- •1. Полимер туралы негізгі ұғымдар, мономер, буын, тізбек, макромолекуланың анықтамаларын атап көрсетіңіз.
- •2. Жоғары молекулалық қосылыстардың жіктелуін атап және мысалдармен түсіндіріңіз.
- •3. Жоғары молекулалық қосылыстардың номенклатурасын мысалдармен атап түсіндіріңіз.
- •4. Макромолекулалардың конфигурациялық изомериясын мысалмен түсіндіріңіз.
- •5. Полимерлердің молекулалық массасы туралы түсініктер және молекулалық масса таралу функциясын анықтау әдістерін келтіріңіз.
- •6. Полимердің молекулалық массаларын анықтау әдістерін келтіріңіз және мысалдармен түсіндіріңіз.
- •7. Полимердің иілгіштік қасиетін түсіндіріңіз, Кун сегменті туралы түсінікті келтіріңіз.
- •8. Полимер ерітінділерінің ерекше қасиеттерін келтіріңіз және түсіндіріңіз.
- •9. Полимерледің еру процесінің механизмін түсіндіріңіз. Ісіну дәрежесі және жылдамдық формулаларын келтіріңіз.
- •10. Полимерлердің сұйытылған ерітінділерінің қасиеттерін түсіндіріңіз.
- •11. Полимерлердің концентрлі ерітінділерінің қасиеттерін түсіндіріңіз.
- •12. Полиэлектролиттер, олардың түрлері, негізгі қасиеттерін келтіріңіз, графиктермен түсіндіріңіз.
- •13. Полимердің еру термодинпмикасы формуласын жазып, мысалдармен анықтаңыз.
- •14. Полимер-еріткіш жүйесінің фазалық диаграммалары графиктерін келтіріп түсіндіріңіз.
- •15. Полимер-еріткіш жүйесінің бір-біріне ынтықтығы, осмос қысымы арқылы түсіндіріңіз.
- •17. Полимерлердің негізгі физикалық қасиеттерін келтіріңіз, аморфты және кристалды полимерлер жөнінде түсініктерді келтіріңіз.
- •18. Аморфты полимерлердің термомеханикалық қисықтар түрлерін келтіріңіз, түсіндіріңіз.
- •19. Кристалды полимерлер туралы түсінік, кристалдану механизмін келтіріңіз.
- •20. Полимерлердің кристалдану дәрежесі мен жылдамдығын келтіріңіз, мысалмен түсіндіріңіз.
- •2 1. Аморфты полимерлердің шыны тәрізді күйінің физикалық қасиеттерін графиктер арқылы түсіндіріңіз.
- •22. Аморфты полимерлердің жоғары эластикалық күйінің теорияларын анықтап, түсіндіріңіз.
- •23. Аморфты полимерлердің тұтқыраққыш күйіндегі деформациясын түсіндіріңіз.
- •24. Полимерлерді синтездеудің негізгі жолдарын анықтаңыз, реакцияларын келтіріңіз.
- •26. Радикалды полимерлеудің қарапайым сатыларының механизмін мысалмен келтіріңіз, кинетикасын
- •27. Ионды полимерлеудің анықтамасын, әдістерінің түрлерін мысалдармен келтіріп түсіндіріңіз.
- •28. Катионды полимерлеу реакциясының механизмі мен кинетикасының формулаларын шығарып түсіндіріңіз.
- •29.Катионды полимерлеу реакцияларына әсер ететін факторларын келтіріп, мысалдармен түсіндіріңіз.
- •30. Анионды полимерлеу реакцияларын, катализаторларын, механизмін және кинетикасын мысал арқылы келтіріп, анықтаңыз.
- •31.(32) Ионды-координациялық полимерлеу реакциясының механизмінің сызбанұсқасын келтіріп анықтамасын беріңіз.
- •33. Радикалды сополимерлеу реакциясының механизмі мен кинетикасының формулаларын шығарып түсіндіріңіз.
- •34. Радикалды сополимерлеу реакциясының кинетикасы формуласын келтіріп, шекті жағдайларын график арқылы түсіндіріңіз.
- •35. Полимерлердің химиялық реакцияларына әсер ететін факторларды мысалдармен түсіндіріп анықтап беріңіз.
- •36. Радикалды сополимерлену реакциясының кинетикасы, Майо-Льюис теңдеуін шығарып беріңіз.
- •37. Полимерлену дәрежесін төмендететін реакция түрлерін, теңдеулерін түсінік арқылы жазып беріңіз.
- •38. Полимерлерді поликонденсациялау әдісімен алу жолдарын мысалдар арқылы көрсетіңіз. Анықтамасын,жалпы реакциясы теңдеуін түсіндіріп анықтаңыз.
- •39. Полимерлену дәрежесін өзгертпейтін реакция түрлерін мысалдармен түсіндіріп беріңіз.
- •40. Полимерлену дәрежесін ұлғайтатын реакция түрлерін мысалдармен түсіндіріп беріңіз.
- •41) Поликонденсациялау реакциясының механизмі мен кинетикасы формулаларын жазып, әсер ететін факторларды келтіріңіз
- •43) Полимерлерді химиялық түрлендіру анықтамасын және модификациялау әдістерін келтіріп беріңіз.
- •44) Бір бірімен әрекеттесе алатын бифункционалды мономерлер, олардың реакцияларын жазып беріңіз
- •47(57) Полимерлеуді практикада жүргізу әдістерін келтіріп артықшылықтары мен кемшіліктерін келтіріңіз.
- •48) Полимерлеу мен поликонденсациялау әдістерінің айырмашылықтарын атап көрсетіңіз.
- •49) Полимерлердің ішкі молекулалық реакцияларын келтіріңіз.
- •50) Резолды негіздік ортада алу реакциясы, резитті алу реакцияларын жазыңыз.
- •51) Гексаметилендиамин мен адипин қышқылын поликонденсациялау реакциясын жазыңыз.
- •52) Үш өлшемді полимерді алу жолы, мысал келтіріп, реакциясын жазыңыз.
- •53) Глифталь шайырын алу жолын көрсету, реакциясын жазыңыз, кинетикасын анықтау жолын көрсетіңіз.
- •54) Полимерлердің молекулалық массаларын анықтау әдістерін келтіріңіз.
- •55) Анионды полимерлеу әдісіне түсетін мономерлер, олардың формуласын жазыңыз.
- •56) Полимерлерді түрлендіру реакцияларына әсер ететін факторларды келтіріп, мысалдарының формулаларын жазыңыз.
- •58) Синдиотактикалық, изотактикалық және атактикалық полимерлерге мысал келтіріп, формулаларын жазып көрсетіңіз.
- •59) Полимергомологты реакциялар, мысал келтіріп жазыңыз.
- •60) Полиэтиленнің алу технологиясы мен қолдану салаларын көрсетіңіз.
5. Полимерлердің молекулалық массасы туралы түсініктер және молекулалық масса таралу функциясын анықтау әдістерін келтіріңіз.
Полимер
мен төмен молекулалық қосылыс үшін
молекулалық масса деген ұғым бірдей
емес. Кез келген таза төмен молекулалық
қосылыстың құрамына сәйкес нақты
молекулалық массасы болады,ол алу жолына
байланысты емес. Ал полимер ұзындығы
әр түрлі макромолекулалардан тұрады.
Алу жағдайына қарай макромолекула
тізбегіндегі буындар саны,яғни оның
молекулалық массасы әр түрлі болады.
Сондықтан полимер полидисперсті
келеді,оның молекулалық массасы біркелкі
болмайды.
Ұзындықтары әр түрлі,бірақ
бірдей химиялық буындардан тұратын
макромолекулалар полимергомологтар
деп аталады. Молекулалық массалары
өскен сайын полимергомологтар
қасиеттерінің айырмашылығы жоғала
бастайды. Жоғары молекулалық
полимергомологтардың қоспаларын бір
бірінен бөліп,белгілі біл молекулалық
массасы бар дербес зат алу мүмкін емес.
Мұндай полимерлер орташа молекулалық
массамен өрнектеледі. Орташалау әдісіне
байланысты молекулалық масса орташасандық,
орташамассалық және орташатұтқырлық
болып бөлінеді.
Орташа молекулалық
массаны М табу үшін полимердегі молекулар
санын және әр молекуланың молекулалық
массасын М білу қажет. Мыс: молекулалық
массасы М1N1,
молекула, молекулалық массасы М2,
N2
молекула, молекулалық массасы М3,
N3молекула
және т.б. деп қарастырылады.
Орташасандық
молекулалық масса-
M̅n
барлық
молекулалардың молекулалық массаларының
қосындысының,яғни полимердің жалпы
массасының барлық молекула санына
қатынасы.Сонда есептеу үшін әрбір
молекулалық массаның мәнін осындай
молекулалық массасы бар молекула санына
көбейтіп,алынған көбейтінділерді қосады
да,барлық молекулалардың санына
бөледі:
Орташамассалық
молекулалық массаны
M̅w
әр молекуланың молекулалық массасын
Mi
осындай молекулалық массаның барлық
молекулалық массадағы
үлесіне̅Xiкөбейтіп,нәтижелерін
бір біріне қосу арқылы табады:
Жалпы молекулалық массаны ∑NiMiдесек,әр молекулалық массаның үлесі:
Полимерлердің молекулалық массасын орташатұтқырлық молекулалықмассамен де сипаттауға болады.
Әдетте орташасандық молекулалық масса орташамассалық молекулалық массаға тең бола бермейді.Көпшілік тура тізбекті полимерлер үшін M̅Ƞмәні M̅w -ға жақын.Молекулалық массасы біркелкі монодисперсті полимерлер үшін M̅w = M̅Ƞ= M̅n;ал полидисперсті полимерлер үшін M̅w > M̅Ƞ> M̅n. Орташасандық молекулалық масса полимер ерітіндісінің қату температурасының төмендеуі (криоскопия),қайнау температурасының өсуі(эбулиоскопия),осмос қысымы мен бу қысымының төмендеуі сияқты концентрацияға не молекула санына тәуелді қасиеттерді өлшеу арқылы анықталады. Орташамассалық молекулалық масса жарық шашырауының таралуын өлшеу арқылы,ультрацентрифуга және диффузия әдістерімен анықталады.Орташатұтқырлық молекулалық массаны анықтауға вискозиметриялық әдіс қолданылады.Полимерлерге толық молекулалық сипаттама беру үшін оладың молекулалық массаларымен қатар,макромолекулаларының қаншалықты біртекті екендігін,яғни полидисперстігін білу қажет.Полимердің полидисперстігі интегралдық және дифференциалдық молекулалық массалық таралу(MMT) қисықтарымен сипатталады.ММТ қисықтарын алу үшін полимерді белгілі бір әдіспен бірнеше фракцияларға бөліп,әр фракцияның молекулалық массасын анықтайды.Интегралдық таралу қисығын тұрғызғанда,абсцисса осіне фракцияның молекулалық массасының Mx мәндерін,ал ордината осіне фракцияның интегралдық массалық үлесін (Wx )салад
Молекулалық
массалық таралудың интегралдық функциясы
алынған функциялардың массалық
үлестерінің Wiқосындысымен
өрнектеледі:
Ал wiәр
фракцияның массасының Piбарлық
фракциялардың массаларының қосындысының
қатынасына тең:
Молекулалық массаның дифференциалдық функциясы yx интегралдық функцияны дифференциалдау арқылы алынады:
Дифференциалдық қисық интегралдық қисықты дифферециалдау арқылы графиктік жолмен алынады.
