Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мектеп педагогикасы УМКД.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
549.89 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Жамбыл гуманитарлық -техникалық университеті

«Педагогика және психология» кафедрасы

«Мектеп педагогикасы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен (умкд)

Мамандығы: География

Кредит саны: 2 кредит

Барлық сағат саны: 90 сағат

Оқытушы: п.ғ.д., Сарыбеков К-Д.Н, оқытушы Кулен Ф.Ж

Тараз 2010ж.

Мазмұны:

1. Типтік бағдарлама

2. Білімгерлерге арналған жұмыс оқу бағдарламасы. (Sillabus)

3. Оқу жұмыс бағдарламасы.

4.Глоссарий.

5.Дәріс сабақтардың мазмұны.

6.Практикалық (семинарлық) сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау

7.Білімгерлердің өзіндік жұмысын орындауға арналған әдістемелік нұсқау (СӨЖ)

8.Білімгерлердің оқытушымен бірлеске өзіндік жұмысы.

9. Бақылау тапсырмалары.

9.1. Бақылау сұрақтары.

9.2. Тест тапсырмалары.

Кіріспе

Педагогика – адамзаттың тәжірибесін мақсатқа бағытты беру процесі және жас ұрпақты өмір мен іс-әрекетке даярлау жөніндегі ғылым. Педагогика философияның қойнауынан шықты, дамудың өте ұзақ жолынан өте отырып, қазіргі кезде адам тәрбиесі жөніндегі салаланған күрделі ғылымға айналды, басқа ғылыми пәндермен тығыз байланысты.

Педагогика адамды оқыту мен тәрбиелеудің заңдылықтары, принциптері, мәні, мазмұны, әдістері мен түрлері жөніндегі ғылым ретінде көрінеді.

Педагогика төмендегідей логикаға бағынады:

Бірінші бөлім – педагогиканың ғылыми әдіснамалық негіздерін, тәрбиенің мәнін,тәрбиенің мақсатын, балалардың жас ерекшелігіне сай дамуының сипаттамасын, тұлғаның қалыптасуының сипатын оқытатын педагогиканың жалпы негіздері.

Екінші бөлім- тәрбие процесінің теориялық негіздемесін, мазмұндық сипаттамсын, заңдылықтары мен принциптерін, әдістерін, тәрбиенің құралы мен түрлерін, тәрбиенің жаңа технологиясын теориялық негіздеуді қамтиды.

Үшінші бөлім оқушыларды оқыту процесіне арналған. Бұ жерде қазіргі орта білім берудің даму тенденциялары, оқытудың мәні, орта білім берудің мазмұнын таңдау принциптері, оқытудың заңдылықтары мен принциптері, білім, білік, дағдыларын бақылау мен бағалауды жүзеге асыру айқындалды.

Глоссарий

Педагогика – адамды тәрбиелеу мен оқытудың жалпы заңдылықтарын зерттейтін, тәрбие мекемелерінің барлық түрлерінде оқу-тәрбие үрдісінің жалпы негіздерін талдайтын ғылым.

Тәрбие – жеке адамды қалыптастыру мақсатты және ұйымдасқан үрдісі.

Білім – адамның обьективтік шындықты дәйектер, елестету, ұғымдар мен ғылым заңдылықтары түрінде бейнелеу.

Ептілік – меңгерілген білім, өмір тәжірибесі мен өмірде қалыптасқан дағдылардың негізінде практикалық және теориялық іс-әрекетті саналы және өз бетімен орындауға даярлығы.

Дағды – көп қайталаудың нәтижесінде қажетті іс-әрекетті орындауда байқалатын практикалық қызметтің компоненті.

Білім беру – оқытудың нәтижесі, шәкірттің меңгеретін бір жүйелі білімінің, ептіліктің, дағдының, ойлау тәсілінің көлемі.

Білімді адам – белгілі бір жүйелі білім көлемін меңгерген, логикалық ойлай білетін адам.

Қалыптасу – барлық факторлардың – экологиялық, әлеуметтік, экономикалық, идеологиялық, психологиялық және т.б. әсерімен адамның әлеуметтік құбылыс ретінде жетілу үрдісі.

Даму – жеке адам ағзасындағы сандық және сапалық өзгерістердің нәтижесі.

Іс-әрекет – жеке тұлғаның дамуының негізгі құралы және шешуші шарты.

Бақылау – педагогикалық тәжірибені зерттеудің кең тараған әдістерінің бірі.

Педагогикалық эксперимент – оқу үрдісін дәл ескерілетін жағдайда қайта өзгертудің ғылыми қойылған тәжірибесі.

Тест – педагогикалық үрдістің зерттеу мінездемесін обьективті өлшеуге мүмкіншілік беретін қатаң бақылау жағдайында жүргізілетін барлық сынақтан өтушілерге бірдей мақсатты зерттеу.

Педагогикалық құндылықтар – педагогикалық іс-әрекетті реттеп отыратын нормалар және танымдық іс-әрекеттік жүйе қалыптасқан қоғамдық көзқарас пен педагогтің қызметінің арасын байланыстырып тұратын буын.

Сараптама – ғылыми әдіс, зерттеу нысанын құрылымдық бөліктерге ойша немесе іс жүзінде бөлшектеу.

Педагогикалық әдіснама – педагогикалық білім және оны меңгеру үрдісі туралы ілім. Олар: бастапқы, өзекті, іргелі, философиялық теориялар, тұжырымдамалар, болжамдар сияқты әдіснамалық мәні бар ілімдер.

Модуль – сызба – жоспар, кесте түрлерінде баяндау үшін құрылған шартты бейне.

Обьект – адамның, іс иесінің таным әрекетінің бағыты, әрекет құбылысы, зерттеу нысаны.

Субьект – сыртқы ортаны нысанды танып білетін және өзінің мүдделеріне бағындыру мақсатында ықпал жасаушы.

Парадигма – ғылымның белгілі бір даму кезеңінде ғылыми қауымда қабылданған теориялық және әдіснамалық қағидалар жиынтығы.

Профессиограмма – белгілі бір мамандыққа қойылатын талаптар мен сапалардың тізімі.

Оқыту процесінде қолданылатын ұғымдар:

Педагогикалық эксперимент, педагогикалық құндылықтар, тест, сараптама, бақылау, іс-әрекет, педагогикалық әдіснама, дағды, модуль, тәрбие, білім, қалыптасу, даму, ептілік, обьект, субьект, парадигма, профессиограмма, ақпараттық қатынас, интегративті-компенсаторлық қатынас, басқарудың демократиялық стилі, бұрмалаушылық стиль, бірізділік емес, психофизиология, автократиялық стиль, авторитарлық стиль, коммуникация, гуманизм, педагогикалық технология, зерттеушілік қызмет, өлшем, концепция, мониторинг, түйін, интерпретация, кешен, компонент, жүйе, сынау, сауалнама жүргізу, трансферт, үрдіс.