- •1. Полимер туралы негізгі ұғымдар, мономер, буын, тізбек, макромолекуланың анықтамаларын атап көрсетіңіз.
- •2. Жоғары молекулалық қосылыстардың жіктелуін атап және мысалдармен түсіндіріңіз.
- •3. Жоғары молекулалық қосылыстардың номенклатурасын мысалдармен атап түсіндіріңіз.
- •4. Макромолекулалардың конфигурациялық изомериясын мысалмен түсіндіріңіз.
- •5. Полимерлердің молекулалық массасы туралы түсініктер және молекулалық масса таралу функциясын анықтау әдістерін келтіріңіз.
- •6. Полимердің молекулалық массаларын анықтау әдістерін келтіріңіз және мысалдармен түсіндіріңіз.
- •7. Полимердің иілгіштік қасиетін түсіндіріңіз, Кун сегменті туралы түсінікті келтіріңіз.
- •8. Полимер ерітінділерінің ерекше қасиеттерін келтіріңіз және түсіндіріңіз.
- •9. Полимерледің еру процесінің механизмін түсіндіріңіз. Ісіну дәрежесі және жылдамдық формулаларын келтіріңіз.
- •10. Полимерлердің сұйытылған ерітінділерінің қасиеттерін түсіндіріңіз.
- •11. Полимерлердің концентрлі ерітінділерінің қасиеттерін түсіндіріңіз.
- •12. Полиэлектролиттер, олардың түрлері, негізгі қасиеттерін келтіріңіз, графиктермен түсіндіріңіз.
- •13. Полимердің еру термодинпмикасы формуласын жазып, мысалдармен анықтаңыз.
- •14. Полимер-еріткіш жүйесінің фазалық диаграммалары графиктерін келтіріп түсіндіріңіз.
- •15. Полимер-еріткіш жүйесінің бір-біріне ынтықтығы, осмос қысымы арқылы түсіндіріңіз.
- •17. Полимерлердің негізгі физикалық қасиеттерін келтіріңіз, аморфты және кристалды полимерлер жөнінде түсініктерді келтіріңіз.
- •18. Аморфты полимерлердің термомеханикалық қисықтар түрлерін келтіріңіз, түсіндіріңіз.
- •19. Кристалды полимерлер туралы түсінік, кристалдану механизмін келтіріңіз.
- •20. Полимерлердің кристалдану дәрежесі мен жылдамдығын келтіріңіз, мысалмен түсіндіріңіз.
- •2 1. Аморфты полимерлердің шыны тәрізді күйінің физикалық қасиеттерін графиктер арқылы түсіндіріңіз.
- •22. Аморфты полимерлердің жоғары эластикалық күйінің теорияларын анықтап, түсіндіріңіз.
- •23. Аморфты полимерлердің тұтқыраққыш күйіндегі деформациясын түсіндіріңіз.
- •24. Полимерлерді синтездеудің негізгі жолдарын анықтаңыз, реакцияларын келтіріңіз.
- •26. Радикалды полимерлеудің қарапайым сатыларының механизмін мысалмен келтіріңіз, кинетикасын
- •27. Ионды полимерлеудің анықтамасын, әдістерінің түрлерін мысалдармен келтіріп түсіндіріңіз.
- •28. Катионды полимерлеу реакциясының механизмі мен кинетикасының формулаларын шығарып түсіндіріңіз.
- •29.Катионды полимерлеу реакцияларына әсер ететін факторларын келтіріп, мысалдармен түсіндіріңіз.
- •30. Анионды полимерлеу реакцияларын, катализаторларын, механизмін және кинетикасын мысал арқылы келтіріп, анықтаңыз.
- •31.(32) Ионды-координациялық полимерлеу реакциясының механизмінің сызбанұсқасын келтіріп анықтамасын беріңіз.
- •33. Радикалды сополимерлеу реакциясының механизмі мен кинетикасының формулаларын шығарып түсіндіріңіз.
- •34. Радикалды сополимерлеу реакциясының кинетикасы формуласын келтіріп, шекті жағдайларын график арқылы түсіндіріңіз.
- •35. Полимерлердің химиялық реакцияларына әсер ететін факторларды мысалдармен түсіндіріп анықтап беріңіз.
- •36. Радикалды сополимерлену реакциясының кинетикасы, Майо-Льюис теңдеуін шығарып беріңіз.
- •37. Полимерлену дәрежесін төмендететін реакция түрлерін, теңдеулерін түсінік арқылы жазып беріңіз.
- •38. Полимерлерді поликонденсациялау әдісімен алу жолдарын мысалдар арқылы көрсетіңіз. Анықтамасын,жалпы реакциясы теңдеуін түсіндіріп анықтаңыз.
- •39. Полимерлену дәрежесін өзгертпейтін реакция түрлерін мысалдармен түсіндіріп беріңіз.
- •40. Полимерлену дәрежесін ұлғайтатын реакция түрлерін мысалдармен түсіндіріп беріңіз.
- •41) Поликонденсациялау реакциясының механизмі мен кинетикасы формулаларын жазып, әсер ететін факторларды келтіріңіз
- •43) Полимерлерді химиялық түрлендіру анықтамасын және модификациялау әдістерін келтіріп беріңіз.
- •44) Бір бірімен әрекеттесе алатын бифункционалды мономерлер, олардың реакцияларын жазып беріңіз
- •47(57) Полимерлеуді практикада жүргізу әдістерін келтіріп артықшылықтары мен кемшіліктерін келтіріңіз.
- •48) Полимерлеу мен поликонденсациялау әдістерінің айырмашылықтарын атап көрсетіңіз.
- •49) Полимерлердің ішкі молекулалық реакцияларын келтіріңіз.
- •50) Резолды негіздік ортада алу реакциясы, резитті алу реакцияларын жазыңыз.
- •51) Гексаметилендиамин мен адипин қышқылын поликонденсациялау реакциясын жазыңыз.
- •52) Үш өлшемді полимерді алу жолы, мысал келтіріп, реакциясын жазыңыз.
- •53) Глифталь шайырын алу жолын көрсету, реакциясын жазыңыз, кинетикасын анықтау жолын көрсетіңіз.
- •54) Полимерлердің молекулалық массаларын анықтау әдістерін келтіріңіз.
- •55) Анионды полимерлеу әдісіне түсетін мономерлер, олардың формуласын жазыңыз.
- •56) Полимерлерді түрлендіру реакцияларына әсер ететін факторларды келтіріп, мысалдарының формулаларын жазыңыз.
- •58) Синдиотактикалық, изотактикалық және атактикалық полимерлерге мысал келтіріп, формулаларын жазып көрсетіңіз.
- •59) Полимергомологты реакциялар, мысал келтіріп жазыңыз.
- •60) Полиэтиленнің алу технологиясы мен қолдану салаларын көрсетіңіз.
36. Радикалды сополимерлену реакциясының кинетикасы, Майо-Льюис теңдеуін шығарып беріңіз.
Сополимерлену деп екі немесе одан да көп мономерлердің бірге полимерленуін айтады.
Өсетін радикалдардың белсенділігі тек соңғы буынның табиғатымен анықталады деп ұйғарып, сополимерлену құрамының табиғатымен анықталады деп ұйғарып, сополимерлену құрамының теңдеуін шығару үшін қарапайым төрт өсу реакцияларын ескереміз.
Өсу реакциялары Өсу р/я-ң жылдамдықтары
M1.+M1→ M1. V=k11[M1.][ M1]
M1.+M2→ M2. V=k12[M1.][ M2]
M2.+M1→ M1. V=k21[M2.][ M1]
M2.+M2→ M2. V=k22[M2.][ M2]
Мұнда Мі - і типті мономер, Мі. - Мі буынымен аяқталатын макрорадикал, kij- Мі мономерінің Мі. Радикалына қосылу реакциясының жылдамдық константасы.
Сополимерлену кезінде мономерлердің реакцияға түсу жылдамдықтары мына теңдеулермен сипатталады:
= k11[М1.][М1] + k21[М2.][М1]
= k22[М2.][М2]+ k12[М1.][М2]
Екі теңдеуді бір біріне бөлсе осы реакция жылдамдықтарының қатынасы шығады:
= +
Сополимерлену кезінде жүйеде квазистационар күй туады, яғни әр түрлі белсенді орталықтардың концентрациясы тұрақтайды. Квазистационар күйдің шарты:
k12[М1.][М2]= k21[М2.][М1] осыдан
[М1.]= [M2.]
= мұндағы r1=k11/k12; r2=k22/k21
r1және r2 сополимерлену константасы деп аталады. Олар радикалға «өз» және «бөтен» мономерлердің қосылу реакция жылдамдықтарының қатынасын көрсетеді. r1 және r2 мәндері реакцияға түсетін мономерлердің табиғатына байланысты. Сополимер құрамының теңдеуі мына түрде болады: = +
мұндағы мономер буындарының макромолекуладағы концентрациясы.
Сополимер құрамының мономерлер қатынасына қатынасына тәуелділігін «мономер қоспасының құрамы-сополимер құрамы» диаграммасы арқылы бейнелеу ыңғайлы. 1- сурет сополимер құрамының негізгі қисықтары: F1,f1-M1 мономерінің сополимердегі және мономерлер қоспасындағы мольдік үлесі:
1. r1=1, r2=1; 2. r1>1, r2<1; 3. r1<1, r2<1; 4. r1<1; r2>1.
Сополимерлену константаларын табу үшін көбіне Майо-Льюис немесе Файнман-Росс әдістері қолданылады. Майо-Льюис әдісі бойынша сополимер құрамының теңдеуін өзгертіп,мына өрнекті алады:
r2=
-1}
Бұл
теңдеу бойынша
-ге
сызықты байланыста, ал
түзудің параметрлері. Осы қос параметрлердің
мәндері түзу сызық береді. Мономердің
әр түрлі ара қатынасында кемінде үш
тәжірибе жүргізіп, әр қатынасқа сәйкес
тәуелділігін
беретін үш сызығын алады. Түзулер бір
нүктеде қиылысу керек, бірақ тәжірибе
қателігінен олар белгілі бір аймақты
береді.
37. Полимерлену дәрежесін төмендететін реакция түрлерін, теңдеулерін түсінік арқылы жазып беріңіз.
Полимерлену дәрежесін төмендететін реакциялар макромолекуланың негізгі тізбегінің үзілуі арқылы жүреді және оларды құрылымсыздану деп атайды. Макромолекуланың үзілуі полимердің құрылымына және құрылымсыздану факторларына сәйкес әр түрлі механизммен жүреді. Құрылымсыздану салдарынан полимерлік материалдардың қасиеттері едәуір өзгереді және одан жасалған бұйымдардың пайдалану мерзімі кемиді. Бұл реакциясынының тиімді жағы да бар. Құрылымсыздану реакциялары кейбір жағдайларда табиғи полимерлерден қажетті төмен молекулалық қосылыстар алу үшін, мысалы целлюлоза мен крахмалдан глюкоза алу және полимерді өңдеуді жеңілдету мақсатымен оның молекулалық массасын төмендетуге қолданылады. Полимерлі тізбекті үзетін агенттің табиғатына байланысты құрылымсыздану физикалық және химиялық болып екіге бөлінеді. Физикалық құрылымсыздану физикалық әсерлердің, мысалы жылудың (термиялық құрылымсыздану), жарықтың (фотохимиялық), иондалған сәулелердің (радиациялық ) және сыртқы күштің (механикалық) нәтижесінде жүреді. Химиялық бұзылу химиялық реагенттердің (тотығу, гидролиз, ацидолиз, аминолиз, алкоголиз) және ферменттердің әсерінен болады. Іс жүзінде құрылымсызданудың қай қайсы да болса жеке түрде жүрмейді.
Гидролиз. Амид, күрделі эфир және ацеталь топтары бар полимерлер қышқылдар немесе сілтілер қатысында оңай гидролизденеді. Сонда полимердің негізгі тізбегі ыдырайды.
Полиамидтің гидролизі былай жүреді:
~NH-CO~ ~NH2+HOOC~
+H-OH
Полиэфирлердің гидролизі:
~O-(CH2)n-O-CO-(CH2)mCO~
~O~(CH2)n-OH+HOOC-(CH2)m-CO~
Карботізбекті полимерлер гидролизденбейді. Табиғи полимерлердің (полисахаридтер мен белоктар) гидролизінің практикалық маңызы бар. Ацидолиз. Полимер молекуласының карбон қышқылдарының әсерінен ыдырауын ацидолиз дейді:
NH – (CH2)x – NH – CO (CH2)y CO
HOOC – R – CO - OH
NH – (CH2)x – NH – CO – RCOOH + HOOC – (CH2)y - CO
Ацидолиз жылдамдығы қышқылдың типіне байланысты.
Алкоголиз. Полимер молекуласының спирттердің әсерінен ыдырауын алкоголиз дейді. Поликарбонаттардың алкоголизі үлкен жылдамдықпен жүреді. Алифаттық күрделі эфирлердің алкоголизінің жылдамдығы ароматтық эфирлерге қарағанда басымырақ. Полиэтилентерефталатты қайнаған этиленгликольмен өңдегенде трефталь қышқылының дигликоль эфирі және соңғы буынында гликоль тобы бар төмен молекулалы полиэфир түзіледі. Түзілген заттар поликонденсациялану реакциясына түсе алады:
H – OCH2 – CH2OH
O – (CH2)n – O – OC – C6H4 - CO
O – (CH2)n – OH + HOCH2 CH2 OOC – C6H4 - CO
Аминолиз. Полимер молекуласының аминдердің әсерінен ыдырауын аминолиз дейді. Аминолизге полиамидтер,анилинформальдегид шайырлары және полиимидтер бейім.
