Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
metrologia_shpor_1_-_kolonka.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
167.31 Кб
Скачать

Билет №14

1. Өлшеудің негізгі сипаттамалары. Өлшеу – арнайы техникалық құралдар көмегімен тәжірибе жолымен физикалық шама мәнін табу. Өлшеуді жүргізу үшін төмендегілер қажет: • Физикалық шама; • өлшеу әдісі; • өлшеу құралы; • оператор; • өлшеуге қажетті жағдайлар. Өлшеу мақсаты – қолдануға ыңғайлы түрде физикалық шама мәнін алу.Кез келген объектілерді жіктеу белгілі бір мақсатпен оындалатын берілген белгілер бойынша шартты топтау болып табылады. Әр түрлі мақсатта бірдей обекттер әртүрлі жіктелуі мүмкін. Өлшеулер бірқатар белгілер бойынша жіктеледі.Кең тараған түрі өлшеу нәтижелерін алу тәсілдері бойынша жіктеу болып табылады. Бұл белгіге сәйкес өлшеу тура, жанама, біріккен және жинақтық болады. Бұндай бөлудің мақсаты өлшеу нәтижелерін анықтау барысында туындайтын өлшеу қателіктерін айқындау әдістемесінің ыңғайлығы болып табылады.Тура өлшеу деп өлшенетін шама мәнін тәкелей өлшеу құралдары көрсеткіштері бойынша табылатын өлшеуді айтады. Мысалы, масса таразы көмегімен өлшенеді, температура термометрмен, кернеу волтметрмен.Жанама өлшеу өлшенетін шама мәнін сол шамамен функционалды тәуелділікте болатын басқа шамаларды тура өлшеу нәтижесі негізінде табылатын өлшеу. Бұндай өлшеулер метрологиялық тәжірибеде маңызды орын алады.Қатар өлшеу – бірнеше бір атты шамаларды бір мезгілде өлшенетін, ізделіп отырған шама мәні тура өлшеу нәтижесінде алынатын мәндер арқылы теңдеулер жүйесін шешу арқылы табылады.Жиынтық өлшеу –бір мезгілде екі немесе бірнеше біртекті емес шамаларды олардың арасындағы функционалды тәуелділікті табу үшін жүргізілетін өлшеу.Өлшеу дәлдігінің сипаттамасы бойынша өлшеулер біртекті және біртексіз болып ажыратылады.Дәлме-дәл өлшеу кез келген физикалық шаманы дәлдігі бірдей өлшеу қүралымен бірдей жағдайда өлшеу.Дәлме-дәл емес өлшеу физикалық шаманы дәлдігі әртүрлі өлшеу құралымен және (немесе) әртүрлі жағдайда өлшеу.

2. Өлшеу құралдары. Өлшеу құралдарының түрлері. Өлшеу құралы – нормаланған метрологиялық қасиеті бар және өлшеу кезінде қолданылатын техникалық құрал. Бұл анықтама бұл көп жақты түсініктк эан жақты ашпайды. Сондықтан басқа анықтама нақтырақ: өлшеу құралы – бұл белгілі бір уақыт аралығында тұрақты болатын физикалық шама бірлігін өрнектейтін немесе сақтайтын метрологиялық сипаттамалары бар шамаларды өлшеуге арналған техникалық құрал. Өлшем бірлікті қамтамасыз ету жүйесінде орындайтын роліне байланысты өлшеу құралдары төмендегідей бөлінеді:метрологиялық, метрологиялық мақсаттарға - өлшем бірлікті өрнектеу және (немесе) оны сақтау немесе бірлік өлшемін жұмысшы құралдарына беруге арналған құралдар;жұмысшы, өлшем бірлікті берумен байланысты емес өлшеулер жүргізу үшін қолданылатын құралдар.Автоматтандыру деңгейі бойынша барлық өлшеу құралдары үш топқа бөлінеді: Автоматты емес; Автоматтандырылған өлшем қүралы - автоматты тәртіпте бір немесе өлшенетін операция бөлігін жүргізетін, өлшем қүралы.Автоматты өлшем құралы - өлшем нәтижесінің өнделуімен байланысты олардың тіркелуінің басқарушы дабыл шығыуы мен берілуі адамның көмегінсіз жүргізілетін әлшем және операция, өлшем құралы.Стандарттау деңгейі бойынша барлық өлшеу құралдары төмендегідей бөлінеді:Стандартталған өлшем құралы - стаңдарт талаптарына сәйкес дайындалатын және қолданылатын өлшем құралы;Стандартталмаған өлшем қүралы- стандарттау талаптары бұларға қажет емес болып табылатын арнайы өлшеу мәселесін шешуге арналған өлшем құралдары.Өлшенетін физикалық шамаға қатысы бойынша өлшеу құралдары төмендегідей бөлінеді:Негізгі өлшем құралы - өлшем қүралының сол физикалық шамасының мәнін өлшенетін есепке сәйкес табуға арналған құрал; Қосалқы өлшем құралы - өлшем құралының сол физикалық шамасының мәнін өлшем құралына әсер ету негізінде немесе өлшем объекгісін өлшем нәтижесіңцегі қажетті дәлдікті алу үшін есепке алуға арналған құрал.

3. Қазақстан Республикасының мөлшерлеу жүйесі. Өлшеу жабдықтары мен оның түрлері барған сайын көбейе түсуде және олардың сандық немесе сапалық дамуы өлшеудің біртектілігін қамтамасыз ету аясында болуы керек, яғни өлшеу нәтижесі заңдастырылған өлшем бірліктері мен сипатталуы тиіс. Осыған байланысты - Қазақстан Республикасының мөлшерлеу жүйесі метрологиялық қамтамасыздандыру түсінігі пайда болды, яғни өлшеудің біртектілігі мен қажетті нақтылығына жету үшін техникалық жабдықтарды, ережелер мен үлгілерді қолданудың ғылыми және ұйымдастырушылық негіздерін қалыптастыру. Метрологиялық қамтамасыздандырудың ғылыми негізі метрология - өлшеу, өлшеу әдістері мен жабдықтары, олардың бірлігі және өлшеу кезінде қажетті нақтылыққа жету жолдары туралы ғылымы болып табылады.

Метрологиялық қамтамасыздандырудың техникалық негізін: физикалық шамалардың мемлекеттік эталондар жүйесі; физикалық шамалардың өлшем бірліктерін эталондардан барлық өлшеу жабдықтарына үлгі ретіндегі немесе тексеру жабдықтары жүйесі арқылы тасымалдау жүйесі; өлшеу жабдықтарын жасау мен оларды қолданысқа енгізу кезінде олардың біртектілігін қамтамасыз ететін өлшеу жабдықтарын сынақтан өткізудің мемлекттік жүйесі; өлшеу жабдықтарын метрологиялық аттестациялаудың немесе міндетті түрде тексерудің жүйесі; материалдар мен заттардың қасиеттері мен құрылымының стандарттық үлгі жүйесі сондай-ақ физикалық константалар, материалдар мен заттардың қасиеттері мен құрылымы туралы стандартты анықтамалар жүйесі құрайды. Метрологиялық қамтамасыздандырудың заңдық негізін өлшеудің біртектілігін қамтамасыздандырудың мемлекеттік жүйесі - өлшеудің нақтылыған қамтамасыздандыру, ұйымдастыру және бағалаудың методикасына қатынасы бар ережелердің, шарттардың және нормалардың өзара байланыстылығын бекітетін нормативті- техникалық құжаттардың жиынтығы болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]