Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МГ ответы 35 группа.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.38 Mб
Скачать
  1. Қадалар және қадалы іргетастар түрлері

Қада дегеніміз - ағаштан, бетоннан, темірбетоннан, металлдан жасалатын ұзын стержень. Ол жерге дайын күйінде әртүрлі машиналармен, құрал-жабдықтармен кіргізіледі немесе алдын-ала бұрғыланып қазылған скважиналарға құйылып тік немесе көлбеу бағытта орнатылады.

Қадалы іргетас деп жоғарғы басы ростверкпен біріктірілген қадалар тобын айтады. Ростверк ғимараттан түсетін күштерді қадаларға таратып түсіріп, олармен бірге жұмыс істейді. Қадалы іргетастың негізі болып олардың ұшынан төмен жатқан топырақ қабаттары есептелінеді. Қадалы іргетастар өте үлкен күштерді қабылдауға жарамды, олар күштерді тереңде жатқан берік, қатты топырақтарға түсіреді. Қабат саны тоғыз және оданда көп болатын ғимараттар үшін қадалы іргетастарды жиі пайдаланады.

Жұмыс істеу ерекшелігіне байланысты қадалар 2 бөлінеді: тірек қада,ілме қада.

Қадалардың жұмыс істелуіне байланысты жеке қада,тізбекті орналасқан қада,топтап орналасқан қада,алаңға орналасқан қада. Бұл қадалардың бірігіп жұмыс істеу үшін,оларды ростверкке байланыстырады. Ростверк монолитті немесе құрамалы түрде қадалардың басын біріктіреді.

Ростверктің кеңістікте орналасуына байланысты 3 түрі бар: төмен,көтеріңкі,биік орналасқан.

Қадалар материалына байланысты ағаштан, бетоннан, темірбетоннан, металдан жасалады.

Дайындалу технологиясына байланысты құрамалы және құймалы түрінде болады.

Қадалы іргетастарды қадалар бұтасы,қадалар таспасы,жеке қада,қадалардың тұтас өрісі сияқты түрлерге бөледі.

Қадалар бұтасы - жеке конструкция,мысалы бағандар астына орнатылады. Бұтадағы қадалар саны кемі 3 болады.

Қадалар таспасы - ғимараттар қабырғаларының немесе басқа да ұзын құрылғылардың астында, кейде бір қатарлы, кейде көп қатарлы қылып орнатады.

Жеке қадаларды - бағандардан немесе басқа элементтерден түсетін салмақты жалғыз қада қабылдай алғанда қолданады.

Қадалардың тұтас өрісі - ауыр ғимараттардан салмағын көтеруге арналған. Олар, қабылданған жоспарлық ретпен,бүкіл құрылыс алаңы бойынша орнатылып, бастары тұтас темірбетонды тақтамен жабыла біріктіріледі.

Егер ростверк топырақтың немесе судың деңгейінен айтарлықтай жоғары орналасса биік орналасқан деп;

Көтеріңкі деп егер ростверктің табаны топырақтың деңгейімен бірдей орналасса;

Төмен деп егер топыраққа көмілген болса.

Құрамалы қадалар

Құрамалы қадалардың негізгі ерекшеліктері салмағы жеңіл,оңай жасалуы,тасымалдауға ыңғайлы және өте берік болып келеді.Осы қаситтеріне байланысты бұл қаданы нашар топыраққа немесе нығыз топырақ кезінде қолданылады және деформацияланбайды.Бұл қадалар ілмелі болып келеді.Құрамалы қада көп қабатты уйлер салған кезінде,ауыр ғимараттар салған кезде және қырлы жерлерде уйлер салғанда қолданады.

Құрамалы қаданы жерге енгізу үшін бұрғыламалы машина қолданылады және олар ілмелі болып келеді, сондықтан қадалар іргетасты плитканың астында жатады.

Топырақта дайындалатын қадалар, олардың ерекшелктері

құрылыста — ғимараттардың жүктемесін грунтгы іргеге беру үшін түгел немесе жартылай жерге қағьшған өзекті элемент (бөрене, брус). Ағаштан, бетоннан, темірбетоннан және темірден дайыңдалады. Грунтқа (жерге) дайын күйінде қағып енгізілетін қақпа Қада және алдын ала үңгіленген ұңғымаларда дайындалатын толтырма Қада бөліп қарастырылады. Мелиорациялық құрылыста көбінесе толық қималы шаршы темірбетон, қуыс дөңгелек қуысты шаршы қақпа Қада пайдаланылады. Көпірлердің іргесін түрғызу үшін, тірек қабырғалардың конетрукцияларында, ғимаратастындағы жеке тіреулердің іргетасын салу және қабырғалық конструкциялар үшін (әсіресе ыза сулардың деңгейі жоғары және әлсіз грунтгардағы); Гидрометрияда — табиғи су көздерінде (көл, бөген, өзен, канал) су деңгейін өлшеуге арналған жабдық. Қадалар ағаштан, темірбетоннан немесе металдан дайындалады. Қадалармен жабдықталған гидрологиялық бекеттерде қадалар бір СЫЗЬІҚТЬІҢ бойына, өзендегі ағыстың бағытына көлденең, бастары шамамен, бір-бірінен 0,6—0,8 м биіктікте орналастырылады. Қадалардың жер бетінен биіктігі, әдетте, 0,2—0,4 м- ден аспайды, ал жоғары қаданың басы судың ең биік деңгейінен 0,25—0,5 м жоғары орналасуы керек, ал төменгі қада судың төменгі деңгейінен 0,25—0,5 м төмен болуы шарт.

Қада жұмыстары өнеркәсіптік және азаматтық, ауыл шаруашылық және көлік құрылыстарының үймереттері мен ғимараттарының қадалы фундаменттерін құрғанда орындалады және кешенді- механикаландырылған технологиялық процестердің жиынтығы болып табылады. Қадалар үймерет немесе ғимарат жүгін топыраққа беру және әлсіз топырақтардың көтергіш қабілетін арттыру үшін және су кіруді, жер асты және жер үсті откелдер салғанда топырақтың құйылуын немесе мүжілік құлауын болдырмау үшін жағалар қабырғаларын қоршау және басқа жағдайларға арналады. Қада жұмыстарының кешенді процестерінің құрамына кіретіндер: дайындық процестері (жартылай фабрикаттар дайындау, қадаларды әзірлеу немесе оларды дайындау және қадаларды батыруға даярлау); көлік процестері (қадалар мен жартылай фабрикаттарды жеткізу) және негізгі процестер (дайын қадаларды батыру немесе толтыратын қадалар жасау). Қада қағу жұмыстары орындалған соң әдетте қадалы роствектер жасалады.

Қада және қадалы фундаменттер түрлері

Қадалар топыраққа батыру тәсілі бойынша: дайын түрінде топыраққа әр түрлі тәсілмен қағылатын – қағылмалы және тікелей топыраққта жобалық жағдайда дайындалатын – толтырмалы болуы мүмкін.

Жұмыс өзгешілігі бойынша діңгек-қада және аспалы қадаға бөлінеді. Діңгек-қадалар ғимарат жүгін өздерінің төменгі ұштарымын тікелей тығыз топырақтарға береді,ал аспалылар – ғимараттың жүгін ең алдымен топырақта өздерінің бүйір жақ беттерінің үйкелеу кедергісімен береді. Қадалар материалдар түрі бойынша: ағаш, бетон, темірбетон, металл және қиыстырылған болады. Көлденең қима пішіні бойынша шаршы, тік бұрышты, көп қырлы, дөңгелек, жаппай қималы және қуыс құбырлы, қабықша-қада, ұзындығы бойынша бір қалыпты және ауыспалы (пирамида тәрізді) қималыға бөлінеді. Ростверк – қадаларды біріктіретін түзіліс және топырақ негізіне ғимарат жүгін біркелкі беру үшін қызмет етеді. Ростверктер құрамалы, құрамалы-құймалы және тұтас құймалы арқалық және тақта түрінде болады.