Билет №17
1. ҚР МӨЖ қарастыратын негізгі мәселелері. Өлшем бірлігін қолдауына бағытталған, талаптар мен нормалардың ережелерін бекіткен, нормативтік құжаттардың комплексі ретінде, өлшем бірлігін қамтамасыз ететін мемлекеттік жүесі (МӨЖ), мемлекетте 1966 жылы КСРО-ң стандартизация және метрология жөніндегі комитетпен қабылданады, ал 1971 жылы өлшемді орындау методикасының метрологиялық аттестацияны, өлшеу құралдарының мемлекеттік және ведомстволық тексеру мен өлшеу құралдарының мемлекеттік сынауды өткізу тәртібі мен ұйымдастыруды анықтайтын МӨЖ нормативтік құжаттар қатары шықты. Бірақ МӨЖ нормативтік құжаттар ретінде қазіргі заманға сай метрологиялық әрекеттерді жүзеге асыруды қамтамасыз етпейді. Сондықтан қазіргі кезде МӨЖ-ні өлшем бірлігін қамтамасыз етудің субъект, нормалар, құралдар мен әрекет түрлерін басқарып, оның нәтижесі берілген ықтималдықта, белгіленген шекарасынан шықпайтын өлшемнің қателігі мен заңды өлшем бірлігі күйіндегі мемлекеттік жүесі деп түсінеді. ҚР МӨЖ-сі өлшем бірлігін қамтамасыз ету негізінде субъект, нормалар, құралдар мен әрекет түрлері өзінде қамтитын бағынышты жүені құрастыруды қарастырды. Мысалға ҚР МӨЖ жүесіндегі ҚР Ст 2.11 сәйкес Қазақстан Республикасындағы бағынышты жүесіне калибрлеу жүесі орнатылған. ҚР МӨЖ объектілері мен құрлымы 2 Қосымшада көрсетілген. ҚР МӨЖ-ң негізгі мақсаты - өлшем бірлігін қамтамасыз етудегі мәселелерді шешу үшін, нормативтік-құқықтық, техникалық және эканомикалық жағдайларды жасау болып табылады. ҚР МӨЖ-ң негізгі міндеттеріне мыналар жатады (3 Қосымша): - өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөнінде оптималды басқару принціптер мен әрекеттерін дамыту; - шама бірліктер эталонды базасын құру мен жетілдіру; - метрология саласындағы негізгі терминдер мен анықтамаларды бекіту; -өлшем бірлігін қамтамасыз етудің нормативтік базасын құру мен жетілдіру; - метрология саласындағы ережелер, талаптар мен нормалармен бірге, халықаралық, мемлекетаралық, аймақтық және мемлекеттік ережелер, нормалар мен талаптардың оңтайлылығы; -өлшеу саласындағы информациялық қамтамасыз етілу.
ҚР МӨЖ-ң негізгі ұстанымдары: -ҚР-ң териториясында қолдануға рұқсат етілген заңды шама бірліктеріндегі өлшеу нәтижелерінің бірігуі; -берілген ықтималдықпен орнатылған шекараларында орналасқан, қателігі бар өлшемді жүзеге асыру; -өлшеу құралдарының шама бірлік эталондарынан өлшем бірлік мөлшеріне берілуі; -заңды және нормативті құжаттарға сәйкес өлшем бірліктерін қамтамасыз ету бойынша әрекеттерді жүзеге асыру.
ҚР МӨЖ объектілері мыналар: шама бірліктері; - шама бірлік эталондары; - өлшеу құралдары (ӨҚ);
- өлшеу нәтижелері мен әдістерінің және өлшеу құралдарына талап қою; - өлшемді орындау әдістемесі (ӨОӘ); - нормативтік құжаттар (НҚ).
2. Өлшеуіш құралдарын мемлекеттік метрологиялық бақылау. Мемлекеттiк метрологиялық бақылау - уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң өлшем құралдарының шығарылуын, жай-күйiн және қолданылуын, өлшемдердi орындау әдiстемелерiнің қолданылуын, шама бірліктерінің эталондарын, метрологиялық қағидалар мен нормалардың сақталуын, сауда операцияларын жасаған кезде иеліктен шығарылатын тауарлар санын, сондай-ақ өлшеп орау, сату және импорттау кезiндегі кез келген орам түріндегi өлшеп оралған тауарлардың санын бақылау жөнiндегi қызметi. метрологиялық бақылау - мемлекеттiк басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерi метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын тексеру мақсатында жүзеге асыратын қызмет; Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті өнімдердің, адамның өмірі мен денсулығы және қоршаған орта үшін, оның ішінде өсімдік және жануарлар дүниесі үшін процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ өнімдердің, процестердің қауіпсіздігі мен сапасына қатысты тұтынушылардың адасуына әкеп соғатын іс-әрекеттің алдын алу мақсатында өнімдерді әзірлеу сатысында оның қауіпсіздігіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган болып табылады. Техникалық регламенттің күші таралатын өнімдер мен процестер техникалық регламентте белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау объектілері болып табылады.
Техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік-құқықтық актілер мен техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасы аумағында шетелдік ұйымдарды қоса алғанда, заңды және жеке тұлғаларда жүзеге асырылады.
2005 жылғы 13 мамырдан бастап Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңы күшіне енуіне байланысты мемлекеттік бақылау өнімді өткізу сатысында жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының нормаларын іске асыру мақсатында Комитет 2009 жылы техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында қауіптерді бағалау жүйесін әзірлеп бекітті, оны Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігінде сараптамалық топ (бизнес қауымдастық өкілдері) мақұлдады және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарында презентацияланды. Қазіргі таңда мемлекеттік бақылау саласындағы Комитеттің саясатын практикалық іске асыруды Комитеттің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы 16 аумақтық департаменті 3 бағыт бойынша жүзеге асыруда: 1. Қазақстанда өндірілетін және басқа елдерден әкелінетін өнімдердің қауіпсіздігін оларды әзірлеу сатысында мемлекеттік бақылау; 2. Мемлекеттік метрологиялық бақылау; 3. Тауардың шығарылған елі туралы сертификатты беру тәртібінің сақталуын мемлекеттік бақылау. 1. Қазақстанда өндірілетін және басқа елдерден әкелінетін өнімдердің қауіпсіздігін оларды әзірлеу сатысында мемлекеттік бақылау 3 бағыт бойынша жүзеге асырылады: - Республикалық бюджет қаражаты есебінен техникалық регламенттер мен нормативтік құжаттардың сәйкестігіне зертханалық сынақтар үшін өнімдердің үлгілерін іріктеу және сатып алу; - өнімді өткізу сатысында сәйкестік сертификаты мен декларацияның бар болуын тексеру; - тауардың затбелгісіне мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпаратты түсіру (таңбалау) бойынша талаптардың сақталуын тексеру. 2. Қазақстан Республикасының «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңына сәйкес Комитет мыналарды: 1) өлшем құралдарын шығаруды, оның жай-күйін және қолданылуын, өлшеулерді орындау әдістемесін қолдануды, шама бірлігі эталонын, метрологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын бақылауды; 2) сауда оперцаияларын жасау кезінде шеттетілетін тауарлардың санын бақылауды; 3) өлшеп буу, сату және импорттау кезінде өлшеп буылған тауарлардың санын бақылауды; 4) мемлекеттік рәміздерді (елтаңба, ту) және олардың бейнесі бар материалдық объектілерді жасау бойынша лицензияланатын қызметтерді бақылауды қамтитын мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асырады. 3. Қазақстан Республикасының Сауда-өнеркәсіптік палатаға қатысты олардың тауарлардың шығарылуы туралы сертификатты беру тәртібінің сақталуын жыл сайынғы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңында айқындалған. Комитет бақылау субъектілерінің біртекті топтары үшін. 1) сауда қызметінің субъектілері үшін; 2) мемлекеттік метрологиялық бақылау саласындағы қызметтерді жүзеге асыратын субъектілер үшін; 3) өлшем құралдарын жасап шығару және жөндеу бойынша қызметтерді жүзеге асыратын субъектілер үшін; 4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін, сондай-ақ оның бейнесі бар материалдық объектілерді жасау бойынша қызметті жүзеге асыратын субъектілер үшін; 5) тауарлардың шығарылуы туралы сертификатты беру бойынша қызметті жүзеге асыратын субъектілер үшін ҚР заңдары мен Үкімет қаулыларында көзделген бақылау субъектілерінің қызметіне қойылатын талаптардың егжей-тегжейлі тізбесін қамтитын тексеру парағының 5 түрін
3. Метрологиялық халықаралық ұйымдар. Өлшем мен салмақ Халықаралық ұйымы (МОМВ). Шама және салмақ жөніндегі бас конференция (ШСБК) 1875 жылы 20 мамырда Парижде 17 мемлекет үкіметтерінің уәкілетті өкілдері «Метрлік конвенцияға» қол қою нәтижесінде құрылды. Қазіргі кезде ШСБК-ның құрамында толық құқықты мүше 51 ел, қауымдасқан мүше – 20 ел бар. Негізгі міндеттері: -шама бірліктерінің бірыңғай халықаралық жүйесін, олардың айқындамалары мен шығарушылық әдістерін құру және ұстау; -шама бірліктерінің халықаралық эталондарын құру және жетілдіру; -өлшем салаларында ғылыми зерттеулер, жаңа дәлдігі жоғары халықаралық эталондарды жасау; -ұлттық метрологиялық институттарда сақталатын ұлттық эталондардың баламалық деңгейін белгілеу. Қазақстан Республикасы Шама және салмақ жөніндегі бас конференцияға (ШСБК) қауымдасқан мүше ретінде 2005 жылғы 14 қыркүйекте кірді (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 мамырдағы № 557 қаулысы).
2006 жылғы 6 қаңтарда Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитеті мен шама жәнек салмақ халықаралық бюросының арасында «ұлттық өлшем эталондарын және ұлттық метрология институттары беретін калибрлеу және өлшемдердің сертификаттарын» өзара тану туралы келісімге қол (CGPM-MRA) қойылды. Қол қойылған келісім Қазақстанға шама бірліктерін эталондарын халықаралық айыруға қатысуға және республиканың өлшем және калибрлеу мүмкіндіктерін халықаралық деңгейде көрсетуге мүмкіндік береді. Келісімнің негізгі мақсаттары: -ұлттық эталондардың баламалық деңгейлерін белгілеу; -ұлттық метрология институттары беретін калибрлеу және өлшем сертификаттарын өзара тану; -үкіметті және басқа да әкімшілік органдарды халықаралық сауда, ғылыми-техникалық ынтымақтастық және нормативтік құжаттаманы әзірлеуге қатысты барынша кең уағдаластықтар үшін сенімді техникалық база болады.
