Билет №20
Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметі. Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметі келесіден тұрады: - мемлекеттік метрологиялық қызмет; - типмпуақыт пен жиіліктің мемлекеттік қызметі;
- басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері.
Метрологиялық қызмет мемлекеттік басқарудың маңызды звеносы болып табылады және келесі мәселелерді шешеді: - шаруашылық субъектілердің қызметін метрологиялық қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін жүргізеді; - өлшемдердің бірлігі мен дәлдігін қамтамасыз ету; - отандық өнімдердің әлемдік нарықтағы бәсекеқабілеттілігін жоғарлату және қауіпсіздігін, сапасын қамтамасыз ету; - материалдық және энергетикалық ресурстардың барлық түрлерінің шынайы есебін қамтамасыз ету; - Қазақстан Республикасының экономикасы мен азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін дәл емес өлшемдер нәтижелерінен қорғау. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Стандарттары метрология саласында келесі қызметтерді орындайды: 1) өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты құрады және жүзеге асырады; 2) Қазақстан Республикасының метрология қызметінің қызметтерін бағыттау, басқару; 3) қолданысқа жіберілетін өлшем бірліктерін бекітеді; 4) метрология саласындағы фундаментальді зерттеулерді жүргізуді ұйымдастырады; 5) өлшем бірліктерінің мемлекеттік эталондарын жасау, бекіту, сақтау және қолдану ережелерін бекітеді, Қазақстан Республикасының өлшем бірліктерінің эталондық базасын жетілдіреді; 6) өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттарды жасау мен бекіту тәртібін анықтайды; 7) өлшемдердің құралдарына, әдістеріне және нәтижелеріне қойылатын жалпы талаптарды анықтайды;
8) өлшем құралдарын пайдалану, өндіру және жөндеудің тәртіптерін анықтайды; 9) өлшемдердің бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізімін жүргізеді; 10) мемлекеттік метрологиялық бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді; 11) метрология бойынша халықаралық және аймақтық ұйымдарда Қазақстан Республикасын таныстырады;
12) өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету аясындағы кадрларды кәсіби дайындау мен қайта дайындауды ұйымдастырады.
2. Өлшегіш құралдардың метрологиялық сипаттамалары және топтастырылуы. Өлшеу құралдарын қолдану кезінде шығу сигналындағы өлшенетін шама туралы информацияның оның шын мәніне сәйкестік дәрежесін білу керек. Осы мақсатта әрбір өлшеу құралы үшін белгілі бір метрологиялық сипаттама енгізіледі және нормаланады. Метрологиялық сипаттама бұл - өлшеу нәтижесі мен оның қателігіне әсер ететін өлшеу құралы қасиетінің сипаттамалары. Нормативті-техникалық құжатта көрсетілетін сипаттамалар – нормаланатын, ал эксперимент түрінде анықталатын сипаттамалар – нақты деп аталады.
Өлшеу
құралдарының метрологиялық сипаттамаларын
таңдау принциптері мен нормалауды
құрастыру кезінде бірқатар ережелерді
ұстану керек: 1.Нормаланатын метрологиялық
сипаттамалар мен инструменталды
қателіктер арасында байлаланыс болу
керек; 2.Өлшеу құралдарының метрологиялық
сипаттамаларын нормалау бір теорияны
ұстану керек; 3.Нормаланатын метрологиялық
сипаттамалар кез-келген өлшеу мәселелерін
шешуге болатын және осы сипаттамаларға
сәйкестігіне өлшеу құралдарын бақылауды
жеңіл жүргізуге болатын түрде өрнектелу
керек; 4.Нормаланатын метрологиялық
сипаттамалар өлшеудің инструменталды
қателіктерінің қосындысын табу және
статистикалық біріктіру мүмкіндігін
қамтамасыз ету керек; 5.Нормаланатын
метрологиялық сипаттамалар өлшеу
құралдары жұмысының тәртібі мен қолдану
шартына инвариантты болу керек және
тек оның қасиетін бейнелеу керек;
6.Нормативті-техникалық құжатта
жүргізілетін нормаланатын метрологиялық
сипаттамалар өлшеу құралының жеке
экземплярының қасиетін ғана емес,
берілген типті өлшеу құралдарының
барлық жиынтығының қасиетін сипаттайды.
Өлшеу
жабдықтарын бір-бірімен салыстыруға
мүмкіндік беретін олардың кейбір ортақ
қасиеттері метрологиялық
сипаттамалары деп
аталады, оларға мыналарды жатқызуға
болады: 1.Сезімталдылық - сезімталдық
дегеніміз, шығыс сигналы өсімшесінің
кіріс сигналы өсімшесіне қатынасы
яғни:
2.
Өлшеу аралығы - өлшеу жабдықтарының
жіберетін қателігінің шамасы мөлшерленген
өлшеу жүргізу аралығы.
3.ИМЕКО, ЮНИДО, КОСПАР, ЕВРОМЕТ, ВЕЛМЕТ, ЕАL, КООМЕТ ұйымдарының міндеттері. ИМЕКО – Халықаралық өлшеу техникасы мен аспап жасау бойынша конференция. Оның жұмысының формасы – өдшеу және диагностикалық техниканың даму проблемалары бойынша халықаралық конгрестер мен семинардар жүргізу. ЮНИДО – өнеркәсіптік даму бойынша БҰҰ жүйесін ұйымдастыру, оның басты сақсаты – дамушы елдердің индустриалдануына ықпал ету. КОСПАР – ғарыштық кеңістікті зерттеу бойынша комитет. Өңірлік ұйымдар: -Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңес-МАҚ; Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңес (МАК) – Тәуелсіз елдер достастығының (ТМД) стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі келісілген саясатты қалыптастыру және жүргізу жөніндегі үкіметаралық орган. МАК 1992 жылғы 12 наурыздағы «стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы келісілген саясатты жүргізу туралы келісімге» сәйкес стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы жұмыстарды үйлестіру, көрсетілген қызмет салаларындағы негізгі бағыттарды айқындау үшін құрылды. МАК-тың негізгі функциялары: -стандарттау саласындағы қызметтердің басым бағыттарын әзірлеу; -халықаралық стандарттардың жобаларын бекітуге ұсыну; -стандарттау саласындағы жұмыстардың негізгі бағыттарын және оларды жүргізудің шығыстар сметасын қарау мен қабылдау.
МАК ИСО-мен, халықаралық электрлік техникалық комиссиямен, Стандарттау жөніндегі Еуропа комиссиясымен және стандарттау, метрология және аккредиттеу жөніндегі басқа да халықаралық және өңірлік ұйымдармен ынтымақтасады. Метрология саласындағы жұмыстары метрология жөніндегі ғылыми-техникалық комитет жүзеге асырады, оның негізгі функциялары: -үкіметаралық келісімдерді және өлшем бірліктерін қамтамасыз етуге қатысты МАК шешімдерін іске асыру жөніндегі ұлттық органдардың қызметін үйлестіру; -өлшем бірліктерін қамтамасыз ету саласындағы мемлекетаралық нормативтік құжаттардың жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және олардың МАК қабылданған ұсынымдарды әзірлеу; -мемлекетаралық эталондарды және үлгілік өлшем құралдарын, заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің мемлекетаралық стандарттарының үлгілерін жасау және пайдалану бағдарламалары, физикалық константтар мен заттар мен материалдардың қасиеттері туралы стандарттар анықтамасын әзірлеу жөнінде ұсыныстар қалыптастыру; -ұлттық түпкілікті эталондарға айыру жүргізудің мемлекетаралық бағдарламасын әзірлеуді және өлшем құралдарын салыстырып, тексеруді ұйымдастыру; -МАК-тың басқа да ғылыми-техникалық комиссияларымен, ТМД мемлекетаралық кеңестерінің салалық жұмыс комиссияларымен өзара іс-қимыл жасау. Метрологиялық қызмет бөлігінде Қазақстан Республикасын МАК кеңесінің мәжілістеріне, МетрҒТК жұмысына, өлшемдердің белгісіздігін бағалау және бұзбайтын бақылау жөніндегі жұмыс топтарының қызметіне қатысады. Мемлекеттік метрология мекемелерінің Еуро-Азия ынтымақтастығы - КООМЕТ; Мемлекеттік метрологиялық Мекемелердің Еуро-Азиялық Ынтымақтастығы (КООМЕТ) 1991 жылы маусымда Варшава қаласында «Ынтымақтастық меморандумына» қол қойылғаннан кейін құрылды. Бүгінде 14 ел КООМЕТ метрология мекемесінің мүшесі болып табылады, олар: Беларуссия, Болгария, Германия (қауымдасқан мүше), Қазақстан, Куба, ҚХДР (қауымдасқан мүше), Литва, Молдова, Польша, Россия, Румыния, Словакия, Украина және Өзбекстан. КООМЕТ-тегі ынтымақтастық мына салаларда жүзеге асырылады: өлшем бірліктерінің эталондары, заңнамалық метрология, аккредиттеу және сапа менеджментінің жүйесі, ақпарат және оқыту.
Ынтымақтастықтың негізгі мақсаттары: -шамалардың біркелкілігі, өлшемдердің бірлігі мен олардың нәтижелерінің талап етілетін дәлдігі мәселелерін тиімді шешуге жәрдемдесу; -ұлттық экономикалардың ынтымақтастығын дамытуға және халықаралық саудадағы техникалық кедергілерді жоюға жәрдемдесу; Еуроазия мемлекеттерінің метрологиялық қызметтерінің жұмыстарын өңірлердің осыған ұқсас қызметтерінің жұмысына жақындату, жекелей алғанда EUROMET, EA, WELMEC, АРМР т.б. ұйымдармен өзара мүдделілікке қарай ынтымақтасу. Негізгі міндеттер: -эталондардың өзара сәйкестігіне, оларды метрологиялық бақылау аспаптары мен әдістеріне қойылатын талаптардың келісушілігіне қол жеткізу; -метрологиялық қызмет нәтижелерін куәландыратын ұлттық сертификаттардың баламалығын тану; -метрологиялық қызметтер мен олардың бағыттарының жай-күйі туралы ақпаратпен алмасу; -метрологиялық тақырыптарды бірлесіп әзірлеу; -метрологиялық өзара қызметтер көрсетуге жәрдемдесу. Қазақстан КООМЕТ-ке 1998 жылдың қарашасында кірді. КООМЕТ-ке қатысу жөніндегі жұмысты “ҚазИнМетр” РМК www.kazinmetr.kz. жүзеге асырады. Институттың мамандары КООМЕТ-тің 13 техникалық комитеттері мен кіші комитеттерінің жұмысына қатысады. Стандарттау жөніндегі өңіраралық қауымдастық-СӨҚ Стандарттау жөніндегі өңіраралық қауымдастық (СӨҚ) Анкара қаласында 2005 жылғы 9-11 қыркүйекте өткен халықаралық конференцияның шешімі нәтижесінде 1991 жылдың қыркүйегінде құрылды. СӨҚ-ке 18 ел кіреді, олардың ішінде Адыгей, Албания, Әзірбайжан, Башкұртстан, Дағыстан, Грузия, Кабардино-Балкария, Қазақстан, Қырғызстан, Краснодар, Солтүстік Кипрдің Түрік республикасы, Маңголия, Молдова, Өзбекстан, Тәжікстан, Татарстан, Туркия және Түркіменстан. СӨҚ қызметінің негізгі мақсаттары: -тауарлармен және қызметтермен алмасуды қамтамасыз ету үшін СӨҚ мүшелерінің арасындағы метрологияны дамыту; -зияткерлік, ғылыми, техникалық және экономикалық қызмет саласында ынтымақтастықты дамыту; -мамандардың біліктілігін арттыру және бірлескен оқу бағдарламаларын әзірлеу. Қазақстан СӨҚ-ке 1992 жылы кірді. СӨҚ Бас Кеңесінің Қазақстаннан техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органның басшысы мүше болып табылады. «КазИнМетр» РМК www.kazinmetr.kz СӨҚ БК техникалық комитеттері мен кіші комитеттерінің жұмысына қатысады. Метрология,аккредиттеу, стандарттау және сапа жөніндегі Орталық-Азия ынтымақтастығы - МКС-С ОАЫ. Метролгия, акредиттеу, стандарттау және сапа жөніндегі Орталық-Азия ынтымақтастығы (МАС-С ОАЫ) 2003 жылы 4 елдің стандарттау және метрология жөніндегі уәкілетті органдарының өкілдері «Метрология, аккредиттеу, стандарттау және сапа жөніндегі Орталық-Азия ынтымақтастығын құру туралы келісім» жасағаннан кейін 2003 жылы құрылды. Қазіргі кезде Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан МАС-С ОАЫ мүшелері болып табылады. МАС-С ОАЫ қызметінің негізгі мақсаттары: -МАС-С ОАЫ-ның метрология, аккредиттеу, стандарттау және сапа саласындағы жобаларын үйлестіру; -метрология саласында МАС-С ОАЫ мүшелері арасында өлшемдер нәтижелерін бақылау бөлігінде ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды ұйымдастыру; -ресурстар мен қызметтер туралы ақпарат беру; -МАС-С ОАЫ өңірлерінде метрология, аккредиттеу, стандарттау, сапа саласындағы қызметтер көрсету мәселелері бойынша ынтымақтастық; -МАС-С ОАЫ өңірінде ұлттық эталондарға заңнамалық метрология саласында қызметтердің бақыланушылығын дамытуға қолдау көрсетуге арналған ынтымақтастық; -эталондарды, өлшем құралдарын және стандартық үлгілерді өңірлік айыруды ұйымдастыру; -МАС-С ОАЫ шеңберінде метрология, аккредиттеу, стандарттау және сапа мәселелері бойынша тренингтерді ұйымдастыру қызметін үйлестіру және стандарттау, метролгия және аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымдарға қатысуға жәрдемдесу; -МАС-С ОАЫ елдерінде метрология, аккредиттеу, стандарттау және сапа саласындағы байланыс жүйелерін жетілдіру және ақпаратпен алмасу -ИСО 9000, ИСО 14000 бойынша МАС-С ОАЫ өңірлерінде консалтингтік қызметтерді дамыту. МАС-С ОАЫ-ның метрология жөніндегі техникалық комитетінің негізгі функциялары -заңнамалық метрология саласында келісілген саясатты жүргізу жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар қалыптастыру; -МБМВ эталондарының бақыланушылығын қамтамасыз ету мақсатында ұлттық эталондарға айыру және өлшем құралдарының салыстырып, тексеру жүргізудің рәсімдері мен бағдарламаларын қалыптастыруды ұйымдастыру; -ұлттық эталондық базаларды жетілдіру жөнінде ұсыныстарды қалыптастыру; -метрология мәселелеріне қатысты МАС-С ОАЫ шешімдерін іске асыру жөнінде ұлттық органдардың қызметін үйлестіру; -метрология саласында тәжірибе және ақпарат алмасуды ұйымдастыру; -метрология жөніндегі сарапшыларды оқыту үшін бағдарламалар дайындау; -метрология жөніндегі халықаралық ұйымджардың қызметіне қатысу. МАС-С ОАЫ-та Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан Республикасын білдіреді.
