- •1. Полимер туралы негізгі ұғымдар, мономер, буын, тізбек, макромолекуланың анықтамаларын атап көрсетіңіз.
- •2. Жоғары молекулалық қосылыстардың жіктелуін атап және мысалдармен түсіндіріңіз.
- •3. Жоғары молекулалық қосылыстардың номенклатурасын мысалдармен атап түсіндіріңіз.
- •4. Макромолекулалардың конфигурациялық изомериясын мысалмен түсіндіріңіз.
- •5. Полимерлердің молекулалық массасы туралы түсініктер және молекулалық масса таралу функциясын анықтау әдістерін келтіріңіз.
- •6. Полимердің молекулалық массаларын анықтау әдістерін келтіріңіз және мысалдармен түсіндіріңіз.
- •7. Полимердің иілгіштік қасиетін түсіндіріңіз, Кун сегменті туралы түсінікті келтіріңіз.
- •8. Полимер ерітінділерінің ерекше қасиеттерін келтіріңіз және түсіндіріңіз.
- •9. Полимерледің еру процесінің механизмін түсіндіріңіз. Ісіну дәрежесі және жылдамдық формулаларын келтіріңіз.
- •10. Полимерлердің сұйытылған ерітінділерінің қасиеттерін түсіндіріңіз.
- •11. Полимерлердің концентрлі ерітінділерінің қасиеттерін түсіндіріңіз.
- •12. Полиэлектролиттер, олардың түрлері, негізгі қасиеттерін келтіріңіз, графиктермен түсіндіріңіз.
- •13. Полимердің еру термодинпмикасы формуласын жазып, мысалдармен анықтаңыз.
- •14. Полимер-еріткіш жүйесінің фазалық диаграммалары графиктерін келтіріп түсіндіріңіз.
- •15. Полимер-еріткіш жүйесінің бір-біріне ынтықтығы, осмос қысымы арқылы түсіндіріңіз.
- •17. Полимерлердің негізгі физикалық қасиеттерін келтіріңіз, аморфты және кристалды полимерлер жөнінде түсініктерді келтіріңіз.
- •18. Аморфты полимерлердің термомеханикалық қисықтар түрлерін келтіріңіз, түсіндіріңіз.
- •19. Кристалды полимерлер туралы түсінік, кристалдану механизмін келтіріңіз.
- •20. Полимерлердің кристалдану дәрежесі мен жылдамдығын келтіріңіз, мысалмен түсіндіріңіз.
- •2 1. Аморфты полимерлердің шыны тәрізді күйінің физикалық қасиеттерін графиктер арқылы түсіндіріңіз.
- •22. Аморфты полимерлердің жоғары эластикалық күйінің теорияларын анықтап, түсіндіріңіз.
- •23. Аморфты полимерлердің тұтқыраққыш күйіндегі деформациясын түсіндіріңіз.
- •24. Полимерлерді синтездеудің негізгі жолдарын анықтаңыз, реакцияларын келтіріңіз.
- •26. Радикалды полимерлеудің қарапайым сатыларының механизмін мысалмен келтіріңіз, кинетикасын
- •27. Ионды полимерлеудің анықтамасын, әдістерінің түрлерін мысалдармен келтіріп түсіндіріңіз.
- •28. Катионды полимерлеу реакциясының механизмі мен кинетикасының формулаларын шығарып түсіндіріңіз.
- •29.Катионды полимерлеу реакцияларына әсер ететін факторларын келтіріп, мысалдармен түсіндіріңіз.
- •30. Анионды полимерлеу реакцияларын, катализаторларын, механизмін және кинетикасын мысал арқылы келтіріп, анықтаңыз.
- •31.(32) Ионды-координациялық полимерлеу реакциясының механизмінің сызбанұсқасын келтіріп анықтамасын беріңіз.
- •33. Радикалды сополимерлеу реакциясының механизмі мен кинетикасының формулаларын шығарып түсіндіріңіз.
- •34. Радикалды сополимерлеу реакциясының кинетикасы формуласын келтіріп, шекті жағдайларын график арқылы түсіндіріңіз.
- •35. Полимерлердің химиялық реакцияларына әсер ететін факторларды мысалдармен түсіндіріп анықтап беріңіз.
- •36. Радикалды сополимерлену реакциясының кинетикасы, Майо-Льюис теңдеуін шығарып беріңіз.
- •37. Полимерлену дәрежесін төмендететін реакция түрлерін, теңдеулерін түсінік арқылы жазып беріңіз.
- •38. Полимерлерді поликонденсациялау әдісімен алу жолдарын мысалдар арқылы көрсетіңіз. Анықтамасын,жалпы реакциясы теңдеуін түсіндіріп анықтаңыз.
- •39. Полимерлену дәрежесін өзгертпейтін реакция түрлерін мысалдармен түсіндіріп беріңіз.
- •40. Полимерлену дәрежесін ұлғайтатын реакция түрлерін мысалдармен түсіндіріп беріңіз.
- •41) Поликонденсациялау реакциясының механизмі мен кинетикасы формулаларын жазып, әсер ететін факторларды келтіріңіз
- •43) Полимерлерді химиялық түрлендіру анықтамасын және модификациялау әдістерін келтіріп беріңіз.
- •44) Бір бірімен әрекеттесе алатын бифункционалды мономерлер, олардың реакцияларын жазып беріңіз
- •47(57) Полимерлеуді практикада жүргізу әдістерін келтіріп артықшылықтары мен кемшіліктерін келтіріңіз.
- •48) Полимерлеу мен поликонденсациялау әдістерінің айырмашылықтарын атап көрсетіңіз.
- •49) Полимерлердің ішкі молекулалық реакцияларын келтіріңіз.
- •50) Резолды негіздік ортада алу реакциясы, резитті алу реакцияларын жазыңыз.
- •51) Гексаметилендиамин мен адипин қышқылын поликонденсациялау реакциясын жазыңыз.
- •52) Үш өлшемді полимерді алу жолы, мысал келтіріп, реакциясын жазыңыз.
- •53) Глифталь шайырын алу жолын көрсету, реакциясын жазыңыз, кинетикасын анықтау жолын көрсетіңіз.
- •54) Полимерлердің молекулалық массаларын анықтау әдістерін келтіріңіз.
- •55) Анионды полимерлеу әдісіне түсетін мономерлер, олардың формуласын жазыңыз.
- •56) Полимерлерді түрлендіру реакцияларына әсер ететін факторларды келтіріп, мысалдарының формулаларын жазыңыз.
- •58) Синдиотактикалық, изотактикалық және атактикалық полимерлерге мысал келтіріп, формулаларын жазып көрсетіңіз.
- •59) Полимергомологты реакциялар, мысал келтіріп жазыңыз.
- •60) Полиэтиленнің алу технологиясы мен қолдану салаларын көрсетіңіз.
14. Полимер-еріткіш жүйесінің фазалық диаграммалары графиктерін келтіріп түсіндіріңіз.
Полимер
ерітінділері термодинамикалық тұрақты,
тепе теңдіктегі гомогенді жүйе. Полимер
ерітінділеріне де бірнеше фазалық
диаграммалар тән. Критикалық еру
температурасының типі еріткіштің
полимерге деген термодинамикалық
ынтықтығы температураға сәйкес қалай
өзгеретініне байланысты. Мұндай
тәуелділік сызба нұсқа түрінде 1-суретте
келтірілген. Егер екінші вириальды
коэффициент A2 және
теріс мәні температура төмендегенде
кеміп тұрса, яғни еріткіш нашарлай
берсе, онда жүйе салқындағанда қабаттанады
деуге болады. Мұндай фазалық диаграммада
жоғары критикалық еру температурасы
(ЖКЕТ) байқалады. (1 а сурет). Процесс
эндотермиялық,энтропияның өсуі арқылы
жүреді.
Температура артқанда А2 абсолют мәні төмендейтін болса, онда жүйе қызғанда қабаттануы керек, яғни қабаттану қисығы төменгі критикалық еру температурасы (ТКЕТ) арқылы өтеді (1,б-сурет). Бұл кезде, яғни процесс экзотермиялық, энтропия бұл кезде төмендейді. Энтропияның төмендеуіне екі фактор әсер етуі мүмкін. Біріншіден, ТКЕТ бар фазалық диаграмма араларында күшті сутектік байланыс бар компоненттерге тән. Мұндай компонеттердің мысалына өзара сутектік байланыс түзетін целлюлоза нитраты мен этил спиртін алуға болады.Бұл жүйенің күй диаграммасындағы ТКЕТ еріткіштің қайнау температурасынан төмен температурада жатады. Екінші типті ТКЕТ компоненттерінің термиялық ұлғаю коэффециенттерінің айырмашылығы өте үлкен ерітінділерге тән. Мұндай ерітінділерді қыздырғанда еріткіш молекулалары да, полимер молеклалары да бір бірімен ассоциацияланады да, ерітінді қабаттанып кетеді. Мысалы, полиэтиленоксид - су, метилцеллюлоза –су және т.б. жүйелер. Кейбір ерітінділердің фазалық диаграммасында ЖКЕТ, ТКЕТ да болуы мүмкін, және компоненттердің табиғатына қарай ерігіштік қисығының түрі де әр түрлі болады. (1 в.г-сурет). Мысалы полистиродың циклогександағы, циклопентандағы, этилбензолдағы, полипропиленоксидтің, поливинил спиртінің судағы ерітінділерінің ерігіштік қисықтары тұйық контурмен сипатталады. (2.а-сурет). Мұндай жүйелерде ТКЕТ <ЖКЕТ және ТКЕТ еріткіштің қайнау температурасынан төмен жатады. Ал полиэтилен – алкандар, полистирол –циклогексан сияқты, химиялық құрамы жағынан бір біріне жақын, бірақ өлшемдерінің айырмашылығы өте үлкен жүйелер үшін ТКЕТ>ЖКЕТ (2.б-сурет). Кейбір полимер ерітінділерінің мұндай фазалар диаграммасы бір бірімен қиылысып кетеді де, критикалық температура байқалмайды (2,в-сурет). Екі бірдей критикалық температура байқалатын жүйелерде температураға байланысты еріткіштің термодинамикалық сапасы өзгереді де, оған екі Ө температура сай келеді. Еріткіштің термодинамикалық сапасын көрсететін А2 мәнінің температураға тәуелділігі максимум арқылы өтеді. Алынған еріткіш осы полимерге жақсы болып есептелетін Ө мен Ө2 нің аралығында жүйе бір фазалы болады, бұд жерде идеал ерітіндіден теріс ауытқу байқалады. Осы Ө мен Ө2 нің сырт жағында еріткіш нашар болып есептеледі де идеалдықтан ауытқу оң болады.
