Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2222.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
89.68 Кб
Скачать

72.Әдебиеттермен өзіндік жұмыс жасау.

Әдебиетпен жұмыс жасау.Оқытудың кредиттік жүйесінде студент тең жарты оқу жұмысын өз бетімен атқаруға тура келеді. Сондықтан ол әдебиеттерді қалай іздеуді, пайдалануды білуі қажет. Оқытушы студентке қажетті оқу әдебиеттерін табуға көмектесе алады, яғни, негізі әдебиеттер тізімін оқытушыдан алуға болады. Бірақ ең бастысы әрбір кітапты немесе мақаланы оқығанда келесі нұсқауларды пайдалану қажет:

- гуманитарлық пәндер бойынша кітаптар мен мақалаларды оқығанда рационалды-сыни бағытты ұстану қажет (себебі: кейбір ақпараттық және теориялық материалдар уақыт өте келе ескіреді, сыни көзқарасты талап етеді. Бірақ әрбір кітаптың өзіндік бағасы бар. Айталық, осыдан он, жүз несе екі мың жыл бұрынғы кітаптың маңыздылығы осы күнгі кітаптан жоғары болуы мүмкін. Аристотель, Платон, Әл-Фараби, Абай және т.б. ойшылдардың еңбектеріндегі білімге баға жетпейді);- кітаптың мазмұнын толық түсіну үшін, оны ақылмен оқу қажет. Ол дегеніміз кітапты оқымас бұрын ол кітап оқуға тұра ма, соны анықтаған жөн (кітаптың аннотациясымен, кіріспесімен танысу қажет);

- кітаптың авторы туралы да мәлімдеме білген жөн, кітаптың негізгі міндетін де ұққан жөн;

- қандай тақырыпта ақпарат керек екенін нақты білген жөн, бұл уақытты үнемдейді, кітапты оқығанда керек жерлерді жазып алу үшін қағаз бен қалам пайдаланған жөн;

73.ЖОО-да білім беру процесіндегі дамыта оқытудың маңызы.Дамыта оқыту - оқу үрдісінің адамның мүмкіндіктері мен оларды іске асыруына беттеу. Дамыта оқыту тұжырымдамасында бала мұғалімдегі оқыту әсерлерінің объектісі ретінде емес, ал оқытудың өздігінен өзгеретін субъектсі ретінде қарастырылады.

74.Практикалық сабақтарда тапсырмалар түрлері.Практикалық сабақ бұл студенттердің дәріс сабағынан алған білімдерін бекіту, пысықтау, жынақтау мақсатында өткізілетін сабақтың бір түрі.

75.Білімгерлердің оқу мотивациясы.

Оқу процесінің сабақта, сабақтан тыс немесе өз бетінше орындалуына қарамастан, оқытушы мен студент көптеген талаптарға ұшырасады. Оларға сабақтың мақсаты, әдісі, ғылыми негізділігі, оқытудың проблемалары сияқты көптеген әрекеттерді жатқызуға болады. Дегенмен, осылардың барлығына негіз болатын тағы бір талапты ерекше атау қажет. Ол – оқыту процесіндегі мотивация. Оқыту процесін екі қырынан қарастыруға болады: оперативті және мотивациялы. Оқыту процесінің оперативті қыры білімгерлердің болмысты тануға қажетті теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын дамытуды қамтиды. Бұл дағдыларды олар дайын схемаларды үйрену арқылы да, өз беттерінше оқу арқылы да меңгере алады. Мотив әрекетке іштей итермелейтін себеп, қандай да бір қажеттілікті қанағаттандыратын тілек болып табылады.

76.ЖОО-да білім беру процесіндегі белсенді оқыту әдістерін пайдалану.

Оқытудың белсенді әдістері 1. оқушының іс-әрекеті өнімді, шығармашылық, ізденіс сипат таситын окыту әдістері; 2. оқушының танымдық іс-әрекетін ынталандырушы және қандай да болсын мәселенің шешу жолдары жөнінде еркін пікір алмасуды көздейтін диалогқа құрылған әдістер. Оларга әңгіме, диспут, тақырыптың семинар, іс ойын, тренинг жатқызуға болады.

77.Бірлескен топтық іс-әрекет әдістеріТоптық — топішілік қатынас бірлігі, ортақ құндылықтар, өзара қарым-қатынастарды тиімділеу мәселелерін реттеу, құрылымдау процесі. Балалар ұжымында топтық ықпалдастық қоғамдық пікір мен ішкі ұжымдық адами қатынастар көріне бастаған кезден бастап пайда болды. Топтық динамика әлеуметтік психологиядағы зерттеу бағыттылығы: әр түрлі топтардағы пайда болу, функционалдығы және даму үрдістері. Топтық іс-әрекет — адамдардың іс-әрекетіне, топқа кіретін әлеуметтік және әлеуметтік-психологиялық феномен, қарым-қатынас нәтижесі. Топтық іс-әрекет мақсатына қарай: ұжымдық әрекет, біріккен әрекет, бірге жасалған және бірмезгілдік әрекет деп бөлінеді.[1]

78.Пікір-талас семинар сабағында қолданылатын әдіс ретіндеИнтербелсенді оқыту әдістерін пайдалану кезінде тиянақты білім; қиялдау мен шығармашылық;тез тіл табысу;белсенді өмірлік көзқарас; командалық рух; жеке; дербестік құндылық; өз пікірін білдіру, еркіндік;іс - әрекетке ерекше назар аудару; өзара сыйластық дағдылары дамидыӘдіс түрлері: Ойын түрлері;Жеке және жұптық, топтық жұмыстар; Оқушылардың өз бетінше іс - әрекеттері;Нақты жағдайлар, олардың нәтижесін жасау;Сұрақтар қоюда ынталандыру(СТО - ға үйрету);Оқыту мәселелері.

80.Мәселелік оқыту әдістері.Мәселелік оқыту – тәрбиешінің ұйымдастыруымен ұсынылған мәселелік мазмұнмен оқыту барысында ғылыми білімнің объективті қайшылықтарына және оларды шешу тәсілдеріне қатысатын, субъектінің белсенді іс - әрекетінің тәсілі. Мәселелік оқытудың мақсаты – ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзін меңгеру, баланың таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]