- •1. Полимер туралы негізгі ұғымдар, мономер, буын, тізбек, макромолекуланың анықтамаларын атап көрсетіңіз.
- •2. Жоғары молекулалық қосылыстардың жіктелуін атап және мысалдармен түсіндіріңіз.
- •3. Жоғары молекулалық қосылыстардың номенклатурасын мысалдармен атап түсіндіріңіз.
- •4. Макромолекулалардың конфигурациялық изомериясын мысалмен түсіндіріңіз.
- •5. Полимерлердің молекулалық массасы туралы түсініктер және молекулалық масса таралу функциясын анықтау әдістерін келтіріңіз.
- •6. Полимердің молекулалық массаларын анықтау әдістерін келтіріңіз және мысалдармен түсіндіріңіз.
- •7. Полимердің иілгіштік қасиетін түсіндіріңіз, Кун сегменті туралы түсінікті келтіріңіз.
- •8. Полимер ерітінділерінің ерекше қасиеттерін келтіріңіз және түсіндіріңіз.
- •9. Полимерледің еру процесінің механизмін түсіндіріңіз. Ісіну дәрежесі және жылдамдық формулаларын келтіріңіз.
- •10. Полимерлердің сұйытылған ерітінділерінің қасиеттерін түсіндіріңіз.
- •11. Полимерлердің концентрлі ерітінділерінің қасиеттерін түсіндіріңіз.
- •12. Полиэлектролиттер, олардың түрлері, негізгі қасиеттерін келтіріңіз, графиктермен түсіндіріңіз.
- •13. Полимердің еру термодинпмикасы формуласын жазып, мысалдармен анықтаңыз.
- •14. Полимер-еріткіш жүйесінің фазалық диаграммалары графиктерін келтіріп түсіндіріңіз.
- •15. Полимер-еріткіш жүйесінің бір-біріне ынтықтығы, осмос қысымы арқылы түсіндіріңіз.
- •17. Полимерлердің негізгі физикалық қасиеттерін келтіріңіз, аморфты және кристалды полимерлер жөнінде түсініктерді келтіріңіз.
- •18. Аморфты полимерлердің термомеханикалық қисықтар түрлерін келтіріңіз, түсіндіріңіз.
- •19. Кристалды полимерлер туралы түсінік, кристалдану механизмін келтіріңіз.
- •20. Полимерлердің кристалдану дәрежесі мен жылдамдығын келтіріңіз, мысалмен түсіндіріңіз.
- •2 1. Аморфты полимерлердің шыны тәрізді күйінің физикалық қасиеттерін графиктер арқылы түсіндіріңіз.
- •22. Аморфты полимерлердің жоғары эластикалық күйінің теорияларын анықтап, түсіндіріңіз.
- •23. Аморфты полимерлердің тұтқыраққыш күйіндегі деформациясын түсіндіріңіз.
- •24. Полимерлерді синтездеудің негізгі жолдарын анықтаңыз, реакцияларын келтіріңіз.
- •26. Радикалды полимерлеудің қарапайым сатыларының механизмін мысалмен келтіріңіз, кинетикасын
- •27. Ионды полимерлеудің анықтамасын, әдістерінің түрлерін мысалдармен келтіріп түсіндіріңіз.
- •28. Катионды полимерлеу реакциясының механизмі мен кинетикасының формулаларын шығарып түсіндіріңіз.
- •29.Катионды полимерлеу реакцияларына әсер ететін факторларын келтіріп, мысалдармен түсіндіріңіз.
- •30. Анионды полимерлеу реакцияларын, катализаторларын, механизмін және кинетикасын мысал арқылы келтіріп, анықтаңыз.
- •31.(32) Ионды-координациялық полимерлеу реакциясының механизмінің сызбанұсқасын келтіріп анықтамасын беріңіз.
- •33. Радикалды сополимерлеу реакциясының механизмі мен кинетикасының формулаларын шығарып түсіндіріңіз.
- •34. Радикалды сополимерлеу реакциясының кинетикасы формуласын келтіріп, шекті жағдайларын график арқылы түсіндіріңіз.
- •35. Полимерлердің химиялық реакцияларына әсер ететін факторларды мысалдармен түсіндіріп анықтап беріңіз.
- •36. Радикалды сополимерлену реакциясының кинетикасы, Майо-Льюис теңдеуін шығарып беріңіз.
- •37. Полимерлену дәрежесін төмендететін реакция түрлерін, теңдеулерін түсінік арқылы жазып беріңіз.
- •38. Полимерлерді поликонденсациялау әдісімен алу жолдарын мысалдар арқылы көрсетіңіз. Анықтамасын,жалпы реакциясы теңдеуін түсіндіріп анықтаңыз.
- •39. Полимерлену дәрежесін өзгертпейтін реакция түрлерін мысалдармен түсіндіріп беріңіз.
- •40. Полимерлену дәрежесін ұлғайтатын реакция түрлерін мысалдармен түсіндіріп беріңіз.
- •41) Поликонденсациялау реакциясының механизмі мен кинетикасы формулаларын жазып, әсер ететін факторларды келтіріңіз
- •43) Полимерлерді химиялық түрлендіру анықтамасын және модификациялау әдістерін келтіріп беріңіз.
- •44) Бір бірімен әрекеттесе алатын бифункционалды мономерлер, олардың реакцияларын жазып беріңіз
- •47(57) Полимерлеуді практикада жүргізу әдістерін келтіріп артықшылықтары мен кемшіліктерін келтіріңіз.
- •48) Полимерлеу мен поликонденсациялау әдістерінің айырмашылықтарын атап көрсетіңіз.
- •49) Полимерлердің ішкі молекулалық реакцияларын келтіріңіз.
- •50) Резолды негіздік ортада алу реакциясы, резитті алу реакцияларын жазыңыз.
- •51) Гексаметилендиамин мен адипин қышқылын поликонденсациялау реакциясын жазыңыз.
- •52) Үш өлшемді полимерді алу жолы, мысал келтіріп, реакциясын жазыңыз.
- •53) Глифталь шайырын алу жолын көрсету, реакциясын жазыңыз, кинетикасын анықтау жолын көрсетіңіз.
- •54) Полимерлердің молекулалық массаларын анықтау әдістерін келтіріңіз.
- •55) Анионды полимерлеу әдісіне түсетін мономерлер, олардың формуласын жазыңыз.
- •56) Полимерлерді түрлендіру реакцияларына әсер ететін факторларды келтіріп, мысалдарының формулаларын жазыңыз.
- •58) Синдиотактикалық, изотактикалық және атактикалық полимерлерге мысал келтіріп, формулаларын жазып көрсетіңіз.
- •59) Полимергомологты реакциялар, мысал келтіріп жазыңыз.
- •60) Полиэтиленнің алу технологиясы мен қолдану салаларын көрсетіңіз.
4. Макромолекулалардың конфигурациялық изомериясын мысалмен түсіндіріңіз.
Конфигурация деп молекула құрайтын атомдардың немесе атомдық топтардың кеңістікте нақты орналасуын және жылулық қозғалыстың әсерінен өзгермеуін айтады. Бір конфигурациядан екінші конфигурацияға химиялық байланыстарды үзбей өтуге болмайды. Полимерлер бірнеше конфигурация деңгейлерін түзеді: буындар конфигурациясы, буындардың тізбекке қосылу конфигурациясы, үлкен блоктардың тіркелу конфигурациясы және тізбек конфигурациясы. Буындар конфигурациясы. Бұл конфигурация негізгі тізбегінде қос байланыс бар полимерлерге (полидиендерге,полиацетилендерге) тән және орынбасарлардың қос байланысқа салыстырмалы түрде орналасуымен анықталады
Цис-изомерде
орынбасарлар қос байланыс кеңістігінің
бір жағында,ал транс-изомерде-кеңістіктің
екі жағында орналасқан.
Локальді
жергілікті изомерия.
Изомерленудің бұл түрі винил,винилиден
және диен полимерлеріне тән.Винил
мономерінің молекуласын алайық:
C(1)(басы)
және (2)(соңы) атомдарындағы орынбасарлар
әр түрлі болғандықтан,екі типті қосылу
мүмкін:Басы басына типімен қосылу басы
соңына қарағанда кедергі әсерінен өте
сирек болады. Мыс:поливинилиденфторид
(-CF2-CF2-)
синтездеуде басы басына типімен қосылған
буындардың үлесі небәрі 5-6%.
Полиизопрен
түзілгенде мономер молекулалары
1,4;1,2;3,4 орнымен қосылуы мүмкін. Соның
салдарынан конфигурацияларында
айырмашылықтары бар изомерлер түзіледі
Бутадиен молекуласының құрылымы симметрия түрінде болғандықтан,қосылу тек және орны арқылы жүреді. Катализатор табиғатына және полимерлену шартына байланысты түзілетін полимерлердің конфигурациялық үлестері әр түрлі болады. Полиизопренде қос байланыс арқылы қосылу нәтижесіндегі изомерлерден басқа басы басына және басы соңына өосылу изомерлері болады.
Стереоизомерлер.
Бұл изомерлер мынадай синтетикалық
винил полимерлеріне
Және
кейбір табиғи полимерлерге(белоктар,полисахаридтер,
нуклеин қышқылдары)тән.
Стереоизомерлердің
болуы Х орынбасарлары бар көміртегі
атомының тетраэдрлік конфигурациясының
әр түрлі болуында.
Буындардың немесе
орынбасарларының кеңістікте ретті
орналасуы полимерлердің конфигурациялық
изомерлерін береді,оларға d және
l(оптикалық)изомерлер жатады.Буындары
мен орынбасарлары кеңістікте белгілі
бір ретпен орналасқан полимерлер
стереоретті немесе стереоарнаулы деп
аталады.
Изотактикалық
полимерлерде макромолекуланың негізгі
тізбегіне кіретін әрбір қарапайым
буындарда кем дегенде бір асимметриялы
атом болуы тиіс.Молекулалық тізбектің
жеткілікті ұзын бөлігінде өайталанатын
бір типті асимметриялы атомдар бірдей
кеңістіктік конфигурацияда болуы
керек(бәрі d немесе l ).Изотактикалық
полимерлердің жазық ирек конформациясындағы
бір типті орынбасарлар (R) негізгі тізбек
жататын жазықтықтың бір жағында,ал
екінші типті орынбасарлар (H) екінші
жағында болады:
Синдиотактикалық
полимерлердің макромолекуласының
негізгі тізбегіне кіретін әрбір қарапайым
буындарда кем дегенде бір стереоизомерлік
орталығы немесе псевдоасимметриялы
атомы болуға тиіс,ол өте ұзын молекулалық
тізбекте болады,ал бір типті
псевдоасимметриялы атомдар жүйелі
конфигурацияда орналасады.Синдиотактикалық
полимерлердің жазық ирек конформациясындағы
бір типті орынбасарлар (R) негізгі тізбек
жататын жазықтықтың жан жағына кезек
кезек орналасады:
Егер
полимер тізбегіндегі орынбасарлардың
орналасуында ешқандайзаңдылық
болмаса,онда атактикалық
құрылым болады:
