Билет №23
1.Кездейсоқ қателік. Өлшеу құралдарының қателігі - өлшеу құралдары көрсеткіштері мен өлшенетін шаманың шын (нақты) мәні арасындағы айырмашылық. Ол осы өлшеу құралымен алынған өлшеу нәтижесінің дәлдігін сипаттайды. Пайда болу сипатына байланысты қателіктер кездейсоқ, жүйелі, және өрескел (дөрекі ) болып ажыратылады. Кездейсоқ қателік – бірдей жағдайда бірдей мұқияттылықпен жүргізілген бір физикалық мшпама өлшемін қайталап өлшеу жүргізгенде кездейсоқ түрде (белгісі және мәні бойынша) өзгеретін өлшеу қателігінің құрамдас бөлігі. Кездейсоқ қателіктердің туындамауы мүмкін емес, олар жойылмайды және өлшеу нәтижесінің құрамында болады. Кездейсоқ қателіктерді тек кездейсоқ процесстер теориясы және математикалық статистика негізінде сипаттауға болады. Жүйелі қателіктерге қарағанда кездейсоқ қателіктерді өлшеу нәтижесіне түзету енгізу арқылы жоюға болмайды, бірақ оларды бақылау санын көбейте отырып азайтуға болады. Сондықтан шынайы мәнінен аз айырмашылығы болатын нәтиже алу үшін шаманы көп рет өлшейді де математикалық өңдейді.
2. Өлшеу құралдарының дәлдік тобы. Өлшеу құралдарын пайдалану тәжірибесінде өлшеу құралдарының дәлдік классы деген сипаттамасын қолданамыз. Дәлдік классы ГОСТ өлшеу құралының дәлдік классы негізгі ережелер стандартымен реттеледі. Бұл стандарт халықаралық стандарттар үлесі. Дәлдік классы дегеніміз рұқста етілген негізгі және қосымша қателіктер шегімен анықталатын өлшеу құралының сипаттамасы, стандартта өлшеу құралының нақты бір түрі. ГОСТ 8.009-84 көрсетілген сипаттамалар өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамаларын толық сипаттайды. Бірақ қазіргі кезде метрологиялық сипаттамалары басқаша, яғни дәлдік тобы негізінде нормаланатын өлшеу құралдары қолданылады. Өлшем құралының дәлдік тобы - жберілетін негізгі және қосымша қателікпен және де дәлдікке әсер ететін басқа да сипаттармен белгіленетін, тәртіп бойыиша олардың дөлдік деңгейін көрсететін, берілген өлшем құралының жалпылама сипаты. Дәлдік тобы қолданылатын өлшеу құралымен орындалатын өлшеу дәлдігінің тікелей бағасы болып табылмайды,себебі қателіктер сонымен қатар басқа факторларға тәуелді: өлшеу әдісі, өлшеу шарттары және т.б. Дәлдік тобы берілген типті өлшеу құралының қателігі қандай шекте орналасатынын көрсетеді. Өлшеу құралдарын дәлдік тобы бойынша бөлудің жалпы ережелерін ГОСТ 8.401-80 орнатады. Дәлдік тобымен анықталатын рұқсат етілген негізгі қателік шектері – бұл өлшеу құралының негізгі қателігі мәндері орналасқан интервал. Өлшеу құралдарының дәлдік топтары стандарттарда немесе техникалық шарттарда бекітіледі. Өлшеу құралында екі немесе одан көп дәлдік тобы болуы мүмкін. Негізгі және қосымша қателіктердің рұқсат етілген шектерін келтірілген, салыстырмалы немесе абсолютті қателіктер түрінде көрсетеді. Өрнектеу түрін таңдау қателіктердің өлшеу диапазоны шегінде өзгеру сипатына, сонымен қатар өлшеу құралдарының тағайындалуы мен қолдану шарттарына байланысты.
3. Қазақстан Республикасында сериялық өндірісте шығарылатын, немесе сырт елден әкелінетін, метрологиялық бақылауға жататын өлшеу құралдарын сынақтан өткізу. Сынау деп сынау объектісі қасиеттерінің сандық және (немесе) сапалық сипаттамаларын эксперименталды анықтауды айтады. Сынау кезінде объект қасиеттерінің сипаттамаларын эксперименталды анықтау өлшеу, бағалау және бақылау жолымен жүргізілу мүмкін. Сынау объектісі өнім немесе оны өндіру және қызмет көрсету процесі болып табылады. Өнім түріне және сынау бағдарламасына байланысты объект бірлік бұйым немесе оның партиясы бола алады. Кез-келген сынаудың маңызды белгілері мыналар: - олардың нәтижелері негізінде сынау объектісі туралы шешім қабылдау, мысалы өнімнің жарамдылығы туралы. - Қажетті нақты немесе модель түзуші сынау шарттарын қою. Сынау шарттары – зерттеу кезінде объекттің қызмет көрсету тәртіптері және (немесе) әсер етуші факторлардың жиынтығы. Сынау мақсаты – сынау барысында шынайы жағдайда емес, берілген номиналды жағдайда параметрдің (сипаттаманың) нақты мәнін табу. Сынау нәтижесі – объект қасиеттерінің сипаттамасын бағалау, бъекттің берілген талаптарға сәйкестігін орнату, объекттің сынау барысында қызмет көрсету сапасын талдау мәліметтері. Сынау нәтижесі дәлдікпен сипатталады. Дәлдік – сынаудың анықталған жағдайында сынау нәтижелерінің объект сипаттамаларының шын мәніне жақындығын көрсететін қасиет. Сынаудың бірқатар түрлері бар. Олар әртүрлі бергілер бойынша жіктеледі. Тағайындалуы бойынша зерттеу, бақылау, салыстырмалы және анықтамалық болады. Жүргізу деңгейі бойынша: мемлекеттік, ведомство аралық, ведомстволық болады. Сыналатын өнімді құрастыру кезеңдерінің түрі бойынша алдын-ала және қабылдау кезіндегі сынау болады. Дайын өнімді сынау түріне байланысты білікті, периодты және типтік қабылдау-өткізу сынаулары болады. Өлшеу және сынау арасында ұқсастықтар бар: біріншіден, екі операция нәтижелері санмен өрнектеледі; екіншіден, екі жағдайда да қателіктер өлшеу (бақылау) нәтижелерінен өлшенетін шаманың (анықталатын сипаттаманың) нақты мәнінің айырмасы ретінде өрнектеледі. Бірақ, метрология көзқарасынан бұл екі операция арасында үлкен айырмашылық бар: өлшеу қателігі сынау қателігінң құрамдас бөлігі, Сынау өлшеуге қарағанда жалпылама операция. Бақылау - өнім параметрі мәнінің бекітілген талаптарға немесе нормаларға сәйкестігін анықтау процессі. Кез-келген бақылау мәні екі негізгі кезеңнен тұрады. Біріншісінде белгілі-бір объектінің нақты күйі, оның қасиеттерінің белгілері мен көрсеткіштері туралы мәліметтер алынады. Бұл мәліметтер алғашқы деп аталады. Екінші кезеңде алғашқы мәлімет алдында бекітілген талаптармен, нормалармен, критерийлермен салыстырылады. Бұл кезде нақты мәліметтердің талап етілген мәліметтерге сәйкестігі немесе сәйкессіздігі айқындалады. Олардың айырмашылықтары туралы мәлімен туынды деп аталады. Ол бақылау объектісі туралы сәйкес шешім қабылдауда қолданылады.
