Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
polimer_1.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6.55 Mб
Скачать

38. Полимерлерді поликонденсациялау әдісімен алу жолдарын мысалдар арқылы көрсетіңіз. Анықтамасын,жалпы реакциясы теңдеуін түсіндіріп анықтаңыз.

Полимерлерді алудың негізгі 2 әдісі бар: полимерлену және поликонденсациялау. Сонымен қатар белгілі полимерлердің қасиеттерін химиялық реакциялар арқылы түрлендіруге болады. Поликонденсациялау деп көп функционалды қосылыстардың функционалды топтарының әрекеттесуінен жоғары молекулалық қосылыстар түзілу реакцияларын айтады.Түзілген макромолекулалардың соңында әрқашанда функционалдық топтар болады. Поликонденсациялану кезінде көп жағдайда төмен молекулалық қосалқы заттар бөлінеді. Сондықтан бұл реакция кезінде түзілетін полимерлік буындардың құрамы бастапқы мономерлердің құрамынан өзгеше болады. Іс жүзінде төмен молекулалық қосылыстар бөлінбей жүретін реакциялар да кездеседі, бірақ олардың барлық жүру заңдылықтары поликонденсациялауға тән. Поликонденсациялану мономерлері ретінде екі немесе одан да көп функционалды топтары (OH, OR, NH2, Cl, COOH, COOR, COCl, SiOH, SiOR) бар қосылыстар қолданылады. Функционалдық топ мономердің реакциялық қабілеті бар бір бөлігін айтады және ол топ қосылыстардың қандай класына жататынын көрсетеді. Функционалдық топ мономердің химиялық реакциядағы бағытын көрсетеді және оның реакциялық орталығын анықтаған жөн. Реакциялық орталық деп химиялық әрекеттесуге тікелей қатысатын молекуланың белсенді бөлігі (көп жағдайда атомдардың біреуі). Реакциялық орталықтардың әрекеттесуінің нәтижесінде полимердің буындарының арасында байланыс түзіледі: -OH, -NH2, -N=C=O функционал топтарының реакциялық орталықтары –NH2 тобында сутегі атомы, -OH тобында сутегі атомы, -N=C=O тобында азот атомы болады. Бірақ әр түрлі шарттарға және реакцияларға байланысты бір функционалдық топтың реакциялық орталығы әр түрлі болуы мүмкін. –СООН функционал тобында нейтралдау реакциясында сутегі атомы, ал этерификациялау реакциясында оттегі мен сутегі реакциялық орталық болады. Поликонденсациялану әдісі бойынша полимер синтездеу үшін әр түрлі химиялық реакциялар қолданылады. Оларға мыналар жатады: этерификациялау, амидтеу, уретандардың түзілуі, ароматты орын басу және т.б. Поликонденсациялану екі түрлі функционалдық топтардың әрекеттесуінен жүреді. Жалпы түрде бифункционалды мономерлердің поликонденсациялану реакциясы мына теңдеумен өрнектеледі:

n(a – A – a ) + n(b – B – b )→a - [-AB-]n- b+(2n-1)ab,

мұндағы a–A–a, b–B–b бастапқы мономерлер, a және b функционалды топтар, ab- бөлінетін төмен молекулалық қосалқы зат. Мысал ретінде полиэтерификациялау реакциясын қарастырайық:

nHO-R-COOH+nHO-R'-COOH→ H-[-O-R-COO-R'CO]nOH+(2n-1)H2O

Полиамидтеу реакциясы: nH2N-R-NH2+nClOC-R'-COCl→ →H-[-HN-R-NH-CO-R'-CO-]nCl+(2n-1)HCl

және т.б. Кейбір жағдайда төмен молекулалық қосалқы заттар бөлінбейді. Бұл жағдай,мысалы,гликольдер мен диизоцианаттардан полиуретандар синтездегенде байқалады:

HO-R-OH+OCN-R'-NCO → HO-R-O-OC-NH-R'-NCO

Мұндай процестерді жоғарыда келтірілгендей сатылап полимерлеу немесе полиқосылу реакциялары деп те атайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]