- •1. Полимер туралы негізгі ұғымдар, мономер, буын, тізбек, макромолекуланың анықтамаларын атап көрсетіңіз.
- •2. Жоғары молекулалық қосылыстардың жіктелуін атап және мысалдармен түсіндіріңіз.
- •3. Жоғары молекулалық қосылыстардың номенклатурасын мысалдармен атап түсіндіріңіз.
- •4. Макромолекулалардың конфигурациялық изомериясын мысалмен түсіндіріңіз.
- •5. Полимерлердің молекулалық массасы туралы түсініктер және молекулалық масса таралу функциясын анықтау әдістерін келтіріңіз.
- •6. Полимердің молекулалық массаларын анықтау әдістерін келтіріңіз және мысалдармен түсіндіріңіз.
- •7. Полимердің иілгіштік қасиетін түсіндіріңіз, Кун сегменті туралы түсінікті келтіріңіз.
- •8. Полимер ерітінділерінің ерекше қасиеттерін келтіріңіз және түсіндіріңіз.
- •9. Полимерледің еру процесінің механизмін түсіндіріңіз. Ісіну дәрежесі және жылдамдық формулаларын келтіріңіз.
- •10. Полимерлердің сұйытылған ерітінділерінің қасиеттерін түсіндіріңіз.
- •11. Полимерлердің концентрлі ерітінділерінің қасиеттерін түсіндіріңіз.
- •12. Полиэлектролиттер, олардың түрлері, негізгі қасиеттерін келтіріңіз, графиктермен түсіндіріңіз.
- •13. Полимердің еру термодинпмикасы формуласын жазып, мысалдармен анықтаңыз.
- •14. Полимер-еріткіш жүйесінің фазалық диаграммалары графиктерін келтіріп түсіндіріңіз.
- •15. Полимер-еріткіш жүйесінің бір-біріне ынтықтығы, осмос қысымы арқылы түсіндіріңіз.
- •17. Полимерлердің негізгі физикалық қасиеттерін келтіріңіз, аморфты және кристалды полимерлер жөнінде түсініктерді келтіріңіз.
- •18. Аморфты полимерлердің термомеханикалық қисықтар түрлерін келтіріңіз, түсіндіріңіз.
- •19. Кристалды полимерлер туралы түсінік, кристалдану механизмін келтіріңіз.
- •20. Полимерлердің кристалдану дәрежесі мен жылдамдығын келтіріңіз, мысалмен түсіндіріңіз.
- •2 1. Аморфты полимерлердің шыны тәрізді күйінің физикалық қасиеттерін графиктер арқылы түсіндіріңіз.
- •22. Аморфты полимерлердің жоғары эластикалық күйінің теорияларын анықтап, түсіндіріңіз.
- •23. Аморфты полимерлердің тұтқыраққыш күйіндегі деформациясын түсіндіріңіз.
- •24. Полимерлерді синтездеудің негізгі жолдарын анықтаңыз, реакцияларын келтіріңіз.
- •26. Радикалды полимерлеудің қарапайым сатыларының механизмін мысалмен келтіріңіз, кинетикасын
- •27. Ионды полимерлеудің анықтамасын, әдістерінің түрлерін мысалдармен келтіріп түсіндіріңіз.
- •28. Катионды полимерлеу реакциясының механизмі мен кинетикасының формулаларын шығарып түсіндіріңіз.
- •29.Катионды полимерлеу реакцияларына әсер ететін факторларын келтіріп, мысалдармен түсіндіріңіз.
- •30. Анионды полимерлеу реакцияларын, катализаторларын, механизмін және кинетикасын мысал арқылы келтіріп, анықтаңыз.
- •31.(32) Ионды-координациялық полимерлеу реакциясының механизмінің сызбанұсқасын келтіріп анықтамасын беріңіз.
- •33. Радикалды сополимерлеу реакциясының механизмі мен кинетикасының формулаларын шығарып түсіндіріңіз.
- •34. Радикалды сополимерлеу реакциясының кинетикасы формуласын келтіріп, шекті жағдайларын график арқылы түсіндіріңіз.
- •35. Полимерлердің химиялық реакцияларына әсер ететін факторларды мысалдармен түсіндіріп анықтап беріңіз.
- •36. Радикалды сополимерлену реакциясының кинетикасы, Майо-Льюис теңдеуін шығарып беріңіз.
- •37. Полимерлену дәрежесін төмендететін реакция түрлерін, теңдеулерін түсінік арқылы жазып беріңіз.
- •38. Полимерлерді поликонденсациялау әдісімен алу жолдарын мысалдар арқылы көрсетіңіз. Анықтамасын,жалпы реакциясы теңдеуін түсіндіріп анықтаңыз.
- •39. Полимерлену дәрежесін өзгертпейтін реакция түрлерін мысалдармен түсіндіріп беріңіз.
- •40. Полимерлену дәрежесін ұлғайтатын реакция түрлерін мысалдармен түсіндіріп беріңіз.
- •41) Поликонденсациялау реакциясының механизмі мен кинетикасы формулаларын жазып, әсер ететін факторларды келтіріңіз
- •43) Полимерлерді химиялық түрлендіру анықтамасын және модификациялау әдістерін келтіріп беріңіз.
- •44) Бір бірімен әрекеттесе алатын бифункционалды мономерлер, олардың реакцияларын жазып беріңіз
- •47(57) Полимерлеуді практикада жүргізу әдістерін келтіріп артықшылықтары мен кемшіліктерін келтіріңіз.
- •48) Полимерлеу мен поликонденсациялау әдістерінің айырмашылықтарын атап көрсетіңіз.
- •49) Полимерлердің ішкі молекулалық реакцияларын келтіріңіз.
- •50) Резолды негіздік ортада алу реакциясы, резитті алу реакцияларын жазыңыз.
- •51) Гексаметилендиамин мен адипин қышқылын поликонденсациялау реакциясын жазыңыз.
- •52) Үш өлшемді полимерді алу жолы, мысал келтіріп, реакциясын жазыңыз.
- •53) Глифталь шайырын алу жолын көрсету, реакциясын жазыңыз, кинетикасын анықтау жолын көрсетіңіз.
- •54) Полимерлердің молекулалық массаларын анықтау әдістерін келтіріңіз.
- •55) Анионды полимерлеу әдісіне түсетін мономерлер, олардың формуласын жазыңыз.
- •56) Полимерлерді түрлендіру реакцияларына әсер ететін факторларды келтіріп, мысалдарының формулаларын жазыңыз.
- •58) Синдиотактикалық, изотактикалық және атактикалық полимерлерге мысал келтіріп, формулаларын жазып көрсетіңіз.
- •59) Полимергомологты реакциялар, мысал келтіріп жазыңыз.
- •60) Полиэтиленнің алу технологиясы мен қолдану салаларын көрсетіңіз.
11. Полимерлердің концентрлі ерітінділерінің қасиеттерін түсіндіріңіз.
Концентрлі
ерітінді деп еріген заттың молекулалары
бір-бірімен байланыса алатын ерітіндіні
айтады. Мұндай молекулааралық байланыстың
нәтижесінде полимер ерітіндісінің
тұтқырлығы таза еріткіштің тұтқырлығынан
біршама жоғары болады. Ферридің анықтамасы
бойынша концентрлі ерітінді деп
салыстырмалы тұтқырлығы кем дегенде
100-ге жететін ерітіндіні айтады. Концентрлі
полимердің төиенгі шегі ұзын қатты
тізбектер үшін пайыздың оннан бір
бөлігіне, ал иілгіш тізбек үшін 10%-ға
дейін жетуі мүмкін. Сұйытылған және
концентрлі ерітінділер тек оның
концентрациясымен сипатталмайды. Мұнда
макромолекуланың мөлшері, молекулааралық
берік байланыс жасай алатынтоптардың
болуы, полимер мен еріткіштің бір-бірімен
ерекше байланыса алуы, алынатын жүйенің
релаксациялық қасиеттері және т.б.
факторлар да әсер етеді. Полимерлердің
молекулалық массасы өскен сайын
ерітіндінің тұтқырлығы артады да,
концентрлі деп есептеуге болатын шек
төмендейді. Полимер ерітіндісінің
концентрациясы артқанда оның тұтқырлығы
күрт өсіп, құрамындағы еріткіштің
мөлшері азайғанда полимердің өз
тұтқырлығына жақындайды. Еріткіш
табиғатының да маңызхы зор. Оның әсері
молекула тізбегінің қатаңдығына тура
байланысты. Ерітіндідегі полимердің
үлесі артқан сайын, үлкен молекулалардың
арасындағы қашықтық кемиді, олардың
ретсіз қозғалысының нәтижесінде
бір-бірімен соқтығысу мүмкіндігі артып,
ассоциацияланады. Осының арқасында
қарапайым молекуладан ірі құрылымдар
түзіп, молекулааралық торлар пайда
болады. Полимерлер ерітіндісінің
концентрациясының артуының салдарынан
макромолекулалардың бір-бірімен
байланысы күшейіп,олардың қозғалысы
қиындайды. Концентрлі ерітінділер
Ньютон және Пуазейль заңдарына бағынбайды.
Ньютон заңынан
ауытқу
жылжу кернеуі өскен сайын тұтқырлықтың
кемуінен болады, былайша айтқанда кернеу
мен жылдамдық градиентінің арасында
тура пропорциялық байланыс сақталмайды.
Мұндай ерітінділер үшін lgη менlgMарасындағы
байланыс сынық сызық арқылы көрсетіледі.
Пуазейл заңына
бағынбайды
капиллярдың ішінен өтетін концентрлі
ерітіндінің мөлшері сырттан берілген
қысымға пропорционал емес, одан тезірек
артып отырады. Мұндай аномальді құбылыс
концентрлі ерітіндіде пайда болатын
торлы құрылымдардың сұйықтықтың
қозғалысына кедергі жасауынан болады.
Қысым мен кернеу артқан сайын мұндай
торлы құрылымдар біртіндеп бұзылып,
сұйықтың тұтқырлығы кемиді де, сұйықтың
түтіктен өту жылдамдығы төмендейді.
Сонымен қатар, макромолекулалар сұйықтың
ағу бағытына қарай бұрылып, қозғалу
кедергісін азайтады. Сұйықтың ағуына
келтіретін қосалқы кедергіден не басқа
себептерден туатын қосымша тұтқырлық
құрылымдық тұтқырлық д.а. Ссонда
концентрлі ерітіндінің тұтқырлығы
ламинар ағысынан туатын Ньютон және
Пуазейль заңдарына бағынатын нормаль
тұтқырлық және құрылымдық тұтқырлықтың
қосындысынан тұрады, яғни
.
Соңғы қосынды негізінен температураның
төмендеуіне,не концентрациясының өсуіне
байланысты пайда болады. Бұл кезде
қыздырудың не сұйылтудың нәтижесінде
үлкен молекулалардың жылдамдығының
артуынан жартылай немесе толығымен
бұзылған құрылымдар қайта пайда бола
бастайды. Құрылымдардың түзілуі және
жойылуы үшін біршама уақыт керек.
Ерітіндіні дайындай салып өлшенген
тұтқырлық құрылым пайда болғандағы
мәнінен аз. Полимер ерітіндісінен
қыздырғандағы алынған тұтқырлық, оны
тез салқындатқан кездегі мәнінен кем.
Мұны гистерезис
құбылысы д.а. Онша берік емес ішкі
құрылымдарды механикалық жолмен (қозғау,
қатты араластыру және т. б.) де бұзуға
болады. Сыртқы әсерлерді тоқтатқан соң
полимердің табиғатына, ерітіндінің
концентрациясына, қоспаның болу-болмауына
байланысты жүйенің құрылымы мен
тұтқырлығы біршама уақыттан кейін
өзінің бастапқы қалпына келеді. Бұл
құбылыс тиксотропия
д. а.
