- •1. Полимер туралы негізгі ұғымдар, мономер, буын, тізбек, макромолекуланың анықтамаларын атап көрсетіңіз.
- •2. Жоғары молекулалық қосылыстардың жіктелуін атап және мысалдармен түсіндіріңіз.
- •3. Жоғары молекулалық қосылыстардың номенклатурасын мысалдармен атап түсіндіріңіз.
- •4. Макромолекулалардың конфигурациялық изомериясын мысалмен түсіндіріңіз.
- •5. Полимерлердің молекулалық массасы туралы түсініктер және молекулалық масса таралу функциясын анықтау әдістерін келтіріңіз.
- •6. Полимердің молекулалық массаларын анықтау әдістерін келтіріңіз және мысалдармен түсіндіріңіз.
- •7. Полимердің иілгіштік қасиетін түсіндіріңіз, Кун сегменті туралы түсінікті келтіріңіз.
- •8. Полимер ерітінділерінің ерекше қасиеттерін келтіріңіз және түсіндіріңіз.
- •9. Полимерледің еру процесінің механизмін түсіндіріңіз. Ісіну дәрежесі және жылдамдық формулаларын келтіріңіз.
- •10. Полимерлердің сұйытылған ерітінділерінің қасиеттерін түсіндіріңіз.
- •11. Полимерлердің концентрлі ерітінділерінің қасиеттерін түсіндіріңіз.
- •12. Полиэлектролиттер, олардың түрлері, негізгі қасиеттерін келтіріңіз, графиктермен түсіндіріңіз.
- •13. Полимердің еру термодинпмикасы формуласын жазып, мысалдармен анықтаңыз.
- •14. Полимер-еріткіш жүйесінің фазалық диаграммалары графиктерін келтіріп түсіндіріңіз.
- •15. Полимер-еріткіш жүйесінің бір-біріне ынтықтығы, осмос қысымы арқылы түсіндіріңіз.
- •17. Полимерлердің негізгі физикалық қасиеттерін келтіріңіз, аморфты және кристалды полимерлер жөнінде түсініктерді келтіріңіз.
- •18. Аморфты полимерлердің термомеханикалық қисықтар түрлерін келтіріңіз, түсіндіріңіз.
- •19. Кристалды полимерлер туралы түсінік, кристалдану механизмін келтіріңіз.
- •20. Полимерлердің кристалдану дәрежесі мен жылдамдығын келтіріңіз, мысалмен түсіндіріңіз.
- •2 1. Аморфты полимерлердің шыны тәрізді күйінің физикалық қасиеттерін графиктер арқылы түсіндіріңіз.
- •22. Аморфты полимерлердің жоғары эластикалық күйінің теорияларын анықтап, түсіндіріңіз.
- •23. Аморфты полимерлердің тұтқыраққыш күйіндегі деформациясын түсіндіріңіз.
- •24. Полимерлерді синтездеудің негізгі жолдарын анықтаңыз, реакцияларын келтіріңіз.
- •26. Радикалды полимерлеудің қарапайым сатыларының механизмін мысалмен келтіріңіз, кинетикасын
- •27. Ионды полимерлеудің анықтамасын, әдістерінің түрлерін мысалдармен келтіріп түсіндіріңіз.
- •28. Катионды полимерлеу реакциясының механизмі мен кинетикасының формулаларын шығарып түсіндіріңіз.
- •29.Катионды полимерлеу реакцияларына әсер ететін факторларын келтіріп, мысалдармен түсіндіріңіз.
- •30. Анионды полимерлеу реакцияларын, катализаторларын, механизмін және кинетикасын мысал арқылы келтіріп, анықтаңыз.
- •31.(32) Ионды-координациялық полимерлеу реакциясының механизмінің сызбанұсқасын келтіріп анықтамасын беріңіз.
- •33. Радикалды сополимерлеу реакциясының механизмі мен кинетикасының формулаларын шығарып түсіндіріңіз.
- •34. Радикалды сополимерлеу реакциясының кинетикасы формуласын келтіріп, шекті жағдайларын график арқылы түсіндіріңіз.
- •35. Полимерлердің химиялық реакцияларына әсер ететін факторларды мысалдармен түсіндіріп анықтап беріңіз.
- •36. Радикалды сополимерлену реакциясының кинетикасы, Майо-Льюис теңдеуін шығарып беріңіз.
- •37. Полимерлену дәрежесін төмендететін реакция түрлерін, теңдеулерін түсінік арқылы жазып беріңіз.
- •38. Полимерлерді поликонденсациялау әдісімен алу жолдарын мысалдар арқылы көрсетіңіз. Анықтамасын,жалпы реакциясы теңдеуін түсіндіріп анықтаңыз.
- •39. Полимерлену дәрежесін өзгертпейтін реакция түрлерін мысалдармен түсіндіріп беріңіз.
- •40. Полимерлену дәрежесін ұлғайтатын реакция түрлерін мысалдармен түсіндіріп беріңіз.
- •41) Поликонденсациялау реакциясының механизмі мен кинетикасы формулаларын жазып, әсер ететін факторларды келтіріңіз
- •43) Полимерлерді химиялық түрлендіру анықтамасын және модификациялау әдістерін келтіріп беріңіз.
- •44) Бір бірімен әрекеттесе алатын бифункционалды мономерлер, олардың реакцияларын жазып беріңіз
- •47(57) Полимерлеуді практикада жүргізу әдістерін келтіріп артықшылықтары мен кемшіліктерін келтіріңіз.
- •48) Полимерлеу мен поликонденсациялау әдістерінің айырмашылықтарын атап көрсетіңіз.
- •49) Полимерлердің ішкі молекулалық реакцияларын келтіріңіз.
- •50) Резолды негіздік ортада алу реакциясы, резитті алу реакцияларын жазыңыз.
- •51) Гексаметилендиамин мен адипин қышқылын поликонденсациялау реакциясын жазыңыз.
- •52) Үш өлшемді полимерді алу жолы, мысал келтіріп, реакциясын жазыңыз.
- •53) Глифталь шайырын алу жолын көрсету, реакциясын жазыңыз, кинетикасын анықтау жолын көрсетіңіз.
- •54) Полимерлердің молекулалық массаларын анықтау әдістерін келтіріңіз.
- •55) Анионды полимерлеу әдісіне түсетін мономерлер, олардың формуласын жазыңыз.
- •56) Полимерлерді түрлендіру реакцияларына әсер ететін факторларды келтіріп, мысалдарының формулаларын жазыңыз.
- •58) Синдиотактикалық, изотактикалық және атактикалық полимерлерге мысал келтіріп, формулаларын жазып көрсетіңіз.
- •59) Полимергомологты реакциялар, мысал келтіріп жазыңыз.
- •60) Полиэтиленнің алу технологиясы мен қолдану салаларын көрсетіңіз.
12. Полиэлектролиттер, олардың түрлері, негізгі қасиеттерін келтіріңіз, графиктермен түсіндіріңіз.
Полиэлектролиттер деп макромолекуласында иондарға диссоциацияланатын ионогенде тобы бар жоғары молекулалық қосылыстарды айтады. Ионогендік топтар табиғатына және диссоциациялану дәрежесіне байланысты күшті және әлсіз полиқышқылдар, полинегіздер және полиамфолиттер болып бөлінеді. Полиамфолиттер негіздік және қышқылдық топтар бар. Көптеген синтетикалық және табиғи полиэлектролиттер бар. Табиғи полиэлектролиттер ішіндегі маңыздысы-белок. Күшті полиқышқыл полистиролсульфоқышқыл, әлсіз қышқыл полиакрил қышқылы, күшті полинегіз поливинил-п- толуилметиламмоний, әлсіз полинегіз полиэтиленимин.
-полиакрил
қышқылы.
-поилэтиленимин
Полиэлектролиттердің ионданатын тобы жоқ полимерден және төмен молекулалық электролиттерден өзгешелігі. Олар полииондардың бір-бірімен және қарсы иондармен әрекеттесуінен болады. зарядтардың әрекеттесуі полиэлектролит ерітінділерінің тұтқырлық қасиеттерінен байқалады. Мысалға, ерітінді тұтқырлығының ортаның рН мәніне тәуелділігінде изоэлектірлік нүктеде тұтқырлық минимальді мәнде болады. Изоэлектрлік нүктеде амфолит макромолекуласындағы диссоциацияланған қышқылдық және негіздік топтардың саны тең және ерітіндінің тұтқырлығы өте аз. Сондықтан макромолекула зарядтарының қосындысы 0–ге тең. Бұл кезде полимер тізбегі жиырылып, кішірейеді. Осындай кезде төмен молекулалық электролиттер қосса рН-ы, диссоциациялану дәрежесі өзгеруі мүмкін. Мысалға рН өссе қышқылдық топтар диссоциацияланады (1), кемісе негіздік топтар диссоциацияланады(2).
Екі жағдайда да макромолекула комформациялық өзгеріске ұшырайды, яғни тығыз шумақтан жазылған шумаққа айналады. Мұның әсерінен полиэлектролиттер тұтқырлығы күрт өзгереді. Полииондар төмен молекулалық қарсы иондармен әрекеттескенде келтірілген тұтқырлықтың полиэлектролит концентрациясына тәуелділігі өзгереді. Зарядсыз полимерлердің келтірілген тұтқырлығы тұтқырлықтың шектік мәніне түзу сызық бойымен төмен қарай ұмтылады. Полиэлектролит тұтқырлығы полимердің концентрациясы төмендеген сайын өсе береді. Бұл эффектінің себебі, ерітінді сұйытылғанда полиионның зарядтары негізгі тізбекке химиялық жолмен бекітілетін болғандықтан оның концентрациясы өзгермейді, ал қарсы иондардың концентрациясыазая береді демек, полиион зарядтарын қалқалау дәрежесі де төмендейді. Зарядтардың электростатикалық тебісуі артуы нәтижесінде тізбек жазылып, оның ерітіндіде алып тұрған көлемі ұлғая береді. Бұл эффект полиэлектролиттік ісіну д. а. Бейтарап төмен молекулалық электролит қосу арқылы бұл құбылысты жоюға болады. Полииондардың қарсы иондармен әрекеттесуіне байланысты полиқышқылдар мен полинегіздер төмен молекулалық аналогтарына қарағанда әлсіз электролиттер болып саналады. Мысалы, полиакрил қышқылын титрлегенде сутегі иондарының бөлінуі қиындайды, себебі олардың полианиондарға тартылуы күшейеді. Сондықтан полиқышқылдар титрлеген сайын әлсіз полиэлектролит болып көрінеді,яғни К0>К.
Полинегіздерде негіздік топ протондалған сайын оң зарядталған тізбек сутек иондарын күштірек тебеді,осыдан полимердің қышқылдығы артып,негіздігі азаяды.
Келтірілген мысалдардан мынадай қорытынды шығаруға болады: полиэлектролиттерде өлшенетін диссоциациялану константасы орташаланған мән. Полиэлектролиттерді потенциометрлік титрлеудің үлкен теориялық және практикалық маңызы бар. Оның көмегімен полииондардың электростатикалық сипаттамасын,диссоциациялану константасын есептеуге және ионалмастырғыш есебінде қолданылатын рН аймағын анықтауға болады. Полиқышқылдардың,мысалы, полиэлектролиттерлің титрлену ерекшеліктерін өарастырайық. Еріген заттардың концентрациясы өте аз болғанда термодинамикалық мәндерге олардыңактивтігін емес,аналитикалық концентрациясын қолдануға болады. Бұл жағдайда карбонил тобының диссоциациялану константасы диссоциацияланған және диссоциацияланбаған топтардың тепе-теңдік концентрацияларымен анықталады:
Мұнда α-диссоциациялану дәрежесі. Логарифмделген кейін рН=рКа + lg α/1-α
Мұндағы рН= -lg=[Н+]; рКа= -lgКа.
