Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
polimer_1.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.55 Mб
Скачать

48) Полимерлеу мен поликонденсациялау әдістерінің айырмашылықтарын атап көрсетіңіз.

Полмерлерді алудың негізгі екі әдісі бар: полимерлену және поликонденсациялану. Сонымен қатар белгілі полимерлердің қасиеттерін химиялық реакциялар арқылы түрлендіруге болады. 1) Полимерлену – мономерлердің белсенді орталыққа тізбектеліп қосылуының нәтижесінде макромолекулалардың түзілу процесі. Оны жалпы түрде былай көрсетуге болады:

nM → -[-M-]n-

Реакция нәтижесінде қосалқы заттар бөлінбейді, ал алынған полимерлердің құрамы мономерге сай келеді.

Полимерленуге қатысқан мономерлердің түрлеріне байланысты гомополимерлену (егер бір түрлі мономер) және сополимерлену (егер екі және одан да көп мономерлер қатысса) болып екіге бөлінеді. Белсенді орталықтың табиғатына байланысты радикалдық және иондық полимерлену деп ажыратылады. Полимерлену тізбекті реакцияларға жатады. Сондықтан кез келген полимерлену реакциясы үш негізгі сатыдан тұрады:

1. белсенді орталықтың түзілуі, яғни мономер молекуласын қоздыру арқылы активті күйге ауыстыру: M→ M•

2. Тізбектің өсуі:

M• + M→M1•

M1• + M→M2•

Mn-1• + M→Mn•

3. Тізбектің үзілуі

Mn•→Mn

Мұндағы М мономер, М• белсенді орталық, Мn полимер

2) Поликонденсациялану деп көп функционалды қосылыстардың функционалды топтарының әрекеттесуінен жоғары молекулалық қосылыстар түзілу реакцияларын айтады. Түзілген макромолекулалардың соңында әрқашақда функционалдық топтар болады. Поликонденсациялану кезінде көп жағдайда төмен молекулалық қосалқы заттар түзіледі. Сондықтан бұл реакция кезінде түзілетін полимерлік буындардың құрамы бастапқы мономерлердің құрамынан өзгеше болады. Іс жүзінде төмен молекулалық қосылыстар бөлінбей жүретін реакциялар да кездеседі, бірақ олардың барлық жүру заңдылықтары поликонденсациялауға тән.

Поликонденсациялану мономерлері ретінде екі немесе одан да көп функционалды топтары (OH, OR, NH2, Cl, COOH, COOR, SiOH,SiOR) бар қосылыстар қолданылады.

Поликонденсациялану әдісі бойынша полимер синтездеу үшін әр түрлі химиялық реакциялар қолданылады. Оларға мыналар жатады: этирификациялау, амидтеу, уретандардың түзілуі, ароматты орынбасу және т.б. Поликонденсациялану екі түрлі функционалдық топтардың әрекеттесуінен жүреді.

Жалпы бифункционалды мономерлердің поликонденсациялану реакциясы мына теңдеумен өрнектеледі:

n(a-A-a) + n(b-B-b)→a-[-AB-]n-b + (2n-1)ab мұндағы a-A-a, b-B-b бастапқы мономерлер, a және b функционалды топтар, ab бөлінетін төмен молекулалық қосалқы зат.

49) Полимерлердің ішкі молекулалық реакцияларын келтіріңіз.

Полимерлерді химиялық түрлендіру реакциялары негізінен үшке бөлінеді:

  1. Полимерлену дәрежесі өзгермейтін реакциялар, яғни полимерге ұқсас түрлендірулер және молекулаішілік реакциялар жатады.

  2. Полимерлену дәрежесі өсетін реакциялар, яғни молекулааралық реакциялар, жалғанған және блоксополимерлену кіреді.

  3. Полимерлену дәрежесі төмендейтін реакциялар, яғни полимерлердің құрылымсыздану реакциялары.

Бір макромолекулаға тән функционал топтарының немесе негізгі тізбек атомдарының химиялық реакцияларын молекулаішілік реакциялар деп атайды. Реакция нәтижесінде макромолекуланың құрамы өзгереді. Бұл реакцияларды екі түрге бөлуге болады: макромолекулада қос байланыс туғызатын реакциялар және молекулаішілік циклдену. Мысалы ретінде поливинил спиртінен поливиниленді алу реакцияларын келтіруге болады:

~CH2-CH-CH2-CH~ → ~CH=CH-CH=CH~ +H2O

| |

OH OH

Циклдену реакциялары арқылы аса маңызды полимерлер алуға болады. Поливинил спирті формальдегидпен әрекеттесіп поливинилформаль түзеді:

~CH2-CH-CH2-CH~ + CH2O→ ~CH2-CH-CH2-CH~ +H2O

| | | |

OH OH O- CH2 – O

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]