- •1.Персонaлды бaсқaруДың теориялық- әдістемелік негіздері
- •1.1.Персонaлды бaсқaрудың мәні мен тұжырымдaмaсы
- •Ұйымдaрдa aдaмдaрғa ықпaл ететін негізгі үш фaктор
- •Персонaлды бaсқaру aспектілері:
- •Персоналды басқару әдістері
- •1.2. Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі персонaлды бaсқaру ерекшеліктері
- •Саяси лауазымдар
- •1.3. Мемлекеттік қызмет персонaлын бaсқaру тиімділігін бaғaлaу әдістемесі
- •2. Қaзaқстaн республикaсындaғы мемлекеттік қызмет жүйесінің персонaлын бaсқaру жaғдaйын тaлдaу
- •2.1. Қaзaқстaндaғы мемлекеттік қызметтің қaзіргі дaму жaғдaйын тaлдaу
- •2.2. Мемлекеттік қызметтегі кaдрлaрды іріктеу жүйесін тaлдaу
- •Кaндидaт
- •3.Мемлекеттік қызмет персонaлын бaсқaруды жетілдіру
- •3.1. Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі персонaлды бaсқaрудың шет елдік тәжірибесі және оны Қaзaқстaндa қолдaну мүмкіндіктері
- •Мемлекеттік қызмет персонaлын бaсқaруды жетілдіру жолдaры.
- •Заңның басымдықтары
- •Мерократия
Мемлекеттік қызмет персонaлын бaсқaруды жетілдіру жолдaры.
Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның 2020 жылға дейінгі Даму стратегиясында еліміздің даму басымдықтарының бірі ретінде кәсіби үкімет пен мемлекеттік басқару және мемлекеттік қызметтің тиімді жүйесін құруды атап көрсеткендіктен, уақыттың талабына жауап бере алатын, басқару саласындағы бәсекеге қабілетті кәсіби кадрларды даярлау мәселесі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігі жұмысының да негізгі бағыттарының бірі болып отыр [43].
Қазіргі Қазақстанның аяқ алысы нығайып, мүлдем жаңа мемлекет болуға бет алған кезеңінде бұл мәселенің маңыздылығы артуда. Елбасы өз сөзінде мемлекеттік басқаруды жетілдіру бойынша шараларды жүргізу және нақты әдістеме жасау қажеттігі туралы айтқан болатын. Сондықтан, мемлекеттік қызметті тұтынушылардың мүддесі үшін мемлекеттік басқарудың жаңа сапалы моделін жасау қажет. Біздің алдымызда алға басқан әлемдік тәжірибені ескеріп, қоғам алдында есеп беретін мемлекеттік аппарат корпоративті басқарма принциптерін ұстана отырып жұмыс істей білетін және бүгінгі таңдағы уақыт талабына жауап бере алатын, мемлекеттік қызметтегі бюджеттің тапшылығы мен әкімшілік шығындардың қысқартылуына қарамай, тиімді жұмыс жасай алатын кәсіби кадрларды қалыптастыру міндетінің тұрғаны баршамызға аян.
Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мәселесі бүгінгі таңдағы өзекті тақырыптардың біріне жатады. Ғалымдар арасында бұл мәселені зерттеу барысында әр түрлі көзқарастар қалыптасқан және оның шешімі туралы ортақ пікір жоқ.
Мемлекеттік басқарудың тиімділігі жоғары кәсіби біліктілігі, инновациялық ойлау қабілеті бар, басқарушылық қызметтің демократиялық стилін мойындайтын және мемлекеттік мүддені басшылыққа алатын қазіргі кездегі бюрократияның болуымен байланысты [44].
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет Тұжырымдамасының жаңа үлгісін іске асыру мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданды, ол 2013 жылғы 26 наурызда заңдық күшіне енді [45]. Аталған Заңның қабылдануы Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» бағдарламалық мақаласында қойылған міндеттерге сай келеді, өйткені меритократия принципін күшейту, мемлекеттік қызметшілердің кәсібилік деңгейін арттыру әлеуметтік жаңғыртудың бірден- бір құралы болып табылады. Заң меритократия принципін күшейтуге, яғни мемлекеттік қызметке конкурстық іріктеу тәртібінің тиімділігін, ашықтығын және шынайылығын арттыруға арналған кадрларды іріктеу және ілгері жылжыту кезінде сіңірген еңбегін тануға бағытталған.
Қазақстан аймақта алғаш конкурстық жүйені енгізгенімен, соңғы жылдары оның объективтілігіне, әділдігіне сенім төмендеген. Мемлекеттік органдардың басшылары ауысқанда заңды айналып өтудің жолдарын тауып, жаңа барған жерінде адамдарды орындарын босатуға мәжбүрлеп, олардың орнына жаппай өзінің бұрынғы әріптестерін алып келуге тырысу көріністері байқалды. Сонымен бірге, мемлекеттік қызметкерлердің әдептілігі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктердің әлсіздігі сияқты барлық мәселелер талдана келе, заңның басымдықтары анықталды.
