Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2222.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
89.68 Кб
Скачать

53.Оқушылармен біріккен және жеке әрекеттерді құрастыра білу

Оқытуды ұйымдастыру формалары- ол белгілі бір тәртіп пен режимде жүзеге асатын оқытушы мен оқушылардың біріккен іс- әрекетінің сыртқы көрінісі Оқыту процесінде танымдық қызығушылықты арттырудың тиімді әдіс-тәсілдеріОқушылардың танымдық белсенділіктерін дамытудың үдерісі оқушылардың ақыл-ойы кеңейеді; өз бетімен еңбектену, іздену, жаңа нәрсені ойлап табу, талпыну-логикалық ойлауы, ой- белсенділігінің артуы; -өзін-өзі бағалай білуі, өздігінен жетілу дағдылары қалыптасып дамиды;  -интеллектуалды ойлау қабілеті дамиды;  -белгілі бір іс-әрекетті орындағанда жігерлі еңбек етуі, шығармашылық тапқырлығы

54.Психологияны оқыту әдістеріндегі тренигтің алатын орны

Қазіргі кездегі психологиялық-педагогикалық ғылымдардағы тренинг ұғымы. Мамандарды даярлау жүйесіндегі психологиялық-педагогикалық тренингтің орны және психологиялық басқа пәндермен байланысы: жалпы психология негізі, әлеуметтік психология, психодиагностика, психологиялық коррекция және психотерапия. Топтық оқытудың, топтық психотерапияның, әлеуметтік-психологиялық тренингтің мақсаттары мен негізгі өзгешелік белгілері. Тұлғаға психологиялық әсер ету әдісі. Белсенді оқыту әдістеріне жалпы сипаттама. Пікірталас және ойын әдістері. Әлеуметтік-психологиялық тренинг әлеуметтік-психологиялық белсенді оқытудың кешенді формасы ретінде. Тренинг түрлері: топты құру тәсіліне байланысты, тренинг мақсатына байланысты. Тренинг бағдарламасын жобалау технологиясы. Тренинг бағдарламасын жобалау қағидасы: мәселелік қағида, модельдеу қағидасы, зерттеу қағидасы, кері байланыс және жаңашыл қағидасы, сатылау қағидасы. Мақсаттың құрылуы. Міндеттердің құрылуы. Топтың мәнді сипаттамасын анықтау. Әсер етудің негізгі аясын таңдау. Топқа ену ұзақтығын және жұмыс режимін анықтау. Тренингтің (тақырыптық жоспар) жалпы жоспарын және әрбір жеке сабақтың жоспар макетін құру.

55.Оқу процесін қйымдастыру формалары

Оқу процесі əрқилы ұйымдастырылуы мүмкін. Оның ұйымдастырылу формалары да сан түрлі: сабақ (дəстүрлі түсінімде), дəрісбаян, семинар, конференция, зертхана-практикалық дəріс, практикум, факультатив, оқу саяхаты, курстық жоба, дипломдық жоба, өндірістік практика, өзіндік үй жұмысы, кеңес, емтихан, сынақ, пəн үйірмесі, шеберхана, студия, ғылыми қоғам, олимпиада, конкурс жəне т.б.. Бүгінгі дидактика сабақ типтерін олардың басты сипатына орай төмендегіше топтастырады: дидактикалық мақсаттарға байланысты сабақ типтері: - жаңа білім материалын хабарлау; - білімді бекіту; - ептіліктер мен дағдыларды қалыптастырып, бекіту; - қорытындылау; - білім, ептілік жəне дағдыларды тексеру (бақылау) сабағы. Оқу дəрістерін өткізу тəсілі бойынша сабақ типтері- оқу саяхаттары; - кино-теле-сабақтар; - өзіндік жұмыс сабақтары жəне Дəріс бірліктерінің басымдылығын негізге алған арнайы сабақ типтері: - жаңа материалды игеру;- бекіту; - қайталау; - білімді бақылау, тексеру.

Егер арнайы сабақ типтерінің мақсаттары мен жұмыс түрлері не олардың элементтері бір дəрісте тоғысатын болса, ондай сабақты аралас сабақ деп атау қабылданған.

56.Оқу дискуссиясын ұйымдастыру және басқару әдістемесіДискуссиялық оқыту. Бүл әдіс батыс елдерінің оқу орындарында кейбір міндеттерді шешуде басқа әдістерге қарағанда жақсы нөтижесін көрсеткен. Әдістің мәні нақты мәселені шешуде көзқарастар мен пікір алмасуда тиімді. Дискуссия көмегімен оқушылар жаңа білімді игеріп, өздерінің пікірін бекітіп, көз қарасын дәлелдеп шығуға көмектеседі. Оқыту дискуссиясының негізгі атқаратын қызметі танымдық қызығушылықты арттырады; қосымша қызметі оқыту, дамыту, тәрбиелеу және коррекциялы-бақылау. Оқушылардың алдын ала немесе нақгы мазмүнда және формаларды дайындығынан бүрын, лекцияның сапалығы басты роль атқарады. Басталатын дискуссияның тақырыбына байланысты білім жинау мазмүнды дайындықты қажет етеді. Білімді баявдау жолдарын анықтауға бағытталады. Білімсіз өтілген дискуссия мәнсіз, мазмүнсыз жөне нақты болмай, қарама-қайшылықты және шашыраңқы, алдымен оппоненттерді сендіру. Демек мүғалім оқушылардың ойын дүрыс түжырымдап, сүрақтар келтіріп, дәлелдер жасай білу білігін дамытуды қамтамасыз етуі. Дискуссия тек ғана гуманитарлык пәндерді тарихты, коғамтануды этика, эстетиканы, өнерді, психологияны, педогогиканы игеруде ғана емес, сонымен қатар берілген әдіс физика, химия, биология тағы басқада пәндерді игеруде де нәтижесін көрсетеді. Дискуссия оқушыға танымал материалдардың мзмүнын толыктырып, оны тиянақтап және бекітуге көмектеседі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]