- •1. Полимер туралы негізгі ұғымдар, мономер, буын, тізбек, макромолекуланың анықтамаларын атап көрсетіңіз.
- •2. Жоғары молекулалық қосылыстардың жіктелуін атап және мысалдармен түсіндіріңіз.
- •3. Жоғары молекулалық қосылыстардың номенклатурасын мысалдармен атап түсіндіріңіз.
- •4. Макромолекулалардың конфигурациялық изомериясын мысалмен түсіндіріңіз.
- •5. Полимерлердің молекулалық массасы туралы түсініктер және молекулалық масса таралу функциясын анықтау әдістерін келтіріңіз.
- •6. Полимердің молекулалық массаларын анықтау әдістерін келтіріңіз және мысалдармен түсіндіріңіз.
- •7. Полимердің иілгіштік қасиетін түсіндіріңіз, Кун сегменті туралы түсінікті келтіріңіз.
- •8. Полимер ерітінділерінің ерекше қасиеттерін келтіріңіз және түсіндіріңіз.
- •9. Полимерледің еру процесінің механизмін түсіндіріңіз. Ісіну дәрежесі және жылдамдық формулаларын келтіріңіз.
- •10. Полимерлердің сұйытылған ерітінділерінің қасиеттерін түсіндіріңіз.
- •11. Полимерлердің концентрлі ерітінділерінің қасиеттерін түсіндіріңіз.
- •12. Полиэлектролиттер, олардың түрлері, негізгі қасиеттерін келтіріңіз, графиктермен түсіндіріңіз.
- •13. Полимердің еру термодинпмикасы формуласын жазып, мысалдармен анықтаңыз.
- •14. Полимер-еріткіш жүйесінің фазалық диаграммалары графиктерін келтіріп түсіндіріңіз.
- •15. Полимер-еріткіш жүйесінің бір-біріне ынтықтығы, осмос қысымы арқылы түсіндіріңіз.
- •17. Полимерлердің негізгі физикалық қасиеттерін келтіріңіз, аморфты және кристалды полимерлер жөнінде түсініктерді келтіріңіз.
- •18. Аморфты полимерлердің термомеханикалық қисықтар түрлерін келтіріңіз, түсіндіріңіз.
- •19. Кристалды полимерлер туралы түсінік, кристалдану механизмін келтіріңіз.
- •20. Полимерлердің кристалдану дәрежесі мен жылдамдығын келтіріңіз, мысалмен түсіндіріңіз.
- •2 1. Аморфты полимерлердің шыны тәрізді күйінің физикалық қасиеттерін графиктер арқылы түсіндіріңіз.
- •22. Аморфты полимерлердің жоғары эластикалық күйінің теорияларын анықтап, түсіндіріңіз.
- •23. Аморфты полимерлердің тұтқыраққыш күйіндегі деформациясын түсіндіріңіз.
- •24. Полимерлерді синтездеудің негізгі жолдарын анықтаңыз, реакцияларын келтіріңіз.
- •26. Радикалды полимерлеудің қарапайым сатыларының механизмін мысалмен келтіріңіз, кинетикасын
- •27. Ионды полимерлеудің анықтамасын, әдістерінің түрлерін мысалдармен келтіріп түсіндіріңіз.
- •28. Катионды полимерлеу реакциясының механизмі мен кинетикасының формулаларын шығарып түсіндіріңіз.
- •29.Катионды полимерлеу реакцияларына әсер ететін факторларын келтіріп, мысалдармен түсіндіріңіз.
- •30. Анионды полимерлеу реакцияларын, катализаторларын, механизмін және кинетикасын мысал арқылы келтіріп, анықтаңыз.
- •31.(32) Ионды-координациялық полимерлеу реакциясының механизмінің сызбанұсқасын келтіріп анықтамасын беріңіз.
- •33. Радикалды сополимерлеу реакциясының механизмі мен кинетикасының формулаларын шығарып түсіндіріңіз.
- •34. Радикалды сополимерлеу реакциясының кинетикасы формуласын келтіріп, шекті жағдайларын график арқылы түсіндіріңіз.
- •35. Полимерлердің химиялық реакцияларына әсер ететін факторларды мысалдармен түсіндіріп анықтап беріңіз.
- •36. Радикалды сополимерлену реакциясының кинетикасы, Майо-Льюис теңдеуін шығарып беріңіз.
- •37. Полимерлену дәрежесін төмендететін реакция түрлерін, теңдеулерін түсінік арқылы жазып беріңіз.
- •38. Полимерлерді поликонденсациялау әдісімен алу жолдарын мысалдар арқылы көрсетіңіз. Анықтамасын,жалпы реакциясы теңдеуін түсіндіріп анықтаңыз.
- •39. Полимерлену дәрежесін өзгертпейтін реакция түрлерін мысалдармен түсіндіріп беріңіз.
- •40. Полимерлену дәрежесін ұлғайтатын реакция түрлерін мысалдармен түсіндіріп беріңіз.
- •41) Поликонденсациялау реакциясының механизмі мен кинетикасы формулаларын жазып, әсер ететін факторларды келтіріңіз
- •43) Полимерлерді химиялық түрлендіру анықтамасын және модификациялау әдістерін келтіріп беріңіз.
- •44) Бір бірімен әрекеттесе алатын бифункционалды мономерлер, олардың реакцияларын жазып беріңіз
- •47(57) Полимерлеуді практикада жүргізу әдістерін келтіріп артықшылықтары мен кемшіліктерін келтіріңіз.
- •48) Полимерлеу мен поликонденсациялау әдістерінің айырмашылықтарын атап көрсетіңіз.
- •49) Полимерлердің ішкі молекулалық реакцияларын келтіріңіз.
- •50) Резолды негіздік ортада алу реакциясы, резитті алу реакцияларын жазыңыз.
- •51) Гексаметилендиамин мен адипин қышқылын поликонденсациялау реакциясын жазыңыз.
- •52) Үш өлшемді полимерді алу жолы, мысал келтіріп, реакциясын жазыңыз.
- •53) Глифталь шайырын алу жолын көрсету, реакциясын жазыңыз, кинетикасын анықтау жолын көрсетіңіз.
- •54) Полимерлердің молекулалық массаларын анықтау әдістерін келтіріңіз.
- •55) Анионды полимерлеу әдісіне түсетін мономерлер, олардың формуласын жазыңыз.
- •56) Полимерлерді түрлендіру реакцияларына әсер ететін факторларды келтіріп, мысалдарының формулаларын жазыңыз.
- •58) Синдиотактикалық, изотактикалық және атактикалық полимерлерге мысал келтіріп, формулаларын жазып көрсетіңіз.
- •59) Полимергомологты реакциялар, мысал келтіріп жазыңыз.
- •60) Полиэтиленнің алу технологиясы мен қолдану салаларын көрсетіңіз.
10. Полимерлердің сұйытылған ерітінділерінің қасиеттерін түсіндіріңіз.
Полимерді еріткішке қосқанда жүйенің тұтқырлығы күрт өседі.Полимердің сұйылтылған ерітінділерінің тұтқырлығы еріткіштің тұтқырлығынан 10-20 есе артық.Мұндай ерітінділердің тұтқырлығын вискозиметрде анықтайды.Сұйық диаметрі х капилляр арқылы аққанда жылдамдық градиентімен d ν /dx сипатталады.Себебі, сұйықтық ламинарлы ағыспен қозғалады, яғни капиллярдың қабырғасына жанасқан сұйықтық қабаты қозғалыссыз қалады, ал капиллярдың ортасына қарай жылжу жылдамдығы артады да, нақ ортасында жылдамдық максимал мәнге ие болады.Сұйықтықтың бұлай қозғалуы Ньютон заңымен анықталады:
Ғ= − ƞ S * d ν /dx
Ғ-сұйық қабатының үйкеліс күші, S-сұйық қабаттарының жанасу бетінің ауданы, ƞ-тұтқырлық көэффициенті. Теңдеудің оң жағындағы минус таңбасы үйкеліс күші жылжу бағытына кері екенін көрсетеді.
Орташа молекулалық массаны анықтау үшін тұтқырлық коэффициентінің абсолют мәнін емес, салыстырмалы тұтқырлық мәнін пайдаланады:
Ƞсал= Ƞерітінді / Ƞеріткіш
Полимер ерігендегі тұтқырлықтың өсуінің, еріткіштің тұтқырлығына қатынасы меншікті тұтқырлық д.а:
Ƞмен= (Ƞерітінді − Ƞеріткіш) /Ƞеріткіш = Ƞсал − 1
Меншікті тұтқырлықтың еріткіштегі полимердің концентрациясына C қатынасы келтірілген тұтқырлық д.а.
Ƞкел= Ƞмен / С
Концентрация өскен сайын сұйытылған ерітінділердің меншікті, салыстырмалы, келтірілген тұтқырлықтары өседі.
Жалпы, сұйытылған ерітінді деп полимердің тізбекті молекулалары іс жүзінде бір-бірімен әрекеттеспейтін ерітіндіні айтады. Сұйылтлған ерітінділерде макромолекулалар бір-бірінен өзінің геометриялық мөлшерінен артық белгілі бір τқашықтықта орналасады.
М
ұндай
ерітінділерде макромолекула бөліктері
біркелкі жатпайды. Ерітіндінің бір жері
таза еріткіштен тұрса, екінші жерінде
еріткіште ісінген полимер шумақтары
жатады. Осы шумақтағы макромолекула
сегменттері әдетте бір-біріне жанаспайтын
аймақ құрып, не бір координациялық
гидродинамикалық сфера түзіп қалыптасады.
Координациялық сфералар бір бірінен
алшақ орналасады.
Полимердің концентрациясы координациялық сфераның ішінде аз-ақ, бірақ ерітіндінің орташа концентрациясынан жоғары болады. Демек, бір макромолекуланың алатын көлемінің екінші макромолекуланың көлеміне ешқандай әсері болмайды. Осындай бір-біріне әсер етпейтіндей оқшау орналасқан макромолекулалардың көлемі макромолекулалардың оқшауланған көлемі β д .а Макромолекуланың оқшауланған көлемі оның физикалық көлеміне тең емес. Ол бөлшектердің пішіні мен полимер-полимер және полимер-еріткіш әрекеттестігінің шамасымен анықталады. Ө-еріткіште буынаралық әрекеттестік болмайды, оның орнына буындар мен еріткіш молекулаларының әрекеттестігі қалыптасады. Макромолекуланың, олардың ешқандай өзара байланысын болдырмайтын Ө-еріткіштегі мөлшерін макромолекуланың ұйытқымаған мөлшері дейді. Егер сұйытылған ерітінді Ө-жағдайда болса, яғни Т=Ө, А2=0, макромолекуланың оқшауланған көлемі нөлге тең, β=0.полимерлердің еріткішпен термодинамикалық әрекеттестігі неғұрлым күшті болса, яғни, А2 мәні неғұрлым жоғары болса, макромолекула соғұрлым көбірек ісінеді, демек оқшауланған көлем үлкенірек болады, β>0.
Сонымен, макромолекулалардың оқшауланған көлемі сұыйтылған ерітіндінің энергетикалық сипаттамасы. Ол температураға, полимердің молекулалық массасына, полимер мен еріткіштің табиғатына байланысты. Полимерлі шумақтардың мөлшерін макромолекуланың ортасынан тізбек ұштарының орташа квадраттық қашықтығымен (h ) немесе макромолекула массасының ортасынан оның кез келген буынына дейінгі орташа қашықтықты көрсететін орташа квадраттық инерция радиусымен ( R ) сипаттайды.
Макромолекуламен әрекеттесе алатын жақсы еріткіште оның мөлшері α рет өзгереді, яғни α=(h ) / ( h ) , α-макромолекуланың ісіну коэффициенті.
