Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
metrologia_shpor_1_-_kolonka.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
167.31 Кб
Скачать

Билет №24

1. Өлшеу нәтижесінің сапасы. Өлшеулер дәлдігі — өлшенетін шаманың шын мәніне жуықтығын бейнелеп көрсететін өлшеу нәтижесінің сапасы. Жоғары өлшеулер дәлдігі жүйелі және кездейсоқ қателіктердің барлық түрінің аз ғана шамасына сәйкес болады. Сандық дәлдік салыстырмалы қателік модуліне кері шамамен білдірілуі мүмкін. Мысалы, егер өлшеулер қателігі болса, онда дәлдік болады.өлшеу нәтижесінің өлшенетін шаманың нақты мәніне жақындау дәрежесін сипаттайтын өлшеудің сапасы; сандық жағынан ө.д. салыстырмалы қателік модуліне кері шамамен көрсетіледі. Егер өлшеу қателігі 2-10-2% = 2-10-4 болса, онда Өлшеу дәлдігі 1/(2-10-4) = 5-103 болады. Өлшеу нәтижесін алу тәсілдеріне байланысты өлшеу тура, жанама, бірігіп және тұтас өлшеу болып бөлінеді. Бұлай бөлудің мақсаты өлшеу нәтижелерін анықтау кезінде пайда болған әдістемелік қателіктерді таңдап алу қолайлығы болып табылады. Тура өлшеу деп шаманың белгісіз мәнін тікелей ӨЖ көрсеткіштері бойынша табуды айтамыз. Мысалы, таразы арқылы өлшенетін масса, термометрмен температураны, вольтметрмен кернеуді өлшеу жатады. Жанама өлшеу – ол шаманың мәнін бірдей жағдайда жүргізілген тура өлшеумен алынған шамалар арасындағы белгілі тәуелділік негізінде өлшеу болып табылады. Мұндай өлшеулердің метролгиялық тәжірибеде маңызды мәні бар. Олардың негізінде, мысалы, алғашқы эталондармен алынған негізгі шамалардың бірліктер эталондарымен жазылған мәндерді орнату.Жалпы жағдайда Y өлшенетін шаманы тура өлшеу арқылы алынған Х1, Х2, …, Хn шамаларымен байланыстыратын тәуелділікті мына түрде беруге болады. Мысалы,  = m/V тығыздықты m масса мен V көлемді тура өлшеу нәтижесі арқылы өлшеу; активті R = U/I кедергіні U кернеу мен I токты тура өлшеу нәтижесі арқылы өлшеу.Дәлділік сипаттамасы бойынша өлшеулер тең дәлдікте және тең емес дәлдікте деп бөлінеді. Тең дәлдікте деп СИ дәлдігі бойынша бірдей және бірдей жағдайларда орындалатын қандай да бір ФШ-ды өлшеуді айтады. Сәйкесінше, тең емес дәлдікте деп СИ ділдігі бойынша әртүрлі (немесе) әртүрлі жағдайларда орындалатын ФШ-ды өлшеуді айтады. Тең дәлдіктегі және тең емес дәлдіктегі өлшеу нәтижелерін өңдеу әдістемелері әртүрлі болып келеді.

2. Өлшегіш құралдарға сынақ жасау. «Өлшем бірлігін ќамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасының Заңын 17 бабында 1 тармағына сәйкес көптеп өндiруге немесе Қазақстан Республикасының аумағына партиялармен әкелуге арналған және мемлекеттік метрологиялық бақылау саласында қолданылатын өлшем құралдары сынақтан өткiзiлiп, осы өлшем құралдарының типін кейiннен бекiтiлуге тиiс. Өлшем құралдарының типін бекiту туралы шешiмдi уәкілеттi орган қабылдайды және ол белгiленген үлгiдегi өлшем құралдарының типін бекiту туралы сертификатпен куәландырылады, сертификаттың қолданылу мерзiмi оны берген кезде белгiленедi. «ҚазМертИн» РМК көптеп өндiруге немесе Қазақстан Республикасының аумағына партиялармен әкелінген өлшем құралдарын типін бекіту мақсатымен сынақтар «Өлшем құралдарына сынақ жүргізу және типін бекіту тәртібі» ҚР СТ 2.21-2007 сәйкес жүргізіледі. Өлшем құралдарының типін бекіту мақсатында және бекітілген типке сәйкестікке сынақтар жүргізу келісім шарт негізінде орындалады.

3. ӨЖӘ жасау. ӨҚ мен олардың дәлдік сипаттамаларын таңдау технологиялық параметрлері мен ӨЖӘ талап ететін қолданыстағы мемлекеттік және салалық нормативтік құжаттардың негізіндегі жобалау сатысында жүзеге асырылады. Өлшеудің бірлігін қамтамасыз ету үшін олар бірдей ережелер, талаптарға сәйкес жүргізіледі. Ол үшін өлшеу құралына жүргізу жағдайлары, өлшеу нәтижесін өңдеу барлығына белгілі бір талап қойылады. Бұл талаптарды қорытып шығару кезінде, өлшеу нәтижесіне мүмкіндігінше аз уақыт кететін және экономикалық жағынан тиімді болуын ескеру керек. Өлшеу әдістемесі келесі бөлімдерден тұрады: 1. дәлдік нормасы; 2. қолданылатын құралдар; 3. өлшеу әдісі көрсетіледі; 4. қауіпсіздік ережелері көрсетіледі; 5. операторға қойылатын талаптар; 6. өлшеу жүргізу жағдайы; 7. өлшеу жүргізу саны 8. өлшеу нәтижесін өңдеу және құжаттарды толтыру формасы; Мемлекеттік стандарт ГОСТ-8.467-82 құжатында көрсетілген әдістемелерді қарастырайық. Бұл құжатты өлшеу дәлдігінің нормасы деген бөлімінде өлшеу жүргізудің дәлдігіне қойылатын талаптар көрсетілген. Бұл талаптарды анықтау үшін алдын ала зерттеулер жүргізіледі. Бұл зерттеулер көлемінде құралдың қателігі анықталады, өлшеу әдісі қателігіанықталады, оператор жіберуі мүмкін қателігі анықталады, сыртқы әсер етуші факторлар шамасы анықталады, статистикалық әдіс қолданып, кездейсоқ қателер шамасы анықталады. Өлшеу құралының және көмекші қондырғылар бөлімінде өлшеу жүргізу аймағына сәйкес қолданылатын өлшеу құралы мен техникалық қондырғылар тізімі берілген. өлеу жүргізу жағдайы бөлімінде номиналь шамаларға әсер ететін факторлар тізімі беріледі. Өлшеу жүргізуге

дайындық бөлімінде өлшеу алдында жүрген дайындық жұмыстары көрсетілген. Өлшеу жүргізу бөлімінде, өлшеу жүргізу кезінде қажетті операциялардың реті, көлемі, тізімі берілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]