Билет №12
1. Еселі және үлес бірліктері. Өлшеулер жүйесі физикалық шамалардың еселік және үлестік бірліктерін ажыратады. Еселік – бұл жүйелік немесе жүйеден тыс бірліктен тұтас сан есе артатын, физикалық шама бірлігі. Үлестік – бұл физикалық шама бірлігі, оның мәні жүйелік немесе жүйеден тыс бірліктен тұтас сан есе кем болады. Мысалы, Джоуль – энергия мен жұмыстың нақты өлшемі болып табылады. Ол массаның қозғалысы кезінде атқарылған жұмыс ретінде анықталады да, тұрақты күштердің қозғалуымен 1 граммға тең, ал 1 метр қашықтықта 1 ньютонға тең. Жылудың 1 джоулі калорияның шамамен төрттен біріне және мың бір БТЕ-ге тең. Джоульдің еселі бірліктері мегаджоуль, гигаджоуль, тераджоуль, петаджоуль болып табылады. Джоуль СИ жүйесінде мойындалған жалғыз энергия бірлігі болып табылады. Джоульдің кемшілігі болып оның аз шамасы және соның салдарынан көбейткіш ретінде 10 тең өте үлкен коэффициентті пайдалану қажеттілігі. Дегенмен, СИ жүйесінде үлкен цифрлар мөлшерінен құтылуға мүмкіндік беретін керекті жалғаулар енгізілген. Физикалық шамаларды өлшеу диапозоны өте кең аралықта жүргізіледі, сондықтан өлшеулер кезінде есептеулерді қолайлы ету үшін өлшем бірліктерінің еселік мәндерін пайдалану қабылданған. Еселік көрсеткіш: 1018 экса, 1015 пета, 1012 тера, 109 гига, 106 мега, 103 кило, 102 гекто, 101 дека, 10-1 деци, 10-2 санти, 10-3 милли, 10-6 микро, 10-9 нано, 10-12 пико, 10-15 фемто, 10-18 атто.
2. Шама бірліктерінің эталондары және олардың топтастырылуы. Физикалық шамалар бірліктерінің эталондары деп - бірліктердің дұрыс қайталанымдылығына және оларды сақтауға арналған өлшем құралдарын айтады. Шама бірлігі эталондарының көмегімен дәлдігі төмен өлшем құралдарына бірліктердің размерлері беріледі. Масса бірлігі – килограмның эталоны болып №12 платина – иридий таразы тасы саналады. Ол диаметрі мен биіктігі 39 мм болатын тік цилиндр. Ұзындық бірлігі – метрдің эталоны уақыт бірлігімен (секундпен) анықталады, себебі 1983 жылы өткен Өлшем және Таразы туралы XVII – халықаралық конференцияда қабылданған метрдің жаңа анықтамасы бойынша, 1 метр секундтың 1/299792458 бөлігінде жарықтың вакуумде жүріп өткен жолының ұзындығына тең. Сондықтан уақыт, жиілік және ұзындықтың бірліктері бәріне бірдей ортақ техникалық комплекспен, яғни уақыт, жиілік және ұзындықтың мемлекеттік эталонымен анықталады. Уақыт бірлігі – секундтың эталоны ретінде цезий – 133 атомының негізгі күйінің ең жіңішке екі деңгейі арасындағы ауысуларға сәйкес сәулеленудің 9192631770 – ке тең тербеліс жасайтын уақыт аралығы алынады. Зат мөлшері бірлігі – мольдің эталоны 0,012 г көміртек – 12 атомдарының санына тең атомдары бар жүйенің мөлшері. Электр тогы күшінің бірлігі – ампердің эталоны вакуумде бір – бірінен 1 м қашықтықта орналасқан, ұзындығының шегі жоқ, көлденең қимасының ауданы өте аз екі параллель өткізгіш сым арқылы өткенде өткізгіштің әрбір 1 м бөлігінде 2∙10-7 Н күш туғызатын токтың күші. Температура бірлігі – кельвиннің эталоны судың үштік нүктесінің термодинамикалық температурасының 1/273,16 бөлігі. Энергия бірлігі – джоульдың эталоны массасы 2 кг, қозғалыс жылдамдығы 1 м/с дененің, немесе массасы 1 кг, қозғалыс жылдамдығы 2 м/с дененің кинетикалық энергиясы. Бірліктерді өте жоғары дәлдікпен көрсететін эталондарды біріншілік эталондар деп атайды. Оларға, мысалы, платина - иридий түп нұсқасы мен эталондық таразылар арқылы алынған масса бірлігі - килограмды анықтауға арналған өлшем құралдарының жиынтығы жатады. Халықаралық СИ жүйесінің негізгі бірліктерінің көшірмесі орталықтандырылған түрде мемлекеттік эталондардың көмегімен жасалынады. Метрологиялық жұмыстарда екіншілік эталондар көп қолданылады. Олардың мәндері біріншілік эталондар бойынша анықталады. Екіншілік эталондар жергілікті мекемелерде тексеру жұмыстарын жүргізу үшін және мемлекеттік эталондардың сақталынуы мен тозбауын қамтамасыз ету үшін жасалынады. Екіншілік эталондар өздерінің метрологиялық қызметтері бойынша эталон – көшірме, эталон – салыстырма, эталон – куә және жұмысшы эталондар болып бөлінеді. Эталон - көшірме бірліктерді сақтау және размерлерін жұмысшы эталонға беру үшін қолданылады. ол үнемі мемлекеттік эталонның тура көшірмесі бола бермейді. Эталон - салыстырма бір - бірімен тікелей салыстырыла алмайтын эталондарды салыстыру үшін қолданылады. Эталон - куә мемлекеттік эталонның сақталуын тексеру үшін немесе мемлекеттік эталон бұзылған және жоғалған жағдайда оның орнына пайдалану үшін қолданылады. Жұмысшы эталон бірліктерді сақтау үшін, олардың размерлерін өлшемнің үлгілік құралдарына, ал қажет болған жағдайда өте дәл өлшемдер мен өлшем аспаптарына беру үшін қолданылады. Ұлттық эталондармен қатар, халықаралық эталондар бар, олар Халықаралық Өлшем және Таразы бюросында сақталады. Халықаралық бюро қызметінің бағдарламасы бойынша әр елдің өте ірі метрологиялық лабораторияларындағы ұлттық эталондар бір - бірімен және халықаралық эталондармен салыстырылып отырылады.
3. Салыстырушылар жұмыс орнын жіктеу. Салыстырушылар жұмыс жасайтын орны – қажетті техникалық тәсілдермен қамтылған кеңісітк зонасы. Онда бір немесе бірнеше тексерушілердің еңбек әрекеті жүзеге асырылады.Олар өлшеу тәсілдерін тексеру мен қатар,оларды өңдеу мен тексеру нәтижесін нақтылаумен айналысады. Жұмыс орнындағы жұмысшылар аттестациялану керек. Жұмыс орындары мыналар бойынша классификасияланады: -қолдану сипаты-үнемі және өзгермелі -орындаушы саны-жекелік немесе ұжымдық -қозғалыс деңгейі-стационарлы немесе қозғалмалы -орналасу орны-ішкі территориялы немесе сыртқы территориялы
Текесерушілердің жұмыс орнының аттестациясы мен бағасы суретте берілген. -техникалық деңгейі-Ктех -ұйымдастыру деңгейі-Кұйымдастыру -тексерушілердің жұмыс орнын жоспарлау деңгейі мен еңбек шарттары-К7
Жұмысшыларды аттестациялауды аттестацондық комиссия жүргізеді.Оның құрамын мемлекеттік метрология қызметінің басшысы немесе заң тұлғасындағы метрологиялық қызмет анықтайды.
Техникалық деңгейі бойынша мыналар бағаланады: -техникалық қамту деңгейі-К1 -механизациялау деңгейі-К2 -автоматизация деңгейі-К3. Ктех=(К1+К2+К3)
Ұйымдастыру деңгейі бойынша бағаланады: -тексеру бойынша нормативтік құжат талабын орындау деңгейі,техникалық тәсілдердің қызмет көрсету және эксплуатация деңгейі-К4 -тексерушінің жұмыс орнына артық салмақ түсу деңгейі-К5 -тексерудің,еңбектік шығын нормаларының және нормативтік құжатқа тексерушінің квалификациясының сәйкес келуі-К6. Кұйымдастыру=(К4+К5+К6)\3;
Жоспарлау және еңбек шарттарының деңгейі К7 бойынша бағалана-ды: -тексерушінің алған жұмыс орнының ауданмен сәйкестілігі-0,5 -еңбек пен демалыстың,жұмыс жасайтын ауданның сәйкес кел-
меуі-0. -еңбек шартын ескеріп,демалыспен еңбек режимі-0,5
Тексерушінің жұмыс орнының жалпы бағасы: Кжалпы= (Ктех+Кұйым.+К7) \ 3 Кжалпы <0,7 болса, тексерушінің жұмыс орны аттестацияланбаған\ болыпесептелінеді немесе кері аттестациялануы мүмкін.
Тексерушілердің жұмыс орнын классификациялау. Жұмыс орындарының классификациясы: орналасу орны бойынша, қозғалыс деңгейі бойынша, орындаушы саны бойынша, қолдану сипаты бойынша. Сырттай территория, іштей территория, станционарлы, қозғалмалы, ұжымдық, жекелік, үнемі, уақытша.
