Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
metrologia_shpor_1_-_kolonka.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
167.31 Кб
Скачать

Билет №25

1. Жүйелі жіберілетін қателік. Өлшеудің жүйелі қателіктерін болдырмау тәсілдері. Жүйелі қателік құрамы өлшеу құралдарының физикалық, конструктивті және технологиялық ерекшеліктеріне, қолдану шарттарына, сонымен қатар бақылаушының жеке сапаларына байланысты болатын әсер етуші факторлардың белгілі бір функциясы болып табылады. Жүйелік қателіктер екі белгісі бойынша жіктеледі: 1)Уақытқа байланысты өзгеру сипатына қарай олар тұрақты және өзгермелі болып бөлінеді. Тұрақты - өлшеуклердің барлық сериялары ішінде өзгеріссіз қалатын қателіктер болып табылады. Өзгермелі - өлшеу процесінде өзгерістерге ұшырап отыратын қателіктер болып табылады. Олар монотонды өзгеретін, периодты және күрделі заңдылық бойынша өзгеретіндер болып бөлінеді. Егер қателік өлшеулер процесінде монотонды өсетін немесе азаятын болса, онда ол монотонды өзгеретін деп аталады. Периодты қателік деп мәні уақыттың функциясы болып саналатын қателік есептеледі. Жүйелі қателіктер анағұрлым күрделі заңдылықпен өзгере алады, ол қандай да бір сыртқы факторларға, себептерге негізделген болып келеді. Жүйелі қателіктерді байқау әдістері және оларды аластатуЖүйелі қателіктер болған жағдайда алычнған бақылаулар нтижелері түзетілмес қателіктер болып саналады. Жүйелі қателіктердің өлшеулер кезіндегі әсерлерін болдырмау немесе ескермеуді өлшеулер басталғанға дейін жүйелі қателіктер көзін аластату арқылы мүмкін етуге болады; яғни түзетпелерді анықтау және оларды өлшеулер нәтижелеріне енгізу; алынып тасталмайтын жүйелі қателіктер шекарасын бағалау.

2, Бірліктер өлшемін метрологиялық беру тізбегі. Метрологиялық тізбектің барлық буындарында физикалық шамалардың бірлік мөлшерінің дұрыс берілуін қамтамасыз ету үшін белгілі бір тәртіп орнатылуы керек. Бұл тәртіп салыстырып тексеру сұлбаларында келтіріледі. Салыстырып тексеру сұлбасы дегеніміз - эталондардың, үлгілі өлшем құралдарының бағыныстылығын орнататын және бірлік мөлшерін үлгілі және жұмысшы өлшем құралдарына берілу тәртібін белгілейтін құжат. Салыстырып тексеру сұлбалары мемлекеттік және локальді болып жіктеледі. Мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбалары елдегі барлық физикалық шамалардың өлшем құралдарына таралады, ал локальді салыстырып тексеру құралдары белгілі бір аймақта, салада, ведомствода немесе кәсіпорындарда қолданылатын физикалық шамалардың өлшем құралдарына арналады. Локальді салыстырып тексеру сұлбаларына барлық пайдаланылатын немесе қолданысңа шығарылатын жұмысшы өлшем құралдары енгізілуі қажет. Мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбалары ҚР Мемстандартымен бекітіледі, ал локальді сұлбалар ведомстволық метрологиялық қызметтермен немесе кәсіпорын басшылығымен бекітіледі. Эталондардан басқа бірлік мөлшерінің берілуі үлгілі өлшем құралдары арқылы да жүргізіледі. Жалпы түрде мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбасының мазмұнын қарастырайық. Салыстырып тексеру сұлбасы тесттік бөліктен және чертежден тұрады. Салыстырып тексеру сұлбалар құжатының түріне белгілі бір талаптар қойылады, олар МЕМСТ 8.061-80 көрсетілген. 27-суретте типтік салыстырып тексеру сұлбасы берілген. Сұлбаның сызбасында мыналар көрсетіледі: өлшем құралдарының атаулары, физикалық шама мәнінің диапазоны, қателіктердің белгісі мен мөлшері, салыстырып тексеру әдістерінің атауы. Сұлбаның мәтіндік бөлігі кіріспе бөлімінен және салыстырып тексеру элементтерінің түсініктемелерінен тұрады. Ол көлденең пунктирлік сызықтармен бөлінген бірнеше алаңдардан тұрады. Сұлбаның жоғарғы сатысында эталондар немесе осы сұлба үшін ең жоғарғы дөлдіктегі үлгілі елшем құралдары орналасады. Алғашқы эталонның төменгі алаңдарында 1-ші және 2-ші және т.б. разрядтардағы үлгілі өлшем құралдары орналасады. Төменгі разрядтағы үлгілі өлшем құралдарынан кейін жұмысшы эталондар көрсетіледі. Алаңдардың арасындағы байланыс вертикальді тұтас сызықпен салынады.

3. Өлшеу құралдарының сапа көрсеткіштері. Өлшеу құралдарының мемлекеттік және ведомстволық тексеру мен өлшеу құралдарының мемлекеттік сынауды өткізу тәртібі мен ұйымдастыруды анықтайтын МӨЖ нормативтік құжаттар қатары шықты. Бірақ МӨЖ нормативтік құжаттар ретінде қазіргі заманға сай метрологиялық әрекеттерді жүзеге асыруды қамтамасыз етпейді.Сондықтан қазіргі кезде МӨЖ-ні өлшем бірлігін қамтамасыз етудің субъект, нормалар, құралдар мен әрекет түрлерін басқарып, оның нәтижесі берілген ықтималдықта, белгіленген шекарасынан шықпайтын өлшемнің қателігі мен заңды өлшем бірлігі күйіндегі мемлекеттік жүесі деп түсінеді.ҚР МӨЖ-сі өлшем бірлігін қамтамасыз ету негізінде субъект, нормалар, құралдар мен әрекет түрлері өзінде қамтитын бағынышты жүені құрастыруды қарастырды. Мысалға ҚР МӨЖ жүесіндегі ҚР Ст 2.11 сәйкес Қазақстан Республикасындағы бағынышты жүесіне калибрлеу жүесі орнатылған [10,159]. ҚР МӨЖ объектілері мен құрлымы 2 Қосымшада көрсетілген. ҚР МӨЖ-ң негізгі мақсаты - өлшем бірлігін қамтамасыз етудегі мәселелерді шешу үшін, нормативтік-құқықтық, техникалық және эканомикалық жағдайларды жасау болып табылады. ҚР МӨЖ-ң негізгі міндеттеріне мыналар жатады (3 Қосымша): - өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөнінде оптималды басқару принціптер мен әрекеттерін дамыту; - шама бірліктер эталонды базасын құру мен жетілдіру; - метрология саласындағы негізгі терминдер мен анықтамаларды бекіту; - өлшем бірлігін қамтамасыз етудің нормативтік базасын құру мен жетілдіру; - метрология саласындағы ережелер, талаптар мен нормалармен бірге, халықаралық, мемлекетаралық, аймақтық және мемлекеттік ережелер, нормалар мен талаптардың оңтайлылығы; - өлшеу саласындағы информациялық қамтамасыз етілу. ҚР МӨЖ-ң негізгі ұстанымдары: - ҚР-ң териториясында қолдануға рұқсат етілген заңды шама бірліктеріндегі өлшеу нәтижелерінің бірігуі; - берілген ықтималдықпен орнатылған шекараларында орналасқан, қателігі бар өлшемді жүзеге асыру;- өлшеу құралдарының шама бірлік эталондарынан өлшем бірлік мөлшеріне берілуі; - заңды және нормативті құжаттарға сәйкес өлшем бірліктерін қамтамасыз ету бойынша әрекеттерді жүзеге асыру. ҚР МӨЖ объектілері мыналар: - шама бірліктері; - шама бірлік эталондары; - өлшеу құралдары (ӨҚ); - өлшеу нәтижелері мен әдістерінің және өлшеу құралдарына талап қою; - өлшемді орындау әдістемесі (ӨОӘ); - нормативтік құжаттар (НҚ). Келесі бөлімдерде МӨЖ-ң объектілерін анығырақ қарастырамыз. Бұнда өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүесінің ерекшеліктеріне тоқталу керек. Шама бірліктері Қазақстан Республикасының териториясында халықаралық өлшеу жүесінің шама бірліктерін қолдануға рұқсат етіледі. Стандартизаци, метрология және сертификация жөніндегі өкілетті органның шешімі бойынша халықаралық өлшеу жүесіне кірмейтін шама бірліктері рұқсат етіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]