный) басқарудың стиліне тән ерекшелік мұғалім сыртқы жағдайлар мен өзінің эмоционалдық қалпына байланысты жоғарыдағы айтылған басқару стилдерінің кез келгенін іске асырады, ол көп жағдайда мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынас жүйесін түсініспестікке және әртүрлі ситуациялық жағдайларға алып келеді.
Осындай басақару стилі мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынасының барлық жүйесіне із қалдырады.(мұғалім өз оқушыларымен қалай қатынас жасайды.)
Психологтардың зерттеуінің негізінде оқушылармен қарым-қатынас жасау белсенділігіне байланысты шартты түрде мұғалімдерді 4 топқа бөліп қаратыруға болады.
1-топқа балалармен әр уақытта да белсенді қарым-қатынас жасайтын мұғаімдерді жатқызуға болады. Бұл педагогтар оқушылармен жиі кездеседі. Оларға басқарудың демократиялық стилі тән.
2-топқа жататын педагогтар оқушыларға құрметпен қарайды. Қаншама адам айқын нышанды аңғартып мұғалімдік мамандыққа үміткер болғанмен шын мәнінде педагог кәсіби сапаларына еңбек сүйгіштікті , тәртіптілікті, жауапкершілікті, мақсат қоя білу іскерліктерін, жетістікке жету жолын таңдай білу, ұйымдастырушылықты, табандылықты, өзінің кәсіби деңгейін арттыруды және т.б. жатқызуға болады.
Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында оқу-тәрбие үрдісінде қолайлы қатынастарды жасауда кәсіби алғышарттар болып табылатын педагогтің адами қасиеттерінің мәні ерекше. Осындай сапалардың қатарына адамгершіліктің, қаййрымдылықтың, тәзімділік, ұқыптылық, тазалық, сыйлай білу, оптимизм, қарым-қатынасқа қажеттілік, өзіне -өзі сыншыл болу, ұстамдылық, елжандылық принципшілдік жатады.
Мұғалімдік мамандықтың тұлғалылық сапаларын кәсіби сапалардан бөліп алып қарауға болмайды. Кәсіби даярлық үрдісінде меңгерілетін арнайы білім, ептілік, ойлау тәсілін, іс-әрекет әдістерін алуға байланысты кәсіби сапаларға мыналар жатады: оқыту пәнін, оқыту пәнінің әдістемесін меңгеру, психологиялық-педагогикалық даярлық, жалпы эрудиция, жан-жақты мәдени ой-өріс, педагогикалық шеберлігін, педагогикалық такт, педагогикалықтехника, қарым-қатынас технологиясын меңгеру, шешендік өнері және т.б. сапалар.
Мұғалімге қойылатын кәсіби талаптардың жиынтығы педагогикалық қызметке кәсіби дафрлығы деп анықталады. Психологиялық, психофизиологиялық және дене жағынан даярлығы – кәсіби шеберліктің негізі. Кәсіби дафрлықтың мазмұны педагогикалық білім берудің мақсатын бейнелеу профессиограмма арқылы сипатталады. Профессиограмма дегеніміз белгілі бір мамандыққа қойылатын талаптар мен сапалардың тізімі. Мұғалімнің мамандығы жүзеге асырылады.
Педагог ғалым Василий Алексанрович Сухомлинский баланы «табиға перзенті» деп қарап, өз мектебін «Қуаныш мектебі» деп атағаны белгілі. Ол ойлау, табиғатпен тілдісу сабақтарын өткізіп, оқушы ларды сұлулықпен жан-жақты ойды түсінуге баулиды. «Өмір мектебі » еске түсіріп көрейікші Бұл ғылыми ынтымақтастық педагогикасының негізін қалады.
Педагогикалық тәжірибе көпішілк және озат болуы мүмкін. Озат педагогикалық тәжірибе тарихи шектеулі, себебі әрбір кезеңде материалдық, әдістемелік, маман кадрларға деген және тағы да басқа да мүмкіншіліктерінің кеңеюіне байланысты педагогикалық қызметке жаңа талаптар озат тәжірибе педагогика ғылымы мен тәжірибенің алтын қорын байытатын жаңашылдық элементтерін енгізеді. Озат педагогикалық тәжірибе көпшілік тәжірибенің негізінде қалыптаса оиырып, обьективті педагогикалықзаңдылықтарды меңгеру деңгейін білдіреді. Озат педагогикалық тәжірибенің түрлеріне жаңашылдық және зерттеушілік педагогикалық тәжірибе жатады.
Мұғалімдердің қызметінің екінші инновациялық бағыты психологиялық-педагогикалық зерттеулердің нәтижелерін практикалық педагогикалық қызметке енгізу. Зерттеу тәжірибесін еске ала отырып педагогикалық жаңалықтың өлшемдерінің жиынтығын анықтауға болады. Жаңалығы, ең тиімділігі, жоғары нәтижелілігі, көпшілік тәжірибеде инновацияны шығармашылықпен қолданудың мүмкіндіктері.
Инновацияның негізгі өлшемі – жаңалығы. Бұл өлшем ғылыми – педагогикалық зерттеулерді сонымен қатар озат педагогикалық тәжірибені бағалауға бірдей қатысы бар.
Жаңалықтың бірнеше деңгейін қарастыруға болады: абсолюттік, локольдық-абсолюттік, шартты, субьективтік өлшемдер жүйесіне ең тиімді инновациялық әдістер.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі:
Әбиев Ж., Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика. Дарын-2004
Педагогика.Дәріс курсы. Алматы: Нұрлы әлем, 2003
Бегалиев Т. Педагогика. Тараз,2001.
Сиестемин В.А Общая педагогика М 2003
Абай атындағы ҚҰПУ. Педагогика.- Алматы 2003ж.
Дәріс №5
Тақырыбы: Педагогикалық поцестің заңдылықтары
Дәріс мақсаты: біртұтас педагогикалық процестің компоненттері бөліктерінің заңдылықтарының арасындағы байланыстары туралы, оның ішкі қрылымын көрсететін ұғымды қалыптасыру
Педагогика ғылымы өзінің пәнін зерттей отырып, оқыту-тәрбилеу процесінің теориясын жасайды. Теориялық білімге ұғым (категориялар), заңдар, заңдылықтар жатады, оларды зерттеу теорияны жасауға және оқыту – тәрбиелеу жұмысын педагогикалық процесті ұйымдастыру әдістері бағыт береді.
Ұғымдардың көмегімен педагогикалық шындыққа сонымен бірге мұғалімнің іс-әрекетінің, объектісі – біртұтас педагогикалықпроцеске де сипаттма беруге болады. Педагогикалық процестің заңдарын білу мұғалімнің іс-әрекетін ұйымдастыруға жол табға әсер етеді. Заңдылықтар мен принциптер педагогикалық процестің қызметін және оны нақтылы жағдайға сәйкес құрауда болдауға болады.
Жалпы философиялық бағытта «заң универсалының қозғалысындағы мәнді көрсету». Заң сондықтан, мәннің нақтылы дәлірек айтқанда, танымның құрамының бірін көрсетеді, ал ол эмперикалық деңгейден теорияға көуге мүмкіндік береді. Педагогика тәрбие туралы ғылым ретінде дамиды, сол қоғамдық қызметіне сай биологиялық мұра болмайтын, өткен ұрпақтың әлеуметтік тәжірибесінің өсіп келе жатқан мұрагерлерінің меңгеруіне байланысты. Демек, тәрбиенің мәні және оның мақсаты индивидтің, адамның барлық қоғамдық қатынастарының бірлігі ретінлегі қалыптасуы болады. Әлеуметтік тәжірибені меңгеру процесі барысында қалыптасатын қоғамдық болмыстың барлық жақтарымен қатынастары. Осыдан педагогикалық процестің мынадай заңдары болуы мүмкін:
бала өткен ұрпақтың әлеуметтік тәжірибелерінің мұрагерлері тек қана өзінің белсенді творчестволық шығармаышылық іс-әрекетінің арқасында ғана бола алады;
индивидтің өзін жүзеге асыра алатын және өз орнын таба алуға дайын белгілі бір әлеуметтік – азаматтық дәрежесі бар барлық қоғамдық қатынастарының бірлігі тұлға ретінде дамуы, әлеуметтену процесі барысында, әлеуметтік белсенділік кеңістігінің бірте-бірте кеңеюі барысында жүзеге асады;
ұстадар мен оқушыларды біріктіретін ұйымдастырылған бірлесіп бөлінген іс-әрекеттерді педагогикалық процесс қатысушылардың әрбіріне және барлығына жетістіктер мен қамтамасыз етеді.
Педагогикалық процестің заңдылықтары ол оның мәндік еркшеліктері демек ол тұтастықта да және жеке бөліктерде өзін көрсетеді. Бірақ, педагогикалық процестегі өзгерістерін реттеу нег сүйенгендігін білу үшін құбылыстардың, бөліәктердің, процестердің элементтердің қалай өзара байланысқанын, қалай заңдар, заңдылықтарда көрінетінін түсіну қажет Бірақта ең алдымен, мына сұраққа жауап беру алдында педагогикалық процестің бөліктері мен құрылымының ерекшеліктері неде ген ұғымды түсіну керек.
Мұғалімді дайындау сапасы біртұтас педагогикалық процестің әртүрлі жақтары, қасиеттерімен сапалары туралы теориялық білімдер жайында және міндеттерге қатысы бар аумағы кең кәсіби міндеттерді қолдануға дайындығынан көрінеді. Қандай да болмасын қиыншылытарды кәсіби міндеттерді шешуде маман еңбек процесіндегі әртүрлі элементтер, бөліктер арасындағы байланыстылықты анықтай отырып, оның жалпы құрылымын көре алады деген сөз. Мұғалім үшін бұның маңыздылығы біртұтас педагогикалық поцестің жүйелі – құрылымдық сипаттау алда болатын іс-әрекеттің ойша моделін жасауға нақтылы жағдайды ескере отырып, «ұстаздар- оқушылар» жүйесінің жағдайының дамуын болжауға мүмкіндік беретіндігімен анықталады.
Педагогикалық процестің ерекшеліктері оның құрамындағы бөліктердің ішкі байланыстарымен көрінеді. Процесс (латынның processus - қозғалыс) алға басу 1)жағдай; 2) белгілі бір нәтижеге жетудегі бір ізді әрекеттердің бірлігін білдіреді. Көрсетілген «процесс» деген ұғымның мағынасы «ұстаздар-оқушылар» жүйесіндегі түпкі мақсатқа бірізді әректтер бірліктері арқылы жету ұстаздан қандай нақтылы жағдайды өзгрту және осыан сәйкес қандай әрекет істеу керектігін білу керек. Бұл сұрақтарға жауап өз тарапынан сол байланыстармен оның болатын, өз арасындағы бар байланыстарымен және мұғалімнің педагогикалық процестің бөліктері мен құрылымын білуге тікелей байлансты болатын заңдылықтарымен байланысты.
Педагогикалық процестің заңдылықтары қандай да болмасын мұғалімнің жұмысындағы ұқсас жағдайларда байқалатын себеп–салдар детерминалды жалпылықпен сипатталады заңдылықтар объективті осы процеске қатысуышылардан- олардың ұнамды көңіл күйініңтілектеріне тәуелсіз.
Педагогикалық ғылымда ХХ ғасырдың 20-ы жылдарында тәрбиенің заңдылықтары, зерттеле бастады (Гончаров Н.К., Колашников А.Г., Грехтенберг С.В.). Біршама кейін педагогикалық процестің оқудан тыс уақыттарды (заңдылықтарды зерттеуді), (Болдыров Н.И., Щукина Г.И., Петухов Н.Н.) және оқу процесінің (Загвязинский В.И.). ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында пайда болған жұмыстарда толық шолу жасаған (И..Данилов, Ю.К:Бабанский, Б.Т.Лихачев, В.А.Сластенин).
Педагогикалық процестің заңдылықтары дегенміз «ұстаздар - оқушылар» жүйе байланысын көрсету болады: жүйенің өзінің ішіндегі кебір жеке қосымша жүйелердің және сыртқы басқа одан жоғары сатыдағы жүйелер (мектептіқоршаған әлеуметтік орта, қоғам). Көрсетілген себеп бойынша педагогикалық процестің қызмет істеуінің ерекшелігін жағдай, байланыс, қатынас көрсететін процестің қасиеті мен оның сапасын, жзаңдылықтары анықтайды.
Сондықтан педагогиалық процестің мынадай заңдылықтары болады:
оқу орнының педагогикалық процесі қоғамның әлеуметтік экономикалық қажеттілігін сай болады;
педагогикалық процестің мақсатқа бағытылығы қоғамның мақсатын көрсетеді, ол әлеуметтік тапсырыс ретіндегі, білім беру заңдары арқылы талап етіледі.
педагогикалық процесс екі жақты процесс, ол ұстаздармен оқушылардың өзара тәрбиешілердің әрекетімен байланысты, міндетті түрдегі, екі жақты іс-әрекет;
оқушылардың творчестволық белсенділігі мұғалімнің мұқият ойластырылған және ұйымдастырылған іс-әрекетінің нәтижесі;
педагоикалық процестің қызметі оның жасауымен ұйымдастырудың оқушылар коллективі, сонымен қатар жеке оқушылардың жас ерекшеліктері мен даму деңгейіне сай келуіне байланысты;
педагогикалық пройесс бөліктерінің мағынасы маңыздылығы әртүрлі, олардың бір-біріне бағыныштылығы мен бір-біріне әсері бар;
педагогикалық процесс ішіндегі қосымша жүйелердің ортасы мен өзара қиылысқан бағыттарының әсері көптеген факторларды тудырады, соның ықпалы негізінде ең ақырғы нәтиже қалыптасады. Заңдылықтар педагогикалық процестің ішкі және сыртқы байланыстарын көрсетеді, олар өз арасында жеткілікті дәрежедегі крделі байланыстарын құрайды. Сондықтан, егре ұстаз нақтылы педагогикалық процесс негізгі жағдайда заңдар мен заңдылықтарды ескермей ұйымдастырса, ұл ең ақырында оқу-тәрие жұмысының сапасынан бағалауына әкеледі.
Барлық педагогикалық процестің заңдары мен заңдылықтарын айқындалғандары ескере отырып, баланың тұлға ретінде дамуының тиімді жағдайын нақтылы әлеуметтік-экономикалық жағдайларда өзіндік дамыту және өз орнын таба алу қабілетін қамтамасыз еткізетін мұғалімнің басшылыққа алуға тиісті сол анықтамаларды принциптері
Принциптер мұғалімнің іс-әрекетін ұйымдастыруға қойған негізі талаптар болып есептеледі, олар тұрақты нысаналар болып және педагогикалық поцестің қызмет істеуінде творчестволық ықпал көрінеді. Негізінен принциптерде педагогикалық процестің заңдары мен заңдылықтары жүзеге асады. Бұл мұғалімнің теориядан практикалық әрекетке көшуі болады:
педагогикалық процестің ізеттілігі, тұлғалық нысандық бағыттылығы;
іс-әрекеттің санамен мінез-құлық бірлігін қалыптастыруға бағыттылығы;
педагогикалық процестегі іс-әрекеттерді оқушылар тұлғасын дамытудың көкейкесті қажетілігін ескере отырып ұйымдастыру;
педагогикалық талап қоюшылықты оқушының көзқарасын оны адамдарға, құбылыстарға, процестерге қарым-қатынасын сыйлаумен ұйымдастыру;
оқушы мен ұжымының дамуында жеке даралықты (индвидуалдық) психологиялық физиологиялықты жас ерекшелік пен ұлттық ерекшеліктерді ескеру;
педагогикалық басшылықтыоқушылардың инциативасымен, қайраткерлігімен ұластыру;
оқушылардың іс-әрекеттерде тиімді нәтижелерге жетуге көмектеседі;
ұстаздардың,оқушылар ұжымының және отбасыларының оушыларға қоятын талаптарының үйлесімділігі;
әрбір бала үшін тиімді психологиялық ахуалдың әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
оқушы тұлғасы мен ұжымның дамуындағы жаңа құрылымды .үздіксіз бақылау.
Заңдар, заңдылықтар және педагогикалық процесті ұйымдастыру принциптері өзара байланыста болуы мүмкін. Бұл өзара байланыстылықты процестің мәніен оғын қатысушылардың практикалық әрекеттерінен көрінеді, ал педагогикалық процестегі мұғалімдер мен оқушылардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру моделі ретінде ұсынылуы мүмкін.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі:
СейталиевҚ.Б Тәрбие теориясы. Алматы 1986ж
Қалиев С.,Майғаранова Ш.,Г.Нысанбаева. Тәрбие хрестомасиясы. Алматы,2001
Вульфов Б.З. Семь парадоксов воспитания. М., 1994
Воспитание сознательной дисциплины и культуры поведения школьников (сост. Бобков Ф.А. под ред.Марьенко И.С. М., 1982)
Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім тәрбиесі. Алматы, 1990
Маленьков Л.И.Воспитание в современной школе. М., 1999
Дәріс №6
Тақырыбы: Дүнитаным жеке тұлғаны қалыптастырудың өзегі ретінде.
Дәріс мақсаты: дүниетаным қалыптасуының теориялық әдіснамалық және психологиялық нездерін, оның индивидтің қызмет-әрекетіндегі орнын айқындау
Дүниетанымның қалыптасуы – күрделі әлеуметтік-педагогикалық мәселе. Педагогика тарихы мен мектеп тәжірибесінде бұл мәселені шешудің үлкен және құнды тәжірибесі жинақталған. Жеке тұлғаның, оның ішінде оқушы жастардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы теориялық және тәжірибелік тұрғыдан көкейкесті мәселеге айналуда.
Дүниетанымның қалыптасу процесі көп қырлы, сондықтан педагогикалық ғылымда бұл ұғымға байланысты әр түрлі көзқарастар бар. Дүниетаным – бұл ақиқатты дүниеге және ондағы алар орнына, оны қоршаған болмысына және өз-өзіне қатынасына деген көзқарастар жүйесі, сонымен қатар, адамдардың осы көзқарастар арқылы қалыптасқан негізгі өмірлік ұстанымдары, наным-сенімдері, мақсат-мұраттары, таным мен қызмет приниптері, құндылық бағыттары. Әлеуметік топ пен жеке тұлға дниетанымының субъектісі болып есептеледі. Дүниетаным қоғамдық және жеке адам санасының ұйытқысы болып табылады. Дүниетанымды қалыптасыру – тек жеке тұлғаның ғана емес, сонымен қатар белгілі бір әлеуметтік топтың, қоғамдық таптың және оның партияларының жетілуінің елеулі көрсеткіші.
Дүниетаным – дүниенің, адамның, қоғамның бейнеленуі, оны жалпы түсіну және олармен адамның әлеуметтік-саяси, философиялық, адамгершілік, эстетикалық, ғылыми-теориялық, құндылық. Дүниетаным болмысты тану әдісі бола отырып, адамдардың іс-әрекетінің ерекшелігін анықтайтын өмір принциптерінен тұрады.
Дүниетаным дегеніміз – дүниеге деген нақты-тарихи маңызы бар көзқарастың, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарына, өмірдің әлеуметтік – экономикалық құрылысына, адамның белсенді өмір көзқарастарын анықтайтын қоғамдық-саяси қатынастар жүйесіне қатысты ғылыми негізделген сенімдердің органикалық бірлігі, тұтастығы.
Ғылыми дүниетаным – қоғамдық сананың ең жалпы, ең жоғарғы формасы. Табиғат, қоғам, ой дамуының мәні мен заңдылықтарна түсінік беретін дүниетанымдық идеялар жиынтығы оқушы санасында көзқарас, сенім, ойлау-болжам, аксиома, әр түрлі табиғи және қоғамдық процестер мен құбылыстар түсіндірмесінің ғылыми негізін құрайтын кез-келген ғылымның жетекші идеялары мен негізгі ұғымдары ретінде қалыптасады.
Дүниетаным негізінде дүниеге көзқарас, яғни дүние туралы белгілі бір білімдердің жиынтығы жатыр. Дүниетаным түрлі білімдерді игеру процеснің нәтижесінде ғана емес, сонымен қатар күнделікті көзқарастарды меңгеру нәтижесінде де қалыптасады. Қоғамның жаңаруы, қоғамдық білім және жаратылыыстану ғылымдарының дамуы нәтижесінде жетіледі. Жаңа ғылыми фактілер, қоғамдық білім мен жаратылыстану ғылымдарының жаңалықтары, өмірді жаңартудың жаңа қоғамдық тәжірибесі қалыптасқан көзқарастар мен ойлау стереотиптерін толықтырып, нақытылай түседі, өзгереді.
Тұтас-психикалық білім ретінде дүниетаным – күрделі де көпаспектілі құрылым. Оның ұйтқысы – теоретикалық ойлау, жоғары интелектуалды сезімдерді білдіру, саналы мақсатты ерік-жігердің дамыған қабілеттілігімен үйлесімді көзқарастар мен сенімдер. Көзқарастар – адамның идеясы, білімдер, теориялық тұжырымдар мен болжамдар ретінде қабылдауы. Олар табиғат пен қоғам құбылыстарын түсіндіріп, адамның бағыт-бағдары қызметін атқарады. Әрбір адамның дүниетанымдық көзқарастары ұзақ та күрделі иинтеллектуалды қызмет-әрекет нәтижесінде қалыптасады. Ал көзқарастар болса оның рухани мәдениетінің негізін құрап, оның «Мен» деген сезімінің мәнісін ашып, оның өмірлік ұстанымдарын, ар-ұятын анықтайтын. Сенім – көзқарастардың сапа жағынан мейлінше жоғары күйі. Сенім білім сияқты объективті шындықтың субъективті көрінісі, адамдардың коллективті индивидуалдық тәжірибесін меңгергенінің нәтижесі. Сенім – жеке тұлғаның өз құндылық бағыттары мен көзқарастарына сәйкес қызмет-әрекет етуге итермелейтін саналы қажеттігі.
Қажымас ерік-жігер – дүниетанымның маңызды элементі. Сенім адамды іс-әркетке итермелейді. Ғылыми дүниетаным теориялық санамен шектеліп қана қоймай, тәжірибеде сана мен жігерді іс-әрекетпен біріктіреді. Дүниетаным элементі ретінде теориялық ойлау дегеніміз – адамның білімдерді, болмыстың құбылстарыншығармашылық түрде түсініп-ұғыну, дүниетанымды мейлінше жетілдіру, ерік-жігерді сенімді іске асыруға бағыттаудың қабілеті.
Арман-мұрат - өмірлік мақсаттар ретінде дүниетанымның ең маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Сананың мазмұны сенім сипатына ие болған жағдайда дүниетанымға айналады. Адамның дүниетанымы көбінесе оның тікелецй өмірлік тәжірибесіне негізделеді.
Балаң жастық – дүниетанымның қалыптасуындағы шешуші кезең. Әлбетте дүниеге көзқарастың негіздері анағұрлым ерте, балалық кезден қаланады. Мұның өзі белгілі бір адамгершілік әдеттерді, нұсқауларды жағымды, жағымсыз жайларды іс жүзінде меңгеруден басталады, бұлар кейіннен ұғынылып, мінез-құлықтың белгілі бір нормалары мен принциптеріне айналады. Алайда адам дамуының біршама жоғары сатысында ғана онда бұл принциптерді белгілі бір тұтас жүйеге жинақтау қажеттігі келіп шығады;ол оған айналасындағы дүниені түсініп қана қоймай, оны бағалауға, оған деген өз қатынасын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл дүниетанымдық ізденістер айналадағы дүниенің қайсібір жағын немесе өзінің мінез-құлқын болсын біршама асыра бағалаумен қатар жүреді.
Дүниетаным қалыптасуының бірінші көрсеткіші – дүниенің неғұрлым жалпы принциптеріне, табиғат пен адам болмысының әмбебап заңдарын танып білуге болса да, жоғары класс оқушыларын да бұл кезде қалыптасқан бытыраңқы мәліметтер мен факторлардың жиынтығын қорытуды барынша қажетсінушілік болады. Қоғамтану сабақтары, сондай-ақ философия жөніндегі факультативтік сабақтар немесе үйірмелер мұндай бір жүйеге келтіруді едәуір оңайлатады.
Дүниеге көзқарасты қалыптастыру танымдық белсенділікке барып сыймайды. Бұл процесс көбіне өмірдің мәні туралы сұрақтың төңірегіне тостасатын түбегейлі әлеуметтік адамгершілік проблемаларды шешу басты орын алады. Бұл сұрақ әдетте жалпыға ортақ, әмбебап формуланы талап ету сияқты жалпы түрінде қалыптасады. Бірақ іс жүзінде жас өспірім биологиялық немесе әлеуметтік эволюцияның жалпы бағыты қандай деген сұраққа ғана емес және бұл сұрақтан гөрі өзінің өмірін қоғамдық маңызы бар мазмұнмен қалай толықтыру керек деген сұраққа жауап іздейді. Нақ осы себептен өмірдің мәні туралы мәселе осындай интимдік әрі эмоциялық маңыз алады және оған дайын жауап болмайды.
Жалпы дүниетанымдық ізденістер өмірлік жоспарларда орнығып, нақтыланады. Жеткіншектердің өмірлік жоспарлары көбіне әлі бұлыңғыр болады. Және дүниесінен әлі бөлінбеген. Жеткіншек өзін алуан түрлі рөлдерде қиялдап елестетеді, олардың тартымдылық дәрежелерін салыстырып өлшейді, бірақ өзі үшін бірдеңені біржолата таңдап алуға батылы бармайды. Жас өспірім неғұрлым есейген сайын таңдау қажеттілігі соғұрлым күшейе түседі. Ойдағы, қиялдағы немесе абстрактілік көптеген мүмкіндіктердің ішінен неғұрлым шынайы әрі қабылдауға келетін бірнеше вариант біртіндеп тұлғаланып, осылардың арасынан біреуін таңдау керек болады.
Өмірлік жоспар – кең ұғым. Ол өзін жекелей анықтаудың бүкіл саласын – моральдық бейнені, өмір стилін, талап-тілектер деңгейін, шұғылданатын істерді т.б. қамтиды. Көп жайлардың тек жалпы түрде ғана тұлғаланатыны түсінікті. Жоғары кластағылар үшін кәсіп таңдау ең маңызды, шұғыл әрі қиын іске айналады. Психологиялық тұрғыдан болашаққа ұмтылған және тіпті кейбір аяқталмаған кезеңдерден ойша «секіріп те кетуге» бейім жас өспірім іштей мектепті енді ауырлай бастайды; мектептегі өмір оған уақытша, нағыз өмір емес, өзін әрі тартып, әрі біраз жүрексіндіретін басқа бай және шынайы өмірдің босағасы секілдіт көрінеді. Ол болашақ бұл өмірдің ең алдымен кәсіпті дұрыс таңдап алуына байланысты екендігін жақсы түсінеді. Жас өспірім қаншалық жеңілтек және бейқам болып көрінгенімен, кәсіп таңдау – оның басты және тұрақты қамы.
Бірақ жас өспірімнің өзін қызықтырған ммандықтардың нақты қасиеттерін, оның жұмыс істейтін кісілерге қандай талаптар қоятынын және өзінің потенциалдық үмкіндіктерін әлі нашар білетіні қиындық келтіреді. Осыдан барып әлеуметтік және психологиялық тұрғыдан бірқатар қайшылықтар туады. Социологиялық анкеталардың белгілі бір кәсіптердің тартымдылық себептері туралы сұрақтарына жауап бергенде жас өспірім жігіттер мен қыздар бірінші орынға еңбектің творчестволық сипатын, екінші орынға кәсіптің қоғамдық маңыздылығын және үшінші орынға жалақының мөлшерін қояды. Бірақ оларға кәсіптің «творчестволық сипаты» болып көрінетін нәрсе іс жүзінде оның қоғамдық пікірдегі дәстүрлі беделінің бейнеленуі ғана болады. Атап айтқанда қызмет көрсету саласының кейбір кәсіптеріне әдетте көптеген жігіттер мен қыздардың менсінбей-жақтырмай қарайтыны кейбір ересектердің нақ сондай көзқарасын қайталау ғана. Орта мектептерді бітірушілердің көбі жоғары оқу орындарына түсуге және жалпы алғанда «интелект» кәсіптерге бағдарланады. Бірақ елімізге ғалымдар мен инженерлер ғана емес, маман жұмысшылар, шебер малшылар, кең профилді механизатор тракторшылар да керек. Осының өзінде алғашқыларынан гөрі соңғылары анағұрлым көбірек керек. Кәсіптік бірегейлігі оның кең тарауына кері қатынаста болады және мұның өзі кәсіптік беделділігімен бейнеленеді.
Жас өспірім жігіттер мен қыздар – тәрбиелеудің енжар обьектісі емес, өздерінің өмірін, сонымен бірге біздің коммунистік болашағымызды белсене құратын творчестволық адамдар. Олар барлық сүйініш-күйініштерімен қоса ересектер өміріне қосылып есейе береді. Ұрпақтар эстафетасы ең алдымен жастарды қоғамның бүгінгі нақты проблемаларына оларды жеңілдетпей, жұмсартпай ортақтастыруда. Жас өспірімдерге өздеріне жинақтаған білімі мен тәжірибесін беретін аға ұрпақтың көмегі мен басшылығы қажет және әрқашан жа қажет бола бермек. Тәрбие жұмысы жастардың ерекшелігін неғұрлым толық ескеріп, олардың ұмтылысы мен белсенділігіне сүйенетін болса, соғұрлым пәрменді болады. Өйткені В.И.Лениннің жазғанындай, «Жастар толық дербес болмайынша өздерін жақсы социалистер етіп даярлай да алмайды, социализмді ілгері бастыра беруге әзірлене де алмайды».
Қолданылатын әдебиеттер тізімі:
Абай атындағы ҚҰПУ. Педагогика.- Алматы 2003ж.
Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2000
Әбиев Ж., Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика. Дарын-2004
Педагогика.Дәріс курсы. Алматы: Нұрлы әлем, 2003
Бегалиев Т. Педагогика. Тараз,2001.
Сиестемин В.А Общая педагогика М 2003
Дәріс № 7
Тақырыбы: Тұтас педагогикалық процестегі тәрбие әдістерінің формасы мен құралдарының жүйесі
Дәріс мақсаты: Педагогикалық процестің қозғаушы күші ретінде тәрбиенің формалары мен әдістері жүйсінің мәнін ашу.
Мектеп пен жанұяның педагогикалық процесінде оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру жүзеге асады. Педагогикалық процесті сауатты ұйымдастыру үшін мұғалім оның теориялық негіздерін түсініп, оның мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын, формалары мен әдістерін, тәсілдерін ажырата алуы қажет. Формалар мен әдістер педагогмкалық процеске қатысушылардың іс-әрекетінің қозғаушы күші болып табылады, соынң арқасында жеке тұлғаныңқалыптасуы жүзеге асады. (Н.Д.Хмель).
Педагогикалық ықпал ету тәсілдері дегеніміз – жееке тұлғаның қоршаған ортамен мақсатты әрекеттестігін ұйыдастыруға жағдай жасау. Сондықтан педагогикалық процесте жеке тұлғаның әрекеттестік жасайтын ортасы (табиғи, әлеуметтік, материалдық, рухани) және осы әрекеттестікті ұйымдастыратын іс-әрекеттің түрлері қарым-қатынас, таным, ойын, еңбек, сабақ т.б.) жатады.
Педагогикалық процеске қатысушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасы педагогикалық ықпал ету арқылы жүзеге асады. Оқу-тәрбие процеснің субъектіәлері әрекеттестігінің формалары мен әдіс- тәсілдер арқылы шешілетін білгілі бір мақсаттары мен міндеттері, тиісті мазмұны бар, лоикалық тұрғыдан аяқтаған, белгілі бір уақыт аралығындағы педагогикалық процесс.
Ұйымдастыру формалары тұтас педагогикалық процеске қатысушылардың қарым-қатынасы мен әрекеттестігінің тәсілі ретінде де қарастырылады. Педагогикалық поцестің ұйымдастыру формаларын былай жіктеуге болады:
қатысушылар құрамы (жеке даралық, шағын топтық топтық, ұжымдық, жаппай);
тұтас педагогикалық процестің оқу жұмысында қолданылуы;
таным іс-әрекеттің сыныпта және сыныптан тыс уақыттағы байланысы (сабақ, семинар факультатив, экскурсия т.б);
оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекеті кезіндегі өзара әрекеттестігі (ертеңгілік, пәндік кеш, конференция, олимпиада т.б.).
Тұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру формалары әдістер мен әдітемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады. Тәрбие әдістері дегеніміз – тәрбие мақсат-міндеттерін шешуге бағытталған тәрбиеші мен оушының өзара байланысты іс-әрекеті. Педагогикалық процеске қатысушылардың тәрбие мақсаттарына бағытталған оқушыларды белсенді іс-әрекетін ынталандырудың тәілдері мен нақты әрекеті. Әдіс-тәсіл деген де ұғым бар. Әдістемелік тәсіл дегеніміз әдістің жеке көрінісі. әдіске қарағанда ол бағыныңқы сипатта болады.
Формалар, әдістер, тәсілдер сияқты ұғымдар шынайы педагогикалық процесте өзара тығыз байланыста болады. Біріншіден,олар бір-біріне тәуелді (формалар мен әдістер, тәсілдер арқылы жүзеге асады); екінші, күнделікті тәжірибеде олардың арасында белгілі бір айырмашылық жоқ. Тәрбие әдістері мен тәсілдері әрдайым бірін-бірі алмастырып отырады: кей жағдайларда әдіс тәсілге айналады.
Педагогикалық процестің қозғаушы күші ретінде формалар мен әдістер сыныпта және сыныптан тыс уақытта қолданылуына байлынысты өз ерекшеліктері бар. Таным оқу процесіндегі негізгі іс-әрекет болып табылады. Сондай-ақ, қуда іс-әрекеттің басқа түрлері де (ойын, қарым-қатынас еңбек т.б) қолданыалды.
Сабақ оқуды ұйымдастырудың басты формасы. Соңғы жылдардағы педагогика технологияларының дамуы оқыту формаларын айтарлықтай молайтуда; конференциялар, ғылыми айтыстар, оқуға байланысты кездесулер, пікірталастар кеңінен қолданылуда.
Оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекетін ұйымдастыруда оқыту мен тәрбиенің барлық амалдары, формалары мен әдістері қолданылуда. Алайда, бұл ретте іс-әрекеттің барлық түрерін кеңінен қолданылады: танымдық (үйірмелер, факультативтер оқушылардың ғылыми қоғамдыстықтары), еңбек (өз өзіне қызмет ету, еңбек десанттары, әртүрлі мектеп бизнесі), ойын (танымдық, спорттық, іскерлік), эстетикалық (студиялар, мектеп театрлары, фестивальдар). Іс-әрекеттің барлық түрлері қарым-қатына арқылы жүзеге асады. Бұл іс-әрекеттер барысында мұғалім оқушылардың санасы, сезімі мен ерік-жігерінің қалыптасуцына, олардың мінез-құлқы мен тіршілік әрекетін ұйымдастыруға әсер ететін тәрбие әдістерін қолданады.
Тәрбие әдістері, әсіресе ынталандыру әдістері. Сыныптан тыс жұмыспен қоса оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруда да кеңінен қолданылады. Олар оқушылардың танымдық тілек-қалаулары мен қажеттіліктерінің дамуына әсер етеді. Оқыту әдістері ақпаратты игеруге, жалпы оқу және арнайы сипатағы білік пен дағдыларды қалыптасыруға бағытталған.
Оқыту мен тәрбие әдістері, өзінің арнайы қызметтері бола тұра, тұтас педагогикалық процеске біпрлікте қолданылады. Тәрбие әдістерінің жіктелуі. Педагогикалық әдебеттер мен тәжірибеде тәрбие әдістерінің көптеген түрлерінің сипатттамасын кездестіруге болады. Тәжірибеде мақсат пен нақты жағдайларға сай әдістерді таңдап алу қиын. Сондықтан оларды тәртіпке кельіру, яғни жіктеу қажет.
Жіктеу – арнайы белгілері арқылы құрастырылған жүйе. Әдістерді жіктеу олардың жалпы және өзіне тән, маңызды мен кездейсоқ, теориялық пен тәжірибелік жақтарын анықтауға көмектесіп, оларды дұрыс таңдап, нәтижелі қолдануға әсер етеді.
Жіктеуге сүйене отырып, мұғалім әдістер жүйесін түсініп қана қоймай, әртүрлі әдістер мен олардың түрлерінің қызметі мен өзіне тән ерекшеліктерін де жете түсінеді. Бала тәрбиелеу оның дүниеге ккелген сәтінен басталады. Әдет, мінез-құлықтың белгілі бір түрі – оқушылар тәрбиесінің нәтижесі. Жеке тұлғаның тәрбиелілігі оның түсініктері мен сенімдерінен басқа нақты істері мен әрекеттері арқылы көрінеді. Сондықтан іс-әрекетті ұйымдастыру мен қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру тәрбиелік процестің өзегі болып есептелінеді.
А.С.Макаренко айтқандай, тәрбиешінің іс-әрекеті дегеніміз, ең алдымен, ұйымдастырушылық іс-әрекет. Әдістердің осы тобы арқылы оқушылар өмірін мнез-құлық, қатынастар, қарым-қатынастар тәжірибесін біртіндеп жинала бастайтындай етіп ұйымдастыруға болады. Бұл іс-әрекет арқылы әдеттер қалыптасып, жағымды мотивтер дамиды. Оқушылардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру пайдалы істер арқылы жүзеге асады, ол істер барысында оқушылар басқа адамдармен (мұғалімдермен, өзінің құрдастарымен) жан-жақты қатынасқа түседі. Басқа адамдармен ұжымдық қатынас барысында пайда болатын жағдайлар белгілі бір әрекетке, мінез-құлықтың белгілібір бағытын таңдауға әкеліп, тұрақты әдеттерді қалыптастырады.
Мадақтау мен жазалау – басты ынталандыру әдістері. Мадақтауды оқушылардың жағымды әрекетерін қолдау үшін қолданылады. Оқушының басқалар елеп мадақтаған жетістіктері қанағаттану, қуаныш сезімін оятып, оның іс-әрекетіне дем береді. Мадақтаудың көп түрі бар: мақұлдау, мадақтау, алғыс, құрметке бөлеу, грамотамен, сыйлықтармен марапаттау.
Тәрбие әдістерінің ең көнелерінің ішіндегі жазалау – кеңінен танымал әрі өте қиын әдіс. Қазіргі педагогика мен тәжірибеде оқушыларды жазалаудың мақсаттылығы туралы әртүрлі қарама-қайшылық пікірлер бар: жазалаусыз тәрбиеден бастап олардың күрделі түрлерін қолдануға дейін. Қазіргі бастап олардың күрделі түрлерін қолдануға дейін. Қазіргі мектептерде мұғалім мен оқушылар арасындағы қатынастың демократиялануы мен адамгершілікке негізделуі кезінде жазалауды қолдану мәселесі шиеленісуде.
Тәрбиенің түрлері мен әдістері өте көп, бірақ оларды тиімді қолдана алу да қажет. Педагогикалық тәсілдерді таңдау шарттары:
қазіргі тәрбиенің мақсаты мен міндеттеріне сай болу;
оқушылардың тәрбиелік деңгейі;
тәрбиенің жағдайлары мен шарттары;
оқушылар ұжымыны қалыптасу деңгейі;
тәрбиелік ықпал етудің түрлері мен әдістерінің өзара байлансы мен жүйесі.
Тәрбиенің түрлері мен әдістерін қолданудың арнайы педагогикалық ұсыныстары жоқ. Педагогикалық процестегі әртүрлі жағдайларды шешудің тура ережелері жоқ, өткені әрбір оқушының, әрбір ұжымның өзіне ғана тән ерекшелігі бар. «Ешқандай педагогикалық амал-тәсілді, тіптен жалпы қабылданған деп есептелінетін сендіру, түсіндіру, әңгіме-сұқбат, көпшілік ықпалын толығымен пайдалы деп айтуға болмайды. Ең жақсы деген амал-тәсіл кей жағдайларда міндетті түрде ең нашар болып шығады» (А.С.Макаренко).
Қолданылатын әдебиеттер тізімі:
Әбиев Ж., Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика. Дарын-2004
Педагогика.Дәріс курсы. Алматы: Нұрлы әлем, 2003
Бегалиев Т. Педагогика. Тараз,2001.
Сиестемин В.А Общая педагогика М 2003
Абай атындағы ҚҰПУ. Педагогика.- Алматы 2003ж.
Дәріс № 8
Тақырыбы: Педагогикалық процестегі мұғалім мен балалар ұжымының өзара ықпалдастығы және өзара байланысы.
Мақсаты: педагогикалық процестегі мұғалім мен балалар ұжымының өзара ықпалдастығының ғылыми негіздеріне сипаттама беру.
Жоспар: 1. Балалар ұжымы және оның даму кезеңдері.
2. Балалар ұжымымен жұмыстар жүргізудегі мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттері.
3.Балалар ұжымының жағдайын зерделеу әдістемесі.
Негізгі ұғымдар: ұжым, балалар ұжымы, балалар ұжымының даму кезеңдері мен заңдары, оқушылардың өзіндерін-өздері басқаруы, оқушы ұжымының қалыптасуының диагностикасы.
Пәнаралық байланыстар: философия, әлеуметтік философия, әлеуметтану, мәдениеттану.
Балалар ұжымы және оның даму кезеңдері. Жеке тұлға және ұжым проблемаларымен философтар, әлеуметтанушылар, әлеуметтік психологтар, педагогтар айналысуда. Бұл аталған проблемалардың педагогикалық ғылым мен практиканың шеңберінен шығып кеткенін дәлелдеді. Ұжымның педагогикалық теориясын дамытуға П.П.Блонский, Л.С.Выгодский, Н.К.Крупская, П.Н.Лепеншинский, В.И. Сорока-Росинский, С.Т.Шаций және т.б. өз үлестерін қосты.
Ұжымдағы жеке тұлға теориясын құрудың негізі А.С.Макаренко еңбектерінде жатыр.Ол ұжымда жеке тұлғаны тәрбиелеудің басты нәтижесі оның қоғамдық бағыттылығы деп есептеледі. А.С. Макаренко ұжымның басты белгілерін нақты тұжырымдап берді: ұжым-басқа ұжыммен органикалық байланыста болатын қоғамның бір бөлігі, қоғамдық маңызы бар мақсаттың болуы. Ұжым мүшелерінің қызметтерін ұйымдастыру, ұжым мүшелері арасындағы өзара жауапкершілікті қарым-қатынас орнату, өзін-өзі бақару органдарының болуы.
Мектептің балалар ұжымы алғашқы ұжымдардан тұрады, осы алғашқы ұжымда-ақ балалар жалпы мақсатын жүзеге асыруға бірігіп қатыса отырып бір-бірімен жақын араласа бастайды. Онда балалардың мүмкіндіктеріне, қызығушылықтарына, қабілеттеріне, құрбыларына деген қарым-қатынастарына қарай әрқайсысының белсендіруге жағдай жасалады. Сонымен бірге бұл ұжым өзінің тар мағынадағы мүдделерімен ғана шектеліп қалмай болашақ жоспарларын күрделендіріп, мүдделерін кеңейтуі тиіс. Бұл тек алғашқы ұжымдарды қоғаммен байланыстырғандай ұжым аралық байланыс жасау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Ұжым проблемасын зерттеушілер қазір оның зерделеудің әртүрлі әдіс-тәсілдерін жасауда. Л.И. Новикова әрбір баланың тұлғалық қасиеттерін дамыту құралы ретінде балалар ұжымын дамытудың барынша тиімді жолдарын зерттеуде. Т.Е.Конникова ұсынған ғылыми бағыт ұжымының басты қызметін оқушының құлықтық дамумен байланыстырады. Р.С. Немов, А.Г. Кирпчик өз жұмыстарында балалар ұжымының қызметін жүйелі бағалауға мән береді.
Ұжымды қалыптастыру барысында оларға қойылатын талаптардан бөлек оның жеке кезеңдерін (А.С.Макаренко бойынша «сатыларын») бөліп көрсетуге болады. Әрине, осы кезеңдердің арасын нақты уақытша бөлімдерге бөлуге болады, өйткені олардың арасында ешқандай шекара жоқ, солай бола тұрса да ұжымды дамытудың үш кезеңінің барлығын педагогтардың дұрыс меңгеруі олардың өздеріне оқушы ұжымын қалыптастыру бойынша істелетін жұмыстардың сауатты ұймдастыруға көмектеседі.
Оқушы ұжымның дамытудың бірінші сатысы әдеттегідей оқушылардың нашар ұйымдастырылуымен сипатталады, балалар бұл сатыда алғашқы ұжымдарға формальды түрде топтастырылады. Сынып белсенділері болмайды, соған байланысты мұғалім сыныпқа тиісті талаптарды өзі қояды. Бұл мектепке немесе сыныпқа келген балалар жинақталған «құрама сынып» оқушылары ұжымның басты себептері. Көп жағдайда мұғалім бірге көп жылдар бойы бірге оқып келе жатқан оқушылар ұжымымен жұмыс істейді, бірақ сынып тәртібі нашар, көшбасшылар формальді сайланады, бірақ мұның ұжымдық қарым-қатынасқа ешқандай ықпал болмайды, яғни жалпы нашар ұйымдастырушылық орын алады.
Бұл кезеңде мұғалім сабақта және басқа сабақтан тыс уақытта оқушыларды әртүрлі бірігіп атқаратын іс-әрекеттерге араластыру арқылы бір-бірін (оқушы мегн мұғалім) жақсы салуға күш салуы тиіс. Сонымен қатар, ұжымның қалыптасу кезеңінде сынып белсенділері сайлауға, қайта сайлауға дайындалады. Берілетін тапсырмалар кездейсоқтық сипатта болуы мүмкін, сонымен бірге балалардың да мүдделері де ескерілуі керек.
Ұжымда дамытудың екінші кезеңінде талаптарды тек мұғалім ғана емес белсенді топ мүшелері де дқоя алады. Сабақта және сабақтан тыс іс-әрекеттердің түрлері көбейіп, күрделене түседі. Белсенді топ мүшелері тапсырмаларды оқушылардың мүдделеріне ғана емес, ұжым қажеттіліктерін ескере отырып береді.
Әрбір оқушы бұл кезеңде өзін ұжым мүшесі ретінде санап өз әрекеттерінің қоғамдық маңыздылығын түсінуі тиіс. Сонымен бірге оқушылар алға қойған мақсатты білуі және түсінуі тиіс және сол мақсатқа жетудегі әрбір оқушының рөлі мен қосатын үлесін білуі керек.
Оқушы ұжымының дамуының үшінші кезеңінде тек мұғалім мен белсенділердің мүшелеріне ғана талап қойылмайды, сонымен қатар ұжымның әрбір мүшесіне де белгілі бір талап қойылады. Бұл саты қоғамдық пікірлердің ескерілуімен, оқушылардың өзін-өзі басқарудың жоғары деңгейде болуымен, балалардың ұжым жұмыстарымен айналысуымен сипатталады. Дәл осындай ұжым оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу құралы болып табылады. Бұл жерде әрбір оқушының тұлға ретінде дамуға барлық жағдайлар жасалады.
Ұжымның барлық даму сатыларында мұғалімнің алдында үнемі тәрбиелеу міндеттері тұрады. Оның ішіндегі ең маңыздысы: педагогикалық жетекшілік оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамытуды қалай бірге алып жүруге болады?
Ұжым дамуының бастапқы деңгейінен жоғарғы деңгейге көтерілуі көп жағдайда мұғалімнің дұрыс позициясына байланысты. Сонымен қатар сынып жетекшісінің оқушыларға ұжым дамуының жақын орта және алыс деп аталатын үш көрінісін көрсету үшін үлкен жұмыстар жүргізу қажет. Оқушылар міндетті түрде алыс көрініс қоғам мүшелерінің жеке жоспарларымен байланысты екендігі терең түсінулері керек.
Балалар ұжымының жағдайын зерделеу әдістемесі.
Мұғалім диагностикалық бағдарламасының бір нұсқасында «оқушылармен ынтымақтастықта болу қабілеті» критерийі-қазіргі мектеп мұғалімдерінің зерттеу іс-әрекеттерінің ең жоғарғы деңгейі және ол өзара ықпалдастыққа ұмтылдыратын жаңа тәсілдерді үнемі іздестіру, оларды қарым-қатынас жасауда қолданудың мүмкіндіктерін байқай алу, басқа адамдардың көзқарстарын түсіне білуге тәрбиелеу аз уақыт аралығында және оқушы мен мұғалімнің ақыл-ойын, ерік-жігерін пайдалана отырып қолдана алу.
Педагогтардың балалар ұжымымен кәсіби ұйымдастырылған жұмысы барысында әлеуметтік белсенділік ретінде күрделі тұлғалық қасиеттер қалыптасады. Қайта кезеңінде бұл қаситтер ерекше маңызға ие болады, өйткені ол қоғамдық іс-әрекеттің маңыздылығын оқушылардың бойында сіңірілуін, олардың оған жауапкершілік, белсенділік іздемпаздық таныта отырып дайындауын, ұмтылуын қамтиды.
Қазіргі оқушылардың қоғамдық пайдалы еңбекке қатысуға оң көзқарас танытпайтын дара аз емес. Оның негізгі себебі ұйымдастырылатын жұмыстардың бірыңғайлы, ондағы формальдық жұмыстың пайдасыздығының айқындығы, педагогтың өзінің қызығушылығының тартпауы болып табылады. Соған байланысты оқушы белсенділігі мектепте ұйымдыстырылатын жұмыстардың тиімділігіне, сұранысқа ие болуына, мұғалім позициясына, жеке қатынасына, жұмысты сауатты ұйымдастыра алу біліктеріне тікелей байланысты.
Қоғамдық тапсырмалар мұғалім тарапынан емес, белсенді топ мүшелері, сынып ұжымы тарапынан беруі тиіс.
Тапсырмалар сабақта, және сабақтан тыс орындалатын жұмыстарға байланысты берілуі қажет. Мүмкіндігінше ол жұмыстарды оқушылардың өздері таңдағаны орынды. Орындалған тапсырма мен оның орындалу сапасы жөнінде ұжым алдында себеп берілуі қажет.
Сынып жетекшісі үнемі оқушы ұжымымен атқарылған жұмыстарды тіркеп отыру тиіс: ұжым, белсенді топ мүшелерінің тізімі, әрбір ұжым мүшесінің сабақта және сабақтан тыс орындалған жұмыстарының тізімі, жылдық, жарты жылдық, тоқсандық, жоспар жасалады, әрбір оқушыға мінездеме жазады. Оқушылардың жетістіктерінің үнемі айта отырып, оқушы тұлғасын қалыптастырудағы проблемаларға басты назар аудара отырып олармен жеке жұмыс жүргізудің маңызы өте зор.
Жинақталған және талданған материалдарды сынып жетекшісі «балалар ұжымның қалыптасу жағдайының графигі» түрінде беруге болады. Бұл график талдау қажетті деңгейде жету үшін қандай көрсеткіштерді түзету керек екендігін мәлімет алуға мүмкіндік жасайды. Осы жұмыстардың барлығы оқушылар мен ата-аналар арасында талқылануы тиіс.
Оқушы ұжымының жағдайын диагностикалау және оқушылармен , ата-аналармен талқылау процесіндеэтикалық талаптардың орындалуы бойынша атқарылатын жүйелі жұмыс жүргізуде сынып жетекшісі осы ұжымның қалыптасу деңгейін көтеруге бағытталған жұмыс жүргізу бағдарламасын дайындау үшін материалдар жинақтайды.
Негізгі әдебиетер тізімі:
1. Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті «Педагогика» - Алматы, 2003.
2. Қоянбаев Р.М. «Педагогика» - Алматы, 2000.
3. Әбиев Ж. «Педагогика» - Алматы, Дарын, 2004.
Қосымша әдебиеттер тізімі:
1. Ильина Т.В. «Педагогика» 2000.
2. Педагогческие энциклопедия Москва, 2005.
3. «Педагогика» Бегалиев Т 2003.
Дәріс № 9
Тақырыбы: Отбасы тәрбиесінің негіздері.
Мақсаты: жанұя тәрбиенің тұтас педагогикалық процесс ретінде мәнін ашу.
Жанұя, барлық уақытта да өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазргі заманғы жанұяның өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі – ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейін жоғары болуы.
Балалардың жанұядағы тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінде анықталады, ол жанұя мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара үйелмендік, тұрмыстық өмір. Жанұя тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешқандай да түрі алмастыра алмайды.
Отбасы тәрбиенің негізі. Оның құндылығын «ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген мақал айқындай түседі. «Отбасы» деген сөз әлеуметтік өмірімізде ертеден орын алса да, «семья», «жанұя», «үйелмен», деген сөздер оның орнын алмастырып жүр. Өйткені, олардың түпкі мағынасы - әке мен шешенің және қандас адамдардың тіршілік ету кезіндегі бірлігі, одағы. Әйтсе де «отбасы» деген терминнің өзіндік мағынасы бар. Бұлай дейтін себебіміз, адам тіршілік процесінде қажеттілігіне байланысты от жақты, үй салды, жұптасып отбасы құрды, ұрпақ сүйдіріп, өмірін ұрпақтан – ұрпаққа жалғастырды. Демек, отбасы сөзінің мағынасы терең, адамның әлеуметтік өмірін айқындайды. Сондықтан соңғы кезде жарық көрген күрделі еңбектердің мазмұнынан «отбасы» деген термин орын алған. Отбасы тәрбиесі – барлық тәрбиенің негізі. Өйткені баланың туған кезінен бастап, есейгенге уақыт аралығында өміріне арқау болатын тәлім – тәрбие отбасы мүшелері (әке, шеше, ата, әже, аға, апа, жеңге, жезде) арқылы бөленеді. Олар баланы ата – бабаның өміріндегі еңбек және қоғамдық іс - әрекеттің барысында ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесінен өнеге алып, оны құрметтеуге, жаманнан жиреніп, жақсыға ұмтылуға, қоршаған ортасын танып, онымен қарым – қатынас жасауға және баланы өз бетімен әрекет етуге бейімдеп отырған. Отбасы тәрбиесі туралы орыстың педагогі А.С.Макаренко: «Әрбір отбасы сырттан алған даяр рецептілерді пайдаланбай әрдайым... өмір мен адамгершіліктің жалпы принцптік системасын пайдаланып, көптеген педагогикалық мәселені өзі шешуі керек», - десе, Н.К.Крупская: «Балаға деген сүйіспеншілікті россиялықтар шығыс халықтарынан үйренсін»,-деп орынды айтқан.
Кейде қазақ отбасының жүйелі тәрбие беру мүмкіндіктері төмен деген пікірлер айтылып қалады. Мұндай пікір қазақ отбасының тәрбиелік ықпалын ұлттық тәрбиенің құндылықтарын ескермеуден айтылған. Егер қазақ отбасы тәрбиесінің өзіндік ықпалы төмен болса Әл-Фараби, Қорқыт, Абай, Ыбырай, Шоқан, Қаныш, Мұхтар т.б. зиялы тұлғалардың есімі әйгілі болмас еді. Демек, қазақ отбасында тәрбие жүйелі жүргізілген, оның тән мен тазалық, еңбек пен өнер, ақыл-ой, ізгілік пен адамгершілік; сыр мен сымбат сияқты мазмұнға ие болғанын Қ.Б.Жарықбаев, С. Қалиев дәлелдейді.
Әр елдің, тіпті жеке отбасыларының тәрбиесінде өзіндік ерекшкліктер болған. Мысалы, қазақ отбасында баланың тәлім-тәрбиесіне мұрындық болған бесікке салу, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндетке отырғызу, шежіре үйрету, құда түсу, қыз ұзату, келін алу сияқты дәстүрлермен бірге, отбасында бірігіп, ынтымақтық тіршілік ету, үлкеннің айтқанын орындау, кішісін дегенде көну, бірлесіп әрекет жасау, өнеге көрсету сияқты тәрбие жұмыстары өріс алған. Бұлар жастар өнеге болып келеді. «Бізге өнеге болатын анамыз,-дейді Социалистік Еңбек Ері атанып, 13 бала өсірген Батыр ана-Ұлбала Алтайбаеваның балалары. Ол кісінің жұмысы өте көп, біз анамызды айрықша жақсы көреміз» - деп жазады.
Қазақ отбасында баланы өмірге дайындау дәстүрінің бірі - шежіре үйрету. Оның негізгі мақсаты – ата текті білу, ұрпақ тазалығын сақтау. Мұны ғылыми тұрғыда Г. Мендель гибридтердің бірнеше ұрпағының біркелкілігі, гендердің тәуелсіз таралуы заңдылықтарына сүйеніп өз тәжірибелерінде дәлелденген .
Қазақ халқының текнама (генетика) құпиясын түсінуі кездейсоқ емес. Ол ұрпақ келбетінің, іс- әрекетінің, ақыл – ойының дұрыс болу қажеттілігінен туындаған . Осыған байланысты жеті атаға дейін қыз алып, қыз бермеу дәстүрі ережеге айналған. Мұның шындығы ұлтымыздың өмірінде дәлелденген. Мысалы, есімі әлемге таралған Ұлы Абайдың дүниеге келуі, ақыл – парасат үлгісін танытуы Құнанбайдың өзінен терезесі тең орта жүз биі Битен ұрпағына үйленуіне байланысты болуы керек.
Отбасы тәрбиенің негізі. Оның құндылығын «ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген мақал айқындай түседі. «Отбасы» деген сөз әлеуметтік өмірімізде ертеден орын алса да, «семья», «жанұя», «үйелмен», деген сөздер оның орнын алмастырып жүр. Өйткені, олардың түпкі мағынасы - әке мен шешенің және қандас адамдардың тіршілік ету кезіндегі бірлігі, одағы. Әйтсе де «отбасы» деген терминнің өзіндік мағынасы бар. Бұлай дейтін себебіміз, адам тіршілік процесінде қажеттілігіне байланысты от жақты, үй салды, жұптасып отбасы құрды, ұрпақ сүйдіріп, өмірін ұрпақтан – ұрпаққа жалғастырды. Демек, отбасы сөзінің мағынасы терең, адамның әлеуметтік өмірін айқындайды. Сондықтан соңғы кезде жарық көрген күрделі еңбектердің мазмұнынан «отбасы» деген термин орын алған. Отбасы тәрбиесі – барлық тәрбиенің негізі. Өйткені баланың туған кезінен бастап, есейгенге уақыт аралығында өміріне арқау болатын тәлім – тәрбие отбасы мүшелері (әке, шеше, ата, әже, аға, апа, жеңге, жезде) арқылы бөленеді. Олар баланы ата – бабаның өміріндегі еңбек және қоғамдық іс - әрекеттің барысында ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесінен өнеге алып, оны құрметтеуге, жаманнан жиреніп, жақсыға ұмтылуға, қоршаған ортасын танып, онымен қарым – қатынас жасауға және баланы өз бетімен әрекет етуге бейімдеп отырған. Отбасы тәрбиесі туралы орыстың педагогі А.С.Макаренко: «Әрбір отбасы сырттан алған даяр рецептілерді пайдаланбай әрдайым... өмір мен адамгершіліктің жалпы принцптік системасын пайдаланып, көптеген педагогикалық мәселені өзі шешуі керек», - десе, Н.К.Крупская: «Балаға деген сүйіспеншілікті россиялықтар шығыс халықтарынан үйренсін»,-деп орынды айтқан.
Кейде қазақ отбасының жүйелі тәрбие беру мүмкіндіктері төмен деген пікірлер айтылып қалады. Мұндай пікір қазақ отбасының тәрбиелік ықпалын ұлттық тәрбиенің құндылықтарын ескермеуден айтылған. Егер қазақ отбасы тәрбиесінің өзіндік ықпалы төмен болса Әл-Фараби, Қорқыт, Абай, Ыбырай, Шоқан, Қаныш, Мұхтар т.б. зиялы тұлғалардың есімі әйгілі болмас еді. Демек, қазақ отбасында тәрбие жүйелі жүргізілген, оның тән мен тазалық, еңбек пен өнер, ақыл-ой, ізгілік пен адамгершілік; сыр мен сымбат сияқты мазмұнға ие болғанын Қ.Б.Жарықбаев, С. Қалиев дәлелдейді.
Әр елдің, тіпті жеке отбасыларының тәрбиесінде өзіндік ерекшкліктер болған. Мысалы, қазақ отбасында баланың тәлім-тәрбиесіне мұрындық болған бесікке салу, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндетке отырғызу, шежіре үйрету, құда түсу, қыз ұзату, келін алу сияқты дәстүрлермен бірге, отбасында бірігіп, ынтымақтық тіршілік ету, үлкеннің айтқанын орындау, кішісін дегенде көну, бірлесіп әрекет жасау, өнеге көрсету сияқты тәрбие жұмыстары өріс алған. Бұлар жастар өнеге болып келеді. «Бізге өнеге болатын анамыз,-дейді Социалистік Еңбек Ері атанып, 13 бала өсірген Батыр ана-Ұлбала Алтайбаеваның балалары. Ол кісінің жұмысы өте көп, біз анамызды айрықша жақсы көреміз» - деп жазады.
Қазақ отбасында баланы өмірге дайындау дәстүрінің бірі - шежіре үйрету. Оның негізгі мақсаты – ата текті білу, ұрпақ тазалығын сақтау. Мұны ғылыми тұрғыда Г. Мендель гибридтердің бірнеше ұрпағының біркелкілігі, гендердің тәуелсіз таралуы заңдылықтарына сүйеніп өз тәжірибелерінде дәлелденген .
Қазақ халқының текнама (генетика) құпиясын түсінуі кездейсоқ емес. Ол ұрпақ келбетінің, іс- әрекетінің, ақыл – ойының дұрыс болу қажеттілігінен туындаған . Осыған байланысты жеті атаға дейін қыз алып, қыз бермеу дәстүрі ережеге айналған. Мұның шындығы ұлтымыздың өмірінде дәлелденген. Мысалы, есімі әлемге таралған Ұлы Абайдың дүниеге келуі, ақыл – парасат үлгісін танытуы Құнанбайдың өзінен терезесі тең орта жүз биі Битен ұрпағына үйленуіне байланысты болуы керек.
Адам тегіне байланысты отбасын құру тәжірибесі ақыл – ойды дамытып қоймаған, ол ұрпақтың бойында бейімділікті де дамытып, қабілеттің айқындалуына себепші болған. Мысалы, хан әулетіне тән ел басқару, үкім шығару, шешендер мен билерде мәнерлі әрі мақалдап сөйлеу, сөз қадірін білу, сөзін тыңдату қабілеті ұрпақтан ұрпаққа берілген.
Отбасында баланы шежіреге үйретудің білімдік тұлғаны қалыптастырудың мүмкіндігі бар. Өйткені шежіре – ойға қозғау салып, адамды тануға, білуге итермелейді. Осыған орай мұғалімдердің кәсіп әрекетін жетілдіру үшін шежірені үйрету жайлы білім берген жөн. Жастар шежірені аз да болса біледі. Себебі, төменгі орта, жоғары сыныптың 112 оқушысынан, жоғары оқу орнының 117 студентінен жеті атасын сұрағанымызда, әр топтың 40-42 пайызы жеті атасын білді. Бұл кейбір отбасының ата-баба дәстүрін құрметтеуді парыз санауынан болған жағдай. Көпшілік ересек оқушылар өз әкесінің есімін айтумен шектеледі. Оларды кінәлау қиын. Бірақ, дәстүрімізде балаға шежіре үйрету арқылы өзінің кім екенін, ағайын-тумаларда қандай тұрпаттық қасиеттер дамығанын білгізу. Тіпті оның баланы қалыптастыруда алғашқылық мәні бар. Себебі бала мектепке барғанға дейін дамығандығы шежіре айту арқылы байқалады. Бұл туралы А. Сейдімбек: « өмір- салттың, тіршілік болмыстың ғажайып сабақтастығы жерде адам баласы бәрін де тырбанып қайтадан бастауға мәжбүр болар еді», - деп орынды жазған. Өміріміздегі сабақтастықты сақтаудың бір жолы – ұрпаққа шежіре үйрету. Ұлтымыз бала ес біліп, ақыл тоқтата бастаған кезде, әкесінен бастап ата тегін, руын, ел- жұртын білуге үйреткен. Жігіттің үш жұрты- өз жұрты, қайын жұрты бар. Оларды білу жігіттің тұлғалық қасиетін танытқан. Сондықтан, халық «Жеті атасын білген ұл жеті жұртқа жөн айтар» - деп білген.
Шежіреге үйрету жеті атаны білгізумен шектелмей, қазақ этносының, өзге ұлттардың шығу тегін, қазақ елінің қалыптасуын, оған себеп болған оқиғаларды, ұлт намысын қорғаған тұлғалардың ісін қамту керек. Сонда ғана шежіреге үцрету білім көзі бола алады. Шежіреге үйретуді жалаң дәріптеу Қ. Б. Жарықбаев, С. Қалиев айтқандай: « ... баланы өз руының адамдарына ғана қолпаштап, жақсы текті асыл азаматтар тек біздің рудан ғана шыққан», - деген өзімшілдік, менмендік көзқарасқа бейімдейді. Демек, баланы шежіреге үйрету ел – жұртын сүю, ой үйрету, әдептілік таныту, отбасын құрметтеу, үй болуға, кісілікке бейімдеу істерімен қатар жүргізіледі.
Қолданылатын әдебиеттер тізімі:
Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2000
Әбиев Ж., Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика. Дарын-2004
Педагогика.Дәріс курсы. Алматы: Нұрлы әлем, 2003
Бегалиев Т. Педагогика. Тараз,2001.
Дәріс №10
Тақырыбы: Қазіргі мектептегі білім берудің мазмұны.
Мақсаты: Қазіргі кезде мектептегі білім берудің мазмұны мәселесіне байланысты теориялық білім тәжірибесіне сипаттама беру.
Жоспар:
1. Білім беру мазмұнына түсінік беру.
Білім беру мазмұн қалыптастырудың принциптері.
Білім беру мазмұнының компоненттеріне сипаттама.
Негізгі ұғымдар: білім, мәдениет, пәнаралық байланыс, мөмлекеттік білім стандарты, оқушылардың оқу мүмкіндіктері.
Пәнаралық байланыс: философия, әлеуметтану, психология, физиология, педагогика тарихы, этнопедагогика.
