- •1. Полимер туралы негізгі ұғымдар, мономер, буын, тізбек, макромолекуланың анықтамаларын атап көрсетіңіз.
- •2. Жоғары молекулалық қосылыстардың жіктелуін атап және мысалдармен түсіндіріңіз.
- •3. Жоғары молекулалық қосылыстардың номенклатурасын мысалдармен атап түсіндіріңіз.
- •4. Макромолекулалардың конфигурациялық изомериясын мысалмен түсіндіріңіз.
- •5. Полимерлердің молекулалық массасы туралы түсініктер және молекулалық масса таралу функциясын анықтау әдістерін келтіріңіз.
- •6. Полимердің молекулалық массаларын анықтау әдістерін келтіріңіз және мысалдармен түсіндіріңіз.
- •7. Полимердің иілгіштік қасиетін түсіндіріңіз, Кун сегменті туралы түсінікті келтіріңіз.
- •8. Полимер ерітінділерінің ерекше қасиеттерін келтіріңіз және түсіндіріңіз.
- •9. Полимерледің еру процесінің механизмін түсіндіріңіз. Ісіну дәрежесі және жылдамдық формулаларын келтіріңіз.
- •10. Полимерлердің сұйытылған ерітінділерінің қасиеттерін түсіндіріңіз.
- •11. Полимерлердің концентрлі ерітінділерінің қасиеттерін түсіндіріңіз.
- •12. Полиэлектролиттер, олардың түрлері, негізгі қасиеттерін келтіріңіз, графиктермен түсіндіріңіз.
- •13. Полимердің еру термодинпмикасы формуласын жазып, мысалдармен анықтаңыз.
- •14. Полимер-еріткіш жүйесінің фазалық диаграммалары графиктерін келтіріп түсіндіріңіз.
- •15. Полимер-еріткіш жүйесінің бір-біріне ынтықтығы, осмос қысымы арқылы түсіндіріңіз.
- •17. Полимерлердің негізгі физикалық қасиеттерін келтіріңіз, аморфты және кристалды полимерлер жөнінде түсініктерді келтіріңіз.
- •18. Аморфты полимерлердің термомеханикалық қисықтар түрлерін келтіріңіз, түсіндіріңіз.
- •19. Кристалды полимерлер туралы түсінік, кристалдану механизмін келтіріңіз.
- •20. Полимерлердің кристалдану дәрежесі мен жылдамдығын келтіріңіз, мысалмен түсіндіріңіз.
- •2 1. Аморфты полимерлердің шыны тәрізді күйінің физикалық қасиеттерін графиктер арқылы түсіндіріңіз.
- •22. Аморфты полимерлердің жоғары эластикалық күйінің теорияларын анықтап, түсіндіріңіз.
- •23. Аморфты полимерлердің тұтқыраққыш күйіндегі деформациясын түсіндіріңіз.
- •24. Полимерлерді синтездеудің негізгі жолдарын анықтаңыз, реакцияларын келтіріңіз.
- •26. Радикалды полимерлеудің қарапайым сатыларының механизмін мысалмен келтіріңіз, кинетикасын
- •27. Ионды полимерлеудің анықтамасын, әдістерінің түрлерін мысалдармен келтіріп түсіндіріңіз.
- •28. Катионды полимерлеу реакциясының механизмі мен кинетикасының формулаларын шығарып түсіндіріңіз.
- •29.Катионды полимерлеу реакцияларына әсер ететін факторларын келтіріп, мысалдармен түсіндіріңіз.
- •30. Анионды полимерлеу реакцияларын, катализаторларын, механизмін және кинетикасын мысал арқылы келтіріп, анықтаңыз.
- •31.(32) Ионды-координациялық полимерлеу реакциясының механизмінің сызбанұсқасын келтіріп анықтамасын беріңіз.
- •33. Радикалды сополимерлеу реакциясының механизмі мен кинетикасының формулаларын шығарып түсіндіріңіз.
- •34. Радикалды сополимерлеу реакциясының кинетикасы формуласын келтіріп, шекті жағдайларын график арқылы түсіндіріңіз.
- •35. Полимерлердің химиялық реакцияларына әсер ететін факторларды мысалдармен түсіндіріп анықтап беріңіз.
- •36. Радикалды сополимерлену реакциясының кинетикасы, Майо-Льюис теңдеуін шығарып беріңіз.
- •37. Полимерлену дәрежесін төмендететін реакция түрлерін, теңдеулерін түсінік арқылы жазып беріңіз.
- •38. Полимерлерді поликонденсациялау әдісімен алу жолдарын мысалдар арқылы көрсетіңіз. Анықтамасын,жалпы реакциясы теңдеуін түсіндіріп анықтаңыз.
- •39. Полимерлену дәрежесін өзгертпейтін реакция түрлерін мысалдармен түсіндіріп беріңіз.
- •40. Полимерлену дәрежесін ұлғайтатын реакция түрлерін мысалдармен түсіндіріп беріңіз.
- •41) Поликонденсациялау реакциясының механизмі мен кинетикасы формулаларын жазып, әсер ететін факторларды келтіріңіз
- •43) Полимерлерді химиялық түрлендіру анықтамасын және модификациялау әдістерін келтіріп беріңіз.
- •44) Бір бірімен әрекеттесе алатын бифункционалды мономерлер, олардың реакцияларын жазып беріңіз
- •47(57) Полимерлеуді практикада жүргізу әдістерін келтіріп артықшылықтары мен кемшіліктерін келтіріңіз.
- •48) Полимерлеу мен поликонденсациялау әдістерінің айырмашылықтарын атап көрсетіңіз.
- •49) Полимерлердің ішкі молекулалық реакцияларын келтіріңіз.
- •50) Резолды негіздік ортада алу реакциясы, резитті алу реакцияларын жазыңыз.
- •51) Гексаметилендиамин мен адипин қышқылын поликонденсациялау реакциясын жазыңыз.
- •52) Үш өлшемді полимерді алу жолы, мысал келтіріп, реакциясын жазыңыз.
- •53) Глифталь шайырын алу жолын көрсету, реакциясын жазыңыз, кинетикасын анықтау жолын көрсетіңіз.
- •54) Полимерлердің молекулалық массаларын анықтау әдістерін келтіріңіз.
- •55) Анионды полимерлеу әдісіне түсетін мономерлер, олардың формуласын жазыңыз.
- •56) Полимерлерді түрлендіру реакцияларына әсер ететін факторларды келтіріп, мысалдарының формулаларын жазыңыз.
- •58) Синдиотактикалық, изотактикалық және атактикалық полимерлерге мысал келтіріп, формулаларын жазып көрсетіңіз.
- •59) Полимергомологты реакциялар, мысал келтіріп жазыңыз.
- •60) Полиэтиленнің алу технологиясы мен қолдану салаларын көрсетіңіз.
2. Жоғары молекулалық қосылыстардың жіктелуін атап және мысалдармен түсіндіріңіз.
Шығу тегіне байланысты полимер табиғи, синтетикалық және жасанды болып бөлінеді. Синтетикалық полимерді, төмен молекулалық заттарды, мономерлерді синтездеу арқылы алады. Жасанды полимерді табыиңи полимерді химиялық өңдеу арқылы алады.
Негізгі тізбектің құрамына қарай поллимерлік молекулалар екіге бөлінеді:
гомотізбекті және гетеротізбекті.
Гомотізбекті деп макромолекуласының негізі\гі тізбегі бірдей атомдардан құралған полимерді атайды. Егер ол көміртек атомдарынан тұрса, онда мұндай полимерлерлер карботізбекті деп аталады. Мысалы:
Полиэтилен
Егер молекуланың негізгі тізбегі кремний атомдарынан тұрса, онда полимер кремнийтізбекті болады:
Негізгі тізбегі әр түрлі атомдардан құралған полимерлер гетеротізбекті деп аталады. Гетеротізбекті полимерлерге жай полиэфирлер, мысалы полиэтиленгликоль жатады:
Макромолекула тізбектерінің құрылымына байланысты полимерлер:
1)сызықты
2)тармақталған
3)торланған(үш өлшемді).
Ассиметрия дәрежесі өте жоғары ұзын тізбекті макромолекулалар сыызықты полимерлер деп аталады:
Негізгі тізбектен жан жағына таралған тармақтары бар макромолекулалар тармақталған полимерлер деп аталады.
Олардың тармақтарынынң саны мен ұзындығы өте кең аралықта өзгеруі мүмкін. Тармақталған бөлікті қосалқы тізбек деп те атайды. Мысалы,жоғары қысымдық полиэтилен молекуласын мына сызба нұсқа түрінде көрсетуге болады:
Ұзын тізбекті макромолекулалар бір бірімен көлденең байланыстармен қосылса, торланған немесе кеңістіктік
полимер түзіледі. Мұндай полимерлік метериалдарға, мысал ретінде алмазды, фенолформальдегид шайырын, резеңкені, төменде көрсетілген формулаға сәйкес Na – бутадиенді каучукты атауға болады:
Қыздырғанда байқалатын өзгерістеріне байланысты полимерлік материалдар термопластар және термореактивті немесе реактопласты болып бөлінеді.
Термопласты полимердің қасиеттері қыздырғанда ақырындап өзгеріп, белгілі бір температураға жеткенде тұтқыраққыш күйге ауысады. Олардың балқұы негізінен молекулааралық күштер әрекетінің азаюынан және молекуланың кинетикалық энергияның артуынан болады.
Сұйық термопласты полимерлерді суытқанда кері өзгеріс байқалады, полимер сұйық қалпынан қатты зат күйіне ауысады.Осындай өзгерістер кезінде полимердыңғ химиялық табиғаты өөзгермейтін болғандықтан, балқыту және салқындату процестерін бірнеше рет қайталауға болады.
Термопласты полимерлерге полиэтилен, полистирол, поликапролактам және т.б. жатады.
Фенолформальдегидті. Карбамидальдегид және т.б. шайырлар өзгеше қасиет көрсетеді. Бос функционалды топтары немесе қанықпаған байланыстары болғандықтан оларды қыздырғанда сызықты макромолекулалар арасында химиялық байланыстар пайда болып, торланған құрылымды полимерлер түзіледі. Мұндай полимерлер қыздырғанда да, артынша суытқанда да өздерінің қасиеттерін бастапқы қалпына келтіре алмайды. Сондықтан оларды термореактивті полимерлер деп атайды.
Химиялық табиғатына байланысьты полимерлер органикалық , бейорганикалық жінеэлементорганикалық болып бөлінеді.
Органикалық полимерлерге көміртектен, сутектен, оттектен және азоттан тұратын көптеген қосылыстар кіреді.
Бейорганикалық полимерлердің полекуласы окреемний, алюминий, стронций және басқа элементтердің атомдарынан құралған.
Элементорганикалық полимерлер екі түрлі болады: негізгі полимерлік тізбектің табиғаты бейорганикалыұ болады да, ал қосалқы тармақтары органикалық болады немесе керісінше.
Полимер тізбектері блок деп аталатын әр түрлі полимерлердің қысқа тізбектерінен құралуы мүмкін. Мысалы,(егер мономер молекуласының біреуін А әрпімен, ал екіншісін В әрпімен белгілесек): - А – А – А – А – А – В – В – В – В – В -
Мұндай полимерлерді блок-сополимерлер деп атайды.Негізгі тізбек тек қана А мономерден, ал қапталынан тараған бүйір тізбектер В мономерінен тұратын макромолекулалық құрылымдар болуы мүмкін:
Мұндай полимерлерді жалғанған сополимерлер дейді.
