Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
metrologia_shpor_1_-_kolonka.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
167.31 Кб
Скачать

Билет №19

  1. Өлшеу бірлігін қамтамасыз етудің құқықтық негізі. Өнім мен қызмет сапасын жоғарылату мемлекеттік мәселе болып табылады және тікелей өндірісте өлшеу күйі мен деңгейімен, бақылаумен, сынаумен және өндірілетін өнімді сертификаттаумен байланысты. Өлшем бірлігі өлшеу нәтижесінде қажеттіліктерді қанағаттандыратын ақырғы қоғамдық мақсат болып табылады. Халықаралық  деңгейде елде өлшем бірлікті қамтамасыз ету  мемлекеттің басты мақсаты болып табылады.

Аталған мақсаттарды жүзеге асыру үшін 1993 жылдың 18 қаңтарында «Өлшем бірлік туралы» Қазақстан республикасының заңы қабылданған, ол республиканың метрологиялық инфрақұрылымын басқаруды заңнамалық принциптерге ауыстырып мемлекеттік қадағалаудың келесідей түрлерін орнатты: - өлшеу құралдары типін мемлекеттік сынау және бекіту; - өлшеу құралдарын метрологиялық аттестаттау; - өлшеу құралдарын мемлекеттік тексеру; - өлшеу құралдарын дайындау, салыстырып тексеру, жөндеу, сату және жалға беру жөнінде қызметті лицензиялау; -сату кезінде кез-келген орамадағы өлшеп түйілген тауарлар санын мемлекеттік қадағалау; - өлшеу құралдарын қолдануға жіберуді, күйін және қолдануды, өлшеуді орындау әдістемесін, метрологиялық ережелер мен нормаларды орындауды мемлекеттік қадағалау.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Жарлығымен 2000 жылдың 7 шілдесінде Қазақстан Республикасының «Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету туралы» заңы қабылданған, ол Қазақстан Республикасының стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті органның «Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету туралы» заңының моделі негізінде құрылған. Бұл заң Қазақстан Республикасында өлшем бірлікті қамтамасыз етудің құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін орнатады, мемлекеттік басқару органдары, метрологиялық қызмет саласындағы физикалық және заңды тұлғалар арасындағы қатынасты реттейді және Қазақстан Республикасы азаматтары мүдделері  мен экономикасын сенімсіз өлшеу нәтижелері салдарынан құқықтарын және заңды мүдделерін қорғауға бағытталған. Қазақстан Республикасының «Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету туралы» заңы 7 тарау мен 31 баптан тұрады.

  1. Салыстырып тексеру жүйелері. Өлшеу бірліктерінің өлшемдерін эталонмен жұмысшы өлшеуіш құралдарына дұрыс өткізу үшін салыстырып тексеру жүйелері құрастырылады. Ол метрологиялық эталонның разрядты эталондардың және жүмысшы өлшеу құралдарының бір-біріне тәуелділігін тағайындайджы. Салыстырып тексеру жүйелері мемлекеттік және жергілікті болып бөлінеді: -Мемлекеттік салыстырып тексеру жүйелері мемлекетте қолданылатын өқ осы түрлерінің барлығында қолданылады. -Жергілікті салыстырып тексеру жүйелері министірліктердің метрологиялық органдарында қолданылады, олар тәуелді өнеркәсіптегі өқ-да қолданылады.Мемлекеттік салыстырып тексеру жүйелері ҚР Мемлекеттік стандарттарын бекітеді, ал жергілікті - мемлекеттік метрологиялық қызметтермен немесе өнеркәсіптің басшыларын бекітеді. Нақтылы салыстырып тексеру жүйесін дайындаған кезде белгілі жүйеге сүйенеді.

3. Метрологияның аймақтық ұйымдары. Бүгінгі таңда Қазақстан Метрология бойынша 3 халықаралық ұйымның мүшесі болып табылады: ХЗМҰ, КООМЕТ ММҰЕВӘ (Мемлекеттік Метрологиялық Ұйымдардың Еуро-Азиялық Әріптестігі), МСК (Стандарттау, метрология және сертификаттау бойынша мемлекетаралық кеңес). 1994 жылы Қазақстан толық мүше ретінде ХЗМҰ кірді. КООМЕТ 1991 жылы Варшавада құрылған. 1992 жылы стандатрттау, метрология және сертификаттау аясында өзара саясат жүргізу мақсатында МСК құрылды. КООМЕТ – аймақтық метрологиялық ұйым – 1991 жылы еуроазиаттық аймақтық елдерде өлшем бірлігін қамтамасыз ету мәселелерін тиімді шешуге, ұлттық экономика ынтымақтастығын дамытуға және халықаралық саудада техникалық кедергілерді жоюға жәрдемдесу мақсатында құрылды. КООМЕТ мүшелері 18 елдің: Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Болгария, Германия, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, КХДР, Куба, Литва, Молдова, Ресей, Румыния, Словакия, Тәжікстан, Өзбекстан  және Украинаның метрологиялық мекемелері болып табылады. Қазақстан Республикасы 1998 жылғы қарашадан бастап КООМЕТ мүшесі болып табылады. КООМЕТ комитеті құрамына КООМЕТ мүшелері – мемлекеттік метрологиялық мекемелердің басшылары кіретін жоғарғы басқарушы орган болып табылады. Жылына бір рет өткізілетін КООМЕТ комитеті мәжілісінде КООМЕТ қызметін жетілдіру, қатысушы елдер орындайтын бірлескен жобалардан құралатын КООМЕТ жұмыс бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері шешіледі. КООМЕТ-тің негізгі қызметі: - эталондардың өзара сәйкестігіне жетуге, өлшеуіш аспаптарға және оларды метрологиялық бақылау әдістеріне қойылатын талаптардың ұйғарымдылығына; - ұлттық өлшеу сертификаттарының баламалылығын тануға; - метрологиялық қызметтің жай-күйі туралы ақпаратпен алмасуға; - өзара метрологиялық қызмет көрсетуге жәрдемдесуге бағытталған. КООМЕТ қызметіндегі басты назар эталондар аймағындағы ынтымақтастыққа, әсіресе Халықаралық өлшемдер мен салмақтар Комитетімен (CIPM) бастамашылық етуді жүзеге асыруды қатысуға бөлінді. Ұлттық метрологиялық институттармен (CIPM MRA) берілген калибрлеу және өлшеу сертификаттары мен ұлттық эталондарды өзара тану туралы келісімдер. КООМЕТ-тің жобаларының маңызды саны өлшеу мен калибрлеу мүмкіндіктері туралы мәлімет әзірлеу бойынша,

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]