Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МГ ответы 35 группа.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.38 Mб
Скачать

2. Іргетас ортадан жүктелген жағдайдағы ерекшеліктер

Іргетас табаны ортасынан тік төмен бағытта жертабан топырағының отыруын анықтау үшін анықтау үшін құрылыс ережелері мен қағидаларында көрсетілгендей кернеулерді есептік схема бойынша есептейді. Іргетас табаны астындағы топырақтардың отыруы толық кернеудің σzp әсерінен емес, оның табиғи кернеуден σzgo айырмашылығына байланысты. Себебі σzgo әсерінен топырақтың тығыздалуы табиғи жағдайда қалыптасып біткен. Сондықтан ғимарат іргетасының отыруы табиғи кернеуден артық қосымша қысымға σzрo байланысты анықталады.

Мұндағы: Р – сырт күш әсерінен іргетас табанындағы толық қысым

σzgo – іргетас табаны деңгейіндегі қосымша қысым.

3.Қадалы іргетастарды жобалау реті

Қадалы іргетастар 2 беріктік күйге есептелінеді

1)беріктігі

2)деформациясы

Есептеуді жұргізу үшін қадалы іргетасты шартты іргетас түрінде қарастырады S < Sr

  1. Ғимараттан іргетасқа түсетін жүктеме мөлшерін анықтау

  2. Ростверг табанының орналасу тереңдігін анықтау

Ол саяз орналасқан іргетастарға тән фокторлар анықталады. Тоңу деңгейіне, геологиялық ерекшелігіне, жер асты су деңгейіне, конструктивтік ерекшелігіне.

Подвал жоқ жағдайда ростверг орналасу тереңдігін тоңу деңгейінен жоғары орналасқан жағдайда оның астына жылытқыш қабақтары қарастырылады. (Мысалы: шлак жасалса 0,3 кем емес, құм қолданса 0,5 кем емес)

  1. Қаданың типін, түрін, өлшемдерін таңдап алу негізінде түсетін жүктемеге байланысты;

Құрылыс алаңының инженерлік-геологиялық жағдайына байланысты;

Жергілікті қаданың түріне байланысты;

Мердігерлік техникалық мүмкіндігіне байланысты;

Ұзындығын таңдауына байланысты;

  1. Қаданың көтергіштік қабілетін және оның есептік көтергіштігін анықтау. Қаданың көтергіштігі оның түріне байланысты.

  2. Қаданың қажетті санын анықтау. Оларды роствергке орналастыру және конструкциялау.

  3. Роствергтің биіктігі конструктивтік немесе есептеу арқылы анықталынады. Конструктивтік шартқа сәйкес роствергтің биіктігі 30 см-ден үлкен немесе тең болу керек. Роствергті конструкциялап болғаннан кейін және оның үстіндегі топырақтың салмағынан туындайтын есептік жүктің нақты мәнін анықтайды және әр қадаға түсетін нақты жүкті мөлшерлік шарт бойынша тексереді. Шарт орындалмаса (n) санын өзгертеміз немесе көтергіштігін, ұзындығын, конструкциясын өзгертеміз.

  4. Шартты іргетастың табанындағы қысымды негіздің көтергіші қабатындағы есептік кедергісімен салыстыру.

24

1. Ғимараттардың қатаңдылығы мен деформациялануы бойынша түрлері. . Ғимараттар қатаңдығы мен деформациялануына б/ты: абсолютті қатаң, абс.иілгіш және шектік қатаңдықтағы болып бөлінеді. Абсолютті қатаң ғимараттар иілмеіді және симметриялы жүктеуде біркелкі шөгеді. Себебі ондағы конструктивті элементтер арасындағы байланыстар қатаң бекітілген.

Абсолютті иілгіш ғимараттар конструкциялары топырақпен бірге ілесе шөгеді. Мұндағы конструкциялар арасындағы байланыстар топсалы болады.

Шекті қатаңдықтағы ғимараттарға құрылыста кең тараған ірі панельді, ірі блокты, қаңқалы панельді ғимараттар жатады.