Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
metrologia_shpor_1_-_kolonka.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
167.31 Кб
Скачать

Билет №10

1. Халықаралық СИ жүйесінің негізгі бірліктері. Бірыңғай халықаралық бірлік жүйесі (СИ жүйесі) 1960 жылы өлшемдер және салмақтар бойынша ХІ Бас конференциясында қабылданған болатын. Біздің еліміздің территориясында СИ бірлік жүйесі 1982 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз күшіне енді.

СИ жүйесінің 7 негізгі бірліктері бар, олар: ұзындық – метр (м), масса – килограмм (кг), уақыт – секунд (с), ток күші – ампер (А), термодинамикалық температура – кельвин (К), жарық күші – кандела (кд), зат мөлшері – моль (моль). Метрол вакуумдағы жарық 1/299079204580секундта өтетін қашықтық.

Киллограмм қазіргі уақыттаплатина және иридия балқымалы цилиндр болып табылатын, халықаралық түп нұсқалы килограммның массасы. Секунд цези – 133 атомының негізгі күйі екі нәзік деңгейлердің арасындағы өткелдерге тиісті 9 192 631 770 сәулелену мерзімдері. Ампер – өткізгіштің әр аумағында 2·10-7 Н тең 1 м қашықтықтағы күштің өзара әрекетін шақыратын, вакуумда біреу екіншісінен 1 м қашықтықта орналасқан екі шексіз ұзын параллель өткізгіштер және айналма көлденең қиманың аз ауданы бойынша өту кезінде ауыстырылмайтын тоқ күші. Температура Т – жылулық процестердің сипаттау кезінде қолданылатын бас физикалық шамалардың бірі. Температура Кельвинмен өлшенеді. Бір Кельвин судың үш еселі нүктесінің термодинамикалық температурасының 1\273, 16 бөлігіне тең. Канделла – 540·1012 Гц жиіліктегі монохроматикалық сәулелерді шашырататын берілген қор бағытының жарқ күші, осы бағытта сәулеленудің энергетикалық күші 1/683 Вт·ср-1 құрайды. ӨҚ жүйенің соңғы негізгі бірлігі – моль, ол 1971 жылы өлшеу және салмақтар бойынша ХІV Бас конференциясында бірінші алты бірлікті енгізгеннен кейін 11 жыл өткен соң қосымша енгізілген болатын. Моль – көміртек құрамында 12 массалық 0,0012 қг бар болса, сонша құрылымдық элементтерде болатын жүйе заттарының саны.

          СИ жүйесінің екі қосымша бірлігі бар, олар: жазық және кеңістік бұрыштарының өлшемдері. Жазық бұрыш бірлігі – радиан (рад), кеңістік бұрыштікі – стерадиан (ср). Радиан – бұл жазық бұрыштың өлшем бірлігі – доғасының ұзындығы радиусқа тең, дөңгелектің екі ралиустың арасындағы бұрышы. Тәжірибеде көбінесе градус ( 1° = 2π/360 рад = 0,017453 рад ), минут ( 1' = 1°/60 = 2,9088 · 104 рад ) және секунд ( 1'' = 1'/60 = 1°/3600 = 4,8481 · 10-6 рад) қолданылады. 1 рад = 57°17'45'' = 57,2961° = ( 3,4378 · 103)' = ) 2,0627 · 105)'' сәйкес. Стерадиан – бұл бұрышты өлшейтін бірлік – сфераның ортасында бұрыштың төбесімен, сфера үстінен кесетін аудан, сфераның радиусына тең, квадрат жағынан тең аудан.

2. Өлшеу қателіктерін бағалау. Қателіктерді бағалау өлшеу нәтижелерінің дәлдігі жөніндегі объективті берілгендерді алу мақсатында жүргізіледі. Өлшеу нәтижесінің дәлділігі қателіктермен сипатталады. Өлшеу қателігі нақты математикалық модельмен сипатталады, ол модельді таңдап алу қателіктер жөніндегі априорлы ақпараттар мен өлшеу кезінде алынған берілгендер арқылы дәлелденеді. Таңдап алынған модельдің көмегімен қателіктің сол бір қасиеттерінің мөлшерлі өрнектелуі үшін қолданылатын сипаттамалары мен параметрлері анықталады.  Қателіктердің сипаттамаларын нүктелі және интервалды деп бөлу қабылданған. Нүктеліге кездейсоқ қателіктің ОКА-сы (СКО) мен жүйелі қателіктің модулінің жоғарғы шегі жатады, интервалдыға - өлшеу нәтижесінің анықталмаған шегі жатады. Егер осы шекаралар кейбір ықтималдылықтың жауабы ретінде анықталса, онда олар сенімді интервалдар деп аталады. Егер де қателіктің минималды мүмкін шегін, нақты жағдайда, сондай қателіктерді кездестіре алмасақ, онда олар шекті (шартсыз) интервалдар деп аталады.

3. ӨҚ метрологиялық аттестаттау. ӨҚ аттестациялау. Метролгиялық аттестация ҚР СТ 2.30-2007 «Өлшем құралдарына метрологиялық аттестаттау жүргізу тәртібі» талаптарына сай жүргізіледі. Метрологиялық аттестаттауға республика аймағында жеке данада енгізілетін немесе әзірленетін (бір жыл ішінде бір өтінушімен үш өлшем құралынан көп емес) және мемлекеттік метрологиялық қадағалауды іске асыру саласында қолданылатын өлшем құралдары жатады, оның ішінде: − автоматтандырылған бақылау, басқару жүйелеріне және басқа жүйелерге (кешендер) кіретін өлшеуіш каналдар; − республикада жеке данада әзірленетін және жабдықталатын эталондар; − осы шарт пен режимнен айырмашылығы бар олар үшін метрологиялық және техникалық сипаттары нормаланған немесе осы сипаттарға әсер етуші олардың конструкциясына өзгерістер енгізілген, шарттар мен режимде қолданылатын сериялап шығарылған өлшем құралдарының жеке даналары; — сериялап шығарылатын өлшем құралдарының жеке даналары, олар үшін жеке метрологиялық сипаттамалар белгіленеді. Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттауға мемлекеттік басқару органдары, өлшем құралдарын өндіретін, пайдаланатын, жабдықтайтын жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – өтінушілер) ұсынады.

Өлшем құралдарына метрологиялық аттестаттау жүргізу тәртібі. Өлшем құралдары метрологиялық аттестаттауға МҒМОға мынадай құжаттар жинағымен ұсынылады: − өлшем құралдарына метрологиялық аттесттау жүргізуге өтініш; - өлшем құралдарын әзірлеуге техникалық тапсырма немесе оны алмастыратын өлшем құралына талаптары бар құжат және техникалық шарттар (егер оларды әзірлеу қарастырылған болса); − пайдалану құжаттары (техникалық тапсырмамен қарастырылған көлемде); − өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау бағдарламасының жобасы; − өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесінің жобасы (салыстырып тексеру әдістемесінің пайдалану құжаттарында жоқ кезінде); − әзірлеушімен алдын-ала жүргізілген зерттеулердің (сынаулардың) хаттамасы, егер олар техникалық тапсырмамен қарастырылған болса. Автоматты басқару және басқа да жүйелерге (кешендер) кіретін өлшеуіш каналдар үшін қосымша ұсынады: − жүйеге техникалық құжаттар (кешендер); − метрологиялық аттестаттауға жататын өлшеуіш каналдардың тізімі, метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттар немесе өлшеуіш каналдың құраушы элементтері болып табылатын өлшем құралдарын салыстырып тексеруді растайтын құжаттар. Метрологиялық аттестаттауға ұсынылатын салыстырып тексеруші қондырғылар үшін қосымша, олардың құрамына кіретін өлшем құралдарын салыстырып тексеру немесе метрологиялық аттестаттау туралы сертификаттар ұсынылады. Метрологиялық аттестаттау бағдарламасы және салыстырып тексеру әдістемесі өлшем құралдарын әзірлеушімен немесе оны тұтынушымен (жабдықтаушымен) әзірленеді және МҒМОмен бекітіледі. Метрологиялық аттестаттау бағдарламасын және өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесін келісім шарт негізінде МҒМОның әзірлеуіне, өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесі жобасының орнына аттестаттауға ұсынылған өлшем құралдары үшін шет елдермен әзірленген салыстырып тексеру әдістемесін ұсынуға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]