Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
metrologia_shpor_1_-_kolonka.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
167.31 Кб
Скачать

Билет №18

1. Өлшем бірлігін қамтамасыз етуді мемлекеттік басқару. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету (ӨБҚ) дегеніміз – заңды актілерге сәйкес өлшем бірлігін қалпында ұстауға бағытталған, сондай-ақ мемлекеттік стандарттар мен басқа да өлшем бірлігін қамтамасыз ететін нормативтік құжаттармен бекітілген нормалар мен ережелер [9,111]. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының эканомикасы мен халықтың құқықтарын дұрыс емес нәтижелер салдарынан сақтау болып табылады (Қазақстан Республикасының 4-ші бабының «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заңының формулировкасы туралы ойлансақ, ол салдардан емес, ол дұрыс емес нәтижелерінен сақтау). Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің басқа мақсаттары (1 Қосымша): - қызмет пен процесстердің, мемлекеттік және импорттық өнім сапасының қауіпсіздігі; - ғылыми жұмыстар мен іргелі зерттеулер кезіндегі өлшемдердің дұрыстығы - материалды және энергетикалық ресурстар есебінің дұрыстығы; - қоршаған ортаны қорғау, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адамдардың еңбек және тұрмыс жағдайларының қауіпсіздігін қадағалау, диагностика мен ауруларды емдеу кездегі өлшеу нәтижелерінің дұрыстығы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қамтамасыз ету жүесі (ҚР МӨЖ) бұл – Қазақстан Республикасындағы өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі субъектілер, нормалар, құралдар мен әрекет түрлерінің мемлекеттік басқару жүесі.

2. ӨҚ салыстырып тексеру. ӨҚ салыстырып тексеру түрлері. Өлшем кұралдарын салыстырып тексеру - өлшем құралының белгіленген техникалық талаптарға сәйкестігін анықтау және растау мақсатында мемлекеттік метрологиялық қьізмет немесе оған уәкілетті органдар орындайтын операциялар жиынтығы. Өлшем құралдарын алғашқы салыстырып тексеру - өлшем құралын өндірістен шығаруда немесе жендеуден кейін, және де өлшем құралдарын шетелден партиялап алып келгенде, сату кезінде жүргізілетін салыстырып тексеру. Өлшем қүралдарын мерзі мді салыстырып тексеру - қолдануда жүрген немесе сақтауда тұрғанда, бекітілген салыстырып тексеру уақыт аралық интервалында жүргізілетін, салыстырып тексеру. Өлшем құралдарын кезектен тыс салыстырып тексеру - кезекті мерзімді салыстырып тексеру мезгіліие дейін жүргізілетін, олшем қүралдарын салыстырып тексеру. Өлшем құралдарын инсп екциялық салыстырып тексеру -өлшем құралдарының күйіне және қолдануына мемлекеттік қадағалауды жүргізетін, мемлекеттік метрологшілық қызмет органының жүргізетін, салалық тексеруі. Өлшем құралдарын сараптық салыстырып тексеру - соттың, ирокуратураның, мемлекеттік арбитраждың, атқарушы мемлекеттік органның жазбаша талаптары бойынша , өлшем құралдарының метрологиялық сипатының қолдануға жарамдылығы және дүрыстығының келіспеушілік сұрақтары туындаған жағдайда жеке және заңды тұлғалардың жазбаша арызы бойынша жүргізетін, олшем құралдарының салалық тексеруі. Өлшем құралдарын бүтіндей салыстырып тексеру -өлшем қүралының метрологиялық сипатын тек өзіне тән қасиеттілігі бойынша анықтайтын, салыстырып тексеру. Өлшем құралдарын элемент бойынша салыстырып тексеру - өлшем құралының метрологиялық сипатынның мәні оның элементгерімен бөліктерінің метрологиялық сипатымен бекітілетін салыстырып тексеру. Өлшем қүралдарын тандап салыстырып тексеру - партиядан кездейсоқ түрде алынған, оның нәтижесі бойынша партияның барлығының жарамсыздығын туралы ойлауға болатын, өлшем құралының тобын салыстырып іексеру.

3. Метрологиялық халықаралық ұйымдар. Заңды метрологияның Халықаралық ұйымы (МОЗМ). Метрология саласындағы халықаралық ынтымақтастық жұмысы екі халықаралық және төрт өңірлік ұйымдар шеңберінде жүзеге асырылады. Халықаралық ұйымдар: -Халықаралық заңнамалық метрология ұйымы (ХЗМҰ); -Халықаралық заңнамалық метрология ұйымы (ХЗМҰ) 1955 жылы 12 қарашада Парижде құрылды. Бүгінде ХЗМҰ құрамында толық мүше 59 ел және корреспондент мүше 50 ел бар. Қызметтің негізгі мақсаты - өлшем құралдарын қолданумен және өлшем құралдарын қамтамасыз ету саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырумен байланысты  туындаған техникалық және әкімшілік проблемаларды шешуде халықаралық ынтымақтастық. Негізгі міндеттері: -заңнамалық метрологияның жалпы қағидаттарын айқындау; -оларды біріздендіру мақсатында заңнамалық метрологияның халықаралық маңызды мәселелерін зерделеу; -мүше мемлекеттер тану үшін өлшем құралдарына қажетті сипаттамаларды және қойылатын талаптарды айқындау мен оларды халықаралық практикада қолдану; -өлшем құралдарын қолдаунмен және бақылаумен байланысты үлгілік заңдар мен ережелерді әзірлеу; -оларды қолдану үшін қажетті түсіндірмелері бар әртүрлі мемлекеттерде қолданылатын өлшем құралдары мен оларды қолдану туралы нормативтік құжаттарды аудару және басу. Қазақстан Республикасы 1994 жылдан бастап ХЗМҰ-дың толық құқылы мүшесі болып табылады («халықаралық заңнамалық метрология жөніндегі ұйымға кіру туралы» Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 19 сәуірдегі қаулысы). Техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органның басшысы   Қазақстан Республикасынан ХЗМҰ комитетіне мүше болып табылады.

ХЗМҰ мүшелік Қазақстанға метрология саласындағы халықаралық нормативтік құжаттарды әзірлеуге қатысуға, республиканың өлшем құралдарын сынау нәтижелерін және метрологиялық қызметті шетелдерде тану үшін негіз құруға мүмкіндік береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]