- •2) Дәрісбаян оқу процесін ұйымдастыру
- •4Ата-аналармен жұмыс.
- •7) Курстың психология және педагогикалық ғылымының орны
- •11) Оқыту әрекетін ұйымдастыру жоспарлау
- •12) Жұмыстың баршаға бірдей формасы
- •22Психологияны оқытудағы басқа ғылыммен баиланысы
- •53.Оқушылармен біріккен және жеке әрекеттерді құрастыра білу
- •54.Психологияны оқыту әдістеріндегі тренигтің алатын орны
- •55.Оқу процесін қйымдастыру формалары
- •58.Психологияны оқыту процесінде бақылау жургізуді ұйымдастыру
- •61.Оқытудың белсенді сипаттары
- •63.Оқу танымдық әрекеттің нәтижесін есеп алу және бағалау
- •64.Психологияны оқыту әдістемесі
- •65.Педагогикалық колледждегі күнтүзбелік жоспар64.Психологияны оқыту әдістемесі
- •69.Сабақ жоспарының негізгі мазмұны.
- •70.Білімгерлердің оқу әрекеті нәтижесін бағалау.
- •72.Әдебиеттермен өзіндік жұмыс жасау.
- •75.Білімгерлердің оқу мотивациясы.
- •81.Психологияны оқыту әдістемесінде-социометрия әдісін қолдану.
- •83.Білімгерлердің өзіндік жұмысын басқару.
- •85.Білімгерлердің оқу іс-әрекетін қалыптастыру
- •87.Эксперимент-психологияны оқыту әдістемесінің негізгі эмпирикалық әдісі
- •89.Ынтымақтастық педагогикасы.
22Психологияны оқытудағы басқа ғылыммен баиланысы
Психологияның басқа ғылымдар жүйесiндегi орнын тануға орай психологиялық деректердщ басқа ғылымдарда пайдалану мүмк iндктерi н жəне керiсiнше, психология олардың нəтижелерiн өзi не қалай қолданатынын жете түсiнуге болады. Əр түрлi тарихи дəуiрлердегi ғылымдар арасындағы психологияның орны жантаным бiлiмдерiнiң даму деңгейi мен сараптау схемасынан келiп шығады. Атап айту керек, қоғамның рухани даму тарихында бiрде бiр бiлiм саласы ғылымдар жүйесiндегi өз орнын психология сияқты жиi өзгертiп тұрған емес. Қазiргi күнде академик Б. М. Кедров ұсынған сарап əдiсi қабылданған. Бұл əдiс ғылымдар арасындағы мазмұндық жақындыққа орай көп тарапты байланыстарға негiзделген. Ұсынылған схема — шыңдарына жаратылыстану, əлеуметтiк жəне философиялық ғылымдар қонақтаған — үш бұрыш формасында. Ғылымдардың негiзгi тобының мұндай орналасуы олардың пəнi мен əдiстерiнiң психология пəнi мен əдiстерiне нақты жақындығынан. Зерттеу барысында қойылған мiндеттерге орай психология өз бағытын бұрыш шыңдарының бiрiне бұрып отырады.Психологияның жалпы ғылыми бiлiмдер жүйесiндегi қызметi — зерттеу объектi адам болған барша ғылым салаларының жетiстктері eiрiктiрiп, байланыстыру.
22. Психология және әлеуметтану байланысы
.Психология және педагогика байланысы ежелден келе жатқан, дәстүрлі қалыптасқан құбылыс. Барша ғұлама педагогтар адамның табиғи қасиеттерін, оның тума қажеттері мен мүмкіндіктерін түсіну керектігін, тұлғаның психикалық іс-әрекеттері және дамуына орай тетіктер мен заңдарды ескеруді, солар негізінде оқыту, білім беру, тәрбиелеу маңыздылығын алға тартты.Психологияжәнемедицина байланысы медициналық психологияныңтуындауына әсер етті. Бұл сала дәрігер қызметінің психологиялық ерекшеліктерін және сырқат адамның әекет-қылығындағы психологиялық көріністерді зерттейді, емдеу мен психотерапия, сондай-ақ психика дамуындағы ауытқулар мен әртүрлі ми науқастарына байланысты психика бұзылысын зерттеуші медициналық білім саласы патопсихологияныңпсихологиялық әдістерін орайластырады. Психология және саясаттану байланысынан саясатқа орай қалыптасатын әрекеттердің субъектив тетіктерін, оларға ықпал жасаушысана, астар сана, адам көңіл күйі, еркі, оның нанымдары, құндылықты бағыт-бағдарлары және ұстанымдарын зерттеуші саясат психологиясыпайда болды. Бұл ғылым адам әрекет-қылығын үдеріс ретінде танып, оны жеке тұлғаның қоршаған ортамен өзара ықпалдастық қатынасының нәтижесі деп біледі. Себебі тұлға әрекеттері сыртқы ықпалдар мен психологиялық талдаудың тікелей нысаны болған субъекттің оларды қабылдау және түсіну ерекшеліктерімен анықталады.
23. «Болашақ педагог-мамандардың дербес ақпараттық ізденісін ұйымдастыру» ұғымын талдау «ұйымдастыру» терминінің мағыналық маңызына сүйенеді. Ұйымдастыру (орысша – организация) сөзі гректің «оргон» – «жұмыс» және латынның organ дегенінен шыққан, бастапқыда «музыкалық аспап», кейіннен «ұйымдастыру» (организация) – функционалдық жүйедегі, немесе жүйенің өзіндегі элементтер жиынтығына айналу үдерісі дегенді білдіреді . «Ұйымдастыру» терминінің тұтас семантикалық екі мағынасы оны екі позиция (ұстаным) тұрғысынан қарастыруға мүмкіндік береді: басқару позициясы және мақсатты болжамдау мен дамудың ішкі процестері позициясы. Осыдан келіп, біріншіден, ұйымдастыру бұл жоспарлау, үйлестіру, мотивация және бақылау функцияларының өзара байланысы үдерісі, және екіншіден, субъектілер тұлғасының қалыптасуы бағыттарында ұйымдық дамуы үшін және олардың қызметтерінің тиімділігін арттыру үшін жағдай жасау және талдау шығатынын көруге болады. педагог-мамандардың дербес ақпараттық ізденісін ұйымдастыру үдерісі – қолданыстағы бар ұйымдастыру мақсаттарын, педагогикалық шарттарын, әдістерін, тәсілдерін, жетістік құралдарын және сатыларын қарастырады.
24. «Оқыту формасы – оқу материалын меңгеруден оқушылардың өзара әрекеті». Оқыту формасы әдіспен, амалдарға, құралдарға, оқушылардың іс- әрекетіне тәуелді болады. Сабақ – бұл жастары шамалас, құрамы тұрақты оқушы топтарымен оқытуды ұйымдастыру формасы, тұрақты кесте және бәріне ортақ оқыту бағдарламасымен сабақ өткізу. Бұл формада оқу-тәрбие процесінің барлық компоненттері – мақсат, мазмұн, құралдары, әдістері, ұйымдастыру және басқару қызметі және оның барлық дидактикалық элементтері қарастырылады. Біртұтас дидактикалық жүйе ретіндегі оқыту процесіндегі сабақтың мәні мен мақсаты мұғалім мен оқушының ұжымдық-жекелей өзара қарым-қатынасына алып келеді, соның нәтижесінде оқушылар білім, білік және дағдыны иемденеді, олардың қабілеттері, қызмет тәжірибесі, араласуы мен көзқарастары дамиды, сонымен қатар мұғалімнің педагогикалық шеберлігі жетіледі.
25. Оқу ұйымдастыру формасы – бұл оқу процесінің жекеленген бөлігінің құрылымы, дəрістің белгілі бір түрі (сабақ, дəрісбаян, семинар, саяхат, факультатив дəріс, емтихан, сынақ жəне т.б.) Оқудың ұйымдастырылу формалары əрқилы негіздемелерге байланысты қарастырылуы мүмкін. Оқу процесінде басым болған мақсатқа орай – кіріспе сабақ; білімді тереңдете оқыту дəрісі; практикалық сабақ; білімді жүйелестіру жəне қорытындылау сабағы; білім, ептілік жəне дағдыларды бақылау, тексерутсабағы; аралас сабақ формалары. - Дидактикалық мақсаттарға орай – теориялық, практикалық, еңбектік, аралас сабақтар формалары; Жеке-дара өтілетін дəріс түрлері: репетиторлық , тьюторлық, менторлық, гувернерлық, отбасылық оқу, өзіндік оқу. Ұжымды-топтық сабақ түрлері өз ішіне дəрісбаян, семинар, конференция, олимпиада, оқу саяхаттары жəне іскерлік ойындарды қамтиды. Даралықты-ұжымды дəрістер-пəн, тақырып жұмыстарына толық шомдыру (погружение), шығармашылдық апталары, ғылыми апталар, жоба (курстық, диплом) жұмыстары.
26. Психологиялық кеңес және оны ұйымдастыруПсихологиялық кеңес дегеніміз рухани жағынан көмекке мұқтаж адамдарға ақыл- кеңес беру, жол көрсету. Психологиялық кеңес арнайы жабдықталған орында, бөгде адамдардан оңашаланған жерде өткізіледі, кеңесті өткізуге арнайы уақыт белгіленеді.Психологиялық кеңес беру – оқу-тәрбие процесінде туындаған проблемаларды шешуге көмек көрсету. Кеңес беру жұмысында психологтың іскерлік, дағдысын дамыту мен бірге бұл арнайы дайындықты талап етеді.
27. Мұғалімнің мынадай қарым-қатынас стильдері белгілі: авторитарлық стиль, демократиялық стиль, либералды стиль. Авторитарлық стильде оқушы тең дәрежелі емес, педагогикалық әсердің объектісі ретінде қарастырылады. Мұғалім шешімді өзі қабылдайды, жағдайды және оқушылардың пікірін ескермей талап қояды. Авторитарлық стильді ұстанатын мұғалім өте қатал, өз айтқанын екі етпей орындағанын қалайды, оқушыларөз ойын, пікірін ашық айта алмайды. Олар қорқақ, селсоқ рөл атқарады. Қоғамдық жұмысты,сабақты мұғалімнің алдында тәртіпті бола қалады да, мектептен тыс жерлерде түрлі тәртіпсіздік көрсетеді. Демократиялық стилде оқушылар қарым-қатынаста тең дәрежелі. Мұғалім шешімді оқушылармен бірлесіп қабылдайды, олардың ойларын, пікірлерін ескереді.Мұғалім тек үлгерімге ғана емес, оқушылардың жеке тұлғалық сапаларына мән береді.Мұндай мұғалімдерге үлкен кәсіби тұрақтылық,өз мамандығына қанағаттану тән Либералды стильде мұғалім шешім қабылдаудан бас тартады, барлығын оқушыларға, қызметтестеріне ысырайды. Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру және бақылау жүйесіз жүзеге асады, шешімсіздік, толғаныс байқалады. Сыныптан тұрақсыз микроклимат, жасырын келіспеушіліктер мөлшерсіздігінен аузы барынша сөйлеп, аяғы барғанша жүреді.
28. Педагогикалық бақылау түрлерінің бірі – тестілеудің іс-тәжірибедегі нәтижелеріне сүйене отырып, мынадай қорытынды жасуға болады.
Жалпы оқыту жүйесінен педагогикалық бақылауды бөліп қарауға болмайды. Тест педагогикалық бақылаудың бір түрі деп есептесек, онда төмендегі мақсатты жүйе құру міндетті деп есептеймін:
білім мазмұнын модул (блок) түрінде беру;
модульге енетін біліммазмұнын оқыту элементтеріне бөлшектеу;
оқушылардың нені, қандай деңгейде меңгеретінін анықтайтындай педагогикалық бақылаудың мақсатын алдын ала анықтау;
Бақылаудың тестік жүйесіне көшу үшін төмендегі жағдайды есепке алуымыз керек.
оқушылардың білім, білік дағдысын алдын ала анықтау, хабардар болу;
оқушыға қысқаша жоспар мен мақсатты алдын ала хабарлау.Кіріспе тестік бақылау, ағымдағы бақылау, қорытынды бақылау, бір не екі жылдан кейін жүргізілетін бақылау арқылы білім деңгейін анықтау.Рейтингтік жүйемен тоқсандық не жылдық білім деңгейін бағалау. Рейтингтік жүйені тестік жүйенің жалғасы немесе оның толықтырушысы, қорытындысы деп қараған жөн.
Тест – педагогикалық бақылаудың бір түрі және оқушының білім деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін құрал. Сондай – ақ тестің пайдалы жақтары мен бақылау жасау мүмкіндіктері де мол.
29. Лекцияның негізгі дидактикалық максаты - студенттердің оқу материалын меңгеруіне қажетті бағыттаушы негізді қалыптастыру. Жақсы, дидактикалық мақсаттарға сай ұйымдастырған лекция лектордың аудиториямен шығармашылықтық тұрғыдан жасайтын қарым-қатынасы, оның танымдық эмоционалдық тұрғыдан тиімділігі жоғары болады. Егер студенттің ойлау қабілеті белсенді болса, онда жаңа материал оңай, әрі тез оқытады, соңдықтан, лекцияда тыңдаушылардың белсенділігі мен ойлау қабілетін тудыру қажет.Лекциялар мазмұны, кұрылымы, сипатына қарай әртүрлі болып келеді. Бірақ, жалпы басшылыққа алатын әдістемелік ереже, қагидалар ортақ болады. Лекцияның үш түрі болады: І.Кіріспе. 2. Ағымдағы лекция. 3. Қорытынды, немесе шолу лекциясы. 1. Кіріспе лекция - мұнда пәннің мақсаты, ғылымдар жүйесінде алатын орны, сол мамандыққа қажеттілігі, яғни рөлі, мамандыққа қажет оқылатын басқа да пәндермен байланысы, сол пән ғылымының зерттеу пәні, әдіснамалық негізі, әдістер, мәселелер мен гипотезалар, даму перспективасы, іс-тәжірибесі, яғни практикамен байланысы, теориялық материалдар, даму тарихы, студенттердің болашақ мамандығына байланысы, пәнге байланысты оқулық, оқу-әдістемелік құрал, ғылыми әдебиеттермен таныстыру сияқты мәселелер сөз болады. Бұдан басқа пәнді оқып, меңгерудің, жүйелі түрде әдебиет пен конспектілермен жұмыс жасаудың әдістерімен таныстырған жөн. 2. Ағымдағы лекция - оқу жоспары негізінде жасалған типтік бағдарламаға сәйкес жұмыс бағдарламасы бойынша жүргізіледі. 3. Қорытынды немесе шолу лекция - бұл қысқаша конспект түрінде берілмейтін, білімнің жоғары деңгейде жүйеленіп берілуі. Сонымен бірге ең қиын, күрделі емтихан сұрактарының жауаптары қарастырылады.
30.Сыныптан тыс тәрбие жұмысы, тәрбие жүйесінде оның орны және рөлі. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының міндеттері, ұйымдастыру принциптері, қызметтері мен мазмұны, құралдары, формалары және әдістері. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының көптүрлілігі. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының негізгі формаларына сипаттама. Тәрбие жұмысында педагогикалық қолдау туралы түсінік, оның мәні және жүзеге асыру тәсілдері.
Мектептен тыс тәрбие жұмысы тәрбие жұмысының бөлінбес компоненты ретінде: міндеттері, ұйымдастыру принциптері, мазмұны, формалары және әдістері. Мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырудың педагогикалық талаптары. Мектептен тыс тәрбие мекемелерінің түрлері, қызметтері және міндеттері. Мектептен және сыныптың мектептен тыс мекемелерінің өзара әрекеттесуі, сондай- ақ қоғамдық ұйыдарымен және бірлестіктермен, білім, мәдені-ағартушылық ұйымдарымен, мәдені және ғылыми орталықтарымен, ұлттық мәдени орталықтар, Денсаулық ұлттық орталығы және т.б.Оқушылармен сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының бағыттары бойынша жалпы мектепшілік шаралары мен сынып сағаттарын даярлау және өткізу әдістемесі: этикалық әнгіме, әлеуметтік мәселелерді шешу әдістемесі, проектлеу жұмыстары, дисскуссия, экскурсиялар және т.б.
31.Вербалды емес қарым-қатынас - «дене тілі», «ым-ишара тілі» деген ұғымдармен байланысты. Бұл қарым-қатынас құралына – поза, ым-ишара, мимка, визуалды қатынас, тұлға аралық дистанция.Қарым-қатынаста Вербалды және Вербалды емес қатынастық кедергілер бар.
Вербалды– сөзді бөлу, талас, эмоцияналды сөздер, жабық түрдегі сұрақтардың қойылуы.
Вербалды емес екінші адам сізбен сөз қозғағысы келмейді, көзіне тіке қараудан қашады, қайта-қайта сағатына қарап, арақашықтық сақтап және т.б әрекеттер жасайды.Вербалды емес қарым-қатынас құралдары: поза, жест, жүріс. мимка визиуалды контакттұлғааралық қашақтық.тест (сынақ) — психологияда адамның жеке басындағы психологиялық ерекшеліктері мен қабілетін, ақыл-ой деңгейін беліілі нормалар тұрғысынан іздестіретін әдіс. Сынақ әдісі арқылы адамның меңгерген білім деңгейі мен ықылас ынтасы да зерттеліп, оның нәтижелері салыстырмалы түрде қорытындыланады. Қазіргі күнде тест әдісі кеңінен қолданылады. "Тест" — ағылшын сөзі, мағынасы "сынақ" дегенді білдіреді. Тест — адам психологиясы мен қылықтарының сапалық және сандық қасиеттерін, алдын ала берілген стандартты нормалармен салыстыра отырып бағалайтын психологиялық зерттеулердегі әдіс. Мимика (гр. μιμιχοζ,mіmіkos - еліктеушілік) – бет әлпеттің қозғалысы, адам сезімін білдірудің бір формасы, адамның ішкі сезімін, көңіл-күйінің әр алуан сәттерін (көңілдену, қайғыру, ашулану, т.б.) білдіретін бет - әлпеттің мәнерлі қимыл-өзгерісі.
Пантомимика - ым-ишара және сөйлеу қатар эмоционалдық қалыпты білдіретін форманың бір түрі болып табылатын адам денесінің қозғалысы, яғни адамдардың қарым-қатынас құралы.
35.Жас ұрпаққа білім-тәрбие беретін бала жанының бағбаны мұғалімдер қандай болуы керек.1, мұғалімнің ары таза, адал, инабатты, сыпайы, парасатты, байсалды, ұстамды, төзімді, кешірімді болуы шарт.2. мұғалімнің ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, өз мамандығына сай, оны сүйетін, өз ойын шәкірттеріне анық тұжырымды, дәл айтып түсіндіре білуі шарт.3., мұғалім өз оқушыларына беделді, ұжым арасында сыйлы болуы шарт. Әрдайым оқушыларымен әдептілік қарым-қатынаста болғаны жөн.Оқушының жеке басын танып-білуде, оның оқу - әрекеті мен қоғамдық жұмыстарының атқаратын қызметі ерекше. Себебі, оқушының оқу-әрекетінде оның оқуға деген ынтасын, психикалық үрдістерін (жаңа материалды қабылдауы, есте сақтауы, ойлауы, сөйлеуі т. б.) мұғалімнің сабақтар жүйесіне қатысуы арқылы анықтайды. Оқу ісін жүзеге асырып, оны бірізділікпен жүргізуде кедергі болатын жәйттер мұғалімнің білім деңгейі мен оны шәкірттерге тиімді әдіс-тәсілдермен жеткізе алмай, тәжірибесіздік көрсетіп, оқушыларға серпінді ықпал ете алмайды.Оқушылардың жас ерекшеліктерін елемей, олардың құрдастарымен қарым-қатынастарының қыры мен сырына жете мән беріп, оларды жете бағаламау салдарынан болатын табыстар. Ал, оқушылар тобы тарапынан мұғалімге қойылатын талаптар, олардың рухани тілектерін қанағаттандырмауға байланысты. Әдетте, мұндай жағдайда мұғалім оқушылар ұжымынан өз бойын аулақ ұстап көпшілік-қоғам жұмыстарына сирек қатысады. Оқушылар ұжымының сан алуан жұмыстарына, ұжымдық пікірлерге жете мән бермейді. Мұндай жағдайда оқушылар тарапынан ұстазға деген наразылық, қанағаттанбау сезіміне орай тартыстың туындауына себеп болады. 36.Тестілеу әдісі – адамның белгілі психикалық сапаларын сынақтан өткізіп, анықтау. Психологиялық тест – сыналушының жеке басының кейбір ерекшеліктерін анықтау үшін орындалатын, әдетте, қысқа мерзімді шағын стандартты сынақ тапсырмалары беріледі. Бұл күнде психологияда адамның ақыл-ес даму деңгейін, кеңістікте бағыт-бағдар аңдау қабілетін, психикалық әрекетке келу мүмкіндіктерін, жадын, кәсіби іс-әрекеттерге қабілетін, тұлғалық сапаларын анықтаушы тестер жиі қолданылуда.
37.Оқыту психологиясы - оқытудың жүйелілігі жағдайындағы танымдық іс-әрекеттің дамуын зерттейтін педагогикалық психологияның бөлімі. Әртүрлі дидактикалық жүйежағдайындағы танымдық іс-әрекеттің өзгешелігіне себепші болатын сыртқы және ішкі факторлардың өзара байланысын анықтайды, баланың дамуы мен оқу үрдістерін басқару мүмкіндіктерін, оқыту мен оқудың психологиялық заңдылықтарын, оқыту тиімділігінің психологиялық-педагогикалық өлшемдерін зерттейді.Құбылыстар мен процестер арасындағы байланысты дамытудан заңдылық туындайды.Оқыту процесінің заңдылықтары:1. Қоғам талабы оқытудық мақсат-міндеттерін айқындайды, оның мазмұны, әдіс-тәсілдері, ұйымдастыру нысандарының өзгеруі, жаңаруы заңды процесс.2. Білім беру, тәрбие, дамыту қызметінің бірлігі.3. Кез келген ақпарат бірлігі, іс-әрекет тәсілі білім, іскерлікке айналу үшін мұғалім оқушының санасындағы білім, іс-керлік, дағды деңгейіне сүйену керек.4. Дидактика заңдылықтарының ерекшелігі - оқыту процесінің бөліктері - оқытушы іс-әрекеті (оқыту), оқушы іс-әрекеті (оқу), білім мазмұны арасындағы тұрақты төуелділіктер
39.Окыту процесі - бұл мұғалім мен оқушылардың белгілі бір мақсатқа бағытталған өзара әрекеттестігінің барысында окушыларға білім беру міндеттерін шешу. Оқыту процесінің құрылымдьң компоненттері мыналар: Мақсат. Педагог Оқушы, білім алушы. Оқыту әдістері. Оқытудыұйымдастыру түрі. Алған білімді өмірде қолдана білу, нәтижесін көру. Педагогикалық диагностика. Негізгі қайшылықтар - оқыту процесінің қозғаушы күші. Оқыту - екі жақты процесс - оқыту және оқу. Оқыту процесі - білімді, біліктілік пен дағдыны меңгеретін, тұлғаның дүниетанымын, күш-қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс -әрекет барысы. Оқыту процесі - тұтас педагогикалық процестің бір бөлігі. Оқыту - мақсатты процесс. Оқытудың басты мақсаты, әдіс тәсілдері, мазмұны мен міндеттері қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарып отырады. Оқыту - таным процесі. Оқыту - даму негізі. Оқыту - жоспарлы процесс. Оқыту - бұл күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл - ойы мен творчестволық қабілетін, демек біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады.
40.Практикалық психология – бұл «ғаламаттың практикалық курсы» және қызықты саяхат, бұл жерде әр адам өзі қалаған немесе болуы тиіс жерде болуы мүмкін. Таң қалдыратын жаңалықтар аша алады! Өзінде сиқырлы қанат сезіне алады. Көптен күткен сыйлығын немесе толғандырып жүрген сұрағына жауап ала алады. Біздің әр кездесуіміз – қызықты ақиқатпен танысу мүмкіншілігі! Бұл белгілі бір тақырып бойынша пікір таласуға және нақты сұрақтарды қоюға шақыру. Бұл күрделі тәжірибе алмасу. Бұл өзіңіз туралы көптеген жаңалықтар ашуға мүмкіндік. Бұл өзін-өзі тануға, белглі мақсатқа жетуге, көңіл-күйді жақсартуға арналған практикалық жаттығулар! Бұл сәттілікті күшейту техникасы!
42. Оқытудың белсенді әдістері 1. оқушының іс-әрекеті өнімді, шығармашылық, ізденіс сипат таситын окыту әдістері; 2. оқушының танымдық іс-әрекетін ынталандырушы және қандай да болсын мәселенің шешу жолдары жөнінде еркін пікір алмасуды көздейтін диалогқа құрылған әдістер. Оларга әңгіме, диспут, тақырыптың семинар, ісойын, тренинг жатқызуға болады.Жоғары мектеп педагогикасында оқытудың белсенді әдістеріне іскерлік ойындар, рольдерді ойнау әдісі, нақты жағдаяттарды талдау, белсенді бағдарламалық оқыту, ойындық жобалау, проблемалық лекциялар, пікірталастарды жатқызады. Белсенді оқыту әдістерінің дәстүрлі әдістерден айырмашылығы оларды қолдану барысында студенттерге жатқызады. Белсенді оқыту әдістерінің дәстүрлі әдістерден айырмашылығы оларды қолдану барысында студенттерге берілетін білім «дайын күйінде» берілмейді, студенттердің белсенді әрекетінің арқасында «қол жеткізіледі».
43.Психологияны оқыту заңдылықтары оқыту үдерісінің компоненттері арасындағы байланысты көрсетеді.Заңдылықтардың жалпы және жеке, ішкі және сыртқы, дидактикалық және оқу-танымдық, психологиялық және ұйымдастырушылық түрлері болады. Заңдылықтардың мысалдарын қарастырайық.
Психологияны оқытудың мақсаты мен мазмұны қоғамның тұлғаның білім алу деңгейіне деген талабына байланысты болса, ол – жалпы заңдылық. Психологияны оқытудың нәтижелілігі оқушының саналы түрдегі іс-әрекетіне байланысты болса, бұл – жеке заңдылық.Психологияны оқытудағы оқу үдерісінің тиімділігі білім беру орындарының материалды-техникалық жағдайына байланысты, бұл сыртқы заңдылық. Психология бойынша оқу материалын меңгеру тереңдігі мен беріктігі оқушының белсенділігі мен дербестігіне байланысты, бұл ішкі заңдылықтың мысалы.
Психологияны оқыту қорытындылары білім алушылардың оқытудың мақсатын түсіну мен қабылдауға тура пропорционалды деңгейде болса, бұл дидактикалық заңдылық. Оқу материалын меңгерудің табысты болуы оқытудың проблемалық деңгейіне байланысты, бұл оқу-танымдық заңдылық мысалы. Білім алушының дамуы басқа адамдардың, яғни өзара тура және жанама байланыстағы адамдардың дамуына байланысты болса, бұл - әлеуметтік-психологиялық заңдылық. Оқыту үдерісінің тиімділігі оқытушының ұйымдастыруына және басқаруына байланысты болса, бұл - ұйымдастырушылық заңдылық.
44. Педагог позициясы – интеллектуальды, ерік, эмоционалды-бағалы қатынастардың қоршаған ортаға, педагогикалық шындыққа, педагогикалық іс-әрекетке қатынастарының жүйесі. Ол бір жағынан, қоғам қоятын талаптардан көрінсе, екінші жағынан, белсенділік сапаларынан – педагогтың мотив, мақсат, бағалы құндылықтары, дүниеге көзқарасы, мұраты арқылы көрінеді.Педагог позициясынан оның жеке басы, әлеуметтік бағалы сапасы, азаматтық мінез-құлқы, әрекеті көрініс береді.
45. Сауалнама (анкета) – пікір сұрау өткізу үшін іріктелген респонденттерге бірқатар сұрақтар қойып, олардан жауап алатын пікір сұрау парағы. Сауалнама кеңінен қолданылмастан бұрын мұқият жасалып, сынақ жүргізіліп, байқалған кемшіліктері болса жойылуы керек. Сауалнама құру – бір өнер деп саналады. Пікір сұрау әдісін мәліметтерді жинау кезінде қолданғанда, зерттелетін мәселеге сауалнама сипатының, құрылымының және типінің сәйкестігін анықтау қажет. Сауалнаманы кеңінен қолданудан бұрын, оның кемшіліктерін айқындау және болдырмау үшін тестілеуден өткізу керек.
Сауалнама құрылымы. Кіріспе, деректеме және негізгі сияқты үш бөліктен тұрады.Кіріспеде респонденттің пікір сұрауға қатысуын өтініп, оның мақсаты көрсетіліп, респонденттің жауаптарының қандай пайда әкелетіндігі туралы айтылады. Сауалнаманың негізгі бөлігінде зерттеу мақсаттарын айқындайтын сұрақтар қойылады, ал деректеме бөлігінде – респонденттердің жасы, жынысы, отбасылық жағдайы сияқты сұрақтар қойылады. Сауалнама жүргізушінің аты-жөні, пікір сұрау жүргізген орны және күні міндетті түрде көрсетілуі қажет.
46.Тұлғааралық қарым-қатынас – ол жекелеген адам арасындағы туындайтын қатынастар.
Жеке қарым-қатынастар – ол адамдардың бірлескен қызметінен басқа жағдайларда туындайтын қарым-қатынас.Тұлғааралық қарым-қатынас - екі не құрамы өзгермейтін топ ішіндегі таныс адамдардың тікелей контактлары. Тұлғааралық қарым-қатынастың белгілері: қатысушылардың психологиялық жақындығы, бір-бірінің ерекшеліктерін білуі, бірігіп күйзелуі, өзара түсінушілігі, ортақ қызметтестігі.
48. Биографиялық әдісЕгер клиникалық дәрігер пациенттан қажетті ақпаратты алуға мүмкіндігі болса, әлеуметтік дәрігердің ондай мүмкіндігі жоқ. Себебі, егер әлеуметтік дәрігер пациентпен контактқа түспей жатып, өмірбаянын сұрай бастаса, онда пациент беймаза жағдайға түседі. Биографиялық әдіс адам өмірінің кейбір параметрлеріне биологиялық параметрлердің қалай әсер ететінін зерттейді және керісінше. Биографиялық әдіс әлеуметтік медицинада және психогенетикада оны толықтыратын екі қосымша әдіспен көршілес: популяциялық және генеалогиялық. Әлеуметтік дәрігер үшін бұл әдістер әлеуметтік зерттеудің дербес әдісі болып табылмайды.
49. Оқыту –жеке адамның білімін, танымдық және шығармашылық қабілетін дамытудың маңызды құралы. Оқыту теориясы мен тәжірбиесі дамуында жалпы заңдылықтарының бірі дидактикалық жүйелерінің күшті қасиеттерін, идеяларын, тәжірбиесін өзіне сіңіріп алады.
тика тарихында оқытудың үш түрі қалыптасқан:
1.Түсіндірмелі-бейнелеушілік оқыту ( дәстүрлі).
2.Проблемалы оқыту. 3.Бағдарламалы ( компьютерлік) оқыту.1.Түсіндірмелі-бейнелеушілік оқыту дәстүрлі оқыту деп аталады. Бұл тарихта ұзақ уақыт бойы өз қолданысын тапты. Дәстүрлі оқыту жаңадан пайда болған түсіндіру жолдары мен
көрнекілікткерді өзіне жатқызып отырады. Мұнда оқушылардың негізгі іс-әрекеті берілген білімнің мазмұнын таңдау, қабылдау, есте сақтау.
Түсіндірмелі-иллюстрациялы оқытудың артықшылықтары: -Уақытты үнемдейді;
50. ӨЗІНДІК ЖҰМЫСӘр ғылымның барлық саласында болмысы білім мазмұны мен көлемі қауырт өсіп отырған қазіргі ғылыми-техникалық процесс кезінде бұл міндеттердің жүзеге асуы оқыту үрдісінде студенттерідң өзіндік оқу жұмыстарын оңтайлы ұйымдастырудың тиімді әдістері мен тәсілдерін, оқыту түрлерін, нысандарын іздестіру өзекті сипатқа ие болады. Себебі, студенттердің өзіндік жұмыстарын арнайы ұйымдастыру оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты болып табылады.Студенттің өзіндік жұмысы – бұл студенттің дидактикалық тапсырмаларды өзінше орындауға, танымдық әрекеттерге қызғушылығының қалыптасуына және нақты бір ғылым саласында білім жинақтауына бағытталған студенттің оқу әрекетінің ерекше түрі. Өзіндік жұмыс студенттердің шығармашылық қабілеті мен біліктерін дамытуда олардың барысында тиімді, әрі өнімді еңбек етуіне мол мүмкіндіктер жасайды. Өзіндік жұмысты оңтайлы ұйымдастыру елеулі практикалық міндет және маңызды ғылыми проблема болып табылады. Өзіндік жұмыстары әр түрлі әдістер арқылы іске асырылады, мысалы: жаттығу, кітаппен жұмыс істеу, бақылау, есеп шығару, эксперимент жүргізу т.б. Студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарының бірі жаттығулар мен тапсырмалар болып табылады.
52. Оқытудың формаларының өзара байланысыОқытудың заңдары, заңдылықтары түсінігі. Оқытудың заңдары. Оқытудың заңдылықтары: оқытудың қоғамдық қажеттілігін ескеру; оқытудың ағымдағы жағдайға тәуелділігі; оқушылардың шынайы оқу мүмкіндіктері және оқытудың өзара тәуелділігі; оқыту мен оқудың бірлігі; оқытудың тұтас педагогикалық үдерісіндегі оқытудың міндеті, мазмұны, әдістері және формаларының өзара тәуелділігі. Оқытудың ұстанымдары және ережелері түсінігі. Оқытудың негізгі ұстанымдарының сипатамасы. Оқытудың ғылымилық принципі. Оқытудың өмірмен байланыстылық принципі. Оқытудың тәрбиелік принципі. Оқытудағы оқушылардың саналылық және белсенділік принципі. Оқытудың жүйелілік және бірізділік принциптері. Оқытудың жеткіліктілік принципі. Оқытудың көрнекілік принципі. Аталған принциптер ережесінің сипаттамасы. Оқытудың заңдылықтарының, ұстанымдары мен ережелерінің өзара байланысы.
