Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
polimer_1.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.55 Mб
Скачать

50) Резолды негіздік ортада алу реакциясы, резитті алу реакцияларын жазыңыз.

Фенол және формальдегидті жоғары температурада ұзағырақ қыздыру барысында, поликонденсациялану реакциясы орын алады. Нәтижесінде фенолформальдегид шайырлары алынады. Егер жүйеде формальдегидтің мөлшері артық болса, онда орта- және пара- орынбасарлардағы фенолдық молекулалар реакцияға түсіп, торланған құрылымды полимер түзіледі. Реакцияда формальдегидтің мөлшері артық сілтілк ортада жүргізсек резол шайырлары түзіледі.

Резол шайырларының құрамында CH2OH топшасы ұшырасады. Резол шайырларын одан әрі қыздыру барысында, CH2OH топшалары конденсацияланып резитке айналады. Резит құрылымын төмендегідей өрнектеуге болады.

51) Гексаметилендиамин мен адипин қышқылын поликонденсациялау реакциясын жазыңыз.

Полиамидтер оларды басқаша нейлон-66 деп атайды. Жалпы олар мынадай құрылым түзеді: -[- NH - (R)x – NH – CO – (R)y – CO - ]n –

Көп тараған полиамидтер полигексаметиленадипамид, полигексаметиленсебацинамид, поли-ε-капроамид, поли-ω-энантоамид, поли-ω-ундеканамид және аралас полиамидтер. Полигексаметиленадипамидті гексаметилендиамин мен адипин қышқылын поликонденсациялау арқылы алады: HOOC-(CH2)4-COOH + nH2N-(CH2)6-NH2→

HO-[-OC-(CH2)4-CONH-(CH2)6-NH-]n-H + (2n-1)H2O Бұл реакция компоненттердің эквимолекулалық қатынасын қатаң сақтау керек.

52) Үш өлшемді полимерді алу жолы, мысал келтіріп, реакциясын жазыңыз.

Егер поликонденсациялану реакциясына қатысатын мономерлердің реакциялық қабілеті бар функционалдық топтарының саны екіден жоғары болса, тармақталған немесе торланған полимер түзіледі. Мысалы формальдегид пен мочевинаның поликонденсациялану реакциясы;

Бірінші саты

OH

|

CH2O+NH-C-NH2→CH2-NH-C-NH2 +CH2O→

| || ||

H O O

OH OH

| |

→ CH2-NH-C-NH-CH2

||

O

Екінші саты

Үшінші саты

53) Глифталь шайырын алу жолын көрсету, реакциясын жазыңыз, кинетикасын анықтау жолын көрсетіңіз.

Глифталь шайырын фталь ангидриді мен глицеринді поликонденсациялау арқылы алады. Арнайы ыдысқа фталь ангидриді мен глицеринді салып ауа немесе май қыздырғышта 2-3 сағат бойында 120˚С тан асырмай қыздырады.

Процестің кинетикасын анықтау .шін алдын ала өлшенген колбаларға 15, 30, 45, 60 мин уақыт аралықтарында, 0,3-0.5г болатын сынамаларды біркелкі реакциялық ортадан алып, қышқылдық санын анықтайды. Поликанденсация біткен сқң шайырды фарфор табақшасына құяды.

Полиэтерификация реакциясы жүре түскен сайын, реакциялық ортада қышқылдық саны азайып, ортадан бөлінген су мөлшері көбейеді. Поликонденсациядың әр сатысында қышқылдық саны мен бөлінген судың мөлшерін анықтау, процестің кинетикасын толық зерттеуге мүмкіндік береді.

Қышқылдық сан стандартты әдіспен, яғни реакциялық ортадан алынған сынаманы 10мл (бензол мен спирт 1:1 көлемі бойынша) қоспасында ерітіп бір екі тамшы фенолфталейн тамызып, ерітіндіні 0,1н KOH ерітіндісімен титрлеу арқылы анықталады. Қышқылдық санның уақытқа байланысты графикалық өрнегін тұрғызады. Қышқылдық санды мына теңдеумен анықтайды:

KC=(a*T*1000)/g Мұндағы, a-зерттелетін заты бар колбаны 0,1н KOH ерітіндісімен титрлеуге кеткен мөлшері, мл;

T-0,1н KOH ерітіндісің титрі г/мл;

g-зерттелетін заттың мөлшері, г;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]