Билет №2
1. Метрологияның Қазақстанда даму тарихы. Қазақстандағы өлшеу техникасы мен өлшемнің даму тарихы Ресейдегі метрологияның қалыптасуымен тығыз байланысты. Қазақстан теориясындағы алғашқы кеңсе 1923 жылы Семипалатинск бөлімінің Омск салыстырып тексеру палатасы ретінде пайда болды. Оның мақсатына приборлардың қолдануға жарамдылығын анықтау болды. Олар өндірістегі, сатылымдағы приборлардың өлшемдері мен нақты өлшем мәндерін салыстырып тексерді. Бұны салыстырып тексеру ал кеңсені Салыстырып тексеруші орган деп атады. 1925 жылы Семипалатинск бөлімінің аты Өздік жеке салыстырып тексеру палатасына ауыстырылады. Олардың жұмыс аумағына Семипалатинск және Жетіқара облыстары жататын. Қазақстанның қалған териториясы Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан салыстырып тексеру кеңселеріне жататын (Саратов, Оренбург және Орта Азия өлшем және таразы палаталары). 1929 жылы 1 қазанда Семипалатинсктін өлшем және таразы палатасының аты Қазақстанның аймақтық өлшем және таразы салыстырып тестеру палатасына өзгертілді, оны Вильковский Н.З. басқарған. Қазақ КСМ-ң Халық Комисарлар Кеңесінің шешімі бойынша Қазақтың аймақты палатасы Семипалатинсктен республиканың Алма-Аты астанасына көшіріледі. Бұл кезде Қазақстанда тек қарапайым приборлар: таразы, кірлер, сыйымдылық пен ұзындық өлшемдер мен манометрлер болған. Қазақстандағы өндіріс пен мәдени-эканомикалық өмірдің дамуы, салыстырып тексеру органдардың санының өсуі мен приборлардың тексеру оменклатурасының кеңеюіне әкелді. 1931 жылы Қазақстанның Аймақты салыстырып тексеру палатасының аты Қазақстанның аймақты стандартизация палатасына ауыстырылды. Аймақты бюроға метрология мен стандартизацияның қолдану маштабтарын кеңейтіп, халық шаруашылықтың барлық салаларындағы сапа мен өндіру деңгейлерін көтеру үшін тиімді амалдарын табу тапсырылды. 1933 жылы Қазақстанның аймақты стандартизация бюросының аты Қазақ КСМ-ң ІІМХК негізіндегі өлшем мен таразының өкілетті басқару орталығының басқармасына ауыстырылды. Одан кейін 1935 жылы Қазақ КСМ-ң ІІМХК негізіндегі өлшем мен таразы бөліміне өзгертіледі, ал 1938 жылы Қазақ КСМ-ң Халық Комисарлар Кеңесінің негізіндегі өлшеу құралдары мен өлшем істері жөніндегі өкілетті басқару комитетіне ауыстырылды. Басқару құрлымы орталық аппараттан және өлшеу құралдары мен өлшем істері бойынша 14 облыстан құралады. Жұмысшылардың саны облысты қоса отырып 129 адам болған. Соғыс жылдарынан кейін халық шаруашылығы қалпына келіп, өлшеу құралдарының парк сандары көбейді. нормативтік құжаттарды дамыту болып табылады. Жоғарыда айтылған мақсаттарға жету үшін 1993 жылы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасының үкімімен «Өлшем бірлігі туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданады, ол метрологиялық инфрақұрлымның басқармасының заңды принціптері мен қалыптасқан мемлекеттік қадағалау формаларына ауыстыруға мүмкіндік берді. Республика үкімімен «Өлшем бірлігінін мемлекеттік жүйесін дамыту бағдарламасы» қабылданды, одан өлшеу деңгейінің көтерілуін тосқан. 1994 жылы Қазақстан Республикасы Халықаралық заң шығарушы метрология ұйымына тең құқықты мүше ретінде кірді. Біздің мемлекет ИСО мүшесі болып және ТМД мемлекеттері «Стандартизация, метрология және сертификация саласында келісілген саясатты жүргізу» туралы келісім шартқа қол қойды.
2. Кездейсоқ шаманың математикалық тосылуы. Кездейсоқ шама – ықтималдық теориясының негізгі ұғымдарының бірі.Кездейсоқ шама – жағдайға тәуелді белгілі бір ықтималдығы бар әр түрлі мән алатын қандай да бір шама. Кездейсоқ шаманың маңызды сипаттамасының біріне оның таралу (үлестірілу) ықтималдығы жатады. Егер Х кездейсоқ шамасы шекті не шексіз әр түрлі х1, х2, ... хn, ... мәндер тізбегін қабылдаса, онда X кездейсоқ шамасының таралу ықтималдығы (таралу заңы) сол х1, х2, ... хn, ... мәндері мен оларға сәйкесті p1, p2, ..., pn, ... ықтималдықтарды көрсету арқылы беріледі. Кездейсоқ шаманың мұндай түрі дискретті кездейсоқ шама =[a, b] кесіндісідеп аталады. Басқа бір жағдайларда таралу ықтималдығы әрбір үшін a<x<b теңсіздігінің PХ(a, b) ықтималдығын көрсету арқылы беріледі. Әсіресе кездейсоқ шама. үшін: PХ(a, b)=(x)dx теңдігін қанағаттандыратын pХ(x) функциясы (ықтималдық тығыздығы) табылатын жағдайлар жиі кездеседі. Кездейсоқ шаманың мұндай түрі үздіксіз кездейсоқ шама деп аталады. Кездейсоқ шама таралу ықтималдығының кейбір жалпы қасиеттері онша көп емес сандық сипаттамалар мөлшерімен жеткілікті дәрежеде толық сипатталады. Ондай сипаттамалардың қатарына Х кездейсоқ шамасының математикалық үміті (EХ) және оның дисперсиясы (DХ) жатады. Кездейсоқ қателіктің жеке мәнін алдын ала болжап айту мүмкін емес. Бірдей шамалардың қандай-да бір өлшемінің кездейсоқ қателіктер жиынтығы ықтималды нақты ережелерге сүйенеді. Олар метрологияда ықтималдық теория мен математикалық статистика әдістерімен жазылады. Осыдан өлшем нәтижелері кездейсоқ қателіктерден тұратын физикалық шама мен сол кездейсоқ қателіктің өзін кездейсоқ шама ретінде қарастырады Кездейсоқ шамалардың қандай да бір мәнінің объективті мүмкін жағдайда пайда болуын мөлшерлі түрде бағалау үшін ықтималдық деген ұғым қызмет етеді, ол бірлік үлесінде беріледі (ақиқатты оқиғаның ықтималдығы 1-ге тең, ал мүмкін емес оқиғанікі- 0-ге тең) Үздіксіз кездейсоқ шамалардың математикалық түрде жазылуы әдетте кездейсоқ шамалардың дифференциалды үлестіру заңдылықтары арқылы жүзеге асады. Бұл заңдылықтар кездейсоқ шаманың мүмкін мәндері мен оларға сәйкес ықтималдық тығыздығы арасындағы байланысты анықтайды (үздіксіз деп шексіз өлшеу сандары арқылы алуға болатын шексіз көп мәндері бар кездейсоқ шамаларды айтады).
3. Өлшеу құралдарының жинақталған құрылымдық сұлбасы. Өлшеу аспаптары - өлшенетін физикалық шаманың мәнін оның өзгеру аралығы мен бақылаушыға тікелей қабылданатын өлшеу ақпараттарының сигналын өңдеу кезінде алу үшін арналған өлшеу құралы. Өлшеу аспабының жалпы құрылымдық схемасы. Өлшеу құралының берілген тобы көптеген аспаптардан тұрады, олар өлшенетін шамаларымен, пайдалану аймақтарымен, техникалық сипаттамаларымен, әрекет принциптерімен, қолданылатын элементі негізімен және басқа ерекшеліктерімен ажыратылады. Сонда да бұл аспаптардың кейбір ортақ қасиеттері бар. Өлшеу аспаптарының жалпы құрылымдық схемасы 1.6.1-суретте көрсетілген. Өлшенетін ФШ алғашқы өлшеу түрлендіргіші мен қарапайым өлшеу құралдарының жиынтығынан тұратын түрлендіру құрылғысына әсер етеді. Алғашқы түрлендіргіш өлшенетін ФШ-ны өзіне біртекті немесе біртекті емес басқа шамаға түрлендіреді. Сигнал түрлендіргіштің шығысынан қарапайым ӨЖ жиынтығы арқылы өтеді. Қарапайым өлшеу аспаптарында мұндай жиынтық болмауы да мүмкін. Мысалы, аналогты вольтметрлерде өлшенетін кернеу алғашқы электроме-ханикалық ӨТ көмегімен тілшенің бұрылу бұрышына өзгереді. Өлшеу аспабының жалпы құрылымдық схемасы. Түрлендіру құрылғысының шығысында параметрлері санағыш құрылғысының кіріс сипаттамаларына сәйкес келетін сигнал пайда болады.
