Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
metrologia_shpor_1_-_kolonka.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
167.31 Кб
Скачать

Билет №13

1. Өлшеу обьектілері. Қоршаған ортаның барлық объектілері өз қасиеттерімен сипатталады. Қасиет – бұл объектінің (құбылыстың, процестің) бір жағы, ол оның айырмашылығын немесе басқа объектілермен ортақтығын анықтайды және оның оларға деген қатынастарында байқалады. Әр түрлі қасиеттерді сандық анықтау үшін «шама» ұғымы енгізіледі. Шама – бұл бірдеңенің қасиеті, ол басқа қасиеттердің арасынан сол немесе өзге тәсілмен ерекшеленуі, соның ішінде сандық бағалануы да мүмкін. Талдау шамаларды 2 түрге бөлуге мүмкіндік береді: нақты және идеал. Идеал шамалар математикаға жатады, нақты ұғымдардың жалпыламасы болып табылады, сол немесе өзге тәсілмен есептеледі. нақты шамалар физикалық және физикалық емес болып бөлінеді. Физикалық шама – бұл жаратылыстану және техникалық ғылымдарда зерделенетін, материалдық объектілерге тән шама. Физикалық емес шамаларға қоғамдық ғылымдарда: философияда, әлеуметтануда, экономикада және т.б. зерделенетін шамалар жатады. Өлшеу обьектісі болып өз қасиеттерін сипаттайтын физикалық обьект және процесс табылады.•Геометриялық шамаларды өлшеу: ұзындық, диаметр, бұрыш, т.б.•Механикалық және кинематикалық шамаларды өлшеу:масса, күш, айналу жылдамдығы мен үдеуі,деформация, т.б.•Газ бен сұйық параметрлері шамаларды өлшеу: көлем, деңгей,шығу жұмысы, т.б.•Физико-химиялық шамаларды өлшеу: ылғалдылық, қатты, сұйық және газ күйіндегі концентрациялар, электрохимиялық өлшемдер•Жылулық және термодинамикалық шамаларды өлшеу: температура, қысым, жылулық шамалар, циклдық параметрлер•Уақыт және жиілік шамаларды өлшеу: уақытты және уақыт интервалдарын өлшеу, периодты жиіліктегі үрдістерді•Электрлік және магниттік шамаларды өлшеу: ток күші, кедергі, индуктивтілік, т.б.• Радиоэлектронды шамаларды өлшеу: сигнал интенсивтігін, көлем параметрлерін және сигнал спектрлерін, т.б.• Аккустикалық шамаларды өлшеу: ауа,газ және су орталарындағы аккустикалық ш,•Қатты ортадағы, аудиометрия және шу•Оптикалы және оптика- физикалық шамаларды өлшеу:оптикалық қасиеттері бар материалдарды, когеррентті емес оптикалық сәуленің энергетикалық параметрлерін,т.б.•Ионды сәулелену мен ядролық константтарды шамаларды өлшеу радионуклидтердің активтілігі, Ионды сәулеленудің радиометриялық қасиеттері,т.б. Физикалық шама – бұл физикалық объект қасиеттерінің бірі екендігін МЕСТ 16263-70 анықтайды, сапалық қатынаста – көптеген физикалық шамаларға ортақ, сандық қатынаста олардың әрқайсысы үшін жеке. Физикалық объектілер шексіз алуан түрлілікпен айқындалатын қасиет-тердің көпшілігін иеленеді, олардың кейбіреулерін оларды өлшеу кезіндегі сандардың жиынтығымен анықтау қиын.

2. Қазақстан Республикасының эталондық базасы. 1999-2006 жылдарға арналған ұқсас бағдарламаларды iске асыру пайдаланымға жаңа эталондарды енгiзуге, эталондар қатарын жаңғыртуға, өлшенетiн шамалардың ауқымын кеңейтуге, өлшемдердiң дәлдiгiн жоғарылатуға мүмкiндiк бердi.Экономиканың, сонымен бiрге ғылым және техниканың дамуы қолданылатын өлшем құралдары паркiнiң үнемi жаңарып тұруын ескертедi. Сонымен бiрге жаңару дәлдiктi жоғарылату және өлшеу ауқымын кеңейту жағында жүредi. Дегенмен, заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерiне жататын бiрқатар бастапқы эталондар, сондай-ақ жұмысшы өлшем құралдары тиiстi мемлекеттiк эталондардың болмауына байланысты салыстырып тексеруге республикадан (Ресейге, Украинаға) тысқары әкетiледi. Бұл жағдай отандық өнiмнiң әлемдiк рынокқа шығуын айтарлықтай дәрежеде тежейдi, республиканың өзiнiң бастапқы эталондарын және жұмысшы өлшем құралдарын салыстырып тексеруге мәжбүр елдерге техникалық және экономикалық тәуелдiлiгiн туғызады. Мемлекеттiк эталондық базаны дамыту және қамтамасыз ету. Мемлекеттiк эталондық базаны дамыту үшiн мемлекеттiк эталондар және эталондық жабдықтар aлу, қолданыстағы эталондар мен эталондық жабдықтарды жаңғырту және жете жабдықтау қажет. Мемлекеттiк эталондарды сүйемелдеу және қызмет көрсету үшiн қажет: мемлекетаралық және халықаралық, сондай-ақ шет елдiк шама бiрлiгiнiң ұлттық эталондарымен салыстыру (салыстырып тексеру) жүргiзу; сатып алынатын жабдықтарды сақтау және пайдалану шарттарымен қамтамасыз ету; мемлекеттiк эталондар үшiн шығын материалдарын және қосымша өлшем құралдарын алу; мемлекеттiк эталондарға жөндеу және сервистiк қызмет көрсету; мемлекеттiк эталондарға қызмет көрсетушi қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру. Халықаралық деңгейде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу және мемлекеттiк эталондарға қызмет көрсетушi қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыру үшiн олардың шет елдердегi жетекшi метрологиялық институттарда алты айдан кем емес оқуын және ұзақ сынақтан өтуiн жүргiзу қажет. ндалатын өлшемдердiң дәлдiгiн дұрыс бағалауға кепiлдiк беруi қажет. Бағдарламаны iске асыру: халықаралық талаптардың және техникалық аса дамыған елдердiң ұлттық эталондарының дәлдiк деңгейiне сәйкес келетiн эталондар және эталондық жабдықтардың 3 бiрлiгiн жаңартуға және 9 бiрлiгiн сатып алуға; барлық мемлекеттiк эталондарды сүйемелдеуге және оларға қызмет көрсетуге; мамандарды шет елдердiң жетекшi метрологиялық институттарында оқытуға; өлшем құралдарын және жабдықтарды сынау және метрологиялық аттестаттау жүргiзу сапасын қамтамасыз етуге арналған өлшем құралдарын сынаудың мемлекеттiк орталығын құруға және дамытуға; салыстырып тексеру зертханаларын құруға және дамытуға және әлеуметтiк, экономикалық және саясаттық мәнi бар iс-әрекет саласында пайдаланылатын өлшем құралдары үшiн салыстырып тексеру жұмыстарын ұйымдастыруға; заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтерi арасындағы өлшем құралдарын салыстырып тексеру және калибрлеу нәтижелерiне салыстырулар жүргiзуге; Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесiн халықаралық талаптармен үйлестiруге; нормативтiк әдiстемелiк құжаттарды әзiрлеуге (өлшеудi орындау әдiстемесi, салыстырып тексеру, өлшем құралдарын калибрлеу, қателiктi және өлшем белгiсiздiгiн бағалау, САД және ҰАД растығы, қоршаған ортаны қорғау, еңбек қауiпсiздiгi мiндеттерi бойынша, жаңа энергия жинақтаушы технологияларды әзiрлеу, эталондарды және эталондық жабдықтарды жетiлдiру бойынша ұсыныстар); Эталон орталығындағы барлық технологиялық жабдықтардың үздiксiз және авариясыз жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.

3. ӨҚ мөлшерлеу. Өлшеу құралы – нормаланған метрологиялық қасиеті бар және өлшеу кезінде қолданылатын техникалық құрал. Бұл анықтама бұл көп жақты түсініктк эан жақты ашпайды. Сондықтан басқа анықтама нақтырақ: өлшеу құралы – бұл белгілі бір уақыт аралығында тұрақты болатын физикалық шама бірлігін өрнектейтін немесе сақтайтын метрологиялық сипаттамалары бар шамаларды өлшеуге арналған техникалық құрал. Өлшеу құралдарын тексеру тәсілдері. Тексеру – метрологиялық сипаттамаларды және олардың қойылған талаптарға сәйкестігін анықтау негізінде, өлшеу құралдарының қолдануға жарамдылығын анықтау операциясынегізгі . Негізгі метрологиялық сипаттама – тексерілетін өлшеу құралын аса дәл жұмыстық эталонмен салыстырумен анықталатын қателік.Мына тексерістерді ажыратады: мемлекеттік және ведомстволық; периодтық және тәуелсіз; кезектен тыс және инспекциялық; кешенді және басқа. Тексеру жүргізудің негізгі талаптары мен тәртібі ПР 50.2.006-96 «МӨЖ. Өлшеу құралдарын тексеру. Ұйымдастыру және жүргізу тәртібі» ережелерінде келтірілген.Тексеруді метрологиялық қызметтер орындайды; қолдануға жарамды деп танылған өлшеу құралы, тексеру туралы куәлікпен, тексеру таңбасын салумен немесе нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес басқа тәсілдермен ресімделеді.Шаралар мына жолмен тексерілуі мүмкін:- компаратордың (салыстыратын өлшеу құралы) көмегімен аса дәл өлшеммен салыстыру, бұл қарама-қарсы қою немесе орын ауыстыру әдісімен жүзеге асырылады;- өлшеммен ұдайы өсірілетін шаманы дәлдік класы сәйкес аспаптармен өлшеу. Бұл жағдайда тексеру көбінесе градуирлеу деп аталады. Градуирлеу –өлшеудің үлгілік құралының көрсеткіштеріне сәйкес келетін шкалаға белгілер салу; жинақтың тек бір ғана өлшемі аса дәл өлшеммен салыстырылғанда, ал басқа өлшемдердің мөлшерлері олардың аспаптарда өзара салыстырылуымен анықталғанда, калибрлеу.Өлшеу аспаптарын тексеру мына әдістермен жүргізіледі:- өлшенетін шамаларды және өлшемдермен ұдайы өсірілетін шамаларды тікелей салыстыру. Нәтижелердің ең үлкен айырмашылығы аспаптың негізгі қателігі болып табылады;- сол және бір шаманы өлшеу кезінде тексерілетін және үлгілік аспаптың көрсеткіштерін тікелей салыстыру. Көрсеткіштер айырымы – тексерілетін өлшеу құралының абсолюттік қателігі.Тексеру кезінде үлгілік және тексерілетін өлшеу құралдарының рауалы қателіктері арасындағы оңтайлы ара қатынасты таңдау болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]