Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
metrologia_shpor_1_-_kolonka.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
167.31 Кб
Скачать

Билет №16

1. Өлшеу бірегейлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі. Өлшем бірегейлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің (ӨБМЖ) стандарттары метрологиялық қамтамасыз етудің нормативтік базасы. Метрологиялық қамтамасыз ету деп өлшемнің бірегейлігі мен дәлдігін сақтаудың ғылыми және ұйымдастыру негіздерін, техникалық құралдарын, ережелері мен нормаларын белгілеп қолдануды айтады. Метрологиялық қамтамасыз етуді стандарттаудың басты мақсаттары мыналар: -елімізде метрологиялық қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру, физикалық шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын және аса дәл өлшемдердің әдістері мен құралдарын жасап жетілдіру; -өнімді жобалау мен өндірудің нормаларын, талаптарын және әдістерін белгілеу; -құжаттардың, оның ішінде біркелкіленген (унифицирленген) құжаттардың біріңғай жүйесін белгілеу; -терминдер мен белгілеулердің біріңғай жүйесін жасау; -өнім сапасы көрсеткіштерінің, енімді бақылау мен сынау әдістерінің біркелкі жүйесін анықтау: -өлшем бірегейлігін қамтамасыз ету жұмыстарының орындалу тәртіптерін белгілеу; -халық шаруашылығы талаптарындағы өзгерістерге сай, заң шығарушы метрологияның ережелеріне өзгерістер мен қосымшалар енгізу; -заң шығарушы метрологияның ережелерінің халық шаруашылығының барлық саласында орындалуын бақылау; -метрологиялық қызметтің мемлекеттік органдарының өлшем бірегейлігін сақтау жөніндегі құқықтары мен міндеттерін белгілеу; Мемлекеттік стандарттармен қоса ОБМЖ-нің құрамына салалық, аумақтық стандарттар және техникалық шарттар, нормативтік-техникалық құжаттар кіреді.

2. Стандартты бейнелер. Стандарттау адамның белгілі саладағы әрекетін жүзеге асыру ретін белгілейді және тәжірибедегі ережелерді анықтайды. Стандарттау бойынша жұмыстардың негізгі түрі - стандартты өңдеу және бекіту. Стандарт - стандарттау объектіге қойылатын талаптарды, ережелерді белгілейтін бекітілген ережелік – техникалық құжат. Ол мына түрде болуы мүмкін: - орындалуға жататын бірқатар талаптарды және ережелер-ді құрайтын құжат; - негізгі физикалық бірліктер немесе тұрақтылар (констан-талар) түрінде мысалы, ампер, абсолюттік ноль (Кельвин); - физикалық салыстыру үшін қолданылатын кейбір заттар немесе құбылыстар. Стандарттар категориялар мен түрлерге бөлінеді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты (МС) республиканың барлық аймақтарында барлық кәсіпорындармен, мекемелермен және ұйымдармен орындалуға міндетті. Салалық стандарт дәл осы саладағы кәсіпорындармен және мекемелермен орындалуға міндетті. Кәсіпорынның стандарты бұл кәсіпорынның немесе кәсіп-орын бірлестікке біріктірген кәсіпорын топқа жататын стандарти-зациялық ережелерді, талаптарды және әдістерді енгізеді. Стандарттаудың негізгі шешетін негізгі мақсаттары мыналар: - өнім мен эксперименттің сапасына қойылатын талаптар-ды белгілеу; - сапа көрстекіштерінің бірыңғай жүйесін белгілеу; - өлшеудің бірлігін және күмәнсіздігін қамтамасыз ету; - мемлекеттік эталондарды құру және мүлде жетілдіру немесе басқа мемлекеттердің эталондарын қолдану ережелерін өңдеу; - физикалық мәндердің бірліктерін қолдану;

3. ТМД мүшесі елдерінде метрология. 1992 жылы Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін, бұрынғы КСРО мен барлық қатынастарын үзіп, Мемстандарттың жүесі мен республиканың эканомика құрлымында едәуір өзгерістер бола бастады. Рессей Федерациясы мен Украинада орналасқан метрологиялық институттар 1992 жылға дейін бірегей өлшеммен қамтамасыз етіліп, бұрыңғы Кеңес Үкіметіндегі өлшемнің барлық 17 түрі бойынша, метрология саласындағы нормативтік құжаттар мен негізгі стандарттарды жасау еңгізілді. Осының нәтижесінде Республиканың Мемстандарт алдында қиын жағдайлар қалыптасты, олардың негізгілері республикада қол жеткен өлшеу деңгейін сақтап, Қазақстанның мемлекеттік эталондар базасын құрып жасау, халықаралық талаптарға сай келетін нормативтік құжаттарды дамыту болып табылады. Жоғарыда айтылған мақсаттарға жету үшін 1993 жылы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасының үкімімен «Өлшем бірлігі туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданады, ол метрологиялық инфрақұрлымның басқармасының заңды принціптері мен қалыптасқан мемлекеттік қадағалау формаларына ауыстыруға мүмкіндік берді. Республика үкімімен «Өлшем бірлігінін мемлекеттік жүйесін дамыту бағдарламасы» қабылданды, одан өлшеу деңгейінің көтерілуін тосқан. 1994 жылы Қазақстан Республикасы Халықаралық заң шығарушы метрология ұйымына тең құқықты мүше ретінде кірді. Біздің мемлекет ИСО мүшесі болып және ТМД мемлекеттері «Стандартизация, метрология және сертификация саласында келісілген саясатты жүргізу» туралы келісім шартқа қол қойды

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]