Билет №11
1. Халықаралық бірліктер жүйесінің туынды бірліктері. Бірыңғай халықаралық бірлік жүйесі (СИ жүйесі) 1960 жылы өлшемдер және салмақтар бойынша ХІ Бас конференциясында қабылданған болатын. Біздің еліміздің территориясында СИ бірлік жүйесі 1982 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз күшіне енді. Туынды бірлік – теңдеуді негізгі бірліктермен байланыстыратын, осы теңдеумен құрылған бірліктер жүйесінің туынды физикалық шамасының бірлігі. Туынды бірлікті анықтау үшін: -оның бірліктері негізгіге қабылданатын, физикалық шаманы таңдау керек; - осы бірліктердің өлшемін анықтау керек; - шамаларды байланыстыратын теңдеуді таңдау керек; - Ке пропорционалдылық коэффициентін бірге (немесе басқа тұрақты санға) теңестіру керек. Туынды бірліктер когерентті және когерентті емес болуы мүмкін. Когерентті деп жүйенің басқа бірліктерімен онда сандық көбейткіш бірге тең болып қабылданған теңдеумен байланысқан, физикалық шаманың туынды бірлігі аталады.
СИ жүйесінің туынды бірліктері. Туынды бірліктер негізгі бірліктерден туындайды. Туынды бірліктер негізгі бірліктермен функционалды байланыста болады. Функционалдық байланысты бейнелейтін математикалық теңдеулерден туынды бірліктер анықталады. Мысалы, жылдамдықтың бірлігі V = S/T теңдеуінен шығады, мұнда V – жылдамдық, S – жүрілетін жолдың ұзындығы (метр), Т – уақыт (секунд), сөйтіп жылдамдық бір секундта қанша метр жол жүргендігімен өлшенеді (м/с); сол сияқты, аудан бірлігі – м2, көлем бірлігі – м3, үдеу – м/с2, т.с.с. Туынды бірліктердің 17 – не белгілі ғалымдардың есімі берілген, олар: джоуль (Дж) – энергия, жұмыс; герц (Гц) – периодтық процесс жиілігі; ватт (Вт) – қуат; ньютон (Н) – күш, масса; паскаль (Па) – қысым, механикалық кернеу; кулон (Кл) – электр мөлшері, электр заряды; вольт (В) – электр кернеуі, электр потенциалы; фарад (Ф) – электр сыйымдылығы; ом (Ом) – электр кедергісі; сименс (См) – электр өтізгіштік; вебер (Вб) – магнит ағыны; тесла (Тл) – магнит индукциясы; генри (Гн) – индуктивтік; беккерель (Бк) және грэй (Гр) – радиоактивтік сәйлелену бірлігі.
2. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің техникалық негізі. Өлшем бірлігі – бұл берілген ықтималдықтың бекітілген шекарасында орналасқан өлшеу қателігі және өлшеу нәтижесі мен шама бірлігінің заңды түрде берілуді сипаттайтын өлшем күйін айтамыз. Яғни бұл өлшем бірлігін қайталап өткізуге қажетті орындалатын көп түрлі өлшемдердің барлық нәтижелерін, олар талап еткен дәлдіктін кепілі мен оның нақтылығымен қабаттас жүреді. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету (ӨБҚ) дегеніміз – заңды актілерге сәйкес өлшем бірлігін қалпында ұстауға бағытталған, сондай-ақ мемлекеттік стандарттар мен басқа да өлшем бірлігін қамтамасыз ететін нормативтік құжаттармен бекітілген нормалар мен ережелер. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің негізгі мақсаты – өлшем бірлігін қамтамасыз етудегі мәселелерді шешу үшін, нормативтік-құқықтық, техникалық және эканомикалық жағдайларды жасау болып табылады. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің басқа мақсаттары: - қызмет пен процесстердің, мемлекеттік және импорттық өнім сапасының қауіпсіздігі; - ғылыми жұмыстар мен іргелі зерттеулер кезіндегі өлшемдердің дұрыстығы - материалды және энергетикалық ресурстар есебінің дұрыстығы; - қоршаған ортаны қорғау, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адамдардың еңбек және тұрмыс жағдайларының қауіпсіздігін қадағалау, диагностика мен ауруларды емдеу кездегі өлшеу нәтижелерінің дұрыстығы. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қамтамасыз ету жүйесі (ҚР МӨЖ) бұл – Қазақстан Республикасындағы өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі субъектілер, нормалар, құралдар мен әрекет түрлерінің мемлекеттік басқару жүесі. Өлшем бірлігін қолдауына бағытталған, талаптар мен нормалардың ережелерін бекіткен, нормативтік құжаттардың комплексі ретінде, өлшем бірлігін қамтамасыз ететін мемлекеттік жүесі (МӨЖ), мемлекетте 1966 жылы КСРО-ң стандартизация және метрология жөніндегі комитетпен қабылданады, ал 1971 жылы өлшемді орындау методикасының метрологиялық аттестацияны, өлшеу құралдарының мемлекеттік және ведомстволық тексеру мен өлшеу құралдарының мемлекеттік сынауды өткізу тәртібі мен ұйымдастыруды анықтайтын МӨЖ нормативтік құжаттар қатары шықты. Бірақ МӨЖ нормативтік құжаттар ретінде қазіргі заманға сай метрологиялық әрекеттерді жүзеге асыруды қамтамасыз етпейді.
ҚР МӨЖ-ң негізгі міндеттеріне мыналар жатады: - өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөнінде оптималды басқару принціптер мен әрекеттерін дамыту; - шама бірліктер эталонды базасын құру мен жетілдіру; - метрология саласындағы негізгі терминдер мен анықтамаларды бекіту; - өлшем бірлігін қамтамасыз етудің нормативтік базасын құру мен жетілдіру; - метрология саласындағы ережелер, талаптар мен нормалармен бірге, халықаралық, мемлекетаралық, аймақтық және мемлекеттік ережелер, нормалар мен талаптардың оңтайлылығы; - өлшеу саласындағы информациялық қамтамасыз етілу.
Қазақстан Республикасы метрологиясының техникалық негізін мыналар құрайды: - Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметімен қолданылатын шама бірліктерінің мемлекеттік эталондар жүесі; - өлшеу құралдары, соның ішінде мемлекет териториясында қолданылатын заттар мен материалдардың құрамы мен қасиетінің стандартты үлгілері; -заттар мен материалдардың қасиеті мен физикалық константалар жөнінде стандартты анықтама мәліметтері. ҚР МӨЖ-дегі өлшем бірлігін қамтамасыз ету үшін келесі жұмыстар орындалады: - ҚР МӨЖ-ң нормативті құжаттарды жасау мен жетілдіру; - Қазақстан Республикасының шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын жасау, қолдану, сақтау және жетілдіру; - шама бірліктері, мемлекеттік эталоннан өлшеу құралдарына шама бірліктерінің өлшемінің берілуі.
3. Өлшеу құралдарын салыстыру құқығын аккредиттеу (ҚР СТ 7.5, ҚР СТ 7.8). Өлшеу құралын салыстырып тексеру - метрологиялық органдары (сол органдарға өкілеттілігі бар басқа да ұйымдар) өлшеу құралдарының белгіленген техникалық талаптарға сәйкестігін анықтап, растау мақсатында орындалатын операциялар жиынтығы. Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру құқығы белгіленген тұлғаларға ғана беріледі. Аккредиттеу еркін келісім негізінде жүзеге асырылады. Салыстырып тексеру зертханасының заңды тұлғалық статусы болуы қажет немесе заңды тұлғаның бөлімшесі бола алады.
Салыстырып тексеру зертханасы келесі талаптарды қанағаттандырады: - Өлшеу құралдарын салыстырып тексеруде өз бетімен шешім қабылдай алатын болуы керек; - Жүктелген міндетті атқару қамтамасыз ететін метрологиялық қызметі болуы қажет; - Салыстырып тексеру жағдайына сәйкес келетін бөлмелердің болуы керек; - Өлшеу құралдарын салыстырып тексеруге қажетті техникалық базалардың болуы қажет; - Салыстырып тексеру жұмыстары сапасының құжатталған жүйесі болуы керек. Метрология және сертификаттау бойынша ұйымдар өкілетті органдарға берілген құжаттардың тобын (бекітілген үлгінің көшірмесі бойынша басшылық жасау, аккредиттеу қызметіне құқық беретін заңды тұлғалардың метрологиялық қызметінің тәуелсіз сараптау бағасының актісі) толық қарастырған соң өз шешімдерін шығарады. Осы ұйымдардың шешімі оң болған жағдайда: - Аккредиттеу аттестаты рәсімделеді; - Аккредиттеу саласы бекітіледі; - Салыстырып тексеру зептханасы Реестрінде заңды тұлғаларды тіркеу жүзеге асырылады. Салыстырып тексеру зертханасында өлшеу құралдары салыстырып тексеру мемлекеттік эталондық шама бірлігіне бағынатын салыстырып тексеру құралдарын қолдана отырып, салыстырып тексеру әдістемесіне сәйкестік жүргізіледі. Салыстырып тексеру әдістемесін метрологиялық қызметтің заңды тұлғалары белгілейді және метрологиялық қызметтің заңды тұлғаларының тапсырмасы бойынша өлшеу құралын шығарушы, оны қолданушы немесе пайдаланушы да салыстырып иексеру әдістемесін дайындайды. Салыстырып тексеру әдістемесі міндетті түрде тапсырыс берушімен алдын ала келісіп алынады. өлшеу құралын салыстырып тексеруді аралық уақыттар пайдаланылатыны белгілейді. Келесі болатын өлшеу құралдарын салыстырып тексеру мерзімін өндірісте жөндеуден шыққанда, сонымен қатар заңды және жеке тұлғалардың жағынан өлшеу құралдарын салыстырып тексеру қажет болғанда, оны салыстырып тексеру зертханасы белгілейді. Салыстырып тексеру нәтижесі бойынша қажетті хаттама толтырылады. Егер салыстырып тексеру нәтижесі көрсеткендей өлшеу құралдары қолдануға жарамды деп саналса, онда ол құрал салыстырып тексерілді деген белгімен таңбаланады немесе салыстырып тексерілгені туралы сертификат рәсімделінеді. Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру сертификатын рәсімдеу салыстырып тексеруге ұсыныс беріп отырған заңды және жеке тұлғалар үшін қажет және ол міндетті. Салыстырып тексеру зертхананың шешімі бойынша өлшеу құралдары жарамсыз деп санаса, ол құралды өткізіп отырған заңды және жеке тұлғаларға міндетті түрде өлшеудің жүргізілгені туралы хаттаманы береді. Хаттама зертхана басшыларының және оны атқарған қызметшілерінің қолымен расталады. Салыстырып тексеру белгісімен таңбаланатын суреттер төмендегідей: - Салыстырып тексеру жұмысын жасаған метралогиялық қызмет немесе заңды тұлғалары; - Салыстырып тексеру белгісін қолданатын салыстырып тексеру туралы ақпарат береді; - Салыстырып тексеру белгісін әзірлеуді заңды тұлғалардың өздері жүзеге асырады. Пайдалану мерзімі аяқталғанда салыстырып тексеру белгілері жойылады. Метрологиялық жұмыста әріптестер арасындағы түсінісушілікті орнату мақсатында, жұмыстың мәнін түсіну үшін, өлшем бірлігін қамтамасыз етудегі заңдылық нормалары бекітілген. РФ «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету» туралы Заңында «Өлшем бірлігін калибрлеу» туралы анықтама және калибрлеу процедурасы туралы атап жазылған. РФ метрология институтында калибрлеудің негізгі қаулысын нормативтік құжаттарды жасауды ұсынған.
